Оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалар
Жеті
Жеті – ең ерекше сандарының бірі. Неге екені белгісіз, тұла бойы ашылмаған құпияға толы сынды. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді. Дінде де жеті санының орны ерекше. Мәселен, Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Ислам дәстүрінде жұмақтың жеті қақпасы, тозақтың жеті баспалдағы, Қағбаны жеті рет айналу деген ұғымдар бар болса, христиандарда жеті – жаратылыстың нышаны болып саналады. Жеті жазба, жеті ашу, жеті шырақ, жеті басты дәу, жеті нота, жеті батыр, аптаның жеті күні, жеті жел, жеті қат жердің асты, жеті таудың арғы жағы, жеті, жеті, жеті...
Соның бірі өлімге себепкер болатын жеті күнә: тамақсаулық, жалқаулық, нәпсіқұмарлық, өркөкіректік, ашу, қызғаншақтық және сараңдық. Теолог Фома Аквинский күнәһарларға ауыр жаза берілетін күнәлардың ішіндегі ең негізгілерін талдап, түсіндіріп жазып шыққан.
1-тапсырма: ал сіз жеті саны туралы не білесіз?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |