Дәуіт патша жайлы қисса
Дәуіт патша күндіз ел басқару істерімен айналысып, ал кеш бата дәруіш киімін киіп, ел аралап кетеді екен. Халықпен қоян-қолтық араласа жүріп: «Патшаларың әділ ме, ел билеген әкім-қаралар тізесін батырмай ма?» - деп сұрайды екен. Әділетсіз ел билеушілерді қатаң түрде жазалап, тіпті қызметтен аластап отырған көрінеді. Сондай сапарларының бірінде ол өзі туралы нақтылай пікір тартқан екен. Сонда қарапайым тұрғындардың бірі:
–Дәуіт патшамыз жайлы, алайда ол халықтың ақысын же жүр, – деген екен. Осы бағаны естісімен Дәуіт пайғамбар патшалық қызметін доғарып, темірден түйін түйген ұста болып кеткен екен.
13-тапсырма: Рабғузи хиссаларын оқи отырып, қандай қасиеттерді көре білдің? Тәрбиелік мәні неде?
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
14-тапсырма: «Даналы ойдан дән ізде» дегенді қалай түсінесің? Ойыңды қалай жинақтар едің?
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Бәйтерек
Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
|
|
Бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың биікке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті.
15-тапсырма: «Бәйтеректің» биіктігі елеулі оқиғаға байланысты таңдалған болса, ол қандай оқиға, қанша метр болғаны?
________________________________________________________________
16-тапсырма: «Бәйтерек» символының негізі қазақтың қай аңызымен байланысты?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
17-тапсырма: Туға тағзым – тарихқа тағзым,
Туға құрмет – елге құрмет.
Осындай айтулы мерекеге орай Қарағандыда Қазақстан Республикасының Туы биік тұғырға қойылды. Ол қандай мереке және Тудың тұғыры неше метр?
________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |