36
Білім алушы (студент, оқушы) тұрғысынан жоба - бұл:
жеке немесе топпен өз бетінше қызықты нәрсе жасау;
оқушылардың өздері құрастырған мақсаттар мен міндеттер түріндегі
қызықты мәселені шешу;
өз мүмкіндіктерін барынша пайдалану;
өзін көрсету, өз күшін сынап көру, өз білімін тексеру және беру;
пайда әкелу;
қол жеткізілген нәтижені жариялай алу немесе көрсете білу және т. б.
мүмкіндігі.
Білім беруші (мұғалім, оқытушы) тұрғысынан жоба - бұл интегративті
оқыту мен тәрбиелеудің дидактикалық құралы болып табылады және оны
әзірлеуге және дамытуға ерекше білік, дағды және құзыреттілігі болуы шарт:
проблематизация (проблемалық жағдайды қарастыру, бар
қайшылықтарды шешу, проблеманы тұжырымдау және, мақсаты мен
міндеттерін және т. б. қою.);
мақсатты болжау және қызметті жоспарлау;
өзін-өзі талдау және рефлексия;
ақпаратты іздеу және сыни тұрғыдан түсіну (нақты оны түсіндіру,
қорыту, талдау);
зерттеу әдістерін меңгеру;
стандартты емес білім, білік және дағдыны практикалық қолдану.
Әдісті пайдалануға қойылатын негізгі талаптарға тоқталайық:
1.
Зерттеу шығармашылық жоспарында маңызды мәселенің болуы.
2.
Болжанатын нәтижелердің маңызы мен өзектілігі (теориялық,
танымдық, практикалық)
3.
Жобаға қатысушылардың дербес (жеке, жұптық, топтық) қызметі
4.
Сатылы түрде нәтижелерді көрсете отырып жобаның мазмұндық бөлігін
құрылымдау
5.
Зерттеу әдістерін қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: