Кешенді жоба
Жобаның бұл түрі жоба түрлерінің бірнешеуінің бірігіп келуі арқылы
жүзеге асырылады.
40
Моножоба – бұл жоба бір оқу пәнінің аясында, орындалатын жоба;
Пәнаралық жоба – бірнеше пәндердің аясында орындалатын жоба;
Мультижоба – кешенді жоба, бірнеше моножобадан тұрады
Мегажоба - бірнеше моно- және мультижобалардан тұрады.
Б) Байланыс сипатына қарай:
Сынып- Мектеп- Ауданаралық Облысаралық
ішілік ішілік
В)
Г)
Моножоба
Мультижоба
Мегажоба
Пәнаралық жоба
Ә) Пәндік-мазмұндық
жағынан
Ішкі
Халықаралық
Аймақтық
Қатысушылардың санына қарай
Жеке
Жұптық
Ұжымдық
Орындалу ұзақтығына
қарай
Қысқамерзімді-
бір сабақ
көлемінде
орындалатын
Ортамерзімді-
бірнеше сабақ
көлемінде
орындалатын
Ұзақмерзімді- бір
тоқсан немесе бір
семестр көлемінде
орындалатын
41
Жобаны жүзеге асырудың сатылары
Оқу жобасындағы іс-әрекет белгілі бір логикаға бағынуы қажет, яғни бір-
бірімен байланысты реттілікпен жүретін сатылардан тұрады. Жобадағы әрбір
сатының өзіне тән нақты нәтижесі, орындалу уақыты, орындаушылары
болуы қажет. Оқытушының міндеті әрбір сатының мазмұны мен міндеттерін
нақты ажыратып беру және жобаны жүзеге асыруда қажет болса түзетулер
енгізу.
Оқу жобасын жүзеге асыру 4 сатыдан тұрады:
1.
Жобаға ену сатысы
2.
Іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы
3.
Іс-әрекетті жүзеге асыру сатысы
4.
Жобаны қорғау
1. Жобаға ену сатысы
Жобаға ену
сатысы
Оқытушы/мұғалім:
(құрушы/бақылаушы)
Білім алушы:
(жүзеге асырушы)
-мәселені қарастыру;
- мәселені жан-жақты
зерттеу;
- балама шешімдерді
талдау;
- мәселені тарылту;
- тақырып қою;
- мақсаты мен міндетін
анықтау.
1) Жобаның проблемасын
құрады
1) Проблеманы жеке
басына меншіктейді, яғни
проблемаға енеді
2) Мақсатын қояды
2) Мақсатты қабылдап,
өзіне артады
3) Міндеттерін қояды
3) Міндеттерді өзіне
жүктеп алады
2. Іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы
Іс-әрекетті ұйымдастыру
Оқытушы/мұғалім:
(ұйымдастырушы)
Білім алушы:
(жүзеге асырушы)
- ішкі ресурстарға талдау
жасау (білім және
іскерлік);
- сыртқы ресурстарға
талдау (ақпараттық,
материалдық-техникалық
және т.б.);
- жобаның орындалу ретін
жоспарлау;
- атқарылатын іс-
әрекеттерді тағайындау
1) Топты ұйымдастыру
1) Топтарға бөліну
2) Әр топ мүшесінің
міндетін ашып көрсету
2) Топтағы рөлдерді бөліп
алу
3) Жобаның міндеттерін
шешу бойынша іс-
әрекеттерді жоспарлау
3) Жұмыстарды
жоспарлау
4) Бағалау критерийлерін
құру
4) Іс-әрекетті орындаудың
әдістері мен формаларын
таңдап алады
42
3. Іс-әрекетті жүзеге асыру сатысы
Іс-әрекетті жүзеге асыру
Оқытушы/мұғалім:
Білім алушы:
- белгіленген жоспар
бойынша іс-әрекеттерді
орындау;
- нәтижелерді жинақтау;
- жобаны аяқтау, яғни
өнімді шығару
Оқытушы бұл сатыда
қатыспайды, бірақ қажет
болған жағдайда жаңа
білімдер мен кеңестер
беріп отырады
1) Өз бетінше белсенді іс-
әрекет жасайды
2) Топтың әрбір мүшесі
өз міндеттерін бір-біріне
хабарлай отырып
орындайды
3) Жетіспеуші білімдерді
«табады»
4) Нәтижелерді жинақтап,
көпшілік алдында
ұсынуға дайындайды
4. Жобаны қорғау
Жобаны қорғау
Оқытушы/мұғалім:
Білім алушы:
Жобаны талдау мен
бағалау
Тыңдау мен бақылау
Жобаны қорғау
Жоба нәтижесін талдау мен
бағалау
Жоба нәтижесін талдау
мен бағалауға қатысу
Алынған нәтижелерді
қорытындылау
Жоба әдісі оны қорғаумен аяқталады. Қорғау формасы жобаның түріне,
қорғаушының жобаны жеткізу әдісіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Оқытушы студенттің таңдап алған жобаны қорғау формасына мұқият назар
аударуы қажет. Жобаны ұсынудың маңыздылығы сол, студенттер өздерінің
қалай нәтижелі және сәтті жұмыс жасағандарын көре алады. Осы жобаны
қорғау кезінде студенттердің жеке қасиеттері (дербестігі, жасампаздығы)
бағаланады.
Жобаны қорғау түрлері
:
-
ғылыми баяндама, ғылыми конференция, іскерлік ойын, слайд көрсету,
фотоальбомдар, көрме ұйымдстыру, телебағдарлама, театрлық
қойылымдар және т.б.
-
Жобаны қорғау жобаның тақырыбы мен орындаушылардың
мүмкіндігіне байланысты.
43
Жобаны бағалау
Жоба академиялық ортада жобаны жүзеге асыруды және пән бойынша
белгілі бір білімдер мен дағдыларды игеруді қамтиды. Сондықтан жобаны
бағалау екі бөлімнен тұруы шарт: жобалық (50%) және академиялық (50%)
бағалау. Академиялық бөлігінде игерілген білімдері мен дағдылары
бағаланады (құзыреттіліктер), ал жобалық бөлімінде жобаны орындау
бойынша іскерліктері бағаланады (бұл бөлімде білім алушыларды
командасының бағалауы да ескеріледі).
Жобаны бағалау критерийлері
Жобаны бағалау сатысы оқытудың әдістемелік тұрғысынан түгелдей
оқытушымен жүзеге асырылады.
Бағалау кезінде студенттер өз беттерінше ізденіс жасаудың, күш жігер
салудың, өз идеяларының ерекшелігін, жоба жасауда жеткен нәтижелерінің
маңыздылығын көреді, естиді және сезінеді.
Ал оқытушының міндеті студенттің құзыретті маман болуы үшін қай
қырын дамыту қажеттігін анықтау.
Жобаны бағалауда жобаның ерекшелігі ескерілуі және мақсаты мен
міндеттері айқын көрінуі қажет.
Жобаны бағалау критерийлері анық және түсінікті болуы шарт. Бағалау
критерийлері 10-нан асуы қажет.
Бағалауда ең бастысы көпшілікке ұсыну сәті емес, жалпы жобаның
орындалу сапасы бағалануы қажет.
Бағалау критерийлері жоба тапсырмасын жасаудың ең басында
жасалып, жобаға қатысушылардың барлығына белгілі болуы шарт.
Оқу жобасына қойылатын талаптар
1) Оқу жобасы нақты бір әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешуге
бағытталған болуы және күтілетін нәтижесінің теориялық, практикалық,
танымдық маңызы болуы шарт;
2) Жобалық тапсырмаларды орындау үнемі жобаның өзін модельдеуден
басталады, яғни проблеманы анықтау, оларды шешуді жүзеге асырудың
тәсілдерін анықтау бойынша іс-әрекетерді жоспарлау;
3) Жобаның мазмұндық бөлігі оның сатылары бойынша нәтижелерін,
әрбір сатының уақытын анықтау жобалық модельдеудің негізі болып
табылады.
4) Оқу жобасының басты шарты студенттердің білімінің біртұтас болуы
және өз бетінше зерттеу жұмыстарын жасай алулары.
5) Жобаның нәтижесі - бұл студенттің немесе оның командасының
туындысы (шығармашылығы) болып табылатын өнім.
6) Жоба әдісі бойынша берілетін тапсырмалар білім алушының осыған
дейін алған білімдеріне негізделіп берілуі шарт.
44
7) Жоба нәтижені ұсынумен аяқталады.
Мүмкін болатын жоба өнімінің тізімі
Экологиялық, әлеуметтік, психологиялық педагогикалық және т.б.
зерттеу мәліметтеріне талдау нәтижелері;
Мониторинг жүйесі;
Басқару жүйесі;
Әдістемелік нұсқаулықтар
Анықтама, сөздіктер
Болжаулар
Мақала
Клуб, студия, фирма, балалар ұйымы, бірлестіктер, т.б. ұйымдар құру
Кабинетті дизайнерлік рәсімдеу;
Көгалдандыру және т.б.
Видеофильм
Видеоклип
Мультимедиялық өнімдер
Газет, журнал
Заң жобасы
Мерекелік іс-шараның сцеранийі
Фестиваль
Макет, модель,
Сызба және т.б.
Кесте
График т.б.
45
ҚОРЫТЫНДЫ
Проблемалық оқыту - бұл дидактикалық және педагогикалық
практиканың заманауи даму деңгейін көрсетеді. Ол білім алушылардың
жалпы дамуының тиімді құралы болып табылады. Оның «проблемалық» деп
аталуы да сол, себебі білім алушылар барлық оқу материалын меңгеру
арқылы ғана өз бетінше проблемаларды «шешеді». Бұл жерде мұғалімнің
түсіндірмесі де, білім алушылардың репродуктивті қызметі де,
тапсырмаларды қою және жаттығуларды орындау да бар. Бірақ оқу процесін
ұйымдастыру проблемалық принципке негізделеді, ал оқу мәселелерін
жүйелі түрде шешу - оқытудың осы түрінің сипатты белгісі. Бұл ретте
барлық әдістер жүйесі оқушының жалпы дамуына, оның жеке қабілеттерін
дамытуға бағытталғандықтан, проблемалық оқыту шынайы дамытушы оқыту
болып табылады.
Проблемалық оқыту - бұл дамытушы оқыту түрі, онда білім
алушылардың ғылыми дайын қорытындыларды меңгерумен жүйелі өзіндік
іздеу қызметі үйлеседі, ал оқыту әдістерінің жүйесі мақсатты болжау мен
проблемалық қағидатты ескере отырып құрылған; мұғалім мен білім
алушылардың өзара әрекет жасау процесі оқушының жеке қасиеттерін
дамытуға және оның жеке тұлғасын әлеуметтендіруге бағытталған.
Проблемалық міндеттерді шешу нәтижесінде алынған білім түпкілікті
меңгеріледі, өйткені білім алушылар оларды дайын күйінде емес, өз бетінше
өндірген. Проблемалық материал талдау қабілетін, өз көзқарасын дәлелдей
білу, яғни пікірталас жүргізу қабілетін дамытады.
Білім беру жүйесінде проблемалық жағдаяттарды пайдалану әлі де
әдістемелік жағынан жеткілікті әзірленбеген. Сондықтан, проблемалық әдісті
табысты қолдану көбінесе педагогтің терең біліміне, ос әдіске қызығушылық
танытуына және білім алушылардың жоғары мотивациясына байланысты.
Проблемалық оқытуды қолдану барысында материалды меңгеру және ойлау
қызметін дамыту жүреді. Проблемалық оқыту технологиясын қолданудың
басты нәтижесі – болашақ маман бола отырып, білім алушы заманауи
құндылықтарға бағытталып, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін алады, ол
тұлғааралық және мәдениетаралық ынтымақтастыққа дайын болады,
сонымен қатар, олар өмірдің мәні туралы өз түсініктерін қалыптастырады,
табиғатты, отанды сүюге, дұрыс пен бұрысты, қуаныш пен қайғыны
ажыратуға үйренеді, дұрыс қарым-қатынас жасауы және т.б. үйренеді.
Проблемалық оқыту тікелей зерттеумен байланысты, сондықтан
мәселені шешу кезінде ұзақ уақытты талап етеді. Білім алушы
шығармашылық тапсырманы немесе мәселені шешетін іскер рөліне тап
болады. Ол үнемі сол мәселені ойлайды және оны шешкенше осы жағдайдан
46
шықпайды. Дәл осы үрдіс кезінде оның бойында, мықты білім, дағды мен
іскерліктер қалыптасады.
Проблемалы оқытудың кемшіліктеріне оны ұғыну және шешу
жолдарын іздеу кезінде дәстүрлі оқытудан әлдеқайда көп уақыт кетеді.
Сонымен қатар, проблемалық оқыту технологиясын әзірлеу оқытушыдан
үлкен педагогикалық шеберлік пен көп уақытты талап етеді. Сондықтан да,
бұл жағдайлар проблемалық оқытуды кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді.
47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Оконь В. Основы проблемного обучения. Пер. с польск. - М.:
«Просвещение», 1968
2.
Кудрявцев В.Т. Проблемное обучение: истоки, сущность,
перспективы. - М.: «Знание», 1991
3.
Махмутов М.И. Организация проблемного обучения в школе.
Книга для учителей. - М.: «Просвещение», 1977
4.
Лернер И.Я. Проблемное обучение. М., 1974
5.
Омарова А.А. Современная технология проблемного обучения //
Современные наукоемкие технологии. – 2011. – № 1. – С. 73-75
6.
http://pedsovet.su/problemnoe_obuchenie/6365_medody_problemnog
o_obuchenia
7.
Лернер И.Я. Проблемное обучение. – М, 2004. – с. 131.
8.
Касимов Р.Я. Подготовка проблемной лекции в вузе: (Метод.
рекомендации) - М., 1981. - 21с.
9.
Молодцова Т.Д., Шалова С.Ю., Кобышева Л.И. Проблемная
лекция как средство формирования исследовательской компетентности
будущих педагогов // Современные проблемы науки и образования. – 2017. –
№ 4.
10.
Долгоруков А. Метод case-study как современная технология
профессионально-ориентированного обучения [Электронный ресурс]. URL:
http://www.vshu.ru/lections.php (дата обращения: 17.02.2014).
11.
Золотарев А.А. Кейс-метод: особенности разработки и
реализации
(методические
рекомендации).
СПб.:
Изд-во
Санкт-
Петербургского университета управления и экономики, 2012.- 48 с.
12.
Новиков А.Е., Прутченков А.С. Кейс-стади [Электронный ресурс:
http://www.myshared.ru/slide/326674/].
13.
Панфилова А.П., Громова Л.А., Богачек И.А., Абчук В.А. Основы
менеджмента. Полное руководство по кейс-технологиям / Под ред.
профессора Соломина В.П. – СПб.: Питер, 2004. – 240 с.
14.
Пахомова Н.Ю. Метод учебного проекта в образовательном
учреждении: М.:АРКТИ, 2005.
15.
Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии
в системе образования. – М: ACADEMA, 2005. 1
16.
Сергеев И.С. Как организовать проектную деятельность
учащихся: практическое пособие для работников общеобразовательных
учреждений. М.: АРКТИ, 2008.
48
17.
Сергеева В.П. Проектно-организаторская деятельность учителя в
воспитательной деятельности. – М., 2008
18.
Асмолов А.Г. Проблемное обучение. – М., 1995.
19.
Шадриков В.Д. Личностно ориентированное обучение. – М., 1994.
20.
Матюшкин А.М. Актуальные вопросы проблемного обучения // Оконь В.
Основы проблемного обучения. Пер. с польск
. -
М.: "Просвещение", 1968.
21.
Педагогика: Учебное пособие для студентов пед. ин-тов / Под. ред. Ю.К.
Бабанского/. - М.: Просвещение, 1988.
22.
Ротанова О.Н. Личностно-деятельностный подход как основа методики
обучения иностранным языкам. - Москва, 2004.
23.
Хуторской А.В. Дидактическая эвристика. Теория и технология креативного
обучения. - М.: Изд-во МГУ, 2003.
Размещено на Allbest.ru
Document Outline - ӘОЖ 37.0
- КБЖ 74.00
- ӘОЖ 37.0 (1)
- КБЖ 74.00 (1)
- Проблемалық оқытудың басқа оқыту әдістерінен ерекшелігі сол, ол оқу мақсаттарының бірнешеуіне бірден қол жеткізуге мүмкіндік береді, атап айтсақ:
- 2. Проблемалық оқыту әдістері
- Жобаны жүзеге асырудың сатылары
- Мүмкін болатын жоба өнімінің тізімі
- Экологиялық, әлеуметтік, психологиялық педагогикалық және т.б. зерттеу мәліметтеріне талдау нәтижелері;
- Мониторинг жүйесі;
- Басқару жүйесі;
- Әдістемелік нұсқаулықтар
- Анықтама, сөздіктер
- Болжаулар
- Мақала
- Клуб, студия, фирма, балалар ұйымы, бірлестіктер, т.б. ұйымдар құру
- Кабинетті дизайнерлік рәсімдеу;
- Көгалдандыру және т.б.
- Видеофильм
- Видеоклип
- Мультимедиялық өнімдер
- Газет, журнал
- Заң жобасы
- Мерекелік іс-шараның сцеранийі
- Фестиваль
- Макет, модель,
- Сызба және т.б.
- Кесте
- График т.б.
- ҚОРЫТЫНДЫ
Достарыңызбен бөлісу: |