«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



Pdf көрінісі
бет34/41
Дата17.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#102105
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫ

12. Жобаның авторлары 


33 

 

 



 

Жоба  тақырыбын  құра  отырып,  "Біз  немен  айналысқалы  жатырмыз?" 



деген сұраққа жауап беріп алуымыз қажет, яғни жобаның атауында іс-әрекет 

түрін көрсету керек. Жалпы жобаның өзі туындаған проблемадан немесе кей 

жағдайда  пайда  болған  идеядан  туындайды.  Жобаның  атауы  нақты  және 

қысқа болуы шарт. 

 

Негізінен  айтқанда,  жобалау  тақырыпты  таңдаудан  емес,  мәселені 



анықтаудан,  дәлірек  айтқанда,  проблемалық  жағдайды  сипаттаудан  және 

қайшылықтарды  анықтаудан  басталады.  Бұл  не  үшін  қажет?  Бұл  мәселені 

зерттеудің  қажеттілігі  қаншалықты  маңызды?  Балама  шешім  бар  ма?  деген 

сұрақтарға  жауап  бере  отырып,  проблеманың  маңыздылығын  анықтап  алу 

қажет.  Мысалы,  егер  зерттелейін  деп  отырған  проблема  бұрын  зерттелген 

болса, ол қай қырынан зерттелді, оның шешімі неге әлі табылмады, оның қай 

қыры  зерттелмей  жатыр,  міне  осыны  анықтап  алған  жөн.  Ал  идеяға  келетін 

болсақ,  туындаған  идея  нәтижесінде  пайда  болатын  өнімнің бұрынғы,  соған 

ұқсас немесе дәл сондай өнімнен қандай-да бір артықшылығы болуы қажет, 

мейлі ол сапасы, дизайны немесе бағасы жағынан болсын. Егер артықшылық 

болмаса, ол өнімді шығарудың қажеттілігі жоқ болып табылады.  

 



Зерттеу  нысаны  (объектісі)  –  зерттеу  бағытталған  нақты  түрде  бар 

жағдайдың  (процесс  немесе  құбылыс)  бөлігі.    Яғни  туындаған  проблемадан 

шығу үшін біз нені зерттеуіміз керек? Педагогикалық зерттеу объектілеріне  - 

үрдістер:  педагогикалық,  оқу-тәрбие,  оқу  орнының  дамуын  басқару, 

балаларды  әлеуметтендіру  және  қалыптастыру  процесі  және  т.  б.;  

оқушылардың іс-әрекетінің түрлері, әдістері мен тәсілдері;  тәрбиешілер мен 

мұғалімдер қызметінің түрлері, әдістері мен тәсілдері; және т.б.  

 



Зерттеу  пәні.  Көп  жағдайда  зерттеу  нысаны  мен  зерттеу  пәнін 

шатастыру орын алып жатады. Зерттеу пәні дегеніміз, анықтап алған зерттеу 

нысанымызды біз қай қырынан зерттейтін болсақ, сол біздің зерттеу пәніміз 

болып  табылады.  Мысалы,  біздің  зерттеу  нысанымыз  –  рентгендік 

сәулелендіру  болсын.  Рентгендік  сәулеленуде  физиканы  не  қызықтырады? 

Толқындарды  ұзындығы, жиілігі,  өту қабілеті және т. б. сәйкес зерттеу пәні 

рентген  сәулесінің  физикалық  қасиеттері  болады.  Биологтарды  рентгендік 

сәулеленуде не қызықтырады? Оған маңызды, сәулелену тірі жасушаға қалай 

әсер  ететінін  білу.  Демек,  зерттеу  тақырыбы  жасушаларға  сәулелердің  әсер 

ету  механизмі  болуы  мүмкін.  Ал  дәрігерді  рентген  сәулесінен  не 

қызықтырады?  Дәрігер  үшін    маңызды  нәрсе,  ол  рентген  арқылы 

науқастарды емдеу мүмкіндігін анықтау,  сондықтан зерттеу нысаны рентген 

сәулесінің  көмегімен  қатерлі  ісіктерді  немесе  т.б.  емдеу  әдісі  болады.  Ал 

рентген  сәулесі  инженерлерді  несімен  қызықтырады,  әрине  рентген 

аппаратының  құрылымы.  Бұл  жағдайда  зерттеу  пәні  сәуле  шығару 



34 

 

ерекшелігі,  аппараттың  құрылымы  немесе  жұмыс  істеу  принципі  ретінде 



анықталуы мүмкін.  

 



Жобаның  мақсаты  (жоба  өнімі!).  Жобаның  мақсаты  дегеніміз, 

нәтижесінде біз не нәрсеге қол жеткіземіз?  Проблеманы шешудің біз қандай 

жолын  ұсынамыз  немесе  қандай  құрал  жасап  шығарамыз,  осы  біздің 

жобамыздың  мақсаты  болып  табылады.  Оқу  жобасының  мақсатының  тағы 

бір  ерекшелігі,  жобалық  өнім  шығару  мақсатынан  басқа    педагогикалық 

мақсаттар  болуы  тиіс,  олар    –  дидактикалық  (білім,  білік,  дағды  және 

құзыреттіліктерді 

қалыптастыру), 

тәрбиелік 

(қарым-қатынасты, 

құндылықтарды,  мінез-құлық  және  жеке  қасиеттертерді,  және  т.  б 

қалыптастыру),  дамытушылық.  Оқу  мақсаттарын  анықтауда  жиі  кездесетін 

қателіктердің  бірі,  ол  білім  алушылардың  мінез-құлықтарының  әр  түрлі 

болуына  және  оқу  материалын  қабылдау  ерекшеліктеріне  байланысты 

«тәртіпсіздікті  100%-ға  жою»  немесе  «сауатсыздықты  100%-ға  жою»  деген, 

орындалуы мүмкін емес мақсаттар қоюға болмайды.  

 

Жобаның  міндеттері.  Жобаның  міндеттері  жобаның  мақсатын 



мазмұны, әдістемелік және ұйымдастырушылық жағынан нақтылау. Басқаша 

айтқанда,  міндеттер  мақсатты  іске  асыру  құралы  болып  табылады  және  ол 

логикалық түрде бір-біріне байланысқан сатылардын тұруы шарт. Міндет бір 

немесе  одан  да  көп  болуы  тиіс.    Жобаның  міндеттері  шартты  түрде  негізгі 

және  қосымша  болып  бөлінеді.  Негізгілері:  қойылған  мақсатқа  жетудің 

жолдары  мен  құралдары  қандай?  деген  сұраққа  жауап  іздейді,  ал  қосымша 

міндеттер  негізгі  міндеттерге  әсер  ететін  факторлар  мен  себептерді 

анықтайды.  

 

Зерттеудің  болжамы  (Гипотеза).  Гипотеза  зерттеушілік  және 



ақпараттық  жобалар  үшін  міндетті  құрылымдық  бөлік  болып  табылады,  ал 

басқа  үлгідегі  жобалар  үшін  міндетті  емес.  Гипотеза  -  (грек  тіл.  hypothesis-

негіздеме,  болжам)  ғылыми  негізделген  болжам.  Ұсынылған  гипотезаның 

негізділігі  жобаны  іске  асыру  барысында  тексеріледі.  Жобаны  әзірлеушілер 

гипотезаны  тұжырымдау  кезінде  күтілетін  нәтиже  туралы  болжам  жасайды. 

Жобаның  гипотезасын  құру  кезінде 



«егер...      болса,  онда  .....  болады»

  деген 


тұжырымдар  жасалады.  Мысалы,  жасөспірімдердің  тәртіп  көрсеткіштерінің 

төмендеуі  бойынша  орындалып  жатқан  жобаның  болжамы  шамамен  былай 

болады:  «Егер  жасөспірімдердің  бос  уақыты  дұрыс  ұйымдастырылса,  онда 

тәртіпсіздік  деңгейі  төмендейді».  Жоба  орындаушыларының  мақсаты  осы 

болжамды растау немесе жоққа шығару болып табылады.  

 



Жобаның  қысқаша  сипаттамасы.  Жобаның  сипаттамасы  қысқаша  2-3 

бетпен мазмұндалады, онда жоба идеясы, кезеңдері, әдістері мен нысандары 

жазылады, сонымен қатар жоба орындалып болған соң  адамдардың өмірінде 

мүмкін  болатын  жақсартулар  сияқты  маңызды  нәтижелерді  көрсетеді. 




35 

 

Жобаның  қысқаша  сипаттамасы  оның  барлық  басқа  құрылымдық 



компоненттері ойластырылғаннан кейін ғана жазылады.  

 



Жобаға  қатысушылар.  Жобаның  қатысушылары  дегеніміз,  бұл 

жобаның  әрбір  кезеңінде  жобалық  идеяны  тікелей  орындаушылар,  оқу 

жобасында  олар  -  мектеп  оқушылары,  мұғалімдер,  тәрбиешілер,  ата-аналар 

немесе  студенттер,  оқытшылар  және  т.  б.  Мысалы,  компьютерлік  ойындар 

фестивалінің жобасының дайындық кезеңінде информатика мұғалімдері мен 

орталықтың  тәрбиеленушілері  болады,  себебі  олар  сценарий  жазу  керек, 

қажетті материалдық ресурстарды анықтау қажет, ал осы жобаның іске асыру 

кезеңінде мектеп оқушылары және тұрғындар болуы мүмкін, ал  қорытынды 

кезеңде  -  қазылар  алқасы  мен  жеңімпаздарды  анықтайтын  және 

марапаттайтын  әкімшілік  болып  табылады.  Егер  жоба  аясында  сауалнама 

жүргізілетін  болса,  сол  сауалнамаға  қатысқандар    жоба  қатысушыларына 

жатқызылады.  Жобаға  қатысушылардың  саны  жобаның  тақырыбы  мен 

түріне,  ондағы  қолданылатын  әдістер  мен  тәсілдерге  баланысты  бірнеше 

адамнан бастап ондаған адамға дейін өзгеруі мүмкін. 

 

Жобаны  жүзеге  асырудың  сатылары  мен  күнтізбелік  жоспары. 



Жобаның негізгі міндеттерін талқылағаннан кейін оларды шешу бойынша іс-

қимыл  реттілігі  және  орындаушыларды,  мерзімі  мен  күтілетін  нәтиже 

бейнеленетін күнтізбелік жоспар жасалады. Әдетте жоба кезеңдерге бөлінеді 

-  дайындық,  іске  асыру  және  қорытынды  кезеңі.  Күнтізбелік  жоспар  кесте 

түрінде ресімделеді, оның толтырылу мысалы төменде келтірілген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет