Орман аңдары мен құстарының биологиясы”



бет37/37
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33695
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Жылдық сандары (дана)

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Тиін

15000

9550

4406

18350

36100

34701

Қасқыр

7300

4500

3800

3010

3010

2500

Кәмшәт

140

140

140

80

390

255

Ақкіс

3000

2400

2561

3000

2360

2781

Қояндар

24000

17000

15575

38900

34890

43496

Қарсақ

12000

7500

7430

4550

2910

5628

Сарыкүзен

2000

1300

1198

3200

3650

998

Түлкі

12000

8600

6400

14570

9580

14837

Су күзені

1400

1100

887

2855

5580

5580

Құну

60

60

50

60

133

154

Сілеусін

300

200

180

660

380

391

Сарғыш күзен

4000

3000

2829

9500

8110

7872

Бұлғын

3600

2728

1864

3750

4960

3371

Сасық күзен

6400

5000

4472

7900

4260

14737

Бұлан

1250

1080

933

1012

2531

1484

Марал

2300

1930

1416

2464

1716

2391

Доңыз

900

650

619

1364

300

1005

Құдыр

360

260

180

320

475

660

Елік

8200

7190

5366

8569

6060

10862

Сібір тау теке

820

450

80

1610

988

810

Аю

1200

1000

760

1320

1068

1124

Борсық

1000

1200

1300

1990

1760

3944

Құндыз

50

70

100

100

50

80

Суыр

106800

90000

96000

128200

90900

142190

Ондатр

36000

26000

27000

29500

19400

35270

Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Сүтқоректілердің маңызы неде?

  2. Аң фермасында қандай аңдарды өсіреді?

  3. Кәсіптік сүтқоректілерді баяндаңыз.

  4. ШҚО жабайы аңдар санының динамикасын сипаттаңыз.

  5. Аңдардың қандай ұқсастықтары мен ерекшелік белгілерін білесіз?

  6. Сүтқоректілердің жылдық тіршілік циклі дегеніміз не?

8 тақырып: Жәндік қоректілердің жүйеленуін және түрлерін анықтау.
Мақсаты: Негізгі орман аңдарын сыртқы пішінінен және жүйелену белгілерінен ажыратуды; орман өсіруді жоспарлаудағы орман қорының белгілеген бөліміндегі жабайы аңдар түрлерінің құрамын, мекендеудегі санын бағалай білу.
1 тапсырма. Жәндік қоректілер отрядтарының құрылыс ерекшеліктерін теория бойынша зерделеу. Түсіндіріңіз, неге олардың бас миы сыңарында иірімдері болмайды; тістері көп, нашар жіктелген; негізінен жербетінде мекен еткенімен, олардың түрлері жартылай суға, жерастына, жер қазуға бейімделген; басты қорегі омыртқасыз жануарлар, аз мөлшерде ұсақ омырқалылармен және өсімдіктермен қоректенеді; өте кең таралған.
2 тапсырма. Жәндік қоректілердің негізгі түрлерін тікелей, жанама белгілерінен (оның 4 тұқымдасы бар) анықтау керек. Оларды сипаттаңыз.
Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Жәндік қоректілер отрядтарының құрылыс ерекшеліктерін атаңыз.

  2. Орман және орманды дала аймағындағы кірпілер тұқымдасының ерекшелік белгілерін сипаттаңыз.

  3. Жәндік қоректілердің таралу аймағы, биологиялық ерекшеліктері және маңызы қандай?

9 тақырып: Жыртқыштар жүйеленуін және түрлерін анықтау.
Мақсаты: Жыртқыштар отрядтарының биологиялық негізін; олардың орман өсіруді жоспарлаудағы орман қорының белгілеген бөліміндегі түрлері құрамын, аңдарды қоса (қорқау қасқырдан басқа) теория бойынша зерделеу.
1 тапсырма. Не себепті барлық жыртқыштар жануар текті азықтармен қоректенуге біріккен және тіс жүйелерінің құрылысы да тән екенін айқындау қажет. Неге түрлі жыртқыш аңдарда 48-ден 28-ге дейін тістер болатынын анықтаңыз.
2 тапсырма. Жыртқыштар отрядтарында 240 түр, 7 тұқымдас болғанымен Қазақстанда олардың тек 5 тұқымдас өкілдері (ит, аю, сусар, мысық, қорқау қасқыр) мекендейтінін теория бойынша зерделеп, сипаттама беріңіз.
3 тапсырма. Не себепті жыртқыштар отрядтары орманды, далалы, таулы, шөлді аймақтарды бейімделгенін түсіндіріңіз.
4 тапсырма. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген тұрлерін атап, оларды қорғау жолдарын баяндаңыз.
Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Жыртқыш аңдардың тіс формуласы қандай?

  2. Жыртқыштардың азу тістерін сипаттаңыз.

  3. Жыртқыштар бас сүйегінің бұлшық еті, әсіресе шайнау еті неге күшті дамыған?

  4. Неге көптеген жыртқыштарда ең маңызды рөлді тырнағы орындайтынын түсіндіріңіз?

  5. Неге жыртқыш аңдардың көбі жылына бір рет қана күшіктейді және олардың саны аз болады, ал кейбір ірі аңдар 1-2 күшік әкеледі, оның өзі жыл сайын болмайды?

10 тақырып: Кемірушілердің жүйеленуін және түрлерін анықтау.
Мақсаты: Қазақстан аймағындағы орман қоры территориясында және орман ортасында мекендейтін немесе болатын омыртқалы жануарлардың биологиялық негізін теориялық білім ретінде меңгеру, кемірушілерді практикада ажырата білу және олардың мекендейтін орнында түгендеу жүргізу.
1 тапсырма. Кемірушілер өкілдерінің пайда болуын, эволюциясын, морфологиялық (тіс жүйесі ерекше, әсіресе күрек тістерінің құрылысы; қарны қарапайым, ішегі өте ұзын, бүйені күшті дамыған), физиологиялық ерекшеліктерін теория бойынша зерделеу.
2 тапсырма. Кемірушілер отрядтары 2800 жуық түрлерден тұрып, 40 тұқымдасқа біріккенін еске сақтаған жөн. ТМД елдері мен Қазақстан мақұлықатында олардың 15 тұқымдасының өкілдері мекендейді, оның 6 – кәсіптік аң терісінің зерзаты, ал қалғандары – бағалы жыртқыш аңдар мен құстардың қоректері болып саналатынын түсіндір.
3 тапсырма. Құндыздардың жартылай суда тіршілік етуге бейімделгенін және олардың дене құрылысындағы морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. ТМД елдері мен Қазақстанда мекендейтін кемірушілер отрядтарының 15 тұқымдасын атаңыз.

  2. Не себепті тиіндер тұқымдасы орманда, далада, шөлді жерлерде, таулы аймақтарда мекендеуге бейімделгенін баяндаңыз.

  3. Қазақстанның Қызыл кітабына еңгізілген аламан тәрізділер тұқымдасы түрлерін атап, оларды қорғау жолдарын түсіндіріңіз.

  4. Қарақастар тұқымдасының айырмашылық белгілерін атаңыз.

11 тақырып: Қоян тәрізділердің жүйеленуін және түрлерін анықтау.
Мақсаты: Қоян тәрізділердің қандайда болмасын түрлерін практикада ажырата білу дағдысын меңгеру және оны ауланатын жануарларды тиімді пайдаланудың биологиялық негізін әзірлеуде қолдану.
1 тапсырма. Қоян тәрізділерге тән тіс жүйесіндегі ерекшелікті зерделеу. Онда неге 2 жұп күрек тістер жоғары жақта, бірінен соң бірі, әрі тікелей ірі алдыңғылардың артында 2 жұп ұсақ, қысқа тістері орналасқанын және төменгі жақта – барлығы 1 жұп күрек тістер барын түсіндір? Байқаңыз, қоян тәрізділердің тағы бір жақсы айырмашылық белгісіне, ондағы таңдай сүйегінің түрі. Ол кең емес, екі тістер арасында орналасқан жіңішке көлденең жатқан көпір тәрізді. Неге?
2 тапсырма. Қоян тәрізділердің 60 түрін білу ұшін Қазақстанда мекендейтін 2 тұқымдасы өкілдерінің (қоян, шақылдықтар) қазақша, орысша атауларын есте сақтап, олардың қарыны құрылысындағы ерекшеліктерді баяндаңыз.
3 тапсырма. Орманмен байланыстағы, ұсақ ақ тасты сирек мекендейтін, дала бұталарында, тоғай шеттерінде, тіпті еменді шоқ орманның шағын тоғайында тұратын Шақылдақтар тұқысдасын сипаттаңыз.
Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
1. Сіз білетін қоян тәрізділер тұқысдастарының қарын құрылысында болатын ерекшеліктерді атаңыз.
2. Қазақстанда қоян тәрізділер қалай таралған?
3. Қоян тәрізділер тұқымдастарына түрлі тұқымды үй қояндары жата ма?
12 тақырып: Жұп және тақ тұяқтылардың жүйеленуін және түрлерін анықтау.
Мақсаты: Жұп және тақ тұяқтылардың түрлерін практикада ажырата білу дағдысын меңгере, олардың мекен орнына түгендеу жүргізе, оларды сақтау, қолдау және санын реттеу мақсатымен бекітілген аумақта мезгілінде биотехникалық шаралар өткізе білу.
1 тапсырма. Не себепті жұп тұяқтылар 3 отряд тармақтарына: күйіс қайырмайтын кішкене топ, немесе талғаусыз қоректенетіндерге (шошқалар), көнтабандылар тобына (түйе, таутайлақ) және кең жайылған күйіс қайыратындар, немесе өсімдік қоректілерге (құдыр, бұғы, қуыс мүйізділер) жіктелетінін теория бойынша зерделеп, түсіндіріңіз.
2 тапсырма. Жұп тұяқтылар аяқтарының, тіс жүйесінің, қарнының, мүйіздерінің ерекшеліктерін еске түсіріп, сипаттаңыз.
3 тапсырма. Әлем мақұлықатында жұп тұяқтылардың 200 жуық түрлері жазылғанын еске түсіріп, неге ТМД елдері мен Қазақстанда олардың 4 тұқымдасының өкілдері (шошқа, құдыр, бұғы, қуыс мүйізділер) мекендейтінін айтыңыз? Орманда және орманды далада мекендейтін жұп тұяқтылар отрядының қалаған түріне сипаттама беріңіз.
4 тапсырма. ТМД елдері мен Қазақстанда мекендейтін тақ тұяқтылардың бір ғана түрі түркімен құланын сипаттаңыз.
Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Қандай жануарларды күйіс қайыратындар деп атайды? Мысал келтіріңіз.

  2. Жұп тұяқтылардың көндігуін (жерсіндіруін) және қайта көндіктіру (жерсіндіру) мәнін түсіндіріңіз.

  3. Медицинада панты, дәрілік, техникалық жабдық және т.б. ретінде қолданылатын аң аулау өнімдері түрлерін атаңыз.

13 тақырып: Ауланатын құстар мен аңдарды есептеу тәсілдерін сипаттау.
Мақсаты: Орманда құстар мен аңдар санына есептеу жүргізуді және өсіру, биотехниялық, аң аулау шаруашылықтарының іс-шараларын әзірлеуді білу.
1 тапсырма. Салыстырмалы және толық есеп (жаппай, іріктеу - ленталық, сыналатын алаңда, тікелей, сауал-сұрақ, көзбен шамалау, сарапшы) жүргізуде құстарды есептеудің ең таралған тәсілі – дарақ есебін шығаруды (дауысынан, көзбен шамалап, есептеу) түсіндіріңіз. Ол үшін неге бір текті орманда салынған жол бағытында кең емес жазықта кесдесетін құстар данасын, ал толық есепте сыналатын алаңдағы құстардың ұясын, кездескен түрлерін, ұядағы балапандар өңешін «қансыз» керу әдісімен жүргізгенін, қалған азықтар жиынтығын, желінген азықты есептеп, былықпа (лоқсығанда шығатын қоспа зат) құрамын талдап, санайды.
2 тапсырма. Белгілі бір аумаққа өлшем бірлігі бойынша шаққанда орнығатын әр жабайы жануарлар түрінің мекендеу тығыздығын анықтаңыз. Аумақ өлшем бірлігіне түрдің биологиялық ерекшелігіне байланысты 1 га, 100 га, 1000га, 10000га немесе 1 кв.км. алатынын, әрі ол үшін далалық, камералық, аралас есептеу тәсілдерін қолданатынын ұмытпаңыз.
3 тапсырма. Жақсы жасырылған торуылдан бақылау, хронометраж (уақытты зерттеу әдісі), іннің, ұянын, азықтанатын жердің жанында отырып есептеу, түрлі өздігінен жазатын өлшеу құралы және басқада автоматтық аппараттар көмегімен алынған нәтижелерді теория бойынша зерделеу.
4 тапсырма. Әр мезгілде жүргізілетін есептеуді сипаттаңыз (қыста-жол бағытында, сыналатын алаңда, қосымша қорек алаңындағыларды есептеу; жазғытұры-тұяқтыларды құмалақ санын, су жанындағы аңдарды, құсойнақ тағы құстар атасы санын, некелік дауысы мен әнін, суда жүзетін құстарды есептеу; жазда-күзде-ұяласбалапанды, ұяға пайдаланылатын жер-суды, бұғы, бұлан, үзбара өкіруін, кәсіп алдын есептеу, күзде құстардың ұшып кетіп, қайта оралуын есептеу).
Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Дарақтарды (дауысынан, көзбен шамалап) есептеу дегеніміз не?

  2. Кездесетін түрлерді анықтайтын қандай ықшамды есептеу тәсілін білесіз?

  3. Қақпанмен ұсақ аңдарды ордада, шұңғылда (жырашық) аулағанды қалай санайды?

  4. Қояндарды, жыртқыштарды және тұяқты аңдарды қыстың қарындағы ізінен қалай санайтынын айтыңызшы?

  5. Аңдар мен құстарды қоректенген және олардың өсімдікке тигізген әсерінен зерделетін жолдарын атаңыз.

14 тақырып: Аң аулануға пайдаланатын жер-су алаңының түрлерін (типтерін) сипаттау.
Мақсаты: Теңдессіз Қазақстан мақұлықатын сақтау жолдарын және жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда ҚР аң аулау шаруашылығын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету.
1 тапсырма. ҚР аң аулау шаруашылығы (655), қорықшылар (егерь), автокөлік және басқалар санын зерделеу.
2 тапсырма. «Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және қолдану» Заңының (2004) және аң аулануға пайдаланатын жер-суды 10 жылдан 49 жылға дейін бекіту жүйесін ұзақ мерзімге өзгертудің мәнін түсіндіріңіз.
3 тапсырма. Аң аулау шаруашылығын жүргізу ережесіне еңгізілген бір қорықшыға белгіленген қорғау алаңының қалпы неге көбейгенін (ҚР Үкіметінің 11.09.2007 ж. № 794 қаулысы) сипаттаңыз. Бұл шешім аң аулау шаруашылығына өте тиімді қорықшылар қызметін құруға және белгіленген аумақта жануарлар әлемін қорғауды қамтамасыз ете ме?
Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Қазақстан аумағындағы аң аулау зерзаттарын (объекты-сүтқоректілердің 34, құстардың 59 түрлері) атаңыз.

  2. ҚР аң аулануға пайдаланатын жер-су алаңы қанша?

  3. ҚР қорықшылардың (егерь) жалпы саны қанша?

15 тақырып: Аң аулау құрал-жабдықтарын және дәрімен атылатын қаруларды сипаттау.
Мақсаты: Ауланатын жануарларды өндіруге қажет құрал-жабдықтар және тәсілдер жиынтығын білу. Аң аулауда иттер қалай қолданылатынын меңгеру.
1 тапсырма. Жабайы жануарларды аулауда қолданылатын қазіргі құрал – жабдықтарды (белсенді өндіру құрал-жабдықтары, өздігінен аулау құрал-жабдықтары) зерделеу.
2 тапсырма. Қазіргі кезде кәсіпшілік аң аулауға қажет ауланатын жануарларды өндіруде қолданылатын құрал-жабдықтар кестесін жұмыс дәптеріне (альбом) жазып алып, сипаттау керек.
3 тапсырма. Өздігінен аулау құрал-жабдықтарын атап, олардың қандай топтарға бөлінетінін түсіндіріңіз. Темір қақпанды сипаттап, онымен қандай үлпек жүнді аңдар өндірілетінін атаңыз.
Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Ауланатын жануарларды өндіруге қажет құрал-жабдықтарды атаңыз.

  2. Өздігінен түсетін аулау құрал-жабдықтарын атап, оларға сипаттама беріңіз.

  3. Улы еліктіргіш дегеніміз не? Олар неге зиянды жыртқыштарды жоюға қолданылады?



4. СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСТАРЫ:
4.1. Әдістемелік ұсынымдар.
1 тақырып – Құстардың ұялары, оларды жіктеу, негізгі параметрлері.
2 тақырып – Құстарға арналған жасанды ұялар.
3 тақырып – Зиянды сүтқоректілермен күресу дәрі-дәрмектері мен тәсілдері.
4 тақырып – Ауланатын құстар мен аңдарды есептеу тәсілдері. Жануарлардың іздері.
5 тақырып – Аң аулау түрлері.
6 тақырып – Аңдар мен құстардың тұлыптарын-чучела дайындау және ұшаларын-тушек тығыздап, толтыру.
7 тақырып – Ауланатын-кәсіптік жануарлардың бір түрін немесе туыс түрлер топтарын тиімді пайдаланудың биологиялық негіздері.
8 тақырып – Ауланатын-кәсіптік немесе сирек кездесетін жануарлардың бір түрінің немесе туыс түрлер топтарының жүйеленуі және биологиясы.
9 тақырып – Мекендеу ортасына нақты түрдің бейімделуі.
10 тақырып – Нақты аң аулау шаруашылығының, ауданның, облыстың ауланатын-кәсіптік жануарларының қорлары (ресурсы) және пайдаланудың болашағы.
11 тақырып – Сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жануарларды қорғаудың және өсірудің биологиялық негіздері.
12 тақырып – Орманды, далалы жерлерге бейімделген жануарлар түрлері жүйеленуінің (систематикалық) салыстырмалы сипаттамасы.
13 тақырып – Таулы жерлерде, суда тіршілік етуге бейімделген жануарлар түрлері жүйеленуінің (систематикалық) салыстырмалы сипаттамасы.
14 тақырып – Ауланатын-кәсіптік жануарлардың таралу аймағының (ареал) және санының тарихи өзгерісі.
15 тақырып – Ауланатын-кәсіптік жануарлардың маусымдық және тәуліктік қоректенуінің ерекшеліктері.



    1. 5. Студенттердің ағымдағы және қортынды бақылауға арналған сұрақтарының тізімі.

  1. Бакалаврлар дайындаудағы орман аңдары мен құстары биологиясы пәнінiң маңызы неде?

  2. Биологияның қысқаша дамуын сипаттаңыз.

  3. Биологияның басқа пәндерімен байланысы қандай?

  4. Орман аңдары мен құстарын зерделеудегі кейбір мақсаттарды және әдістерді атап, сипаттаңыз.

  5. Пән қандай бөлiмдерден тұрады? Олардың мақсаттары неде?

  6. Құстар класының жалпы сипаттамасын беріңіз.

  7. Құстардың пайда болуы және эволюциясы туралы не білесіз?

  8. Құстардың морфологиялық ерекшеліктері мен ұшуға бейімділігі неде?

  9. Құстың ағзалар жүйелері, сүйектері, бұлшық еттері құрылысындағы ерекшеліктері қандай?

  10. Қауырсындар, олардың жіктелуі, жұмыртқаның құрылысы қандай?

  11. Құстардың физиологиялық, қозғалу және экологиясының негізгі ерекшеліктері, географиялық таралуы, саны қандай?

  12. Құстар қалай тыныс алады, онда газ алмасуы қалай жүреді?

  13. Мекен ету ортасына, қоректенуіне байланысты құстар қалай бейімделеді?

  14. Жыртқыш құстар мен жапалақтардың сыртқы пішіні қалай бейімделетінін түсіндіріңіз.

  15. Жыртқыш, балық, жәндік, дән қоректі құстарды сипаттаңыз.

  16. Ағаш-бұта құстарының қанаттары, аяқтары және тұмсығы құрылысындағы ерекшеліктерді сипаттаңыз.

  17. Ағашта өрмелейтін, жерде ұя салатын, түнейтін, батпақ-шалғын, су маңында мекендейтін, сирақты батпақ, батпақ, су жағалауындағы балшықшы, ашық кеңістікте мекендейтін, жүгіретін, жылдам ұшатын, су, сүңгитін, әуе-су және құрлық-су құстары не білесіз?

  18. Ауа қапшығының және құйымшақ безінің маңызы неде?

  19. Құстар тіршілігіндегі кезеңдік құбылыстар туралы не білесіз?

  20. Құстардың жылдық тіршілік циклін сипаттаңыз.

  21. Әртүрлі экологиялық топтағы құстардың ұшып келу, кету кезектілігі туралы не білесіз?

  22. Құсойнақ дегеніміз не?

  23. Құстардың жыныс диморфизмі, оның пайда болу формалары.

  24. Түлеу дегеніміз не? Түлеген құстарды қалай қорғайды, мерзімдік қоныс аударуы, қыстауы қалай жүреді?

  25. Құстар биологиясындағы ұшып кетудің маңызы, қоныс аударуының пайда болуын қалай түсінесіз?

  26. Әртүрлі орман типтерінде құстар қалай таралған?

  27. Құстар және орман зиянкестері туралы не білесіз?

  28. Жыртқыш құстарды сипаттаңыз.

  29. Орман жағдайына құстардың тигізетін әсері неде?

  30. Орманды қорғау үшін құстарды еліктірудің техникасы қандай?

  31. Құстарды қорғауға арналған орман шаруашылығының тәсілдері және экожүйедегі құстардың рөлі.

  32. Қазақстанның қызыл кітабы, сирек кездесетін түрлердің тұрақтанған жай күйінің топтары (категориялары) қандай?

  33. Құстар класының тармақтарын баяндаңыз.

  34. Құрып біткен және қазіргі құстар қатары туралы не білесіз?

  35. Дүниежүзілік құс мақұлықаты туралы жалпы түсінік.

  36. Құс түрлердің жалпы санын білесіз бе?

  37. Қазіргі құстар қатары, олардың аттары, көлемі, құрылымы, негізгі тұқымдастары, сипаттамасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері негізгі түрлері неде?

  38. Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасын беріңіз.

  39. Сүтқоректілердің негізгі белгілері, дамуы мен эволюциясы, өрлеу дамуы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  40. Ашық кеңістіктерде мекендейтін сүтқоректілер туралы не білесіз?

  41. Орман аңдарын атап, сипаттаңыз.

  42. Паналар дегеніміз не?

  43. Сүтқоректілердің экологиялық топтары туралы не білесіз?

  44. Жербеті, жерасты, су, орманда мекендейтін, ұшатын аңдарды атап, сипаттаңыз.

  45. Сүтқоректілердің жылдық тіршілік циклі дегеніміз не?

  46. Сүтқоректілер көбеюге қалай дайындалады?

  47. Төлдеу және ұрықтың өсуі қалай өтеді?

  48. Аңдардың орман шаруашылығындағы маңызы қандай?

  49. Олардың орман тіршілігіне тигізер әсері туралы не білесіз?

  50. Санитар-аңдар мен ауру таратушыларды атап, сипаттаңыз.

  51. Сүтқоректілер класын қалай жүйелейді?

  52. Қағанақты сүтқоректілердің қысқаша сипаттамасын беріңіз.

  53. Қазақстанды мекендейтіндердің айырмашылық белгілері, таралу аймағы-ареал, биологиялық ерекшеліктері, шаруашылық, ғылыми және әсемдік-эстетика маңызы.

  54. Орман және аң аулау шаруашылықтары өзара қандай іс-қимылдар жасайды?

  55. Қазақстанның аң аулауға пайдаланатын жер-суларын атаңыз.

  56. Аң аулауға пайдаланатын жер-судың дамуы, жіктелуі, бағалануы дегеніміз не?

  57. Ұтымды тығыздығын және ауланатын жануарлардың әр түрлерінің аулауға пайдаланатын жер-суға сыйымдылығын есептеу қалай жүреді?

  58. Аңшылық мақұлықатының басты түрлерін есептеу әдістерін және пайдалану қалпын есептеуді түсіндіріңіз.

  59. Пайдаланатын жер-су сапасын жақсарту, ауланатын жануарлардың тұрақтары жағдайын уақытша жақсарту, аңшылық мақұлықаттың сан және сапа құрамын көбейту, ауланатын жануарларды қорғау іс-шаралары қалай өтеді?

  60. Жыртқыштарды сұрыптап, санын реттеу үшін неге атады?

  61. Биотехниялық жұмыстар кешеніндегі орман шаруашылығының іс-шараларын сипаттаңыз.

  62. Аң аулау қару-жарақтары және оқ-дәрілері туралы не білесіз?

  63. Өздігінен аулайтын тұзақтарды атап, сипаттаңыз.

  64. Аң аулайтын иттерді, олардың тұқымдарын, пайдалануды (қолдану) түсіндіріңіз.

  65. Аушы құстар дегеніміз не?

  66. Аң аулаудағы қауіпсіздік техникасы туралы не білесіз?

  67. Жануарлар әлемін қорғайтын, пайдаланатын заң туралы не білесіз?

  68. Аулауға рұқсат етілмеген аңды аулаушылықпен-браконьерство қалай күреседі?

  69. Құстар мен аңдардың халықаралық құқығын қорғау дегеніміз не?

  70. Құстар класының жалпы сипаттамасын беріңіз.

  71. Құстың қауырсын-тері жамылғысы неден тұрады, оның қызметтері қандай? Мамық қауырсынның контуралық түрінен айырмашылығы неде? Бағыттағыш қауырсындар дегеніміз не?

  72. Құстардың өсіп-өну тәсілдерін және ұя салуын сипаттаңыз.

  73. Қандай құстарды қызылшақа балапандыларға, қайсысын бір ұядан өскендерге жатқызады?

  74. Құстардың тіршілігіндегі қайта қайтудың маңызы қандай? Мысал келтіріңіз.

  75. Құстар қанша жыл тіршілік етеді?

  76. Жерде қанша құстар бар?

  77. Жерде құстардың қанша түрлері бар? Олардың әртүрлілігі дегеніміз не?

  78. Құстардың жалпы қабылданған жүйелеу категориясын атаңыз.

  79. Құстардың қазіргі отрядтарына не жатады? Олардың қазақша, орысша атауларын атап, көлемін, құрылымын, негізгі тұқымдастарын және морфологиялық, биологиялық сипаттамаларын, ерекшеліктерін түсіндір.

  80. Қаз тәрізділердің қазіргі отрядтарын, олардың қазақша, орысша атауларын, негізгі тұқымдастарын, сипаттамаларын, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін атаңыз.

  81. Орман құстары орманда барлық қабаттарды пайдаланып орналасады, оны экологиялық тауша деп атайды. Ондағы қаз тәрізділер отрядтарының орнын анықтаңыз.

  82. Жерден қорек іздеу үшін қаз тәрізділерде қандай арнайы құрылғы пайда болды?

  83. Тіршілік қауымдастықтағы жапалақ тәрізділер отрядының рөлі қандай екенін атаңыз.

  84. Жапалақтар пайдалы ма? Олар онымен бірге аң аулау шаруашылығына зиянын тигізбей ме?

  85. Жапалақтардың қандай түрлері ұшып келетінін және ландшафтағы таралымын атаңыз.

  86. Сүтқоректілердің түк жабындысын сипаттаңыз.

  87. Сүтқоректілерде қандай тіс категориялары кездеседі? Басқа отрядтар өкілдерінде тіс жүйесі қалай дамыған?

  88. Сүтқоректілердің көбею, төлдерін сүтпен қоректендіру ерекшеліктері неде?

  89. Жұмыртқасалатын, қалталы, қағанақты сүтқоректілердің құрылысын, көбею ерекшеліктерін салыстырыңыз.

  90. Қағанақты сүтқоректілер негізгі отрядтарының құрылысын, тіршілік ету ерекшеліктерін сипаттап, оларға мысал келтіріңіз.

  91. Сүтқоректілердің маңызы неде?

  92. Аң фермасында қандай аңдарды өсіреді?

  93. Кәсіптік сүтқоректілерді баяндаңыз.

  94. ШҚО жабайы аңдар санының динамикасын сипаттаңыз.

  95. Аңдардың қандай ұқсастықтары мен ерекшелік белгілерін білесіз?

  96. Сүтқоректілердің жылдық тіршілік циклі дегеніміз не?

  97. Жәндік қоректілер отрядтарының құрылыс ерекшеліктерін атаңыз.

  98. Орман және орманды дала аймағындағы кірпілер тұқымдасының ерекшелік белгілерін сипаттаңыз.

  99. Жәндік қоректілердің таралу аймағы, биологиялық ерекшеліктері және маңызы қандай?

  100. Жыртқыш аңдардың тіс формуласы қандай?

  101. Жыртқыштардың азу тістерін сипаттаңыз.

  102. Жыртқыштар бас сүйегінің бұлшық еті, әсіресе шайнау еті неге күшті дамыған?

  103. Неге көптеген жыртқыштарда ең маңызды рөлді тырнағы орындайтынын түсіндіріңіз?

  104. Неге жыртқыш аңдардың көбі жылына бір рет қана күшіктейді және олардың саны аз болады, ал кейбір ірі аңдар 1-2 күшік әкеледі, оның өзі жыл сайын болмайды?

  105. ТМД елдері мен Қазақстанда мекендейтін кемірушілер отрядтарының 15 тұқымдасын атаңыз.

  106. Не себепті тиіндер тұқымдасы орманда, далада, шөлді жерлерде, таулы аймақтарда мекендеуге бейімделгенін баяндаңыз.

  107. Қазақстанның Қызыл кітабына еңгізілген аламан тәрізділер тұқымдасы түрлерін атап, оларды қорғау жолдарын түсіндіріңіз.

  108. Қарақастар тұқымдасының айырмашылық белгілерін атаңыз.

Сіз білетін қоян тәрізділер тұқысдастарының қарын құрылысында болатын ерекшеліктерді атаңыз.
2. Қазақстанда қоян тәрізділер қалай таралған?
3. Қоян тәрізділер тұқымдастарына түрлі тұқымды үй қояндары жата ма?

  1. Қандай жануарларды күйіс қайыратындар деп атайды? Мысал келтіріңіз.

  2. Жұп тұяқтылардың көндігуін (жерсіндіруін) және қайта көндіктіру (жерсіндіру) мәнін түсіндіріңіз.

  3. Медицинада панты, дәрілік, техникалық жабдық және т.б. ретінде қолданылатын аң аулау өнімдері түрлерін атаңыз.

  4. Дарақтарды (дауысынан, көзбен шамалап) есептеу дегеніміз не?

  5. Кездесетін түрлерді анықтайтын қандай ықшамды есептеу тәсілін білесіз?

  6. Қақпанмен ұсақ аңдарды ордада, шұңғылда (жырашық) аулағанды қалай санайды?

  7. Қояндарды, жыртқыштарды және тұяқты аңдарды қыстың қарындағы ізінен қалай санайтынын айтыңызшы?

  8. Аңдар мен құстарды қоректенген және олардың өсімдікке тигізген әсерінен зерделетін жолдарын атаңыз.

  9. Қазақстан аумағындағы аң аулау зерзаттарын (объекты-сүтқоректілердің 34, құстардың 59 түрлері) атаңыз.

  10. ҚР аң аулануға пайдаланатын жер-су алаңы қанша?

  11. ҚР қорықшылардың (егерь) жалпы саны қанша?

  12. Ауланатын жануарларды өндіруге қажет құрал-жабдықтарды атаңыз.

  13. Өздігінен түсетін аулау құрал-жабдықтарын атап, оларға сипаттама беріңіз.

  14. Улы еліктіргіш дегеніміз не? Олар неге зиянды жыртқыштарды жоюға қолданылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет