Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
Құстардың жалпы қабылданған жүйелеу категориясын атаңыз.
Құстардың қазіргі отрядтарына не жатады? Олардың қазақша, орысша атауларын атап, көлемін, құрылымын, негізгі тұқымдастарын және морфологиялық, биологиялық сипаттамаларын, ерекшеліктерін түсіндір.
4 тақырып: Қаз тәрізділерді жүйелеу және түрлерін анықтау.
Мақсаты: Құстар класының жалпы сипаттамасын, олардың ұқсастық, ерекшелік белгілерін, мекендеу ортасына бейімделуіне орай негізгі экологиялық топтарға бөлінуін, қоректенуін, жылдық тіршілік циклдерінің кезеңдік құбылыстарын, экологиясын және мінез-құлқын білу.
1 тапсырма. Қаз тәрізділердің кәсіптегі рөліне, етінің сапасына, Қазақстандағы өндіру көлеміне және негізгі ауланатын түрлерінің атауына теориялық зерделеу жүргізу.
2 тапсырма. Қаз тәрізділер отрядының қазақша, орысша атауларын есте сақтап, олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты қаздарды аулау тәсілдерін баяндаңыз.
3 тапсырма. Үйректер тұқымдас тармақтарын, оның ұшып келетін, жер, ұшып өтетін, өзен, сүңгуір түрлерін, теңіз және бейнеарық үйректердің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
4 тапсырма. Биологиялық ерекшеліктеріне байланысты үйректерді аулау тәсілдерін баяндаңыз.
Әдебиеттер. № 1 зертханалық сабақ соңында.
Достарыңызбен бөлісу: |