1 тақырып: Құстардың ішкі, сыртқы құрылысын сипаттау, суретін салу.
Мақсаты: Негізгі орман құстарын сыртқы пішінінен және жүйелеу (систематикалық) белгілерінен ажырату. Құстар қаңқасы қандай бөлімдерге бөлінетінін және ұшуға қандай белгілері бейімделгенін нақты елестету керек. Дене салмағының (ас қорыту, зәр шығару, өсіп-өну жүйелерінің құрылысына не әсер етеді) мейлінше жеңілденуіне белгілердің бейімделуін айқын қарап, тамырлар, тыныс алу, жүйке жүйелерінің құрылысын түсіну керек.
1 тапсырма. Құстардың ішкі, сыртқы құрылысын зерделей отырып, оның түрлі мекендеу ортасына бейімделуін, құстардың тіршілігіндегі маусымдық құбылысын түсініп, ұя салу, қоныс аудару, қайта қайтуына көңіл аудару қажет. Құстардың табиғаттағы, ауыл шаруашылығындағы және ветеринариядағы рөлі туралы сұрақтарды кең баяндаған жөн.
2 тапсырма. Кестеден кептер қаңқасының суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-бас сүйек; 2-қанаттың білезік бөлімі; 3-білек; 4-иық сүйегі; 5-жауырын; 6-қарғалық (врановая) сүйек; 7-ашасүйекке бітіскен бұғана; 8-төс сүйек; 9-жамбас белдеу; 10-сан сүйегі; 11-сирақ-толарсақ сүйектері (балтыр); 12-жіліншік; 13-мойын бөлімі; 14-қабырға; 15-құйымшақ сүйегі.
Әдебиеттер: Доппельмаир Г.Г. и др. Биология лесных птиц и зверей. М., 1975.
Долгушин И.А., Гаврин В.Ф. и др. Птицы Казахстана. Алма-Ата, 1960-1974 гг. т. 1-5.
Ильичев В.Д., Карташев Н.Н., Шилов И.А. Общая орнитология. М. 1982.
Карташев Н.Н. Систематика птиц. М., 1974.
Мартынов Е.Н. Биология лесных позвоночных. Санкт-Петербург, 2004.
Харченко Н.А., Лихацкий Ю.П., Харченко Н.Н. Биология зверей и птиц. М., 2003.
Охотничьи птицы Казахстана. //Труды Института зоологии АН Казахской ССР, 1964. т. 24
Юргенсон П.Б. Охотничьи звери и птицы. М., 1968.
Чельцов - Бебутов А.М. Экология птиц. М., 1982.
Красная книга Казахстана (изд. 2, 3). Алма-Ата, 1991, 1996.