Орман аңдары мен құстарының биологиясы”


Түрлері Жылдық сандары (данасы)



бет27/37
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33695
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Түрлері

Жылдық сандары (данасы)

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Ақтиін -Белка

15000

9550

4406

18350

36100

34701

Қасқыр-Волк

7300

4500

3800

3010

3010

2500

Кәмшәт-Выдра

140

140

140

80

390

255

Ақкіс-Горностай

3000

2400

2561

3000

2360

2781

Қоян-Зайцы

24000

17000

15575

38900

34890

43496

Қарсақ-Корсак

12000

7500

7430

4550

2910

5628

Сарыкүзен-Колонок

2000

1300

1198

3200

3650

998

Түлкі-Лисица

12000

8600

6400

14570

9580

14837

Су күзені-Норка

1400

1100

887

2855

5580

5580

Құну-Росомаха

60

60

50

60

133

154

Сілеусін-Рысь

300

200

180

660

380

391

СарғышкүзенСолонгой

4000

3000

2829

9500

8110

7872

Бұлғын-Соболь

3600

2728

1864

3750

4960

3371

Сасық күзен – Степной хорек

6400

5000

4472

7900

4260

14737

Бұлан-Лось

1250

1080

933

1012

2531

1484

Марал

2300

1930

1416

2464

1716

2391

Қабан-Кабан

900

650

619

1364

300

1005

Құдыр-Кабарга

360

260

180

320

475

660

Елік-Косуля

8200

7190

5366

8569

6060

10862

Сібіртаутекесі-Сибирск ий горный козел

820

450

80

1610

988

810

Аю-Медведь

1200

1000

760

1320

1068

1124

Борсық-Барсук

1000

1200

1300

1990

1760

3944

Құндыз-Бобр

50

70

100

100

50

80

Суыр-Сурок

106800

90000

96000

128200

90900

142190

Ондатр-Ондатра

36000

26000

27000

29500

19400

35270

Қаздар-Гуси

28000

24300

22000

143000

46000

85675

Үйректер-Утки

358000

492100

260000

3499000

1383400

2877560

Құр-Тетерев

57400

73400

68000

181560

172200

171700

Голуби,түркептер -горлицы

45000

72000

72000

127000

63500

127000

Кекілік-Кеклик

19500

20000

10000

9600

12500

-

Сұр құр-Рябчик

60000

35200

32000

22600

55800

36500

Сұр шіл-Куропатка серая

43400

52800

48000

48900

154100

86970

Саңырау құр-Глухарь

3000

4500

3800

2760

6300

2035

Қырғаул-Фазан

500

400

400

1000

2300

1600

Тіршілік сүру жағдайларын жақсарту үшін: өсімдіктер, жануарлар, минералдармен қосымша қоректендіру, уақытша азық және қорған жағдайларды құру (ағаш кесінділерін қалтыру, уақытша паналайтын орын жасау, шала кесулер, қуыс ағаштар, биік түбір қалдыру), уақытша суаттар құру, малта тас-галечник және пыр-пыр етіп ұшу орнын құру, жыртқыштар санын бақылау, жем-шөптің, суаттардың қолайлығы, тынышсыздық факторы әсері мен уақытын реттеу, ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар жүргізу керек. Жануарлардың орнығу санын реттеу үшін: дарақтық-популяциялық құрылымды, орнығу құрамын (түрлер ара қатысы), орнығу санын (жануарлар орнығуының тығыздығы), жануарлардың кейбір түрлерінің жерсіндіруін-интродукция білу керек. Жабайы жануарларға әсер ететін орман шаруашылығындағы іс-шаралар. Орман шаруашылығы қызмет процесінің жабайы жануарларға тікелей және жанама түрдегі әсерлері.
Тынышсыздық факторы (жануарларды жұмыс процесінде үркіту).
Баспананы бұзу және жою.
Жануарлардың өзін жою (салынған жұмыртқаларды, балапандарды, төлдерді, ірі жануарларды).
Ормандағы мекен орнының өзгеріске ұшырауы-трансформация.
Жаппай кесу әсері.
Кесі технологиясы мен тұқым ауыстырудың маңызы.
Жаппай кесудің омыртқалыларға тигізетін әсерінің жалпы бағасы.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Пайдаланатын жер-су сапасын жақсарту, ауланатын жануарлардың тұрақтары жағдайын уақытша жақсарту, аңшылық мақұлықаттың сан және сапа құрамын көбейту, ауланатын жануарларды қорғау іс-шаралары қалай өтеді?

  2. Жыртқыштарды сұрыптап, санын реттеу үшін неге атады?

  3. Биотехниялық жұмыстар кешеніндегі орман шаруашылығының іс-шараларын сипаттаңыз.

Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
14 дәріс тақырыбы–Ауланатын жануарларды аулау тәсілдері және құрал-саймандары. Аң аулаудағы қауіпсіздік техникасы. Аң аулау шаруашылығының экономикалық тиімділігі.
Жалпы сұрақтары: Аң аулау қару-жарақтары және оқ-дәрілері. Өздігінен аулайтын тұзақтар. Зиянды кемірушілермен күресу шаралары және зиянды жануарлар түрлерін жоюға арналған улы химикаттарды қолдану. Аң аулайтын иттер, олардың тұқымдары. Иттерді жаттықтыру және пайдалану (қолдану). Аушы құстар. Аң аулаудағы қауіпсіздік техникасы. Аң аулау шаруашылығының экономикалық тиімділігі.
Дәрістің қысқаша жазбасы. Адамзат жер шарының тіршілік тараған аймағы-биосфераның бір бөлігі, оның біртіндеп тарихи дамуы-эволюцияның өнімі болып келеді. Бірақ, адам мен табиғи бірлестіктің-сообщество өзара қарым-қатнасы еш уақытта бұлтсыз болған емес. Адам ертеден алғашқы қарапайым қаруды дайындаған бері табиғат құрған заттармен риза болмай, өз тіршілігіне қажет тұрмыс заттарды т.б. кіргізуде. Олар табиғи биологиялық зат айналымынан тыс жатуда. Өркениеттің-цивилизация пайда болуы, ол биологиядан жоғары жатқан қажеттік пен материальдық технология ортасы туғанын көрсетеді. Жабайыадамдардың аң аулау қызметі, сөз жоқ, көптеген ірі шөпөоректі жануарлардың құрып бітуін жылдамдатты. Аң аулау мақсатымен өсімдіктерді жағу территорияның босауына жеткізді. Онымен қатар, аңшылар мен жинаушылар тобының бірлестікке деген әсері әдетте айтарлықтай болмайды. Адам мал шаруашылығына, егіншілікке көшкендіктен бірлестіктер тобын ауыстырып, жоя бастады. Соңғы 100 жыл ішінде 2 өте маңызды өзгеріс-сдвиг өтті. Біріншіден, Жерде халық саны күрт өсті (1969-минутына 150 адам; 1989-179; 2000 ж. Жердегі халық саны 6,1 млрд. адамға жетті; 2025-9,4 млрд. адам болады). Екіншіден, оданда күрт өнеркәсіп, қуат-энергия өндірістері және ауыл шаруашылық өнімдері (21 ғасыр басында Жердегі барлық халыққа күнделікті 2 млн. т. жуық азық, 10 млн. куб.м. ішетін су, тыныс алу үшін 2 млрд. куб.м. оттегі қажет) артты. Бүгін барлық адамзатқа қажет 300 млн.т. заттар мен материалдар өндіріледі, 30 млн.т. жуық отын жағылады, 2 млрд. куб.м. су және 65 млрд. куб.м. оттегі пайданылады. Халық санының өсуі азық өнімдерін өндірілуінің көбеюін, жаңа жұмыс орнын құруды және өнеркәсіп өндірісін кеңейтуді талап етуде. Аң аулауды анықтау (ізіне түсу, аңды індету, олжалау, еріксіз ұстау).
Аң аулау түрлері: кәсіпшілік (кәсіби), әуесқой, спорттық.
Аң аулау тәсілдері: мылтықпен, итпен, аушы құстармен (сұңқармен), қапқан кәсіпшілігі.
Аң аулаудың әр түрлілігі: мерзіммен (жазғытұрғы, жазғы-күздік, қысқы), гаевая (қабанға), апанда (аюға), сайда (қасқырға), шұңқырда (құрға), өткелде (бұғы), өкіруде (үзбара), еліктіру, еліктіруші үйрек және т.б., жалау көмегімен сорда, құс ойнағында, құстың келуі-қайтуында-тяга, інде (түлкі, борсық, енот тәрізді ит).
Үкі–сирек кездесетін құс, аң аулау шаруашылығына еш әсер етпейді. Сондықтан үкіні аулап, ұстап алу үшін арнайы рұқсат қажет. Ақ жапалақ, Арктиканы мекендейді, тек анда-соңда шіл, үйрек, тіпті қарашақазды, жиі кемірушілер, тоқалтіс тышқандарды аулайды. Ол үлкен Арктика шөлі мен дала кеңістігіндегі аң аулауға пайдаланатын жер-суда өте сирек кездеседі де, күшті зиянын тигізе алмайды. Басқа үкілер-өте пайдалы құстар. Олар көптеген жәндіктерді, кеміргіштерді жояды. Құстарға шабуыл жасамайды, қайта өздері қорғауды қажет етеді. Сондықтан, ол түнгі жыртқыш құстарды аулайды деу артық болар. Күндізгі жыртқыш құстар арасында көбі (аражеушілер, кезқұйрықтар, жамансары, ақсары, қыран, басқа) сөз жоқ пайдалы. Олардың кейбіреуі негізінен жәндіктер, кемірушілер, бақалар, жыландармен, басқалары - жемтіктермен қоректенеді де, санитар ретінде пайда келтіреді, ал үшіншілері өте сирек кездеседі де, өздері қорғауды қажет етеді. Шапшаң ұшатын, жиірек құстарға шабуыл жасайтын сұңқарлар-лашын, ителгі, ақсұңқар, жағалтай, бөктергіде өте сирек кездесетін болды. Бұрын оларды аушы құстар ретінде пайдаланды, қазірде кейбір жерде аушы құстар ретінде пайдалануда. Осы құстар кезінде атақты сұңқармен аң аулау деп аталды. Бүгін олардың өзі барлық жерде қорғауды қажет етеді. Бізде мекендейтін құладынның-лунь 5 түрінің ішіндегі, тек батпақты жердегісі қана аң аулау шаруашылығына зиянын тигізеді. Құр, шіл, сұр құр, ақтиін, тіпті қоянға шабуыл жасайтын қаршығада аз зиянын тигізбейді. Бірақ, қазір ғалым-табиғат зерттеушілер жыртқыштарға жем болатын көбінесе ауру, әлсіреген, жас немесе кәрі жануарлар екенін толық дәлелдеді. Сондықтан жыртқыштар бірталай аңдар мен құстар басын сауықтырады, ал біз оларды аулаймызда, пайда келтіреміз. Тек аң аулау шаруашылығы жақсы ұйымдасқан жағдайда, әсіресе барлық аңдар мен құстар есепте болып, адам өзі іріктеп атып алса, онда жыртқыш құстарсыз да шаруашылықты сауықтыруға болады. Мұндайда құстарды жақсы ажырата алатын осы шаруашылықтың қызметкерлері қаршығаларды, құладындарды атып алады. Жыртқыш емес, әдеттегі құс-ала қарға рөлін айқындау қиындыққа соғады. Бір жағынан, ол нағыз ұры. Себебі, ол суда жүзетін құстардың ұясынан жұмыртқаларды алып кетеді. Оның бұл кінәсі документті кино және фото кадрлармен дәлелденді. Ал, басқа жағынан, ол пайдалы рөлде атқарады. Оны байқағыш аңшылар жақсы біледі. Ала қарға алғашқы болып ну талда, суарма шабындықты мекендейтіндерге қауіптің жақындағанын хабарлайды. Адамды қайықта немесе күркеде көріп, әр ала қарға міндетті түрде "Міне, ол мұнда, одан сақ бол, қалай болса да, құылыңдар!"-деп, қарқылдайды. Осы ала қарғалар бірінші болып, ұшып келген жыртқыш құсқада қарсы ұмтылып, барлығы жабылып, оны қуады. Ала қарғалар, жемтікті теретін ең көптеген санитарлық құстар қатарына жатады. Жыртқыш аңдарды, әсіресе ірі аю, жолбарыс, барыс, қорқау қасқыр, қасқыр, сілеусінді аулау, ең күшті әсер береді және барлық аң аулау ішіндегі ең тартымдысы болып келеді. Жыртқыш аңдарды спорттық мақсатта аулау, өз мәні жағынан барлық ең қызықты спорт түрлеріненде басым болады. Жас аңшы, жыртқыш аңдарды аулауға әдеттеніп, өзіне көптеген тәжірибе алады. Жыртқышты қоршап ұстап алу, оны ізіне түсу, көлемін жалаумен белгілеу, аңды орман түпкірінде итпен ізіне түсу аңшыны әр уақытта толқытады, әрі өзін ерлікке тәрбиелеу мектебі болып келеді. Жауыз аңмен жекпе-жекке түсуде ерлік және батылдық туады. Қиын тайга жорығында шынығу және ептілік, тапқырлық және шыдамдылық пісіп, жетіледі. Жыртқыш аңдар аулауды ер жүректер спорты деп атайды. Бұл анықтамада ешқандай артып айтқандық жоқ. Аңшы ит мұрыны өтпейтін орманға жиі сабалақ жүнді аюға жалғыз, өзімен тәжірибелі иттің бір тұқымы-лайканы алып шығады да, жекпе-жекте орман күштісін жеңеді. Ол апаннан аюды көтеріп алып шығып, сескенбестен оны басынан атады. Ол түнде жұртшы-стервятник алдында да қорықпайды: аңды сұлыда немесе тұзақта аңдып, сабырлылықпен, асықпай, төбесі жоқ қора түгілі, жерге жасырынып тұрып атады. Атқан оғыңызды жыртқыштың өлетін жеріне тигізбей, тек азулы тістерімен немесе тырнағымен тырнатып көріңіз. Онда түнгі қаңғыбас ауырғаннан құтырып, сол бетте өзіңді жерге жаншып, өлтіреді. Нағыз аңшы тізбектеліп, бірінің ізімен бірі келе жатқан қасқырлар үйіріненде қорықпайды. Оларды алыстан көріп, шыдам мен қозғалмай жақындағанын тосып, ал оны сезіп қалып жалт бұрылса, онда оларға бүйірін тосып, уақытын өткізбей, басшысының жауырыны астынан ірі бытыра оқпен, одан кейін екінші қасқырды атады. Ол кезде басқалары жан-жаққа қаша бастайды. Аңшылар иттер көмегімен ұсталған жолбарысты тірідей ұстайды. Бұл да - оған тұмылдырық кигізіп, аяқтарын байлап, оны торға отырғызу зор батылдық емес пе? Ірі аңдарды аулау батылдық пен ұстамдылық түгілі, жыртқыштың биологиялық нәзік ерекшеліктерін, иір ойықты мылтықпен мергендік дағдылықты пайдалана білуді қажет етеді. Ия, зиянды жыртқыштарды жою мақсаты да, өте маңызды және пайдалы. Қасқырдың шексіз зияндығын айтпай-ақ, одан басқа қорқау қасқыр, сілеусін, құну-росомаха, шиебөрі-шакал, жабайы мысық және харза аң аулау шаруашылығына есепсіз зиянын тигізеді. Аңшылар оларды аяусыз жоюы керек. Біздің орман, тау, даланы мекендейтін көптеген жыртқыштар ішінде, пайдалы да түрлері бар. Оған тоқалтістерді жоятын сасық күзен және дала, үй тышқандарын жоятын аламан-хомяк, сарышұнақ, аққалақ-ласка жатады. Түлкі құстардың ұяларын бүлдіруімен, жоюуымен жартылай зиянын тигізеді. Олар негізінен дала, орман тышқандарымен азықтанатындықтан, шексіз зияндығын тигізетін аңдар қарарына жатқызуға болмайды. Бұлғын, зиянды жыртқыш болғанымен, оның зиянын тамаша құнды терісі ақтайды. Сондықтан оны қорғауымыз қажет, ал оны аулау арнайы рұқсат қағаз-лицензия арқылы өтеді. Қауіпсіздік техникасын біліп, сақтау жұмыс қабылеттілігін, денсаулықты сақтауға көмектеседі де, кәсіпшілік аулауда жиі суық, қиын, күрделі жағдайында тіршілікті сақтауға көмектеседі. Қандайда болмасын дәрімен атылатын аңшы қаруы, оның оғы әр уақытта аса қауіпті зат болып есептеледі. Сондықтан оған селқос, ұқыпсыз қарауға болмайды, аң аулауда қаруды, оның оғын қолданғанда қауіпсіздік техникасын білмеу, оны орындамау және елді мекенде сақтау мүлде жарамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет