Дәрістің қысқаша жазбасы. Адамдардың шаруашылыққа пайдаланатын жер-суына: жер, орман, су т.б. жер бөліктері жатады да, онда мақұлықаттар мекендейді. Оларды аң аулауда, аң аулау шаруашылығын жүргізуде қолданады. Ондағы еркін жүрген жабайы аңдар мен құстар, кімнің аумағына жатпасын, аңшылық қорын құрады да, мемлекеттік меншік болып келеді. Пайдаланатын жер-су, шаруашылық жүргізу бағыттары табиғатқа, экономика жағдайларына байланысты болып, бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық ұйымдарға, ғылыми мекемелердің пайдалануына бекітілген жер-су; аң аулау ережелерімен барлық тұрғындарға аң аулауына рұқсат етілген жалпы пайдаланылатын жер-су; аң аулауға жабық пайдаланылатын жер-су (қорық, қорықша, қала, өндіріс орталықтарының айналасындағы жасыл аймақтар). Шаруашылықтар өндіріс типтері: балық аулайтын, аң аулайтын, теңіз аң ату кәсіпшілігі, аралас (балық – аң аулайтын, балық – аң ату кәсіпшілігі) деп бөлінеді. Орман және аң аулау шаруашылықтары кешені ұйымдастыру-әкімшілік, өндіріс процессін қамтитын, шаруашылық жүргізу мәнін ескеруі қажет. Сондықтан бір, көп түрлі іс-шаралар белгілейді. Біртүрліде, тек орман немесе аң аулау шаруашылығы мақсаттарын шешу іске асырылады. Көптүрліде, екпе ағаштар аса құнды болмай, аң аулау бағыты өте пайдалы болғандықтан қолданылады. Қазақстанда аң аулау шаруашылығы қалыптасуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Этникалық кезең-көне уақыттан екінші мыңжылдықтың ортасына дейін. Әлсіреу (17-19 ғасыр), өту (1917-1924), кооператив-колхоз (1925-1936, 1937-1957), кәсіпшаруашылық-промхоз (1958-1991), қазіргі әлеуметтік-социально-реформаторлық кезеңдер. Орманның аңшылыққа пайдаланылатын жер-суын түгендеу негізіне орман өсіруді жоспарлау материалдары: 1) таксация мәліметтері (орманды есепке алып, материалдық тұрғыдан бағалау; ағашқорын немесе пішен түсімінің шамасын анықтау) алынады; одан жоспарлаушы орманның әр жерінде азықтың, қорғаныш құралдары мәліметін толық ала алады, 2) ағаш егу жоспары жатады. Пайдаланылуға бөлінетін жер-судың ең аз аумағы орман өсіруді жоспарлауда белгіленген разрядындағы таксация бөлігінің ең аз аумағынан 3 есе көп болуы мүмкін. Сондықтан пайдаланылуға бөлінетін жер-судың ең аз аумағы орман өсіруді жоспарлаудың I разряды бойынша орманды учаскесі 3 га, ал кеспе ағаш, күйік және құла дала үшін 1,5 га. Осы көрсеткіштер II разрядта 9 га, III – 30 га, IV – 80 га және V - 160 га болу керек. Пайдаланатын жер-судың типологиясы орман өсіруді жоспарлау жұмысы практикасында кең қолданылады. Аң аулау құрылысының негіздері, аң аулауға пайдаланатын жер-суды жіктеу. Аңшылыққа пайдаланатын жер-судың жеке типіне әдетте В.Н. Сукачев жіктеуі бойынша орман типінің тобы алынады. Қарағай, шырша, жапырақты сүректер орман аумағында жеке типтері топтарына бірігіп, мына өсіп жетілу жағдайларына, әрі пайдаланатын жер-су типтерінде байқалады: 1. жазық және жер бедері оры орны – шұңқыр, шалшықтанған топырақтың айқын белгілері бар нашар кәрізді (дренаж) аңғар. Сүрекдіңінің (древостой) өнімділігі төменгі класста (IV және төмен), орман тобы (сфагновых) типке жатады. Пайдаланатын жер-су типі – шалшықтанған орман (аз азықтық тән-сирек тұқымды жылдарда кейбір ағаштардың жеміс салуы нашар, сондықтан кемірушілердің қоры аз, қорғаныш жағдайлары нашар болады). 2. Саздауыт топырағы ауыр жайпақ баурай. Жеткіліксіз кәріз жағдайында сүрекдіңі IV, өте сиректе, орман өнімділігі III класс болып келеді. Мүк жабыны жақсы дамыған, онда көкек зығыры айқын байқалады. Бұл – орманның түрі (долгомошниковых) тобы. Пайдаланатын жер-су типі – тышқанды орман. Азық саны және қорғаныш жағынан бұл түр біріншіден айтарлықтай артық. 3. Жер бедері азды немесе көпті айқынды орын. Оның кәрізі жеткілікті, топырағы бай болады. Орман өнімділігінде сүрекдіңі жоғары класста (III және жоғары) көктерек пен қайың қоспалары байқалады. Жабынында жасыл мүктер мен жидектер көп. Пайдаланатын жер-су типі – ағаш діңі биік орман. 4. Орман өзені, бұлағы, сайы жайылмасы. Орман өнімділігінде сүрекдіңі III класста, одан жоғары да, жақсы дамыған шағын тоғайы, шөп жабыны болады. Орман типі батпақшөпті. Пайдаланатын жер-су типі – жайылмалы орман. Азық, қорғаныш жағдайлары оптимумге жақын. 5. Топырағы бай кәрізі жақсы. Орман өнімділігінде сүрекдіңі күрделі (2 саты және көпте) I- II класста. Шағын тоғайы жақсы дамыған. Орман типі күрделі топқа жатады. Пайдаланатын жер-су типі – күрделі орман. Экологиялық жағдайы азық саны бойынша ұтымды, ал қорғаныш қасиеті оптимумге жақын. 6. Төбе шыңы топырағы құрғақ құмды және кедей. Орман өнімділігінде сүрекдіңі төменгі класста (IV-V) және толықтылығы аз. Орман типі қына тобына жатады. Пайдаланатын жер-су типі – құрғақ немесе қыналы орман. Экология жағдайы (азық, қорғаныш, ұя салу) оптимумнан қалшақ. Мұндай жерде жануарлардың мекендеуі әдетте анда-санда кездеседі. 7. Таудың орташа, тік баурайы, топырағы тасты. Орман өнімділігінде сүрекдіңі III - IV, жартылай V класста. Пайдаланатын жер-су типі – тасты орман. Бұл жерде экологиялық жағдай күрт құбылып тұрады. Олар жалпы орташадан жоғары болады. Пайдаланатын жер-суды жіктегенде алдымен орман бірігуін анықтайды, екіншіден - өсіп жетілу жағдайы (тышқанды шыршалы, қыналы орман). Орманның бірігуі – ол белгі, оған орай, пайдаланатын жер-су типі аса ірі таксон өлшеміне бірігеді. Мысалы, пайдаланатын жер-су кластарына – балқарағай, шыршалы, майқарағай, қарағай, қайың жатады. Пайдаланатын жер-су кластары категорияларға бірігеді, олар жоғарғы таксон бірлігі болып келеді. Барлық орманның пайдаланатын жер-суы бір категорияға енеді. Бірақ оны екі категория тармақтарына бөлуге болады. Біріншісі - орман (851 млн га) және бұталар (76 млн га). Тоғандар мен батпақтар жеке пайдаланатын су-батпақ категориясына бөлінген. Оның жалпы аумағы 11,3% құрады. Оларда шартты екі тармаққа – тоғандар және батпақтар болып бөлінеді. Үшінші категорияға ашық кеңістіктегі пайдаланатын жер-су жатады. Онда мына тармақтар айқындалған – тундра, шабындық, дала, шөл және ауыл шаруашылығында қолданылатын жерлер. Студент біліп, жұмыс істей алуы үшін тұрақты жыл бойы көп жылдық үзіліссіз бақылау және есеп санын жүргізе білуі қажет. Тек, сонда ғана, маусым, жылдық түрлі экологиялық жағдайға сай, табиғат құбылысы әртүрлілігін, әсерін айқындайды. Аң аулау шаруашылығында пайдаланатын жер-суды бағалау. Оның мақсаты – пайдаланатын жер-суды сапа категориясына, оның өнімділігіне (жыл бойы алынған аң терісінің, құс етінің саны), жұмыс өнімділігіне (аңшылық мақұлықатының дұрыс қорын сипаттайды) кеңдігіне (аймақ өлшеміндегі қандайда болмасын құс түрінің мүмкін болу саны) қарап бөлу. Құстарды есептеудің ең тараған тәсілі-дарақтарды дауысынан, көзбен шолып байқау арқылы есептеу. Оны кең емес біртекті орман типтерінде салынған алқаптағы маршрут бойымен жүріп есептейді. Қызықты нәтижені сынама аумақтағы ұяларды мүлде есептеу береді. Соңында, ең қарапайым есептеу әдісі бар. Ол түрлердің кездесуін сипаттайды. Ұсақ аңдарды әдетте қапқанмен, орға, жырашыққа қамап, аулау жолымен есепке алады. Қоян, жыртқыш, тұяқтарды аңдарды көбінесе қыста, қардағы ізі арқылы есептейді. Басқа жол, ол аңдар мен құстардың азығын, олардың өсімдіктерге, басқа жануарларға тигізген әсерін зерттеуде байқалады. Мұндай, «қансыз» әдіске, мысалы, ұядағы балапандардың өңешін қатты қысып буу жатады. Онда қалдық азықтарды жинайды, желінгіштікті есептейді, құстардың, жыртқыш аңдардың қорытылмаған қоректі лоқсығанда шығатан қоспа зат-былықпа-погадок құрамын талдайды. Экология мен жануарлар мінез-құлқын әр жақтан зерттегенде қызықты нәтижені жақсы жасырылған торуылдан-засада жете бақылау, дүркін-дүркін қайталап өлшеу-хронометраж, ін, ұя, қорек орнына келгендегі есептеу береді. Олармен қатар, түрлі өздігінен жазатын актографы-самописцы және автоматикалық аппарат, радиобелсенді изотоп, радиотаратқыш қолданылады. Олар жануарлардың індегі, қуыстағы, түнгі тәуліктегі тіршілігі туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Құстардың маусымдық қоныс аударуын, тіршілік ұзақтылығын, ұя салудағы кертартпалығын зерттеуде сақиналаудың маңызы жалпыға белгілі. ҚР жабайы жануарлардың мекендеуі (орнығуы), жіктелуі, есептеу әдістері. Барлық жануарлар түрлерінің санына орай, мына: көптеген, әдеттегі, өте аз, сирек кездесетін, бірен-саран дәрежелерге бөлінеді. Жабайы жануарлардың мекендеу (орнығу) тығыздығы белгілі бір аумақта немесе көлемге өлшем бірлігі бойынша шаққанда орнығатын әр түрінің дарақ (жануарлар) санымен анықталады. Түрдің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты тығыздық бірлігіне 1 га, 100 га, 1000га, 10000га немесе 1 кв.км. алады. Есептеу әдістеріне: далалық, өңделетін, құрастырылғандар жатады. Далалық-табылған есеп бойынша: көзбен шолып байқау (жерде, авиаесеп), іздегі іс-әрекеті бойынша (қардағы іздер, сыртқа шыққан нәжістер, паналайтын жер, басқа белгілер) және көбінесе естуіне, ит көмегімен, олжа бойынша жүргізеді. Есептеу белгілері: есепке алынған территория бойынша, есептеу зерзаты-объект бойынша, көлік техникасын пайдалану, есепті өткізу сипаты бойынша (тікелей, сауал-сұрақ, көз мөлшерімен, сарапшылар), таңдап есептеу мәліметінің тәсілі, жануарлардың табылуы тәсілі. Нәтиже сипаты бойынша: салыстырмалы есеп, абсолютті есептер (жаппай, іріктеп-таспа тексеру, сыналатын алаңда) жүргізіледі. Маусымдық бойынша: қысқы есептеу (маршрут, сыналатын алаңда, үстеп қоректендіру алаңда), жазғытұрғы (тұяқтыларды сыртқа шыққан нәжістерінің саны бойынша, су айналасындағы аңдар есебі, қарағайлы орман құсын қоразданудағы есебі, жыныстық айқайы мен әнін есептеу, суда жүзетін құстарды есептеу), жазғы-күздік (балапандары бойынша, пайдаланатын жер-судағы ұялары бойынша, бұғы, бұлан, үзбара өкіру есебі бойынша, кәсіпшілік алды есептеуі), құстардың қайтуындағы күзгі есеп. ҚР жабайы жануарларды аулау-кәсіптік маңызы. ҚР ауланатын аңдар мен құстар түрлері әртүрлі (түрлері-22, тұяқтылар-7, құстар түрлері 70 жуық). Үлпекжүнді аңдар (бұлғын, тиін, кәмшат, ақкіс, еноттәрізді ит, ақ қоян, сасық күзен, түлкі, аю, қара күзен, ондатр, құну, сілеусін, қасқыр, қара түлкі, басқа түрлер). Тұяқты аңдар (бұлан, үзбара, доңыз, елік, сібір бұғысы, құдыр, қошқар). Ауланатын құстар: қарағайлы орман құстары (шіл, ақ және тундра шілі, тас құры, құр, түркептер, жылқышы-вальдшнеп), дала немесе шалғынды (қырғауыл, бөдене), батпақты (тауқұдырет), суда жүзетін құстар (қаз, үйрек, бейнеарық үйрек, бізқұйрық үйрек, қаралаүйрек, қасқалдақ және басқалар).
Достарыңызбен бөлісу: |