Орман аңдары мен құстарының биологиясы”


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет28/37
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33695
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Аң аулау қару-жарақтары және оқ-дәрілері туралы не білесіз?

  2. Өздігінен аулайтын тұзақтарды атап, сипаттаңыз.

  3. Аң аулайтын иттерді, олардың тұқымдарын, пайдалануды (қолдану) түсіндіріңіз.

  4. Аушы құстар дегеніміз не?

  5. Аң аулаудағы қауіпсіздік техникасы туралы не білесіз?

Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
15 дәріс тақырыбы–Құстар мен аңдардың құқын қорғау.
Жалпы сұрақтары: Жануарлар әлемін қорғау және пайдалану туралы құжаттар (заң). Қорықтар, ұлттық бақтар, т.б. Заңсыз аң аулаумен (аулауға рұқсат етілмеген аңды аулаушылықпен-браконьерство) күресу. Құстар мен аңдардың халықаралық құқығын қорғау.
Дәрістің қысқаша жазбасы. Жануарлар топырақ түзілу процесіне, өлі органикаларды санитарлық тазалауға, түскен жапырақтарды, шөп төсеніштерін және өлген ағаштарды қорытуға қарқынды қатысады. Олар топырақты үздіксіз қопсытады, ауа түсуін жақсартады, оның құнарлығын арттырады. Табиғатта қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуы өте қымбатқа түсуі мүмкін. Мысалы, Австралия ашалып, оны отарлауға дейін, онда тұяқты жануарлар болмаған. Оған қойлар мен ірі қара малдарды апарған. Жергілікті жәндіктер көңді қорытпағандықтан, ол жайылымда жыйнала берген. Оның қалыңдығы 4 см жетіп, шөптің өсуіне кедергі болады. Жайылым істен шығады. Тек содан кейін ғана, Африка мен Америкадан сасық қоңызды әкелген. Содан соң ғана жайылым көңнен қалыпты түрде тазалана бастайды. Жануарлар әлемінің құқын қорғау мемлекеттік және халықаралық келісімдер мен арнаулы мәселе жөнінде халықаралық шартпен-конвенция реттеледі. Жабайы жануарларды қорғау. ҚР сирек кездесетін жануарлар түрлері. 1902 ж.-айналадағы ортаны қорғау саласында бірінші халықаралық келісім қабылданды (құстарды қорғау). 1948-Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО) құрылды. 1963 ж. жануарлардың Халықаралық Қызыл кітабы, ал 1978 ж.-өсімдіктердің Халықаралық Қызыл кітабы мерзімді басылымда шығуда. 1974 ж. КСРО сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлерін қорғау мақсатымен Қызыл кітап ашылды. 1981 ж. Қазақстанның Қызыл кітабы жарық көрді. Оған еңгізілген түр құқын қорғау зерзаты-объектісі болып есептеледі. Жануарлар түрлерінің жіктелуі, олардың сирек кездесуі деңгейіне орай, мына дәрежелерге-категорияға бөлінеді: 0-мүмкін жойылған, 1-жоғалу қаупі бар, 2-саны қысқаруда, 3-сирек кездесетін, 4-белгісіз, 5-қалпына келудегі. ҚР жануарлар әлемін қорғау және пайдалану сұрақтары 1980 ж. заңға сай, республиканың Жоғары Кеңесімен реттеліп тұрды. 1993 ж. 21 қазанында «ҚР жануарлар әлемін қорғау, пайдалану және өсіру» атты заңы қабылданды. Бұл заң Қазақстанның жануарлар әлемін мемлекеттік меншік және республика халқының жалпы мүлігі дегендіктен, біз: табиғи еркіндік жағдайында әр түрлі жануарлар түрлерін сақтауға; мекендейтін ортасын, көбею жағдайын және жануарлардың қоныс аудару жолын қорғауға; жануарлардың табиғи бірлестігі тұтастығын сақтауға; жануарлар әлемінің ғылыми дәлелдігі, ұтымды пайдалану және өсіру; халық денсаулығын қорғау және халық шаруашылығына зияндық болдырмау мақсатымен жануарлар санын реттеуге міндеттіміз. Табиғи ортаны сақтауда, әсіресе қоныс тепкен, шоғырланған-урбанизация аудандардағы мақұлықат-фауна, нәубетаттарды-флора қорғау, қалпына келтіруде үлкен рөлді қорғау территориялары-қорық, ұлттық бақ, биосфералық қорық, ботаникалық бақ, басқалар атқарады. Қазақстан териториясында барлығы 10 мемлекеттік табиғат қорығы-заповедник, 10 мемлекеттік ұлттық табиғат бағы, 4 мемлекеттік орман табиғаты резерваты, 50 мемлекеттік табиғат қорықшасы-заказник, 5 мемлекеттік табиғат аймағы-зона бар. Олардың ішінде ерекше орынды қорықтар алады. Қазақстанда алғашқы болып, Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстанда 1927 ж. 74 416 га территорияда ашылды. Жуырда Жоңғар (Жетісу) Алатауы территориясында жаңа ерекше қорғауда болатын табиғат территориясы-Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат бағы құрылмақ. Оның басты міндеті жабайы Сиберс алмасын қорғау болады. Одан кейін-

Ашылған жылдары

Қорықтар атаулары

Облыстар

1931

Алматы

Алматы

1934

Наурзум

Қостанай

1939

Барсакелмес (Арал теңізі аралында)

Қызылорда

1968

Қорғалжын

Ақмола

1979

Марқакөл

ШҚО

1994

Арқалық (Қазбек ауданы)

Қарағанды

Онда қоян, қарсақ, борсық, түлкі, қасқыр, елік, жапалақ-сова, құр-тетерев мекендейді, арқар-ұрғашысы, құлжа-еркегі, әрі Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген бүркіт, қарақұтан-черная цапля кездеседі. Қорықтарда табиғи ортадағы тіршілікке адам араласуына болады. Олар – ең құнды аң аулайтын жер, олардың мақсаты–мақұлықатты қорғау, оның санын арттыру, аң-кәсіпшілік жануарларды орналастыру, құндыз-бобр, бұлғын-соболь, жұпар тышқан-выхохуль, бұғы-олень, суда жүзетін және қарағайлы ормандағы жабайы құстарды жоюға тыйым салу. Ондай қорық 1972 ж. үстіртте муфлонды-арқарды немесе үстірт жабайы қойын сақтау үшін құрылды. Қазір оның саны 1200 басқа жетті. Қорықтар қазір әр облыста бірнешеден бар. Ұлттық бақ-ол табиғи территорияны қорғайтын ерекше форма. Кейбір территория, ландшафтың бағасын бағалау мүмкін емес, өйткені олардың құндылығы жердің геологиялық құрылысымен, ерекше өсімдіктерімен, жануарлар әлемімен, тарихи ескерткіштерімен, әрі өте әдемі ландшафтымен байланысты. Мұндағы табиғи ресурс өндіріс, ауыл шаруашылық өндірісінен шығарылған. Әлемде қазір 170 ұлттық бақ бар. Гренландияда–7 млн. га, Ботсванда–5,3, Канаданың Вуд-Буффало–4,5 млн га, МХР-МНР Үлкен Гобиінде–4 млн.га жуық. Қазақстанда 2 - Баянаул және Алтын емел ұлттық бақтар бар. Халықаралық табиғатты қорғау одағы 1600 ж. бастап, түрлердің ғылыми жазылуы басталысымен жануарлар мен құстардың құрып біткен түрлерінің есебін жүргізуде. Сол уақыттан бері Жер бетінен құстардың 94 түрі, сүтқоректілердің 63 түрі жойылып кетті. Адам кінәсінен аңдар түрлерінің 75%, ал құстардың 86% жойылды. Мысалы, американың кезеген көгершіні қайтпауға кетті. 1810 ж. олардың саны өте көп болғаны (3-5 млн дана) сондай, әуеге көтерілгенде күн сәулесін жауып кеткен екен. 1880 ж. оның біраз тобы ғана қалған. 1990 ж. кімде-кім көгершіндердің бір жұбы туралы мәлімет берсе, оған 1500 дол. сыйлық беретіні жарияланды, өкінішке орай, ешқандай дерек түспеген. Мұндай көгершіннің соңғысы 1914 ж. зоологиялық бақта өлген. Карол тотықұсы, ақ қанатты тоқылдақ, қайтатын эскимос шалшықшы құсы және басқаларда жоғалған. Америка, канада тырналарының саны да күрт қысқарған. Жануарларды және құстарды өзанайы рахаттығы үшін себепсіз жою немесе баю күні бүгінге дейін жалғасуда. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандарында аулауға рұқсат етілмеген аңды аулаушылық өркендеуде. Мемлекет аумағында жануарлар әлемін қорғау, пайдалану және өсіру Заңын бақылауды ҚР экология және биоресурстар Министрлігі (оның бас басқармасы) іске асырады. Ол заң талаптарының орындалуын, өсуін, сақталуын, аң аулау шаруашылығының және қорықтардың дамуын, қорғау мерзімдері мен ережелерін анықтауды, басқаларды қадағалауға міндетті. Рұқсат құжаттары: жолдама-путевка, рұқсат қағаз-лицензия, аң аулау мерзімі, атып алу нормасы, аң аулаушының билеті. Аң аулау өнімдері: аң терісі, еті, майы, тұяқтылар терісі, дәрілік шикізат (панты, жұпарлы бездер-мускусная железа, өт), мамық-пух, қауырсын, олжалар-трофеи (мүйіз, азу тістер, терілер, бас сүйегі). Одан басқа, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына қарамай, балықшылық және балық қорын қорғау ережесін бұзған, заңсыз олжаланған немесе құнды балық түрін, теңіз сүтқоректілерін, су омыртқасыздарын жойған азаматтар, шет ел және лауазымды адамдар, әрі қандайда меншік түрінде болмасын кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар әртүрлі көлемде заттық шығынды өтеуге міндетті екені белгілі. Заңды тұлға және қоғамның құқықты мүшесі, шет ел азаматы контрабанда жолымен ҚР тыс әкетуге талпынса, әсіресе тибет медицинасы, аң аулау, балық кәсібшілігі өнімдерін әкетуде әлем бағасындағы валюта бойынша 2 есе көлемде қуыным алынады. ҚР Қаржы Министрлігіне аңшыларға, жеке адамдарға Қазақстан тұтынушылар одағына қасқыр терісін, олардың күшіктерін және шиебөрі-шакал тапсырса, сыйлық беру көзделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет