Орман аңдары мен құстарының биологиясы”



бет26/37
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33695
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Жалпы сұрақтары: Пайдаланатын жер-су сапасын жақсарту, ауланатын жануарлардың тұрақтары жағдайын уақытша жақсарту, аңшылық мақұлықаттың сан және сапа құрамын көбейту, ауланатын жануарларды қорғау іс-шаралары. Жыртқыштарды сұрыптау үшін ату және санын реттеу. Жабайы құстарды өсіру. Биотехниялық жұмыстар кешеніндегі орман шаруашылығының іс-шаралары.
Дәрістің қысқаша жазбасы. Орманда ауланатын аңдар мен құстар қорын тиімді пайдалануда аңшылық шаруашылықты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Ол үшін ұйымдарға, ұжымға, жеке аңшыларға белгілі пайдаланатын жер-суды, орман алабын бекітіп береді. Бұл аң аулауда пайдаланатын жер-суды қолданудағы иесіздікті жойып қана қоймай, жергілікті мақұлықат және жануарлар тұрақтары жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға дұрыс мүмкіншілік туғызады. Бұл табиғи жағдайда пайдалы жануарлар санын көбейтіп, олардың өнімділік қасиетін жақсартып, қорғау іс-шаралар кешенін әзірлеу жұмыстарын биотехниялық деп атайды. Олар, әсіресе жануарлар тіршілігіндегі ең қиын кезеңіне қажет. Бірақ, қандайда болмасын жұмыстарды жоспарлаумен бірге, тек экологиялық маңызын ғана емес, әрі текника көмегімен іске асыруды және экономикалық тиімділігінде есте сақтаған жөн. Бұдан басқа, барылдауық үйрекке ұя құруда, көкала үйрекке, мандаринки, үлкен бейнеарық үйрекке, луткаға қуыс және қырғауылға қорғаныш бұта құрған өте маңызды. Орман, аң аулау шаруашылықтарының территориясында кезбе иттер, мысықтар, әрі аулауға рұқсаты жоқ адамдармен жүйелі күрес жүргізу басты міндеттің бірі. Жануарлар тіршілігіне қажет арнайы биотехниялық іс-шаралар. Ол жабайы жануарлардың тұрақтағы санын реттеу, қорғау, қайта қалпына келтіруге бағытталған арнайы шаруашылық шаралардың кешені. Мекен ететін жер жағдайын жақсарту: жанып кетуінен сақтау, биотехниялық кесу, пайдаланатын жер-су кеңдігін көбейту, азықтық және қорғаныштарды себу және отырғызу, кейбір пайдаланатын жер-суды тыңайтқыштау, жасанды тоғандар жасау, бөгеттерден өту үшін жасанды өткел орнату, жасанды ұя және баспана орнату, орманда сирек және кәсіпшілік жануарлар түрлері мекендеу үшін ерекше қорғаныш үлескі бөлу. Шығыс Қазахстан облысындағы жабайы жануарлар мен құстар санының дамуы (динамикасы, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және аң аулау шаруашылықтарының басқармасы мәліметінен).


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет