«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе


Орман жолақтарының жел ағындарына әсері



бет15/39
Дата14.12.2021
өлшемі168,77 Kb.
#126924
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar

Орман жолақтарының жел ағындарына әсері. Орман жолақтарын көбінесе құрғақ желдер жолындағы «күшті жасыл қамал» деп атайды. Бұл теңеуді аса дұрыс емес деп айтуға болады, себебі 15-20 метрлік жолақтар кемінде одан ондаған, мыңдаған есе күшті атмосфера қабаттарын қамтитын құрғақ желдерге тосқауыл бола алмайды. Орман жолақтарының әсері шектеулі және олар негізінен жел ағындарының жылдамдығын азайтайды. Бұл кезде, күшті желдердің бір бөлігі атмосфераның жоғары қабатта бағытталады.

Орман жолақтарының аэродинамикалық тиімділігі олардың құрылымына, жел өткізгіштік дәрежесіне, жел жылдамдығына, орман жолағына келетін жел ағындарының соғу бұрышына, алқа ағаштар биіктігіне, орман жолақтарының жиілігі мен олардың жер бедерінде орналасуына байланысты. Орман жолақтарының тиімділігі олардың әсер ету қашықтығы мен жел жылдамдығын азайту дәрежесі арқылы өлшенеді. Әсер ету қашықтығы алқа ағаштар биіктігі (Н) арқылы есептеледі.

Жел өтпейтін (тығыз) орман жолақтары жел ағындарына өткізбейтін экрандар типі негізінде әсер етеді. Мұнда жел ағындары орман жолақтарына 7-10 Н қашықтық қалғанда өздерінің жылдамдығын азайтады. Содан кейін, пайда болған ауа жастығының көмегімен жолақтар үстінен өтеді, жолақтардан кейін 15-20 Н қашықтыққа ауасы селдір кеңістіктен өткеннен кейін, өзінің бастапқы жылдамдығын қалыпқа келтіреді. Жел өтпейтін орман жолақтарының тиімді әсер ету аймағы 20-25 Н-ті құрайды. Бұл аймақта желдің жалпы жылдамдығы 30-35 %-ға азаяды.

Сусымалы (жел өткізгіш) орман жолақтары жел ағынын екіге бөлетін аэродинамикалық диффузорлар типі бойынша әсер етеді: желдің бір бөлігі желектердің бағыттауы бойынша жолақ үстінен өтсе, екіншісі жер бетіндегі ағаш діңдері арқылы өтеді. Нәтижесінде орман жолағы жел ағынын өткізіп, оны әр түрлі бағытта және әр түрлі жылдамдықпен соғатын ұсақ массаларға бөледі. Олар бір-бірімен соқтығысып, діңдер мен бұтақтар әсерінен өздерінің жылдамдығын едәуір азайтады. Жолақтан шығарда ол өз инерциясымен қозғалып, біртіндеп жоғалады.

Орман жолақтарынан шығарда екі ағынның кездөсуі нәтижесінде жел жылдамдығының ең төменгі шамасы жолақтан 5-7 Н қашықтықта байқалып, жел жылдамдығының өсуі біртіндеп өседі. Сусымалы орман жолақтарының жел жылдамдығының азаюы мен жел соғатын жағын есепке алғандағы тиімді әсер ететін қашықтығы жалпы алғанда 25-30 Н қашықтықты құрайды. Бұл аймақта желдің жалпы жылдамдығы орта шамамен 35-40 %-ға төмендейді. Мысалы, орман жолақтарының жер беті мен желектерге дейінгі саңылаулар биіктігі 2,5 м-ден 3,5 м-ге және жолақ биікткгі 15-20 м-ге тең болса, онда олар жоғары тиімділікке ие болады.



а. б.

1-сурет. Жел ағының орман жолағы арқылы етуі (Молчанов А.А. бойынша).

а. Сусымалы құралымды;

б. Тығыз құрылымды.
Селдір құрылымды орман жолақтары жел ағынына торкөзді экран типі бойынша әсер етеді. Жолақтардың бұл құрылымы жолақаралық жерлерге тиімді әсерінің жалпы аймағы осы жолақтардың 30-35 Н-ін құрайды. Бұл аймақта жел жылдамдығы 35-40 %-ға төмендеді. Жел өткізгіштігі 40-50% -ға тең орман жолақтары ең жоғары тиімділікті береді. Селдір-сусымалы орман жолақтары жел ағынына басқалармен салыстырғанда шамалы. Әсер ету қашықтығы 12-15 Н-дан аспайды және бұл аймақта жел жылдамдығының төмендеуі орта шамамен 20-25% құрайды.

Орман жолақтарының барлық түрлерінің едәуір үлкен аэродинамикалық диапазондары бар. Бірақ, ол олардың практикалық маңызын төмендетпейді. Себебі, ауа райы өте көп өзгеріп, орман жолақтарының белгілі бір аэродинамикалық көрсеткіштерден артықшылығын көрсетпейді. Мысалы, Қазақстанның солтүстігінде бір жылдары селдір-сусымалы орман жолақтарды тиімдірек болса, келесі жылдары - сусымалы жолақтар қажет болады.

Есте болатын жағдай, белгілі бір жағдайларда орман жолақтарының жел режіміне әсері белгілі бір шекте ауытқуы мүмкін, өйткені орман жолақтарының желді қайтару тиімділігі көптеген факторларға байланысты. Мысалы, орман жолақтарының жел ағынына әсер ету тиімділігі, жолаққа желдің жету бұрышы 90 -тан 0 -қа дейін төмендеген жағдайда азаяды. Жел ағыны жылдамдығы азайтуға орман жолақтарының биіктігі үлкен әсер етеді. Оларды биіктігі неғұрлым биік болса, соғұрлым көп қашықтықта қорғаныш қасиеттері сақталады.

А.Р. Константиновтың (1974) мәліметтері бойынша ағаштар биіктігінің әрбір келесі метрдегі биіктігі, алдындағы биіктігіне қарағанда, жел жылдамдығын төмендетуге көбірек әсер етеді. Зерттеулер анықтағандай, орман жолағының биіктігі және жел жылдамдығының төмендеуі арасында дәрежелік байланыс бар. Сусымалы орман жолақтарының құрғақ дала жағдайлары үшін тиімді әсер ету аймағы L(м) = Н2.3 (м) теңдеуі арқылы сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет