«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе


Орман жолақтарының жер бетіне таяу



бет16/39
Дата14.12.2021
өлшемі168,77 Kb.
#126924
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar
!1-СОР Алгебра 8 классс каз (1), Отсканированные документы, Документ (1), Научный стиль , Жылуалмасу аппараттары туралы жалпы м лімет, Дәріс 12.Термомеханикалық зерттеу әдісі., 64537
Орман жолақтарының жер бетіне таяу орналасқан ауа қабаттарының температурасы мен ылғалдылығына әсері.

Жолақтар арасындағы кеңістіктері ауаның температурасы мен ылғалдылығының өзгеруіне жел режимі әсер етеді. Жылдың жылы мерзімдеріндегі ашық күндерде орман жолақтарымен қорғалған егіс танаптарында жер бетіндегі ауа температурасы, ашық даламен салыстырғанда, 1-2°-қа жоғары болады.

Орман жолақтарының тығыздығы өскен сайын, температуралық айырмашылықтар да жоғарылайды, әсіресе ыстық күндері тығыз орман жолақтарында бұл айырмашылық 5-6-қа дейін жетеді. Ол жолақ шетіндегі егістіктерді күйдіріп жіберуі мүмкін. Тығыз құрылымды орман жолақтарында түнгі мерзімде ауа температурасы төмендейді, ал керісінше осы жерлерде үсік тудыруы мүмкін.

Селдір-сусымалы және сусымалы орман жолақтарында жел ағындары өзгерсе де, аталған теріс құбылыстар болмайды.

Орман жолақтарының барлық құрылымдары ауаның жер бетіне таяу қабаттарының ылғалдылығына оң әсер етеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жолақаралық учаскелерде орта шамамен 2-3%-ға жоғарылайды. Аңызақты күндері салыстырмалы ылғалдылық 8-10%-ға жоғарылауы мүмкін.

Бұлыңғыр және бұлтты ауа райында ашық дала мен жолақаралық учаскелер арасында ауа ылғалдылығы бойынша айырмашылық байқалмайды.

Әсірісе, орман алқаағаштары шөлейтті аймақта ауа ылғалдылығына үлкен әсер етеді. Н.Д. Кракосевичтің мәліметтері бойынша орман жолақтарымен қорғалған учаскелерде ылғалдылық 8,2%-ға өседі.

Әдетте орман жолақтарының ауа температурасы мен ылғалдылығына әсері өзінің 10-15 Н-нен аспайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет