Ұсақ жапырақты жөке ағашы (Тіlіа сочdаtа). 30 м биіктікке дейін өсетін ағаш тұқымдасы, көлеңке сүйгіш, суыққа төзімді, құнарлы сазды және құмдауыт топырақтарда жақсы өседі. Жан-жаққа таралған тамыр жүйелері тереңге бойлайды; тұқымдары және сұлатпа сабақтарымен көбейіп, берік тамыр атпалы өскіндерді береді. Қазақстанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста негізінен көгалдандыру екпелерінде кеңінен таралған, республиканың солтүстігі мен батысында аз мөлшерде кездеседі.
Кәдімгі шаған (Ғгахіпus ехсеllsіог Ь.). 30 метрге дейінгі ағаш, жарық, сүйгіш, суыққа салыстырмалы төзімді, аяздарда зақымданып, құнарлы, ылғалды топырақтарда ғана жақсы өседі. Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерлер мен жер асты сулары жақын жерлерде жақсы өседі, солтүстік облыстарда үсік шалады.
Достарыңызбен бөлісу: |