Ақ терек (Рорulus а1ba) Ағаш биіктігі 25-30 м, тез өседі, 20 жасында 20-25 метрге жетеді. Тамыр жүйесі жақсы тармақталған, 4-8 метр тереңдікке дейін бойлайды және жанама тамыр жүйесі жақсы жетілген. Негізінен тұқымдары, тамыр қалемшелері және тамыр атпалары арқылы көбейеді. Сабақ қалемшелері тамырланбайды. Жарық сүйгіш, белгілі дәрежеде жылу сүйгіш, құнарлы әрі ылғалды топырақтарда жақсы өседі. Ұзақ су басуды көтереді. Орман мелиорациясында жыраларда, өзендер мен су қоймалары жағасындағы қорғаныш алқаағаштарында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |