Сүйрік жапырақты жиде (Е1аеаgпus апgustifolіа)- Ағаш тәрізді бұта немесе биіктігі 8-10 метрге дейінгі ағаш. Ыстыққа, құрғақшылыққа төзімді, сортаңдылыққа шыдамды, топырақтың қуаңдылығын көтереді. Тамыр жүйесі зор, онда терең бойлайтын тік тамырлар басым. Қорғаныш орман жолақтарының шетінде өсірген жөн, ол құмдарды бекіту үшін жарамды.
Қызыл қарақат (Lіves аuгеum). 2-3 метрлік бұта. Қысқа берік, құрғақшылыққа төзімді, топырақ, талғамайды. Тұқымдарымен көбейеді, бұтақшылары мен сұлатпа сабақтарынан да жақсы өседі. Орман жолақтарының шеткі қатарларына, шайылған жерлерде, тік беткейлер мен жыраларда қорғаныш орман алқа екпелерінде өсіру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |