Татар ұшқаты (Lопісега tаtarіса). 3 метрге дейінгі бұта. Қысқа берік, топырақтарды талғамайды, құрғақшылыққа төзімді. Қазақстанда барлық жерде кездеседі. Бағалы сәнді бұта, көгалдандыру және қорғаныш орман жолақтарында кең қолданылады.
Жыңғыл (Таmагіх). Ірі бұта немесе 6 метрге дейінгі кішігірім ағаш. Жарық сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді, топырақтарды талғамайды, сортаңдылықты көтереді. Тамыр мойына дейін үсіп кетсе де, бұтақшаларынан жеңіл көбейеді. Тамыр жүйесі көп тармақталған, иілгіш. Жыңғыл өзендер жағалауын, жыраларды, құмды "бархандарды" бекіту үшін және сортаңды жерлерді көгалдандыру үшін ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |