Орман жолақтарында ағаштардың орналасуы
(ҚазОрмШарАгроҒЗИ мәліметтері бойынша)
Ағаш тұқымдастары
|
Қатар аралық ені өсімдіктер
арасындағы қашықтық, м
|
кәдімгі қара топырақ
|
оңтүстік қара топырағы
|
қоңыр қызғылт
және қызғылт
|
Бальзамды терек
Қотыр қайың
Жатаған қарағаш
|
3x2,0-2,5
3x1,0-1,5
3x1,5-2,0
|
3x2,5-3,0
3x1,5-2,0
3x2,0-2,5
|
3,5x2,5-3,0
3,5x1,5-2,0
3,5x2,0-2,5
|
«Орман мелиорациясы» пәні
№21-23 тәжірибелік сабақтар
Қорғаныс орман жолақтарын өсіруге арналған ағаш тұқымдастарын таңдауға қойылатын талаптар
Қорғаныш орман жолақтары үшін ағаш және бұта тұқымдастарын таңдау өте маңызды, өйткені өсірілетін орман алқаағаштарының беріктігі, оның ұзақ мерзімге төзімділігі және қорғаныштық қасиеттері тұқымдасқа байланысты болып келеді. Тұқымдастарды дұрыс таңдамау, оларды бұрыс орналастыру, тек ондаған жылдардан кейін ғана білінетін түзелмес қателерге әкеліп соқтырады.
Қазақстан аймақтарында қорғаныштық орман өсіруге қолданылатын ағаштар мен бұталар түрлері алуан түрлі. Олар ауданның орман өсіру жағдайларымен, тұқымдастардың биологиялық қасиеттері және өсірілетін алқаағаштардың міндеті арқылы анықталады.
Берілген ауданға ағаш тұқымдасын дұрыс іріктеу үшін, оның биологиялық ерекшеліктерін, жылу мен ылғалға, топыраққа, топырақтың тұздылық дәрежесіне қатынасын білу қажет.
Барлық ағаш тұқымдастары өздерінің топырақ ылғалдылығына талғамы бойынша 3 топқа бөлінеді:
-гигрофиттер - ылғалды жерде өсетін өсімдіктер (талдар, теректердің кейбір түрлері,жөке ағашы, қотыр қайың, шырғанақ, бирючина);
-мезофиттер - ылғалдылығы орташа жерде өсетін өсімдіктер (кәдімгі қарағай, жаздық емен, америка және дала үйеңкісі, тұт ағашы, сібір алмасы, скумпия, сары қараған, татар ұшқаты);
- ксерофиттер - құрғақ жерде өсетін өсімдіктер (жатаған қарағаш, сексеуіл, қармала, ақ қараған, жіңішке жапырақты жиде, қарақат, жаңғыл).
Ағаш тұқымдастары жылуға қатынасы бойынша төмендегідей бөлінеді:
- суыққа толық төзімділер, төменгі қысқы температурада мүлдем зақымданбайды, 45-50°-қа дейінгі аяздарды көтереді (сібір майқарағайы, кәдімгі қарағай, қотыр қайың, көктерек, сұр қандағаш, шетен);
- суыққа төзімділер, қатал қысқа шыдамды, бірақ өте күшті аяздарда (-40°-тан төмен) зақымдалады (жіңішке жапырақты жөке ағашы, қарағаш, үшкір жапырақты және татар үйеңкесі, қара қандағаш, ақ және қара терек);
- салыстырмалы түрде жылу сүйгіш тұқымдастар, вегетациялық даму кезеңі ұзақ, сондықтан олардың бір жылдық өскіндері толық жетіле алмайды және аязда ішін-ара немесе толық, зақымданады (жаздың емен, кәдімі шаған, ірі жапырақты жөке ағашы, манчжур жаңғағы, канада терегі);
- жылу сүйгіштердің вегетациялық кезеңі жоғарыда аталған топқа қарағанда ұзағырақ, жас өскідері пісіп үлгірмейді және аязадарда зақымданып құриды (пирамидальды терек, грек жаңғағы, ат каштаны, тұт ағашы, ақ қараған, платан);
- өте жылу сүйгіштер, -10-15-қа дейінгі ұзаққа созылатын аяздарды нашар көтереді немесе мүлдем көтермейді (кипаристер, эвкалиптер, цитрус тұқымдастары, кейбір аршалар).
Қорғаныш алқаағаштарын құру кезінде негізінде топырақтардың сортаңдық дәрежесін есепке алу өте маңызды. Тұзды топырақтар Қазақстанда орман өсірудің жауапты да ауыр объектісі болып табылады. Олар ағаштардың өсуіне кедергі жасайтын бірқатар қасиеттерге ие: жоғары осмостық қысымы әсерінен болатын физиологиялың құрғақтылық, қолайсыз сулы-физикалык, қасиеттері және т.б.
Сортаңды топырақтарда болатын тұздардың құрамына байланысты сульфатты-содалы, хлоридті-содалы, сульфатты-хлоридті және хлоридті тұздану түрлеріне бөлінеді. Тұздардың ішіндегі ең уыттысы сода, өсімдіктер үшін хлоридтер де зиянды болып табылады.
Топырақ тұздылығына талғамы бойынша ағаш тұқымдастары 2 топқа бөлінеді:
-галофиттер - сортаңды топырақтарда табиғи өсетін өсімдіктер (қара сексеуіл, жіңішке жапырақты жиде, жыңғыл);
-гликофиттер - тұщы жердегі өсімдіктер.
Тұщы жерде табиғи өсетін, бірақ сортаңды топырақтарда қолдан отырғызса, орташа өсетін тұқымдастарды үшінші топқа біріктіруді қазіргі кезде дұрыс деп санайды. Оларға Болле, Бахофен теректері, әр түрлі жапыраңты тораңғы, ақ тал, гледичия, Андросов қарағашы, алмұрт, скумпия, шығыс биотасы (туя) , татар ұшақаты, қарақат жатады.
Сортаңды топырақтарда қорғаныш орман алқаағаштарын дұрыс өсіру, көбінесе ағаштар мен бұталар тұқымдастарының түрлерін дұрыс таңдауға байланысты. Бірақ, сортаңды жерлерде тұзға төзімді ағаш тұқымдастарын арнайы агротехникасыз өсіру олардың ұзақ өсуіне кепіл бола алмайды.
Төменде Қазақстанның әртүрлі топырақты-климаттық аймақтарында қорғаныш ормандарын өсіруде ұсынылатын жекелеген ағаштар мен бұталар тұқымдастарының қысқаша сипаттамаларын келтіреміз. Сипаттамалар П.П. Бессчетнов (1962) мәліметтерінен алынды.
Кәдімгі қарағай (Ріпus sіlvеstris) - 40 метр биіктікке дейін өсетін ағаш, 300-350 жылға дейін өмір сүреді. Жарық сүйгіш, аязға төзімді, топырақтарға аса талғамды емес, құмды, құмдауытты және тасты топырақтарда өседі, тез өсетін тұқымдастарға жатады. Құрғақшылыққа төзімді. Қазақстан аймақтарында табиғи солтүстік облыстардығы Қазақтың ұсаң шоқылары мен Ертіс бойында өседі. Өзінің қасиеттеріне сәйкес қарағай құмдарды бекіту және қалалар мен орман парктерінің жасыл зоналарын құруда басты тұқымдас болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |