аязбен суыққа төзімділігін көрсетеді. Жылу
сүйгіштерге емен, грек жаңғағы, қараған т.б.,
ал салқынға төзімділерге қайың, қандағаш, бал
қарағай, қарағай жатады.
Ағаш өсімдіктерінің өсуі мен дамуына, өте
төмен және жоғары, температуралар әсер
етеді. Көктемгі кеш және күзгі ерте үсіктер
болады. Олар күндізгі жылылыққа қарамай
ауада әлде топырақ бетінде түнде болады
және жас ағаштарға көп зиян әкеледі. Өйткені
негізгі өркен зақымдалады сосын көп
тармақтанып сүрек сапасын төмендетеді.
Үсіктердің тағы екі түрі бар: адвекативті –
арқтикадан келетін суық ауаның әсерімен
болады; радиациялық – ол топырақтан жылу
шыққанда түн салқын болады. Адвекативті үсік
зиянды және ұзақ болады. Үсікке өте сезімтал –
емен, шамшат, шаған, ал төзімділер – бал
қарағай, қайың, қарағай, қандағаш, көктерек,
шетен.
Ағаштардың өте төмен температуралармен
зақымдану кездеседі, олар аяз тудырған
жарықтар деп аталады. Олар қыста ауа
температурасы күрт төмендегенде болады.
Жарықтарда
зиянды
жәндіктер,
саңырауқұлақтар
спорлары
орнығады,
сондықтан сүрек сапасы төмендейді. Қар аз
түсіп, аяз - 40º С төмен және ұзақ болса
шыршаның қылқандары қызарып түсіп қалады,
сосын ағаш өледі.
Орман өзі ауа мен топырақтың
температурасына әсер етеді (мысалдар келтіру
керек).
Достарыңызбен бөлісу: