Орны: 209-кабинет



бет16/22
Дата19.02.2017
өлшемі8,11 Mb.
#10879
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

8-сынып. 21.01.

Сабақтын тақырыбы: ИММУНИТЕТ ТҮРЛЕРІ. ЖИТС (СПИД). ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды иммунитет түрлерімен , ЖИТС-тің алдын алу туралы түсініктер беру.

2.Оқытудың беленділігін арттыру,оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.



3. Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелу..

Сабақтың түрі: семинар

Сабақтың әдісі: баяндау, кестелер толтыру.

Сабақтың пән аралық байланысы:. медицина, математика

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,трек-сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын тексеру.

VІ. Бағалау.

І Амандасу, сабақ құралдарын тексеру,


Лейкоциттердің бір түрі — лимфоциттер осындай кабілетке ие. Антиденелер ауру тудыратын бактериялар мен вирустардын тіршілік әрекеттерінің өнімдерін зиянсыздандырады және бейтараптайды. Кейбір антиденелер қатаң белгілі бір коздырғыштарға, ал басқалары бірнеше ауру қоздырғыштарына әрекет етеді. Антидене организмнің жұкпалы ауруларды қабылдамауын, жалпы қарсы тұру дәрежесін арттырады.

Организмнің енген жүкпалы және бөгде денелер әрекетін кабылдамауы иммунитет деп аталады. Иммунитет табиги жөне жасанды болып бөлінеді.

Табиғи иммунитет туа бітеді ж/е жүрё пайда болады. Туа біткен иммунитет адам туылғаннан бастап болады. Ол балаға тұқым қуалау аркылы беріледі. Мысалы, адам тауық тырысқағымен (холера), ірі кара обасымен ауырмайды. Себебі туылғаннан бастап адам қанында осы ауру қоздырғыштарына карсы дайын антиденелер болады. Ал адам қандай да бір жұкпалы аурумен ауырғаннан кейін пайда болтан иммунитет журе пайда болган иммунитет деп аталады. Бала кезінде шешекпен немесе көкжөтелмен ауырған адам бұл аурулармен кайталап ауырмайды. Себебі олардың организмінде пайда болған антиденелер ұзақ уақыт сақталады. Осындай жүре пайда болған белсенді иммунитет ұзақ уақыт, кейде өмір бойы сақталады.

Кейбір жұқпалы ауруларға, мысалы, тұмау, жәншау (скарлатина), күл (дифтерия) ауруларынын жүре пайда

болган енжар иммунитетін бала ана сүті арқылы алады. 1—2 жастан кейін анадан алынған антиденелер бұзылады да, баланың аталған инфекцияны қабылдағыштығы артады. Мұндай жағдайда жұкпалы аурулардың алдын алу үшін жасанды жолмен иммунитет пайда болады. Ол үшін, өдетте, бала кезде сактандыратын екпе жасалады — әлсіретілген немесе тіршілігін жойған ауру коздырғыштарының вакциналарын егеді. Бүл кезде бала организмінде корғаныш антиденелер түзіледі де, ауру жеңіл түрде өтеді. Әрі карай бүл антиденелер адам организміне коздырғыштар түскен кезде аурудан сактандырады. Бүл — жасанды белсенді иммунитет. Біздің елімізде балаларға қызылша, көкжөтел, күл ауруы, туберкулез, полиомиелит, сіреспе, т.б. ауруларға карсы вакцинация жасалады. Бұл осы аурулармен ауыруды едөуір азайтады.

Енжар иммунитет, шамамен, 4—6 апта сакталады да, содан кейін антиденелер бүзылып, иммунитет жойылады. Кейбір жүкпалы аурулардан кейін иммунитет пайда болмайды. Мысалы, адам баспамен бірнеше рет ауыруы мүмкін.

ЖИТС (СПИД; жүре пайда болған иммундык тапшылық синдромы) — организмнің иммундык жүйелері зақымданатын ауыр ауру. ЖИТС коздырғышы — вирус. Ол ЖИТС вирусы жүкпалы ауруларға карсы антиденелер жасайтын кан лимфоциттерін талдап закымдайды. Бүл кезде организмнің микробтардан корғануы күрт төмендейді де, әр түрлі мүшелер мен жүйелердін кабыну процестеріне апарып соғады. ЖИТС-пен ауыратын адамда ісіктің пайда болуына карсылығы төмендейді. Ауыр қабыну аурулары мен қатерлі ісіктің дамуы ЖИТС-пен ауыратын адамның өліміне себеп болады. ЖИТС вирусын адамның иммундык тащдылык вирусы — АИВ (ВИЧ) деп белгілеу кабылданған. ЖИТС вирусы ауру адамнан cay адамға, ең алдымен,стерильденбеген медициналық инструменттер арқылы, қан күю кезінде, сондай-ак жыныс жолдары аркылы беріледі.

Аурудың ең алғашқы белгілері: дене температурасының ұзак уакыт көтерілуі, лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

ІІІ.1. Адам организмінің корраныш қызметі мен иммуни­тет түрі арасындағы сәйкестікті анықтандар.

Қорғаныш қасиеттері

Иммунитет түрлері

1. Қан плазмасында тұкым қуалау арқылы алынған антиденелердің болуы.

а) белсенді;

ә) енжар;

б) туа біткен.


2. Антиденелерді емдік қан сарысуы арқылы алу.



3. Вакцинация нәтижесінде өанда антиденелердің түзілуі.



4. Аурудын әлсіретілген қоздырғыштарын ентізгеннен кейін антиденелердід түзілуі.



2. Иммунитеттід әрбір түріне дұрыс сипаттама беріңдер.

Иммунитет және оның тұрлері

1. Туа пайда болған иммунитет.

2. Жүре пайда болған иммунитет.

3. Белсенді жасанды иммунитет.

4. Енжар жасанды иммунитет.

а) организмге емдік сарысуды енгізгеннен кейін пайда болады;

ә) организмде антиденелер жұқпалы ауруме-ауырғаннан кейін түзіледі;

б) организмге вакцина енгізгеннен кейін түзіледі;

в) организмге ата-анадан тұқым қуалап беріледі.

ІV. §35
V. 1. Қан топтары қандай болады?

2. Қандай белгілеріне байланысты қанды топқа бөпеді?

3. Қандай жағдайда адамға қан құяды?

4. Резус-фактор дегеніміз не?

5. Өз қаныңның тобы мен резус-факторын біпу не үшін қажет?

6. Агглютинация дегеніміз не?

7. Донор дегеніміз кім? Реципиент дегеніміз кім?

1. Лимфа сұйықтығының қандай ерекшеліктері қандай ?

2. Лимфоциттер қандай қызмет атқаоады ?

3.Гемотолгия деген не? ЖҚТБ-қандай ауру ?

. ЖҚТБ ауруы туралы түсініктер беру.

8-сынып. 25.01.

Сабақтын тақырыбы: Қанайналым мүшелері.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жүректің құрылысы және жұмысы

қанайналымның маңызды қызметтерімен таныстыру.

2.Оқушылардың белсенділігін арттыру. әрекетін басқару оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.



3. Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелу..

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Эврикалық сұбхат,сұрақ-жауап.СТО-элементі.

Сабақтың пән аралық байланысы: Валеология,медицина.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,трек-сызба, жүрек моделі

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын тексеру.

VІ. Бағалау.

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.



ІІ. Жүрек және қан тамырларының құрылысы Адамның жүрегі оң жақ және сол жақ. бөліктен тұрады. Жүректін әр бөлігі құлақша мен қарыншадан кұралады. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Жүректің қақақшалары деп, кұлақша мен қарынша аралығында ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлім.Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады. Адамның жүрегі 4 бөлімнен тұрады: екі құлақша, екі қарынша.Қаиның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозгалуы қан-айналым деп аталады.

Жүрек -пішіні конус тәрізді, кеуде куысыньщ сол жақ жартысына жақын, екінші — бесінші кабырға деңгейінде орналасқан куыс бұлшық ет мүшесі. Ересек адамның жүрегінің массасы 250—300 г. Жүрек сүйықтықтың аздаған мөлшері бар жүрек қабында орналаскан. Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланысты болады. Оң жағы ұш жақтаулы қацпақша, ал сол жақ бөлікте қос жақтаулы қақпақша болады. Қарыншалар жиырылған кезде сіңір жіпшелері қақпақшалардың жүрекше жадқа ашылуына жол бермейді. Сол жақ Қарынша мен колка, оң жақ карынша мен өкпе артериясы шегінде айшық тәрізді қақпацшалар болады. Олардың пішіні — жартылай дөңгелек терең қалта тәрізді. Бүл кдқпакшалар қанды жүрек қарыншасьшан артерияға өткізеді, бірақ канның артериядан карыншаларға кері ағуьша кедергі келтіреді Жүрек қабырғасы үш қабаттан түрады. Сыртқы ка­бат — эпикард жүрек бетін қаптайды, ортаңғы бұлшык ет қабаты — миокард еріксіз жиырылатын ерекше көлденен жолақты бұлшық ет ұлпасынан түзілген. Ішкі кабат — эндокард жүректің ішкі қабатын жөне жүрек қакпақшаларын түзеді.Он жақ қарынша қабырғасы — жұқалау, ал жүрекше қабырғасы одан да жұқа болады.

Артериялар — қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар . Олардын ішіндегі ең ірісі — қолқа (аорта). Ол сол жақ қарыншадан басталып, артерияларга тармақталады. Артерия қабырғасы қалың, иілгіш және серпімді. Олардың қүрамына арасынан созылгыш талшықтар өтетін бірыңғай салалы бұлшық еттер кіреді. Артерия жүректен қашықтаған сайын тармакталып, капиллярларга айналатын, арнасының диаметрі, шамамен, 100 мкм артериолага айналады.

Капиллярлар ең жіңішке қан тамырлары. арнасы 4—20 мкм құрайды, ал қабырғасы жалпақ жасушалардың бір қабатынан тұрады Онда үлпанын 1 мм2-нде 200-ден көп капилляр бар. Адамда капиллярлардың жалпы саны 2 млрд. Капиллярға таралған артерия қаны біртіндеп вена қанына айналады да, венаға түседі.Капиллярдың вена үшы бірігіп венула түзеді, ол венаға айналады. 1- төменгі қуыс вена.

2- бұшықет. 3- май ұлпасы.

4- оң жақ қарынша.

5- өкпе артерисының айшықты қаңпақшасы

6- Он жақ жүрекше.

7- жоғарғы қуыс вена

8- қолқа. 9- Өкпе артериясының тармағы

10- сол жақ жүрекше

11- өкпе венасының тармақтары

12- қолқа қақпақшасы


13- қос жақтаулы қақпақша

14- Он жақ қарынша

15 –қалқа

16- Сіңір жіпшелері

18- үш жақтаулы қақпақша 17-

.

Веналар қан лүтелер менұулпалардан жүрекке агатын ірі тамырлар. Вена кабырғасы артерия ағасынан жұка, сондай-ақ бұлшық ет және созылғыш талшыктар аз . Венаның ішкі қабырғасы қанының бағыты бойынша орналасқан қалта тәрізді

ІІІ. Толпен жумыс

Есептер шығару. Адам ағзасындағы қан мөлшерін анықтау. Қанның меншікті салмағы 1,06г/см3, қанның мөлшеріне дене салмағының 7% сай келеді. Адамның салмағы ~ 50-60-7Окг



Мысалы: 60_______100%

х____ 7%


Х= (60*7) /100 = 420 / 100 ^4,2*1,06=4,45 қаяның мөлшері - 4,45л

ІV. Үйге §36оқу.

V. 1. Иммунитет дегеніміз не?

2. Туа біткен иммунитетті сипаттаңдар.

3.Жүре пайда болған белсенді иммунитетке сипаттама беріңдер.

4.Жүре пайда болған енжар иммунитет қалай сипаттапады?

5. Емдік қан сарысуы дегеніміз не? Ол қандай жағдайда қолданылады?

6. ЖИТС-тен қалай сақтануға болады?



8-сынып. 29.01.

Сабақтын тақырыбы: Жүректің жұмысы.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жүректің жұмысы мен оның реттелу жолдарымен таныстыру.

2.Оқушылардың белсенділігін арттыру. оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.

3. Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелу..

Сабақтың түрі: Кездесу.

Сабақтың әдісі: Эврикалық сұбхат,сұрақ-жауап.

Сабақтың пән аралық байланысы: химия,медицина.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,трек-сызба, электрокардиограмма құралы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын тексеру.

VІ. Бағалау.

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.



Жүректің жұмысы.. Жүректің негізгі қызметіне — оның қанды тамырлар бойымен жылжытып отыру үшін энергия қорын жасауы жатады.

Жүрек жүмысының үш кезендн ажыратады: бірінші — жүрекшелердің жиырылуьи екінші — қарыншалардың жиырылуы және үшінші — үзіліс, жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде босаңсуы. Үзіліс кезінде екі жүрекше де вена канымен толады да, қан карыншаларға еркін өтеді. Үзілістен кейін екі жүрекше де жиырылып, барлық кан қарыншаларға барады. Бүл кезең, шамамен, ОД с-ка созылады да, содан кейін жүрекшелер босаңсиды. Қарыншаға түскен кан жүрекше какпакдпаларын төменгі жағынан қысады да, олар жабылады.



Екінші кезеңде, екі қарынша да жиырылған кезде олардың қуысында қан қысымы артады да, қан колка мен өкпе артериясына барады. Кезең 0,3 с-қа созылады. Содан кейін қарыншалар босансып, жүректін барлык бүлшык еті босаңсиды, яғни жүрек жалпы босаңсиды — үзіліс 0,4 с-қа созылады.

Жүрекшелердіңбір жиырылуынан екінші жиырылу­ына дейінгі кезең журек циклі деп аталады. Бір жүрек циклінің үзактығында жүрекше 0,1 с жиырылады да, 0,7 с тынығады, карыншалар 0,3 с жиырылып, 0,5 с демалады. Әрбір жиырылудан кейін жүрекшелер мен карыншалар бүлшык еті аз уақыт демалады. Бүл жүрек бүлшык етінің күшін калпына келтіруге мүмкіндік береі.

Салыстырмалы тыныштық күйінде жүрек минутына 60—70 рет жиырылады. Бұл уакытта 4 л-ден көп, тәулігіне 10 мың л-ден артық кан айдайды. Жүректің мұндай жұмысқа қабілеттілігі канмен күшті қамтамасыз етумен және ондағы алмасу процестерінщ жоғары деңгейімен байланысты. Жүрек — бұлшық ет түрлеріне қарағанда, жүйке сияқты, оттекті көп мөлшерде кажет ететін мүше. Жүрек клеткаларында митохондриялар ете көп. Оларда АТФ молекуласы түзілу үшін оттек көп болуы керек. Егер митохондрияда оттек азайса, онда оның мембранасы ісініп, цитоплазмадағы оттекті өзінен өткізіп, АТФ-тың түзіле беруіне жағдай жасайды. Сөйтіп, оттектің азаюына митохондрия мембранасында тітіркендіру әсері пайда болып, оның өткізгіштік кызметін белсендіреді Мысалы, миокард инфарктісі ауруы (жүрек бүлшык етінің іруі) адамның кай жасында болса да кездесетіні белгілі. Жүрек бұлшық ет клеткаларының арасындағы байланыс әлсіз болып, қозу бір клеткадан екінші клеткаға дер кезінде өте алмаса, онда жүрек соғуының ырғақсыздығы байқалады. іс-қимылы жылдам, ойы жүйрік, белсенді өмір сүретін адамдардың жүрегінде митохондрия саны көп болады. Олардын организмінде энергия қоры мол, қанайналымы жоғары деңгейде болады. Кардиолог-жүректі зерттейтінЖүрек бұлшык етінің жұмысы мен жағдайын, журектің бүкіл өрекетін көрсететін алынған кисык сызық электрокардиограмма деп аталады.

Жүрек жұмысының реттелуі. Жүрекше мен карынша ішінде, сондай-ак кан тамырлары кабырғасында жүйке үштары — рецепторлар болады. Олар жүрек пен тамырлардағы кез келген өзгерістерді қабылдап, оларды орталык жүйке жүйесіне береді. Сонымен катар оған басқа мүшелерден қанмен камтамасыз ету кажеттілігі туралы акпарат түседі. Орталык жүйке жүиесі жауап ретінде жүрекке пара-симпатикалык және симпатикалык жүйкелер бойынша импульс жібереді.

Тыныштық жағдайында жүректің жиырылу жиілігі баяулайды, олардың күші парасимпатикалық жүйке әсерінен азаяды.

Дене жүмысы немесе спортпен айналысу кезінде, керісінше, симпатикалық жүйкелер жиілікті жылдамдатып, жүрек бүлшык етінін жиырылу күшін арттырады.

Нәтижесінде қанмен камтамасыз ету күшейіл, мүше-лерге коректік заттар, оттек, су кеп мелшерде түседі де, олардан жинакталған зат алмасу өнімдері тез шығарылады. Жүрек жұмысы, сондай-ақ гуморальдық реттелу әсерінде болады. Мысалы, гипофиз гормоны вазопрессин, қалқанша без гормоны — тироксин және бүйрек үсті безінің гормоны — адреналин жүректің барлық қызметін күшейтеді. Бүйрек үсті безі белетін ацепшлхолин гормоны, керісінше, жүрек іс-әрекетін әлсіретеді. Кальций мөлшерінің артуы жүректің жиырылу жиілігін арттырып, сонымен бір мезгілде жүрек козғыштығы мен өткізгіштігін жоғарылатады. Калий бұл процестердің барлығын баяулата отырып, қарама-қарсы әрекет етеді.

ІІІ. Жүрек циклі. Дәрігермен

Жүрек циклінің кезеңдері

1 с-тағы кезең ұзақтыгы



















2. Жүрек үздіксіз жүмыс істесе де қажымайтыны туралы қорытынды жасаңдар.
ІV. Үйге §37оқу.

V. 1. Канайналым мүшелеріне не жатады ? Канайналым дегеніміз не?

2. Жүретің құрылысы қандай ?

3. Қантамырлардың қандай түрлері бар,олардың құрылысымен атқаратын

қызметтеріне тоқтал?

8-сынып. 29.01.

Сабақтын тақырыбы: Қантамырлары.Қанайналым шеңбері.

Сабақтың мақсаты:

11. Жүрек автоматизмі деген не?

2. Жүрек құрылысындағы қандай бейімделу қанның бір бағытта қозғапуын қамтамасыз етеді?

3. Неліктен жүрек бүкіл өмір бойында қажусыз және үздіксіз жұмыс істей алады?

4. дене жүктемесі кезінде жүрек жиырылуының жиілігі мен күші қалай өзгереді?

5.Жүрек жүмысына жүйке жүиесі қалай әсер етеді? Олардың маңызы неде?

6. Гормондар жүрек жүмысына қапай әceр етеді? Оларды атандар.

I 1. Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар.

.Оқушыларға қан тамырлары және үлкен кіші қанайналым

шеңберлері туралы түсініктер беру.

2.белсенділігін арттыру. әрекетін басқару оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.



3. Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Эврикалық сұбхат,сұрақ-жауап.СТО-элементі.

Сабақтың пән аралық байланысы: Валеология,медицина.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,трек-сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын тексеру.

VІ. Бағалау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.

Қан тамырлары. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері

Жүрек бұлшық еттері жиырылғанда, оның қарынша ларындағы қанды қан тамырларына айдайды. Қан тамырлары: қызылтамыр (артерия), көктамыр (вена) және қылтамырлар (капилляр) болып бөлінеді. Қызылтамырлар арқылы оттекпен қаныққан ал қызыл түсті қан ағады. Ең үлкен қызылтамыр қолқа деп аталады. Ол жүректің сол жақ қарыншасынан басталады, оның бойымен қан жоғары қысыммен ағады. Сондықтан колқаның және ірі қызылтамырлардын қабырғасында дәнекер ұлпа көп болады. Бұл тамырларға мықтылык және серпімділік қасиет береді. Ірі қызылтамырлар жүректен алысқа таралған сайын тарамдальш, орташа қызылтамырларға айналады. Бұлардың қыз меті — қанды өткізу, тарату. Қан неғүрлым жүректен алыска кеткен сайын оны тамырлар бойымен айдауға жүректің күші жеткіліксіз болады. Сондықтан кіші қызылтамырлар мүшелерге қанның таралуын қамтамасыз етеді. Бұлар қылтамырлармен жал ғасады. Қылтамырлар өте ұсақ, олардың қабырғасы бір эндотелий клеткасынан құралады. Қылтамырларда зат және газдар алма сады. Қылтамырлар қызылтамырлармен және көктамырлармен жалғасқан жағында қанды ұлпалардан жинап, кіші көктамыр ларға жеткізеді. Майда көктамырлар (венула) жүрекке карай бағытталады, мүшелерден қанды жинап, жоғары және төменгі

Бас және қолдарға таралатын тамырлар кызылтамыры
Жоғары қуыс

көктамыр т




Жүрек



Қанайналымның сызбанұсқасы

Көктамыр

кақпакшвларының

жақта улары

Көктамырдың



. Көктамыр қанын он жақ құлакшаға әке-ліп құяды. Сөйтіп, қы-зылтамыр қанды өткіз-етін, қылтамыр зат ал-масуды жүргізетін, көк тамыр организмдегі қан-ды жинайтын қызмет атқарады. Қылтамыр деп шамамен адам шашынан 50 есе жіңішке та мырларды айтады. Қанайналым шеңберлері. Қан тамырлары үлкен және кіші қанайналым шеңберлерін құрайды. Қылтамырлар арқылы зат және газ алмасуы жүреді. Үлкен қанайналым. шеңбері дегеніміз — қанның сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға қайтып келу жолы.

Кіші қанайналым шеңбері дегеніміз — қаннын он жақ қарынша дан шығып, өкпе қызылтамырлары мен қылтамырлары арқылы өтіп, сол жақ құлакшаға келу жолы.

. Қанның көктамырмен ағуы Оның қысымы 120/80 мм


ызылтамырлар

қалта

тарізді


акпакшалар
сынап бағанасына тең болады. 120 — жүректін жұмысына, ал 80 — қан тамырларының жұмысына байланысты болатын қанның қысымы. Қанның бүл кысымдарына климат жағдайлары, эмоция, т.б. өсерін тигізеді. Қанның қысымының жоғарылауы гипертония, ал темендеуі гипотония деп аталатын ауру туғызады. Ал бұл аурулар адамның енбек етуіне кедергі келтіреді, кейде миға қан кұйылып, инсульт ауруына ұшыратуы мүмкін. Гипертония ауруы ішкі секреция бездерінің әсерінен болуы да мүмкін. Жоғары эмоциялық жағдайда (қатты ашуланғанда, т.б.) бүйрек безінен адреналин көп мелшерде қанға түседі. Адреналин қан тамырларын тарылтып, қанның кысымының жоғарылауына әсер етеді..

Тапсырма
ІІІ. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерінің мүшелеріндегі қанның өзгеруі



Қанайналым шенберлері

Қанайналым шеңберін күратын мұшелер

Қанның түсі (қызылтамыр, көктамыр)









ІV. Үйге§33оқу.

V. 1.Зертханалық жұмыс №3.

«Жүректің ырғақты жұмысын бақылау»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет