Қоршаған ортағА Әсердi бағалау қоршаған ортаға әсерді бағалау


Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың кезеңдерi



бет2/6
Дата13.12.2021
өлшемі60 Kb.
#99988
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚОӘБ.ЭкоКодекстен

Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың кезеңдерi

1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысы және құрылысты жобалау кезеңдерi ескерiле отырып, жүйелі түрде жүзеге асырылады.

2. Қоршаған ортаға әсердi бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) IV санаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға әсердi алдын ала бағалау (1-кезең);

2) IV санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілерді қоспағанда, жобаны iске асырудың ықтимал әсерлерiн немесе шаруашылық және өзге де қызметтi одан әрi жүзеге асыруды толық және кешендi талдау, баламалы нұсқаларды негiздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзiрлеу мақсатында орындалатын әсердi бағалау (2-кезең);

3) IV санаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға қолайсыз әсерлердi болдырмау жөнiндегi техникалық шешiмдердi қамтитын жұмыс жобасы құрамындағы "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi (3-кезең).

3. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың 2 немесе 3-кезеңдерiнде осы Кодекстiң 4-тарауына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерi әзiрленедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет