2. Таңдау командасы. StaticText, ComboBox компоненттері
Таңдау комакндасы – көп сериялы тармақталу командасы. Әдетте ол Турбо Паскальдағы сияқты (жағдай) операторын пайдаланып құрылады. Оператордың жазылу үлгісі:
Case <өрнек> of
1-тізім: begin
S1
End;
2-тізім: begin
S2
End;
……………
n-тізім: begin
Sn
End;
End;
мұндағы: «өрнек» мәні бойынша сәйкес тізім нұсқаулары (S1,S2,’,Sn)орындалатын өрнек;
k-тізім – таңдаушы.
Мысал. Таңдау командасын пайдаланып, арифметикалық төрт амалды орындайтын калькулятор программасын құру керек.
Жаңа жоба ашып, форма бетіне ComboBox1, StaticText1, Edit1,Edit2, BitBtn1, BitBtn2 компоненттерін орнату. (2-сурет).
StaticText–мәтін шығаруға арналған компонент (оның орнына Label компонентін пайдалануға да болады); ComboBox - амалдарды таңдау үшін ашылатын тізім. Компоненттің Items қасиетін шерткен кезде String List Editor терезесі көрінеді. Осы терезенің жеке жолдарына амалдар операторларының тізімін енгізу керек.
(+,-,*,/);
Компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу:
Компонент
|
Қасиет
|
Мән
|
Form1
|
Caption
|
Калькулятор
|
Edit1
Edit2
BitBtn1
BitBtn2
ComboBox1
StaticText1
|
Font
Text
Text
Kind
Kind
Text
Caption
Align
|
TimesKaz, 11
Бос ету
Бос ету
BkOK
BKClose
Бос ету
Бос ету
AlTOP
|
ComboBox1 компонентінің Items қасиетін шертіп, ашылған String List Editor терезесіне +,/,*,/ операторларының әрқайсысын жеке жолға енгізу.
ОК батырмасын екі рет шертіп, сәйкес оқиғаны өңдеуіш процедура құру:
Prozedur Tform1.BitBtn1Click(Sender:TObject);
Var z,x,y:real;
Begin
X:=StrToFloat(Edit1.text); y:= StrToFloat(Edit2.text);
Case ComboBox1.ItemIndex of
0: begin z:=x+y; StaticText1.Caption:=Edit1Text+ComboBox1.Items[ComboBox1.ItemIndex]+’’+Edit2.Text+’ =‘ +FloatToStrF(z,ffGeneral,5,5); end;
1: begin z:=x-y; StaticText1.Caption:=Edit1Text+ComboBox1.Items[ComboBox1.ItemIndex]+’’+Edit2.Text+’ =‘ +FloatToStrF(z,ffGeneral,5,5); end;
2: begin z:=x*y; StaticText1.Caption:=Edit1Text+ComboBox1.Items[ComboBox1.ItemIndex]+’’+Edit2.Text+’ =‘ +FloatToStrF(z,ffGeneral,5,5); end;
3: begin z:=x/y; StaticText1.Caption:=Edit1Text+ComboBox1.Items[ComboBox1.ItemIndex]+’’+Edit2.Text+’ =‘ +FloatToStrF(z,ffGeneral,5,5); end;
end;
end;
Жобаны сақтап, іске қосу. өрітеріне мәндер енгізіп, ComboBox1 тізімін орындалуы тиіc амалды таңдау және ОК батырмасын шерту. StaticText1 өрісінде нәтиже көрінеді (3-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |