Қоршаған ортаның қолайсыз факторларына байланысты оқу қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама



бет1/3
Дата16.03.2023
өлшемі29,53 Kb.
#172744
  1   2   3
Байланысты:
Қоршаған ортаның қолайсыз факторларына байланысты оқу қиындықтар 2


Қоршаған ортаның қолайсыз факторларына байланысты оқу қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама

Қоршаған ортаның қолайсыз факторларына байланысты оқу қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама



Қарастырылатын сұрақтар:
1.Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени себептерге байланысты ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің психологиялық - педагогикалық сипаттамасы.
2.Жергілікті социумға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар.
Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) – бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады.
Қазақстанда ЕБҚ бар балаларға Денсаулықтарына байланысты арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады.
ЭЫҰД (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінде «ерекше білімді қажет ету» термині психикалық және дене дамуындағы ерекшелік, мінез-құлық пен қабылдауындағы ауытқушылық, үйде және емханада ұзақ мерзімде ем алатын, эмоционалдық проблемалары бар, толық отбасы емес, жетім, зорлық-зомбылық көрген, әскери конфликт аумағында болған балаларға қолданылады. бұл термин сонымен қатар дарынды балаларға қарасты, яғни бала бойындағы дарындылығын дамыту мен жеке қасиеттерін ашу үшін де кеңінен қолданылады.
Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапалы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы. ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:
«Білім туралы» мемлекеттік заңда инклюзивті білім беру «ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық оқушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін үдеріс» ретінде айқындалады (1-бап, 21-7-тармақтар). «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар)» анықтамасы шамалап қана берілген: «ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) – бұл денсаулық жағдайына байланысты білім алуда қиындықтарға тап болған және арнайы, жалпы білім беру бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларына мұқтаж адамдар».
Бұл анықтама Сэн оқушыларын жеке қолдау жөніндегі әдістемелік ұсынымда біршама кеңейтіліп, «дамудың бұзылуы, мінез-құлық және эмоционалды проблемалар, қоршаған орта факторлары (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени) нәтижесінде тиісті деңгейдегі білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарға тап болған балалар» ретінде тұжырымдалған.
Орталық Азия елдерінде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері ЕБҚ бар балалар ерте жастан бастап қоғамнан оқшауланғанын, диагностикасы олардың физикалық немесе психикалық ақауларын анықтауға негізделгенін және жұмыс осы «ақауларды» дерлік түзетуге бағытталғанын көрсетеді.
Халықаралық контексте бұл ұғымның түсінігі кеңірек. ЭЫДҰ елдері оқуда қиындық тудыратын себептердің үш тобын және соның салдарынан ерекше білім беру қажеттіліктерінің қажеттілігін қарастырады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет