Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Қоршаған орта мен адам арасындағы қатынасты зерттейтін экология ғылымы – бүгінде көп салалы, əрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін жалпы ғылымның іргелі салаларының бірі болып отыр. Ал экологиялық ахуалды құқықтық тұрғыдан зерттеу, оның негіздерін қалыптастыру жəне жетілдіру бүгінгі заман талабы, əрі көп аспектілі күрделі мəселе.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9-ші қаңтарда қабылданған Экологиялық кодексінің 1-ші бабында қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарымқатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды əрі жансыз жиынтығы деп көрсетеді [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген: "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген. Сонымен бірге республиканың әрбір азаматына табиғатты сақтау мен оның байлықтарына ұқыптылықпен карау міндет болып табылады. Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы әр түрлі заңдарда бекітілген.
Қоршаған ортаның түсінігінде жəнеқ оршаған ортаны қорғау объектілерінің түсінігінде əлеуметтік, өндірістік ортаны ендірмегенімен, заңдағы келесі баптарында сол өндірістік, əлеуметтік ортадағы қатынастарға құқықтық тұрғыдан шектеулер, талаптар, нұсқаулар жəне міндеттер қалыптастырады. Бұл дегеніміздің өзі сол орталардағы қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады, жəне қоршаған орта ұғымының қоршаған табиғи орта ұғымынан кең екендігін қайталап көрсетеді.
ҚазақстанРеспубликасының Экологиялық кодексінде көрсетілгендей, қоршаған орта – табиғи объектілердің оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды əрі жансыз жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |