Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Жұқарту, құбыр жұқарту және метиздеу өндірісі объектілерін ұстау тәртібі



бет6/22
Дата01.04.2017
өлшемі4,92 Mb.
#13196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

7-тарау. Жұқарту, құбыр жұқарту және метиздеу өндірісі объектілерін ұстау тәртібі
      470. Басқару және орталықтан майлау жүйелерінің май құбырлары жанбайтын материалдардан жасалады.
      471. Гидрожетектің жүйелері май құбыры үзілген кезде қысым ысырмаларын автоматты жауып тастауға арналған қондырғымен жабдықталады.
      472. Майлау және гидравлика жүйелерін пайдалану кезінде майдың ағып кетуіне жол берілмейді. Майланған орындарды ай сайын үгінді, шүберектердің көмегімен тазартылады.
      473. Жүйені майлау үшін өсімдік майларын және жануарлар майларын пайдалану кезінде осы өнімдермен суланған тоқыма немесе талшықты материалдардың өздігінен жануын болдырмау шаралары қабылданады.
      474. Май шаруашылығын пайдалану кезінде ашық оттың кез келген көзін пайдалануға, май жертөлелерінде және жақын маңда май толтырылған жабдықты ұшқындауға жол берілмейді.
      475. Май жертөлелері мен кабельді туннельдер оларға жұмыс алаңдарынан қабыршақтар, ұшқындар және тұтанудың басқа көздерінің түсуін болдырмау үшін жауып ұсталады.
      476. Туннельдер мен май жертөлелерінің желдететін қондырғыларының өрт болған жағдайда автоматты сөнуі қамтамасыз етіледі.
      477. Ішпек тораптарын қайта іске қосуға арналған ванналар, сондай-ақ мазутты жұмсауға арналған бактар өрт болған жағдайда жанғыш сұйықтықтарды құюға арналған, цех ғимаратынан тысқары орналасатын авариялық ыдыстармен қамтамасыз етіледі.
      478. Қорғалайтын жарылыс қаупі бар газдарды қолданатын учаскелерде жарылыс қаупі бар құрылымдардың құрылуын ескертетін технологиялық автоматика ақаусыз күйде ұсталады.
      479. Автоматика қолмен іске қосу ысырмасын белгілеу арқылы инертті газды жіберу қондырғысын қайталайды.
      480. Қоршаған ортаның қысымы түскен кезде қорғалайтын газдағы термиялық өңдеу қондырғыларының жұмыс істеуіне жол берілмейді.
      481. Өрнектеу бөлімшелеріндегі сутегі бөлетін учаскелерде электр жабдығы мен желдету жүйелері жарылыстан қорғалған болып жасалады.
      482. Металды термиялық өңдеу (лентаны үздіксіз күйдіру) кезінде қорғайтын газы жоқ ерітілген натрийі бар ваннаны пайдалануға жол берілмейді. Судың немесе дымқыл материалдардың натрийі бар ваннаға тиіп кетуіне жол берілмейді.
      483. Кесу аймағында салқындататын эмульсияны қолданғанда титан және оның қорытпаларынан жасалған станоктардағы құбырларды өңдеуге (кесуге) болады.
      484. Титан қорытпаларынан жасалған құбырларды термиялық өңдеу кезінде темір қабыршақтармен байланысқа түсу мүмкіндігін болдырмауы қажет. Осындай құбырларды жасау кезінде селитра ванналарын қолдануға жол берілмейді.
      485. Жұмыс орындарында титан және оның қоспаларының үгінділерін, жаңқаларын және басқа қалдықтарын сақтауға жол берілмейді. «Титан қалдықтары» деген жазуы бар контейнерлер желдеткіші үздіксіз қолданыстағы арнайы оқшауланған құрғақ үй-жайда сақталады. Осы үй-жайда жанғыш сұйықтықтарды, химикаттарды және басқа материалдарды сақтауға жол берілмейді.
      486. Жабыны бар метиз бұйымдарды коррозияға қарсы жабынның өздігінен тұтанатын температурадан асатындай температураға дейін қыздыруға жол берілмейді.
8-тарау. Отқа төзімді өндіріс объектілерін ұстау тәртібі
      487. Су моншасында қоспаны қыздыруға және керосинде парафинді, стеаринді ерітуге болады. Осы мақсаттар үшін ашық отты, ашық электр спиральдерін немесе басқа температурасы 1000С жоғары үстіңгі қабаттарды қолдануға жол берілмейді.
      488. Керосин-стеоринді қоспаларды дайындау және қолдану учаскелерінде өртсөндіргіштер болмағанда жұмыс істеуге жол берілмейді.
      489. Керосин-стеоринді қоспалардың төгілуіне жол бермеу және бұйымдарды қосымша жаншу кезінде жұмыс орындарында керосин-стеоринді қоспалар қалдықтарының жиналып қалуына жол берілмейді.
      490. Жанғыш (жарылыс қауіпті) газдарды отын және қалпына келтіру ортасы ретінде қолдануға жол берілмейді.
9-тарау. Бояуға, шаюға, майсыздандыруға және жууға арналған  цехтерді, учаскелерді, қондырғыларды ұстау тәртібі
      491. Бөлшектерді жуу, сондай-ақ нитро негіздегі жабындарды, бензинді және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, лактау бөлек үй-жайларда жүргізіледі және өрт сөндірудің тиісті құралдарымен және эвакуациялау жолдары көрсеткіштерімен жабдықталған оңаша өндірістік учаскелерде жүргізіледі.
      492. Бояу цехтерінің (учаскелерінің) бояу дайындайтын бөлімшелері бөлек сыртқа шығу жолымен қамтамасыз етіледі.
      493. Лак-бояу дайындау, бояу және бензинмен жуу жұмыстары жүргізілетін үй-жайлардың едендері соққан кезінде ұшқын шығармайтын, жанбайтын материалдардан жасалады.
      494. Кемінде екі метр биіктіктегі үй-жайлар қабырғаларының ішкі қабаты ластанудан оңай тазаланатын, жанбайтын материалмен өңделеді.
      495. Цехтердің, учаскелердің, қондырғылардың барлық есіктері сыртқа немесе ғимараттан жақын шығатын жаққа ашылады.
      496. Бояу жұмыстары, бөлшектерді шаю бояйтын шкафтар, ванналар, камералар мен кабиналардан жергілікті сорып алатыны бар қолданыстағы ағынды және сорғыш желдеткіштері болған кезде ғана жүргізілуі қажет. Қондырғылардың жұмысы, сондай-ақ нитро негіздегі жабындарды, бензинді және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, шаю, лактау, жуу және майсыздандыру операциясына беру жүйесі желдету жүйесімен бұғатталады.
      497. Бояу шкафтарын, камераларын және кабиналарының сорғыш желдеткішін сумен суландырғыштарсыз (гидро сүзгілер) немесе жанғыш бояулар мен лактардың бөлшектерін ұстап алуға арналған басқа тиімді қондырғыларсыз пайдалануға рұқсат етілмейді.
      498. Ағынды және сорғыш желдету каналдарының еден астындағы қондырғысы каналға кіретін жерде орналасқан.
      Шілтер астындағы ойық тұрақты деңгейді автоматты түрде ұстай отырып, биіктігі кемінде 0,5 метр су қабатымен толтырылады.
      499. Бояудың және бояу дайындайтын бөлімшелердің (бояу және кептіру камералары) жабдықтары жанбайтын материалдардан жасалады. Тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып, бұйымдарды бояу, лактау, эмальдау, жуу, майсыздандыруға арналған учаскелердегі электр жабдығы жарылыстан қорғалған болып жасалады.
      500. Лактау-бояу материалдары жұмыс істейтін ыдысқа ернеулері бар түсті металдардан жасалған металл тұғырларға құйылуы тиіс.
      501. Бояу жабдықтарын жанғыш шөгінділерден күн сайын желдеткіш істеп тұрған кезде ауысым аяқталғаннан кейін тазартылады.
      502. Камераларды бояулар мен лактардың шөгінділерінен тазалауды жеңілдету үшін олардың қабырғаларына техникалық вазелиннің, солидолдың немесе арнайы құрамның жұқа қабаты жағылады. Беткі қабаттарын нитро бояулардың шөгінділерінен тазалау кезінде металл құрылымдар туралы соққыларға жол беруге, сондай-ақ түсті металдан дайындалмаған қыстырғыштарды қолдануға болмайды.
      503. Отты кабиналар мен ауа арналарындағы бояулардың шөгінділерін күйдіру үшін қолдануға жол берілмейді.
      504. Өрт қауіптілігінің көрсеткіштері анықталмаған лактау-бояу материалдарын, еріткіштерді, жуатын және майсыздандыратын сұйықтықтарды қолдануға жол берілмейді. Осы материалдар тиісті талдаудан, олардың өрт қауіптілік қасиеттері анықталғаннан және қауіпсіз пайдалануға арналған шаралар әзірленгеннен кейін пайдаланылады.
      505. Бұйымдар мен бөлшектер жуу және майсыздандыру үшін жанбайтын құрамдар, пасталар, еріткіштер және басқа өрт тұрғысынан қауіпсіз техникалық жуу құралдары қолданылады.
      506. Біліктерді көтермелерден алғаннан кейін оларды лайдан тазарту механикаландырылған жабық камерада жүзеге асырылады.
      507. Жарылысты болдырмау үшін сілтілі ваннаның бетіне көмірдің, күйенің, майлау материалдарының түсуіне жол берілмейді.
      508. Ойып түсетін соданы, селитраны, саптамаларды сақтау арнайы жабдықталған үй-жайда қарастырылады.
      509. Қышқылдарды сақтау орындарында абайсызда төгіліп кеткен қышқылдарды бейтараптандыру үшін бордың, әктің немесе соданың дайын ерітінділер қарастырылады.
      510. Бояу цехтерінде, бояу дайындайтын бөлімдерде, лактау-бояу материалдарының қоймаларында, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдана отырып, бөлшектерді жуу және майсыздандыру орындарында ашық отты қолданумен және ұшқын шығарумен (электрлік дәнекерлеу, ұшын шығару) байланысты жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ ұшқын шығаратын материалдардан жасалған құралды пайдалануға жол берілмейді.
      511. Лак және бояу шығару материалдары жұмыс орындарына дайын күйінде жетуі тиіс. Лактар мен бояулардың барлық түрлерін құрастыру және сұйылту барлық өртке қарсы талаптарды қанағаттандыратын арнайы бөлінген оңаша үй-жайда немесе ашық алаңда жүргізіледі.
      512. Бұйымдарды нитро целлюлозды, полиэфирлі және перхлорвинилді эмальдармен электрлік бояу кезінде электрлік бояу камерасын ұшқын шығармайтын қондырғылармен жабдықталады.
      513. Электр статистикалық өрісті бояу камераларында сорғыш желдеткіштер сөндірілген кезде электр статистикалық өрісті тудыратын қондырғыдан кернеу автоматты түрде алынады.
      514. Еденге төгілген лак және бояу шығару материалдары мен еріткіштер дереу тазаланады. Едендерді, қабырғалар мен жабдықтарды жанғыш еріткіштермен жууға жол берілмейді.
      515. Технологиялық жағдайлары бойынша және үлкен габаритті болғандықтан боялған бұйымдарды кептіруді сорғыш камераларда немесе шкафтарда орындауға болмайды, ол желдеткішпен және автоматты өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған учаскеде ұйымдастырылады.
      516. Лак және бояу шығару материалдарының ыдысы тығыз жабылады және ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 20 метр қашықтықта орналасқан арнайы алаңдарда сақталады.
      517. Май жағылғаннан кейін құбырлар мен басқа бұйымдарды жинауға арналған сөрелер соңынан оны айдап ала отырып, ағызып және бұрып жіберуге арналған қондырғылармен жабдықталады.
      518. Май жағуға арналған камераларға құбырларды беру сорғыш желдету қондырғыларын іске қосумен бұғатталады. Желдеткіш қондырғысын қосу алдын ала, ал сөндіру – камераны тоқтатқаннан кейін жүзеге асырылады.
4-бөлім. Мұнай өнімдерін қамтамасыз ету кәсіпорындарын ұстау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
      519. Мұнай базаларының, құю және айдау станцияларының аумақтары биіктігі кемінде 2,0 метр жанбайтын қоршаулармен қоршалады.
      520. Кәсіпорынның бос алаңшаларына ағаштар мен жапырақ түрлі бұтақтарды отырғызуға, сондай-ақ гүлзар орналастыруға жол беріледі. Резервуарлардың үйме жалдау жерлерінде ағаштар мен бұталарды отырғызуға жол берілмейді.
      521. Объекттің аумағында от жағуға, қоқыс, қалдықтарды өртеуге, факел, керосин фонарларын және басқа да ашық от көздерін пайдалануға жол берілмейді.
      522. Объекттің аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүруі бекітілген қозғалыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      523. Темекі шегуге арналған орындарда «Темекі шегуге арналған орын» деген жазу ілінеді, суы бар сыйымдылықпен немесе құмы бар жәшікпен, сондай-ақ 5 литрлік өрт сөндіргішпен жабдықталады.
      524. Мұнай базалары мен мұнай, мұнай өнімдерін айдау станцияларында өртенбейтін шарбақпен қоршалады. Шарбақтардан ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтықтар осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген көлемде (өрт сөндіру автомобильдерінде қолда бар жабдықтан басқа) өрт сөндіру жабдықтары қоры жасалады. Өрт сөндіру құралдарының техникалық жағдайына үнемі бақылау орнатылады. Өрт сөндіру жабдығы мен құралдарын мақсатынан тыс қолдануға жол берілмейді.
      525. Құбыр жолдарында қатып қалған мұнай өнімін, мұзды, кристалл гидратты және басқа да тығындарды жылытуды ыстық сумен, бумен және басқа да қауіпсіз әдістермен жүргізіледі.
      526. Жарылыс өрт қауіптілігі бар аймақтарда жұмысты ұшқын шығармайтын құрал-сайманмен орындалады. Жезді кілттер мен құрал-саймандарды қолданған кезде жезбен қапталған бетінің тұтастығы байқалып, уақытылы қалпына келтіріледі.
      527. Статикалық электрлік зарядтардың пайда болуын болдырмау үшін соққан кезде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған және жерге қосу өткізгішімен жабдықталған үлгі іріктегіштер қолданылады. Жерге қосу өткізгіштері резервуардың төбесіндегі жерге қосу қысқыштарына жалғанады.
      528. Резервуарлардың понтондарын пайдаланған кезде понтонды статикалық электрден қорғауға арналған иілмелі шағын бөгеттердің (ток қайтарғыштардың) дұрыс жағдайда болуы қамтамасыз етіледі.
2-тарау. Резервуарларды өз бетімен жанатын пирофорлы шөгінділерден тазарту тәртібі
      529. Резервуарлардың ішкі қабаттарын пирофорлы шөгінділер мен коррозия өнімдерінен тазарту объектінің бас инженері немесе басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
      530. Резервуарды пирофорлы шөгінділерден тазарту (мұнай өнімдерінен босатқаннан кейін) және жөндеу алдында ауа кеңістігі су буымен толтырылуы тиіс. Бумен үрлеуді төменгі люк жабық және жарық, өлшегіш люктері ашық болғанда жүргізу керек. Резервуарды булау үдерісінде мөлшерлеу құрылғысы болғанда пирофорлы шөгінділер ақырын қышқылдану үшін ішіне кішкене ауа жіберген жөн (булы ауалы қоспасында оттегінің 6% дейінгі есебінен). Мөлшерлегіш құрылғылары құрылғысы болған жағдайда булауды аяқтағанда резервуарды жоғарғы деңгейіне дейін сумен толтыру керек, содан кейін пирофорлы шөгінділер ақырын қышқылдану үшін су деңгейін сағатына 0,5-1 метрден аспайтын жылдамдықпен төмендету қажет.
      531. Резервуарды тазартқанда ішінен шыққан лас және шөгінділерді мұнай өнімдерін сақтау зонасынан шығарғанша оларды дымқыл күйінде ұстау керек.
      532. Резервуарлардағы пирофорлы шөгінділердің сынамаларын тек объект басшысының рұқсаты бойынша арнайы дайындалған тұлғаларға ғана алуға жол беріледі.
      533. Кәсіпорындардың найзағайдан қорғағышы құрылыс нормалар талаптарына сәйкес орындалады.
      534. Статикалық электр мен найзағайдың екінші көрінулерінің разрядтарынан қорғау үшін барлық технологиялық аппараттар, жабдық және құбыр жолдары жерге қосылады.
      535. Статикалық электрден қорғауға арналған жерге қосу құрылғыларын электр жабдыққа арналған жерге қосу құрылғыларына қосылады. Бұндай құрылғылар Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жобаланады.
      536. Сұйытылған сутекті газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызып құюдағы автоцистерналар жерге қосу құрылғыларына қосылады.
      537. Жерге қосу өткізгіш ретінде иілмелі, қимасы 6 миллиметрден кем емес, оқшаулануы жоқ, көп желілі жез өткізгішті қолдану керек.
      538. Резина шлангтарының металл бастиектері мен тех көтергіш құрылғылары тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызып құйғанда шлангтың ішіне немесе сыртына оралған, иілмелі, көп желілі жез өткізгіш арқылы жерге қосылады. Жез өткізгішті басқа шетімен өнім құбыры мен эстакаданың металл бөліктеріне қосылады.
      539. Шлангтардың бас тиектері ұшқын қауіпсіз материалдардан қарастырылады.
      540. Кәсіпорындардың найзағайдан қорғауын бөлек тұрған немесе стерженьді найзағай тартқыш құрылыстарында орындалады. Найзағай тартқыштың әр қайсысынан екі тоқ тартқыштан қарастырылады.
      541. Бөлек тұрған найзағай тартқыштардың тіреуіштері болаттан, темір бетонынан, ағаштан жасауға болады. Олар коррозиядан және шіруден сақталады.
      542. Найзағай қабылдағыштар қимасы 100 шаршы миллиметрден кем емес және ұзындығы 200 миллиметрден кем емес кез келген маркалы және пішінді болаттан жасалады. Олар коррозиядан, мырыштаумен, қалайылаумен берік қорғалады. Найзағай қабылдағыштар тоқ тартқыштармен қосуын электр дәнекерімен орындалады.
      543. Жерге қосқыштарды топырақтың үлестік электр кедергісіне және импульстік кедергіге байланысты таңдалады. Жолақты, бұрышты және дөңгелек болатты қолдануға жол беріледі. Жерге қосқыштардың ұзына бойы өзекшелерінің жоғарғы ұшы жерге кемінде 0,6-0,7 метр кіргізіледі.
      544. Найзағайдан қорғау құрылғылары тексеруді найзағайлы жауын алдындағы кезеңде жылына бір реттен кем емес жүргізіледі. Бұл ретте жерге қосу құрылғысының кедергісі өлшенеді, ал тексерістер және өлшеу нәтижелері найзағайдан қорғау құрылғыларын пайдалану журналына енгізіледі.
      545. Найзағайдан қорғау құрылғыларына ревизия жүргізетін тұлғалар тексеріс және сынақ нәтижелері бойынша акт жасалады, ал ақаулық анықталған жағдайда хаттама жасап, бір данасын кәсіпорынның басшысына беріледі.
3-тарау. Электр техникалық құрылғыларын, автоматтандыру және байланыс құралдарын ұстау тәртібі
      546. Кәсіпорындардың аумағы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етіледі, оны қосуды қызмет көрсету персоналы үнемі болатын жерлерде қарастырылады.
      547. Мыналарға:
      1) дайындаушы зауыт қоятын жарылыстан қорғау белгісі жоқ электр жабдығын жарылыс қауіпті аймақтарда пайдалануға;
      2) қорғау жүйесі бұзылған жарылыстан қорғалған электр жабдығын пайдалануға;
      3) жарылыстан қорғалған электр жабдығы құрылысында қандай да бір өзгерістер жасауға;
      4) жарылыс өрт қауіпті зоналар аумағында және осы зоналардан электр беріліс желілері тіреуіштердің биіктігі 1,5 кем қашықтықта электр беріліс желілерін төсеуге;
      5) сырты бұзылған (тесіктер, жіктері кесілген) шланг кабельдерін қолдануға;
      6) жанғыш газдары, сұйықтықтары бар технологиялық құбыр жолдарының, сондай-ақ коррозиядан қорғау үшін оқшауланған құбыр жолдарын жерге қосқыштар және жерге қосу өткізгіші ретінде қолдануға жол берілмейді.
      548. Электр жабдығын, найзағайдан қорғау, статикалық электрден қорғау жерге қосу үшін жерге қосудың жалпы нұсқасы қарастырылады.
      549. Электр энергиясын беру үзілісі болған жағдайда кәсіпорын сыртқы электр желілерінен ажыратылады. Қайтадан қосуды тек жарылыстан қорғалмаған электр жабдығы орнатылған үй-жайлар мен сыртқы қондырғыларда газ сараптағыш арқылы бу және газдардың қауіпті концентрациясы жоқ (жарылыс қауіпті булар мен газдардың төменгі концентрациялық шегінен 20% болған орта қауіпті деп есептеледі) екені анықталғаннан кейін ғана жүргізіледі.
      550. Жарылыс және өрт қауіпті цехтерде дәнекерлеуді және от немесе жоғары температураны қолданумен байланысты басқа жұмыстарды қолданбай тек суық әдіспен құралдарды жөндеуге рұқсат етіледі. Жұмыс істеп тұрған технологиялық аппараттармен және құбыр жолдарымен байланысты, автоматты бақылау және реттеу құралдарының шағын, ағымдағы жөндеуін тек құралдарды технологиялық қондырғылардан ажыратқанда және қысымды түсіргенде ғана рұқсат етіледі. Сонымен қатар ашық отты қолдануға жол берілмейді.
      551. Жөндеуден өткен әр аппарат дайындаушы зауыттың техникалық жағдайларға қойылатын талаптарына сәйкес жөнделіп, бақылау сынақтары көлемінде сынақтан өткізілді.
      552. Жарылыс қауіпті үй-жайларда орнатылған автоматика құралдарын жөндегенде, сынақтан өткізгенде және тексергенде кәдімгі (жарылыстан қорғалмаған) орындауы бар жабдықты қысқа мерзімде қолдануға тек от жұмыстарын жүргізуге қойылатын барлық талаптарын орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
      553. Бақылау-өлшегіш құралдары үй-жайына бақылау-өлшегіш құралдары үй-жайларын орнатылатын құралдар мен аппаратурасы бар, артық қысымдағы технологиялық аппараттар мен құбыр жолдарын байланыстыратын және жанғыш буларды, газдарды және сұйықтықтардың жағдайын ауыстыратын импульсті желілер енгізуге рұқсат етілмейді. Жеке жағдайларда (қажет болғанда) – бақылау-өлшеу құралдары үй-жайларынан тыс, сондай-ақ импульсті құбырлардың жарылған жағдайында бақылау-өлшегіш құралдары үй-жайларының ішіне жанғыш газдар мен булардың кіруін болдырмайтын кесу құрылғыларын орнатқан жағдайда импульсті құбырларды енгізуге рұқсат беріледі.
      554. Импульсті желілерді бөлу ыдыстарынан құралдар мен аппараттарға дейін тек бақылаудағы өніммен араласпайтын, және оның ішінде ерімейтін, инертті қатып қалмайтын сұйықтықпен толтыруға рұқсат беріледі.
4-тарау. Магистральды мұнай өнімдері құбырларының желі бөлімдерін ұстау тәртібі
      555. Мұнай өнімдері құбырлары жолдарының кез келген орнына көліктің, жөндеу және авариялық бригадалардың еркін өтуі қамтамасыз етіледі.
      556. Магистральды құбыр жолы жолдарында жер бетіне мұнай өнімінің шығуы анықталғанда желідегі тексерушілер ол туралы айдау станциялардағы диспетчерлерге дереу хабарлап, және солардың нұсқаулары бойынша әрекет жасалады. Радиусы 20 метр сұйықтықтың шығу орнын қоршап қою керек және оның жанына белгіленген үлгідегі сақтандыратын қауіпсіздік белгілері қойылады. Түнгі уақытта авария орны қызыл жарық сигналдармен (жарылыстан қорғалып орындалған шамдармен) жарықтандырылады.
      557. Елді мекендерге, темір жолға, тас төселген жолға және басқа құрылыстарға жақын жерлерде жер бетіне сұйықтықтың шығуы байқалғанда линиядағы тексерушілер жөндеу-қалпына келтіру бригадасы келгенше сұйықтықтың таралуын айналдыруды ұйымдастырып, жергілікті әкімшілікке, өрт сөндіру күзеті органдарына, милицияға хабарлауы тиіс және олардың көмегімен халыққа ашық отты пайдалануға тыйым салынуы туралы хабарлап, сондай-ақ мұнай өнімі төгіліп қалған жерге бөгде адамдарға жол берілмейді.
      558. Авария орнын өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда өрт сөндіру машиналарының кезекшілігін ұйымдастырады және мұнай өнімдерінің басқа коммуникациялар мен желілерге өтуіне жол бермейтін шаралар қабылдайды.
      559. Аварияны жою орны 5 метр радиуста шөптен тазартылып, ал топыраққа мұнай өнімдері сіңіп кеткен жерлер тазартылады және топырақпен жабылады.
      560. Тракторлардың, автомобильдер мен басқа да іштен жану қозғалтқышы бар агрегаттардың тұрақтарына мұнай өнімдері төгілген жерден кемінде 30 метр қашықтықта ғана жол беріледі.
      561. Құбыр жолының төбесінен 0,3 және одан да кем тереңдікте, сондай-ақ газдалған траншеяларда немесе құдықтарды оны ашу жөніндегі жұмыстар тек соққанда ұшқын шығуды болдырмайтын құралдармен ғана атқарылады.
      562. Елді мекендегі мұнай өнім құбыры тас жолы «Мұнай өнім» құбыры» деген жазуы бар жеңіл табылатын темір бетонды белгісімен белгіленіп, мұнай өнімі сыртқа шыққан жағдайда хабарлайтын телефон нөмірі көрсетіледі.
      563. Мұнай өнім құбырының жағдайына үнемі көзбен көріп, сондай-ақ құбыр жолдарын пайдаланғанда шыққан құбыр жолдарының ақаулықтарын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы құралдармен және құрылғылармен бақылау жүзеге асырылады.
5-тарау. Мұнай өнімдерін айдауға арналған сорғыш станцияларды ұстау тәртібі
      564. Сорғыш станциялары үй-жайларында сорғыштар мен құбыр жолдарының герметикалығына үнемі қадағалау жүргізіледі. Сорғыштардың тығыздамаларындағы және құбыр жолдарындағы қосылыстарындағы мұнай өнімдерінің кеміп қалуы дереу жойылады.
      565. Ішкі жану қозғалтқыштарын орналастыруға арналған үй-жайларын сорғыштарға арналған үй-жайлардан өртенбейтін қабырғалармен бөлген жөн. Қозғалтқыштарды сорғыштармен қосатын біліктердің қабырғалар арқылы өтетін жерлерде тығыздама қымтағыштары болады. Тез тұтанатын сұйықтықтарға арналған сорғыштар орнатылған үй-жайларында тегіс қайыс белдік берілімдерін қолдануға жол берілмейді.
      566. Сорғыш бөлмелерінің едендері мен науалары үнемі сумен шайып тұрады. Төгіліп қалған мұнай өнімдерін жою үшін сорғыш үй-жайлары резина шлангілері бар су бағандарымен жабдықталады. Сорғыш бөлмелерінің құйылыс каналдарының қосылу орындарындағы гидравликалық бекітпелерін үнемі тексеріп тұру керек.
      567. Қажалатын бөлшектердің майлануына, мойынтіректері мен тығыздамаларының температурасына және сорғыштарға байқау орнатылады. Сорғыштардың әдеттегі жұмыс тәртібін бұзатын қандай да бір ақаулықтар анықталғанда соңғысы тоқтатылып, ал ақаулығы жойылады.
      568. Тез тұтанатын мұнай өнімдерін айдау жөніндегі сорғыш бөлмелеріндегі тұрақты автоматты газ сараптағыштар авариялық желдеткішпен, сондай-ақ үй-жайда мұнай өнімдерінің қауіпті бу концентрациясының бар болуы туралы дыбыс және жарық сигнализациясы қондырғыларымен бұғатталады.
      569. Тұрақты газ талдағыштары болмаған жағдайда тиісті кестелерге сәйкес үнемі мұнай өнімдерінің қауіпті бу концентрацияларының болуын анықтау мақсатында жылжымалы газ сараптағыштармен әуе ортасына талдау жүргізіледі.
      570. Мұнай өнімдерін уақытша жылжымалы айдау станцияларымен айдаған жағдайда:
      1) станция магистралды құбыр жолы трассасынан 25 метр жақын емес орналастырылуы және ашық, тегістелген алаңда орнатылуы тиіс, ал айдау агрегаттары діріл және жұмыс барысында олардың қозғалуын болдырмайтын металл рамаларына бекітілуі тиіс;
      2) мұнай өнімдерінің ішкі жану қозғалтқыштарына түсуін болдырмау үшін сорғыштарда кему байқалғанда қозғалтқыштар сорғыштардан металл қаптамаларымен бөлінуі тиіс;
      3) қозғалтқыштардың газ шығаратын құбырларын өртенбейтін, жылу өткізбейтін материалмен жауып, ал олардың шеттерін жерге көмілген бункерлерге түсіру қажет;
      4) мұнай өнімдерінің кемуі ықтимал орындарын (құбыр жолдарының қосулары және сорғыштардың тығыздама қосулары) төгіліп қалған мұнай өнімін қауіпсіз жерге шығаруға арналған су сіңгіш құрылғысымен жабдықтау қажет;
      5) станция орманды мекенде орналасқанда айдау агрегаттарының айналасындағы аумақты 20 метр радиуста жапырақ тектес ағаштардан, ал қылқан жапырақтылардан – 50 метр радиуста тазарту және ені кемінде 4 метр минералдандырылған жолақпен қоршалады, оның аумағы ағаштардан, кесу қалдықтарынан, шыбық отынынан, кеуіп қалған шөптен тазартылады;
      6) резервті жанар-жағармайды сақтау орнын айдау станциясынан кемінде 30 метр қашықтықта орналастырылады, өсімдіктен тазартылады және ені кемінде 4 метр минералдандырылған жолақпен қоршалады.
      571. Уақытша жылжымалы станцияны пайдаланғанда:
      1) мұнай өнімдерінің кемуін болдырмау үшін құбыр жолдарын үнемі тексеріп, алдын ала жөндеу жүргізуге;
      2) айдау станциясындағы құбыр жолдары мен сорғыш бөлмелерінде мұнай өнімдерінің кемуін дереу жою; егер оны жасау мүмкіндігі болмағанда айдау жұмыстарын тоқтатуға жол беріледі.
      572. Уақытша айдау станциясы жұмыс істеп тұрған кезде:
      1) сөндіргіштері ақаулы қозғалтқыштарды пайдалануға;
      2) жарық беру үшін ашық түрдегі шамдарды қолдануға (бұл мақсатқа жарылысқа қауіпсіз күйде орындалған электр аккумуляторлы шамдарды қолдануға);
      3) ашық отты қолдануға, темекі шегуге, дәнекерлеу және басқа да өрт қауіпті жұмыстар жүргізуге;
      4) соғылған кезде пайда болған көбікті шығаратын құралды пайдалануға жол берілмейді.
      573. Магистральды құбыр жолдарының тас жолдарындағы әрбір уақытша айдау станциясында өрт сөндіру жағдайына су қоры, өрт сөндіру мотопомпасы қарастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет