6-тарау. Темір жол ағызу-құю эстакадаларын ұстау тәртібі 574. Магистральды өнім жолдары мұнай базалары мен құю бекеттерінде (станцияларында) ағызу-құю құрылыстары орналастырылған алаңшалар авария жағдайында жинағышы немесе өндірістік канализациясы бар гидравликалық бекітпелері арқылы қосылған шығару науалары мен орларға сұйықтықтың кедергісіз құйылуы қарастырылады.
575. Ағызу-құю құрылғыларының немесе темір жолдарында жеке тұрған тіреуіштердің екі жағынан (екі осьті екі немесе төрт осьті бір вагондар қашықтығында) сигналды белгі – бақылау бағаналары орнатылуы қажет, олардың артына тепловоздарға жүруге жол берілмейді.
576. Бос темір жолдар эстакадаларына ағызып құюға маршруттарды жіберуді мұнай базасының (құю бекетінің, станциясының) персоналы бақылайды. Тежеуіш башмактарын темір жол көлігінің жұмыскерлері орнатады. Ағызу құю құрылғылары орналасқан темір жолдар бойынша тепловоздардың қозғалуына жол берілмейді және тек айналу темір жолдары бойымен ғана жол беріледі.
577. Ағызу-құю құрылғылары, құбыр жолдары және құбыр жол арматурасы үнемі тексеріске тартылады және жоспарлы сақтандыру жөндеуіне тартылады. Анықталған ақаулықтар мен кемулерді дереу жойылады. Ағызу құрылғысының (немесе құбыр жолы учаскесінің) бұзылған бөлігі өшіріледі.
578. Темір жол цистерналарын іріктеуді және тіркеуден ағытуын ағызу құю эстакадасы шегінен тыс жүзеге асыру керек. 610C кем булардың қысу температурасы бар мұнай өнімдерін ағызу құю операциялары кезінде эстакадада маневрлік жұмыстарды жүргізуге және бос жолға келесі маршрутты жіберуге жол берілмейді. Герметикаланған құю құрылғысы арқылы жүргізілетін құю операциялары кезінде мұнай өнімдері бар темір жол цистерналарын бос эстакадаларға жіберуге жол беріледі.
579. Ағызуға және құюға темір жол цистерналарын ақырын, соқпай, жұлқымай жіберіледі. Ағызу құю құрылғылары аумағында темір жол цистерналарын металл башмактарымен тоқтатуға және бекітуге рұқсат берілмейді. Бұл мақсаттарға ұшқын шығаруды болдырмайтын, ағаш төсемдер мен металлдан жасалған башмактар қолданылады.
580. Тез тұтанатын сұйықтықтарды ағызғанда және құйғанда, цистерналардың люктерінің қақпаларын жапқанда, темір жол цистерналарына шлангтарды және басқа да құралдарды қосқанда соққыларға жол берілмейді. Ағызу құю операциялары кезеңінде қолданылатын құрал соққанда ұшқын шығармайтын материалдан жасалады. Құйғанда шлангінің бастиегі цистернаның түбіне түсіріледі; құюды шашырауды болдырмау үшін сұйықтық деңгейімен жүзеге асырылады. Цистерналардың люктері қақпалары резинадан жасалған төсемдермен жабдықталады.
581. Атмосфералық электр разрядтарында мұнай өнімдерін ағызуға және құюға жол берілмейді; темір жол цистерналарының люктері жабылады.
582. Ағызу, құю операциялары кезеңінде жергілікті жарық беру үшін жарылыс қаупі жоқ түрде орындалған аккумуляторлы шамдар қолданылады.
583. Теміржол ағызу құю эстакадасында тез тұтанатын мұнай өнімдері үшін өтпелі өткелдері жасырын болттары бар ағаштан жасалған жастықтармен жабдықталады.
584. Орнынан қозғалту және теміржол цистерналарын ағызу және құю орындарына жылжыту үшін иінтіректер ретінде құрыштан жасалған сүймендерді немесе басқа да құрыштан жасалған заттарды қолдануға жол берілмейді. Теміржол цистерналарын тек жүк шығырлар арқылы ғана жылжытуға болады.
585. Теміржол цистерналарын құюға техникалық тексеріс белгісіз, сондай-ақ анық кему белгісі немесе басқа да мұнай өнімдерін құюға кедергі жасайтын ақаулықтары болғанда қабылдау жол берілмейді.
586. Мұнай өнімдерін ағызу немесе құю алдында барлық айырып-қосқыш вентильдердің, ысырмалардың дұрыс ашылғаның, ағызу-құю құрылғыларының дұрыстығын, шлангтары мен телескоптық трубалардың қосылу тығыздығы тексеріледі.
587. Теміржол цистернасының люгін ашқанда және шлангтарды толтырғанда осы операцияларды орындайтын тұлғалар люктің жел жағына орналастырылады.
588. Құю үдерісінде темір цистернасында кему байқалғанда ол цистернаға құю ақаулық жойылғанша дереу тоқтатылады. Егер ақаулықты жою мүмкіндігі болмағанда цистернаны ішіне құйылған мұнай өнімінен босатып, тапсыру станциясына қайтару керек.
589. Теміржол цистерналарының бұзылған төменгі құю құралдарын ұшқын шығару мүмкін, олардың конструкциясымен қарастырылмаған құралдар арқылы ашуға жол берілмейді. Цистернаның төменгі құю құралын ағызу құю коллекторына тек цистернаның доңғалақтарының астына башмактарды (тіреуіштерді) орнатқаннан кейін және осы жолдан локомотивті шығарғаннан кейін ғана қосуға болады.
590. Теміржол цистерналарына мұнай өнімдерін құюды аяқтағаннан кейін құю эстакадаларының жоғарғы жағында орналасқан шлангтар, тіреуіштер, және коллекторлар мұнай өнімдерінен босатылуы, ал темір жол цистерналарының люктерінің қақпақтары герметикалық түрде жабылады.
591. Теміржол цистерналарының ағызу құю құрылғыларында қатып қалған мұнай өнімдерін тек бумен, сондай-ақ осы мақсаттарда пайдалануға жол берілген арнайы жылытқыштармен ғана жылытуға рұқсат беріледі. Ашық отты қолдануға қатаң жол берілмейді.
592. Теміржол цистерналарында жабысқақ мұнай өнімдерін булы шиыршық түтіктері арқылы жылытқанда соңғыларды тек мұнай өнімдеріне 0,5 метр кем емес тереңдікке толық батырғаннан кейін ғана іске қосуға болады. Жылыту кезіңде оның температурасы көтеріліп, мұнай өнімі кеңейгенде цистернадан атып шығуын болдырмауы байқалады. Цистерналардағы сұйықтықты жылыту температурасы осы сұйықтықтың буларының шығу температурасынан 150C төмен болмауы тиіс.
Электр жылытқыштармен жылыту кезінде вагон-цистерналардан мұнай өнімдерін ағызуға рұқсат етілмейді.
593. Тез тұтанатын мұнай өнімдерін тек герметикаланған ағызу құралдары арқылы ғана төменгі жағынан ағызуға жол беріледі.
594. Электрленген темір жолдарда орналасқан ағызу-құю эстакадаларының темір жолдарында екі оқшаулау жігін орнату қажет: біріншісі – ағызу фронтының шегінен тыс, екіншісі – тұйықталу орнының көрсеткішінің жанында.
595. Температуралары төмен жағдайларда жүзеге асырылатын темір жол жүйелеріне құюды осы цистерналарды ауа температурасы аса жоғары аудандарға тасымалдағанда мұнай өнімі көлемінің кеңеюін ескере отырып жүзеге асырылады.
596. Темір жолдар, эстакадалар, құбыр жолдары, телескоптық құбырлар және шлангтардың ұштықтары жерге қосылады. Жерге қосу құрылғыларының қарсылығы кәсіпорынның бас инженерімен бекітілген кесте бойынша жылына бір реттен кем емес тексеріледі.
597. Темір жол эстакадаларындағы жұмыс және эвакуациялау сатылары жарамды жағдайда ұсталады.
598. Эстакадалардың темір жол тұйықталу орындарының соңында орнатылған шығырлар жарамды жағдайда ұсталады. Мұнай өнімдерін ағызу-құю операцияларын жүргізгенде шығырдың арқаны тарқатылған жағдайда болады.
7-тарау. Ағызу-құю айлақтары мен жағалық құрылыстарын ұстау тәртібі 599. Ағызу-құю айлақтары мен пирстер жанбайтын материалдардан жасалады. Өрт сөндіру автомобильдеріне арналған өту жолдары мен өтпелі көпірлерді жарамды жағдайда және әр түрлі заттармен ыбырсытпай ұсталады.
600. Мұнай өнімдерін ағызып құюға арналған жағалық құбыр жолдары айлақтан 30 метр қашықтықта орнатылатын авариялық жапқыштармен жабдықталады. Құбыр жолдары арқылы өту орындарында жанбайтын материалдардан жасалған шағын көпірлер қарастырылады.
601. Жылжымалы ағызу-құю құбыр жолдарының фланецтері мен жылжымалы жеңдердің жалғаулық муфталары палубаға соғылғанда ұшқын пайда болуын болдырмайтын металлдан жасалады.
602. Жеңіл жанғыш мұнай өнімдері бар кемелерді шынжырлап байлап қоюды және оларды айлаққа бекітіп қоюды металлды емес арқандармен жүргізіледі. Ерекше жағдайларда металл арқанды пайдалануға болады, бұндайда палубаның жұмыс орындары мен арқандап байлап бекіту кнехтерінің битенгтері ұшқын пайда болуды болдырмайтын төсенішпен немесе оқшаулау материалдарымен жабылады.
603. Капитанда кеменің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы актісі болмаған жағдайда мұнай өнімдерін мұнай құю кемесіне құюға рұқсат берілмейді.
604. Мұнай құю кемелері құбыр жолдарының мұнай өнімдерін айдап қотаруға арналған жеңдеріне жалғанған орынға дейін жерге қосылады. Жерге қосу қондырғылары тек ағызу-құю операцияларын аяқтағаннан кейін және құбыр жолдарының кеме жанындағы айлақтың жеңдерінен ажыратылғаннан кейін ғана алынады.
605. Кеме құбыр жолдарын жағалық ағызу-құю қондырғыларына жалғайтын жеңдері кеме айлақта еркін қозғала алатындай ұзындыққа сәйкес болады. Жеңдерді жұмсақ арқан жіптері немесе ағаш тіреулер арқылы ұсталады. Кеме жеңдерінің асқышы мен бекітпесі олардың құлауына, үзілуіне және қажалуына жол бермейтіндей бекітіледі.
606. Мұнай базасының айлақтарында орнатылған жүк көтергіш құралдарын пайдалануда айлақтың шкипері жүк көтергіштерді жүйелі түрде майлатып тұруға, ал шынжыр мен палубаның түйісу орындарын матпен немесе ағаш қалқандарымен жабуға міндетті.
607. Кемені жағалық қондырғыларымен қосатын қосқыш құбыр жолдары мен жеңдерді жинағанда және бұзғанда соғудан ұшқын пайда болуға жол бермейтін құрал пайдаланылады.
608. Ағызу-құю жұмыстарын жүргізгенде айлақта ең кемінде екі адам болады.
609. Айлақ пен кемедегі қызмет көрсету персоналы ағызу-құю жұмыстарын және жабдықтардың жағдайына тұрақты жүргізуге міндетті. Пайда болған мұнай өнімдерінің кеміп қалуы дереу жойылады; ал ол мүмкін емес жағдайда, мұнай өнімдерін ағызу-құю жөніндегі операциялар жабдық толық жөнделгенше тоқтатылады.
610. Найзағай жарқылдағанда мұнай өнімдерін ағызуға және құюға жол берілмейді.
611. Ағызу-құю операцияларын жүргізген кезде су айлақтарында, кемелерде, айдап қотару станцияларында және олардан 20 метрге жақын жерлерде:
1) от жұмыстарын орындауға, темекі шегуге және ашық отты пайдалануға;
2) бұзылған электр жарық беру құралдарын пайдалануға;
3) жарық беру үшін жылжымалы және басқа (жарылу қауіпі жоқ аккумуляторлы шамдардан басқа) шамдарды қолдануға;
4) мұнай өнімдерін ағызу-құю жөніндегі операцияларға қатысы жоқ адамдардың болуына;
5) + 450C температурасынан жоғары қыздырған мұнай өнімдерін кемеге қабылдауға және құюға жол берілмейді.
8-тарау. Авто құю эстакадаларын, құйылатын және өлшеп бөлінетін мұнай өнімдерін ұстау тәртібі 612. Құю қондырғылары орналасқан жедел алаңшалардың үсті қатты жабынмен және гидравликалық клапан арқылы өндірістік-нөсерлік канализацияға немесе арнайы жинағышқа түрлі сұйықтықтардың кедергісіз ағынымен қамтамасыз етіледі. Төгіліп қалған сұйықтықтарды сумен жуылады.
613. Жедел алаңшадағы автомашиналардың рұқсат берілген санын кәсіпорынның әкімшілігі белгілейді.
614. Бұзылған автомобильдерге аумаққа және жедел алаңшаларға кіруге, сондай-ақ кәсіпорынның аумағында оларды жөндеуге жол берілмейді.
615. Мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған автоцистерналар ұлттық стандарттарға сәйкес дайындалады және құю эстакадасының жерге тұйықтау контурына қосуға арналған жерге тұйықтау қондырғыларымен жабдықталады; автоцистерналардың сөндіргіштері ұшқын сөндірушілермен жабдықталады және қозғалтқыш немесе радиатор астына алға қарай шығарылады. Автоцистерналар жерге ұзына бойы 100-200 мм тиетін тұйықтау шынжырымен және екі өрт сөндіргішпен, киізбен, құрғақ құммен және күрекпен жабдықталады.
Ескерту. 615-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
616. Автоцистерналар ұлттық стандартқа сәйкес қауіптілік белгілерімен белгіленеді.
Ескерту. 616-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
617. Кәсіпорынның өткізу орны мен мұнай өнімдерін құю алаңшасында кәсіпорынның қызметкерлері сыртқы бақылаумен автоцистернаның дұрыстығын және оның өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тексеріледі.
618. Кәсіпорынның қызмет көрсету персоналы (операторы немесе басқа да адам) автоцистерналарға құю үдерісін бақылау жүзеге асырылады.
619. Мұнай өнімдерін автоцистернаға қозғалтқыш жұмыс істемей тұрған жағдайда құйылады. Бұның өзінде жүргізуші құю үдерісі бақыланады. Автоматты түрде құю жүйесінде жүргізуші осы жүйеге арналған нұсқаулықта қарастырылған әрекеттер орындалады. Жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта құю қозғалтқышты іске қосу қиынға түскенде, тек температура төмен болған жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
620. Авто құю эстакадасында өрт шыққан жағдайда автоцистерналарды сүйреп апаруға арналған арқанмен немесе штангамен қамтамасыз етіледі.
621. Құю аяқталғаннан кейін құюға арналған шлангтарды (ұштықтарды) автоцистернаның қылтасынан, олардан мұнай өнімдерін толық ағызып алғаннан соң шығару керек. Автоцистернаның қылтасы баяу ғана, соғылуына жол бермей қақпақпен жабылады.
622. Автоцистернаның жүргізушілері мұнай өнімдерін тасымалдағанда өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы (авто кәсіпорындарға куәліктер беру арқылы) нұсқаулықтан өтеді.
623. Мұнай өнімінің төгіліп қалуына (асырып құйылуына) жол берілген жағдайларда толтырылып жатқан автоцистернаның қозғалтқышын іске қосуға рұқсат берілмейді.
624. Құйғыш бөлмесінде бос және мұнай өнімдерімен толтырылмаған ыдысты, сондай-ақ бөгде заттар мен жабдықтарды ұстауға жол берілмейді. Құйғыш бөлмесінде ені 2 метрден кем емес басты өтетін орын қарастырылады. Өтетін орынды ыбырсытып қоюға болмайды.
625. Мұнай өнімдерін бөшке ыдыстарына тек кәсіпорынның қызмет көрсету персоналы ғана түсіреді. Мұнай өнімдерін түсірер алдында қызмет көрсету персоналы құюға арналған ыдысты міндетті түрде тексеріп қарап шығады. Мұнай өнімдерін бұзылған ыдысқа құюға рұқсат берілмейді.
9-тарау. Пайдаланылған мұнай өнімдерін жинау, іске асыру және тазарту бекеттерін ұстау тәртібі 626. Пайдаланылған мұнай өнімдерін жинау және тиеу бекеттері, сондай-ақ регенерациялық қондырғылар мұнай өнімдерін бөлшек түрде өткізу аймағында орналастырылады. Мұнай өнімдерін қабылдауды және тапсыруды (тиеп жіберуді) кәсіпорынның қызметкерлері немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылады.
627. Мұнай өнімдерінің пайдаланылған қоспаларын сақтағанда резервуарларда, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған резервуарлардағы сияқты дем алатын және сақтандыратын, ал пайдаланылған индустриалды және мотор майларын сақтағанда майларды сақтауға арналған резервуарлардағы сияқты арматура қолданылады.
628. Пайдаланылған мұнай өнімдерін жылыту температурасы олардың құрамына енетін, булардың ең төмен тұтану температурасы бар компонент буларының тұтану температурасынан 150C төмен болады.
629. Тұтану температурасы 1200C және одан да төмен пайдаланылған мұнай өнімдеріне арналған ағызу-құю қондырғылары жабық болады.
630. Регенерациялық қондырғылардың айыру бөлімшесінің шығыс бактарында тәуліктік қажеттілігінен аспайтын отынның болуына рұқсат беріледі. Бұл бактар үй-жай шегінен тыс жерлерде орнатылады.
631. Құбырлы пеш пен текше қондырғысының түтін шығатын мойындары қара күйе жиналып қалмас үшін тәулігіне кемінде бір рет су буымен үрленеді.
632. Сүзгі-регенерациялық қондырғылардың қыспақтары металл рамаларында және өртенбейтін іргетасқа орнатылады. Сүзгінің астына қыспақтармен төгіліп қалған майларды жинау үшін арнайы металлдан жасалған жайпақ қаңылтыр таба орнатылады.
633. Регенерациялық қондырғы жұмыс істеп тұрған кезде керосин жинағыштарды асырып толтыруға болмайды; толуына қарай және ауысымның аяғында оларды мұнай өнімдерінен босату керек.
634. Пайдалануға жіберер алдында жылжымалы регенерациялық қондырғылардың айыратын текшелері мен бу қазандарын гидравликалық қысымға тексеріледі. Бу қазандары мен айыратын текшелерде сақтандырушы қақпашалар мен манометрлер орнатылады. Жылжымалы регенерациялық қондырғылар жұмыс істеп тұрғанда қызмет етуші персонал үнемі бақылау-өлшеуіш құралдарының көрсеткіштерін бақыланады.
10-тарау. Алаң ішіндегі технологиялық құбыр жолдары мен құбыр жолы арматурасын ұстау тәртібі 635. Мұнай базаларының, құю және айдап қотару станцияларының құбыр жолдарына технологиялық сызбалар жасалуы тиіс, олардың құбыр жолдарының әр қайсысында айқын белгісі, ал тиек арматурасында нөмірлеуі болады. Қызмет көрсетуші персонал авариялар мен өрттер болған жағдайларда ысырмаларды ауыстырып қосуды білу үшін құбыр жолдарының технологиялық сызбасымен танысады.
636. Технологиялық құбыр жолдары оларға орнатылған барлық арматураларымен бірге пайдалануға тапсыру алдында біріктіру мықтылығы мен тығыздығына гидравликалық сынақтан өтеді.
637. Жер үстіндегі құбыр жолдарының бекітпелері мен тіреуіштерінің жағдайына, олардың қауіпті салбырап бұзылуына тұрақты бақылау белгіленуі тиіс. Құбыр жолдарының, асқыштар мен тіреуіштердің ақаулықтары дереу жойылады.
638. Құбыр жолдарының ішінде пайда болған шөгінділерді құрыштан жасалған шыбықтар немесе басқа құралдар арқылы тазартуға болмайды, бұл құбыр жолына қажалып немесе соғылудан ұшқынның пайда болуы мүмкін.
639. Құбыр жолдары мен жапқыштардың тораптарын ашық отпен жылытуға болмайды. Ол үшін тек бу, ыстық су немесе қызған құмды, сондай-ақ зауытта шығарылған электр құралдарын ғана пайдалануға болады.
640. Құбыр жолдары мен тиек қондырғылары кәсіпорынның бас инженерімен бекітілген кестеге сәйкес профилактикалық қызмет көрсетуге тартылады.
641. Құбыр жолдарында тұйыққа тірелген жолдар болмауы тиіс. Ал бұндай жерлердің болуы қажет болған жағдайларда оларды тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
642. Мұнай өнімдерімен толып тұрған құбыр жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
5-бөлім. Мұнай, газ өндіруші өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі 1-тарау. Жалпы ережелер 643. Бұрғылауға, сынақ жүргізуге, ұңғымалардың күрделі жөндеуіне арналған жер үстіндегі жабдық, лақтырындыларға қарсы қондырғылардың бұрулар, бақылау станциялары, өндірістік және тұрғын үй-жайлары, қойма орындары, кіреберіс жолдары, ұшақ алаңдары нақты әр ауданға арналған желдің басым бағытын ескере отырып орналастырылады.
644. Орнатуға бөлінген аумақ жер үстіндегі және жер астындағы құбыр жолдарынан, кабелдерден босатылады, ағаштан, бұтадан, шөптерден тазартылады және жоспарланады.
Жер үстіндегі құрылыстардың айналасында көліктің және өрт техникасының қозғалуы үшін ені 10-12 метр алаңша тегістеледі.
Аумақтардың жоспарлауы сұйықтықтарды сағасынан және жер үстіндегі құрылыстардан арнайы қоймаларға (торға) бұрып ағызуды қарастырылады.
645. Құрылыстардың жабындылары өртенбейтін материалдардан орындалады. Басқа жағдайларда құрылыс оттан қорғайтын құраммен өңделеді.
646. Отын құятын ыдыстар мен қондырғыларды жер үсті үй-жайлардан, жабдықтардан, құбыр жолдарынан 20 метр жақын емес орнатылады. Отын қондырғылары сорғыштармен, ыдыстар сақтандыру және тыйым салу жазулары (белгілері) бар деңгей өлшеуіштермен жабдықталады. Орнатылу орындарында кіреберіс жолы орнатылады және жанар-жағар май материалдарының сақталу мөлшері есебінен топырақ үйіп бекітіледі.
647. Арматураларды орнату немесе аппараттарды қосу орындарынан басқа, жарылыс, өрт қауіпі технологиялық жүйелердің құбыр жолдарында фланецті және алмалы-салмалы қосуға жол берілмейді. Жарылыс қауіпті технологиялық жүйелерде иілмелі шлангілерді қолдануға жол берілмейді.
648. Жанғыш өнімдерді айдап қотаратын сораптар мен компрессорлардың сорғыш және айдағыш жолдарында тиек, кесу және сақтандыратын қондырғыларды орнату қарастырылады.
649. Жанар-жағармай материалдарының, мұнай өнімдерінің шығуы, герметикалық еместігі, ағып кетуі байқалғанда ақаулық дереу жойылып, төгілген жер мұқият тазартылады.
650. Жанар-жағармай және тез тұтанатын материалдарын өрт, жарылыс қауіпті құрылыстардың ішінде сақтауға жол берілмейді.
651. Өрт сөндіру құралдары (күшті және сорап блогы, отын қондырғылары, электр станциясы, ұңғыманың аузы) өрт қауіпті жерлерге жақын орналасады.
652. Іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған сызықтары ұңғыманың аузынан кемінде 15 метр, таса (негіз) қабырғасынан 5 метр және шатырдың (қалқаның) жоғарғы жағынан 1,5 метр қашықтыққа шығарылады. Қозғалтқыштардың, негіздердің, еденнің төсенішінің астына пайдаланылған құбырларды төсеуге жол берілмейді.
Қабырғалар, шатырлар (қалқалар) арқылы пайдаланылған желілер өтетін жерлерде құбырдың үш диаметрінен кем емес тесік қалдырылады. Бұл жерде жылылықты сақтау төсемі мен өртенбейтін өңдеу орнатылады.
Пайдалану желілері ұшқыш өшіргіштермен жабдықталады.
653. Температуралар төмен болған жағдайда қатып қалуға тартылатын жабдықтар мен құбыр жолдары жылытылып, ашық отты пайдалануды жоққа шығаратын жылытумен қамтамасыз етіледі.
654. Өрт қауіпті және жарылыс қауіпті үй-жайларда, негіздердің астында, газ қауіпті жерлерде, жанар-жағармай материалдарын, мұнай өнімдерін, жанғыш заттар мен реагенттерді сақтауға арналған ыдыстардың жанында ашық отты пайдалануға және темекі шегуге болмайды.
Темекі шегу үшін өртке қауіпсіз аймақта арнайы жабдықталған орындар жабдықталады және жазулармен белгіленеді.
655. Газ қауіпті, отты және дәнекерлеу жұмыстары қолданыстағы салалық нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі. Газдылық, жанар-жағармай материалдарымен, мұнай өнімдерімен ластану болған жағдайларда бұл жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
656. Күштік, бұрғылау және мұнай кәсібі жабдықтары, жабындылар, объекттің басы мен аумағы тұрақты өрт қауіпсіз жағдайда ұсталады, үнемі күйеден, жанар-жағар май материалдарының, мұнай өнімдерінің төгілуінен тазартылады.
2-тарау. Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізу тәртібі 657. Ұңғымаларды бұрғылау, бекітпе, сынау техникасы мен технологиясы өнімді көкжиектерден бағынбайтын қабат флюидтің барынша жоғары дәрежеде түсуін болдырмауы тиіс.
Мұнай, газ дақтары пайда болған және авариялық жұмыстар жүргізген жағдайда жер үстіндегі жабдық және орап байлау толық герметикалықты, газ, мұнай дақтарының көрінуін, флюидті ұңғымалардан қауіпсіз қашықтыққа бұру және мұнай, газ, су дақтарын, аварияларды жою бойынша технологиялық операцияларды орындағанда жарылыс, өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
658. Бұрғыны пайдалануға қосқанда кәсіпорынның комиссиясы жабдықтың жарылыс, өрт қауіпсіздігін, өртке қарсы жабдық пен мүліктің жинақтағы сәйкестігін, авариялық жарық беру құралының, ол туралы бұрғыны қабылдау туралы актісінде жазу жүргізілетін әскери өрт сөндіру есебі тізімінің болуы тексеріледі.
659. Көмірсутекті негіздегі бұрғы қоспаларын пайдаланғанда жарылыс, өрт қауіпсіздігі бойынша, арнайы нұсқаулық пен жұмыс жоспарларында көрсетілетін әуе ортасының газдылығы бойынша қосымша шаралар қолданылады. Көмірсутекті негіздегі қоспаның өздігінен тұтану температурасы сағасындағы және қоспаны дайындау мен өңдеу үдерісінде барынша жоғары күтілетін температурадан асады.
660. Жұмыс зона әуесінде зиянды заттардың шекті жол берілетін концентрациялары мен шекті жол берілетін жарылыс қауіпсіз концентрациялары табылған жағдайларда:
1) технологиялық үдерісті тоқтату;
2) объектінің, ауысымның басшысына дереу хабарлау;
3) газдылық себебі мен зонасын анықтау;
4) жеке құтқарушы құралдарын пайдалану;
5) өрт сөндіру құрал-жабдығының дайындығын тексеру;
6) аварияларды жою жоспарына және нақты жағдайға сәйкес шаралар (әрекеттер) қолдану қажет.
661. Бұрғылау, сынау, газ, мұнай дақтарын, ашық фонтандар мен аварияларды жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін мұнараларды, бұрғылау жабдығын, аумақты қара майдан, артық жабдықтар мен материалдардан тазартылады. Бұрғылаудың жағалаулары мен кіреберістері бос болады.
662. Цементтеу, мұнай және қышқыл ванналарын орнату, зерттеу және авариялық жұмыстар кезінде қолданылатын арнайы техника пайдаланылған құбырларда ұшқын өшіргіштер болған кезде ғана қолданылады.
3-тарау. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану тәртібі 1-параграф. Ұңғымаларды игеру тәртібі 663. Мұнай және газ ұңғымаларын игеру, сынау жұмыстары, арнайы бөлімдерінде технологиясы әзірленуі тиіс, сынау жұмыстарын орындауға арналған техникалық құралдары мен өрт, жарылыс қауіпсіздігі шаралары белгіленген ұңғыманы салу жобасына сәйкес жүргізіледі.
664. Жұмыстарды бастамас бұрын дайындық, негізгі және қорытынды жұмыстардың жоспар-кестесі, сондай-ақ болуы ықтимал аварияларды жою жоспары қоса беріледі.
665. Жоспар-кестеге бұрғылауды игеру үшін қолданылатын жабдықты орналастыру және орап байлау кестесі қоса беріледі.
666. Ұңғымаларды игеру жөніндегі жұмыстар басталу алдында жауапты тұлға бригада мүшелеріне өрт қауіпсіздігі жөнінде нұсқау береді және «Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқау беруді тіркеу» журналына тиісті жазу жазады.
667. Ұңғымаларды игеру жөніндегі жұмысқа қатысып жатқан бригаданың барлық мүшелері арнайы киім мен арнайы аяқ киімде жұмыс істейді.
668. Игеру объектілері өртке қарсы қондырғылармен жабдықталады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.
669. Ұңғымалардағы ату-жару жұмыстары осы жұмыстардың жауапты жетекшісінің рұқсатымен және мұнай-газ өндіру немесе бұрғылау кәсіпорны геологының көзінше жүргізіледі.
670. Ату-жару жұмыстарының алдында лақтырындыларға қарсы құрал-жабдық жұмыс жоспарында көрсетілген қысымға ұқыпты түрде тексеріліп, қысып нығыздалады.
671. Көтеріп түсіру операциялары кезінде колонналық фланецке ұшқын қауіпсіз материалдан жасалған шұқыр орнатылады.
672. Ұңғыманы игергенде жылжымалы компрессорды ұңғыманың жел жағынан 25 метрден кем емес қашықтыққа орналастырылады.
673. Ұңғыманы мұнаймен жуып шайғанда агрегатты сағасынан кемінде 10 метр қашықтыққа орнатылады.
674. Газ және газ конденсатты ұңғымаларын сұңғылау арқылы игеру, ал фонтанды ұңғымаларды науалармен қалғалауға жол берілмейді.
675. Ұңғыманы сұңғылау мұнай лақтырындысын болдырмайтын, герметикалау қондырғысында фонтан арматурасының буферлі тиекке орнатылғанда жүргізіледі.
676. Фонтанды ұңғыманы сұңғылаумен игергенде:
1) жұмыс істеп тұрған агрегатты басқару пультын қорғау үшін қалқаның жанатын құрылғыларын оттан қорғау құраммен өнделеді;
2) бағыттау шұқырын ұшқын ату қаупі жоқ материалдан орнатылады;
3) көтергіш тракторды ұңғылау сағасынан 25 метр жақын емес қашықтықта орнатылады.
677. Ұңғымаларды жылжымалы агрегаттармен игергенде игеру үшін де, ұңғыманы өшіру жағдайында да қажетті агрегаттар санын жұмыс манифольдына қосу ықтималы қарастырылады.
678. Фонтан атқылау белгілері пайда болғанда аварияларды жою және аузын герметизациялау жоспарына сәйкес іс-қимыл жасалады.
679. Фонтан ұңғылауын игеру үдерісіндегі үзілістер мен тоқтатқан кездерде фонтан арматурасының және айқастырылған табан ағашының орталық тиегі жабылады.
680. Сығылған ауа немесе ауамен сұйықтықты ауа жіберу арқылы айдамалаумен ағын шақырғанда үдерісте үзілістерге жол берілмейді.