Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы



бет4/23
Дата04.06.2020
өлшемі328,61 Kb.
#72361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
совместный приказ .kaz

2. Объективті критерийлер

      3. Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) бастапқы тәуекел дәрежесіне жатқызу объективті критерийлері арқылы жүзеге асырылады.

      4. Жоғары тәуекел дәрежесіне мыналар жатады:

      орталық атқарушы органдары мен олардың аумақтық бөлімшелері;

      облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалардың және облыс аудандарының жергілікті атқарушы органдары;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелері (мекемелері, ұйымдары);

      азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар;

      базасында Азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар;

      табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалыс орындары бекітілген ұйымдар.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтындар (болмашы):

      орталық атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдары;

      ауылдық аудандардың жергілікті атқарушы органдары;

      қорғаныш құрылыстары және басқа да азаматтық қорғаныс мүлкі бар азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылмаған ұйымдар;

      базасында эвакуациялық пункттері құрылған азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылмаған ұйымдар.

      5. Жоғары тәуекелдер дәрежесіне жатқызылған субъектілерге (объектілерге) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау іс-қимылын жүргізу мақсатында субъективті критерийлер қолданылады.

      6. Жоғары тәуекелдер дәрежесіне жатқызылған және жоғары тәуекелдер дәрежесіне жатқызылмаған субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер және профилактикалық бақылау бармай қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет