Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы


Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары



бет2/23
Дата04.06.2020
өлшемі328,61 Kb.
#72361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
совместный приказ .kaz
совместный приказ .kaz
Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарының нысанын қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзiрлендi.

      2. Өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы жинақталады.

2. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары

      3. Объективті өлшемшарттар тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері (жоғары және жоғарыға жатқызылмаған (болмашы) бойынша бөлу мақсатында әзірленді.

      4. Жоғары тәуекел дәрежесіне мынадай объектілер жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы объектілері;

      2) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының объектілері;

      3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы орталық аппаратының объектілері, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) прокуратуралары;

      4) Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің объектілері;

      6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, "Сырбар" Қазақстан Республикасының сыртқы барлау қызметінің объектілері;

      7) жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша "А", "Б" және "В1"-"В4" санаттарындағы өндiрiстері бар кәсіпорындары;

      8) гидроэлектр станциялары – қуаттылығы 250 және одан астам Мегаватт;

      9) жылу электр станциялары;

      10) газ турбиналық электр станциялары;

      11) электрлік кіші станциялары;

      12) қазандықтар;

      13) мұнай базалары мен мұнай өнiмдерiнің қоймалары, мұнай айдайтын станциялары;

      14) газ қоймалары мен газгольдер және газ айдайтын станциялары;

      15) оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды сақтау, жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу объектiлерi;

      16) құрылыстарының жалпы ауданы 2500 шаршы метрден астам жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша "А", "Б" және "В1"-"В4" ғимараттары мен үй-жайлардың санаты бар объектілер, ауданы 2500 шаршы метрден астам газ баллондарын, ағаш материалдарын, көмірді, ірі азықтарды, өзге де жанғыш материалдар мен өнімдерді сақтауға арналған ашық түрдегі қоймалар;

      17) элеваторлар (астық қабылдау және жинау, өндірістік, базистік, қайта тиейтін және порттық элеваторлар);

      18) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден астам ауыл шаруашылығы объектілері, мал шаруашылығы объектiлерi мен құс фабрикалары;

      19) білім беру объектілері;

      20) бiр мезгілде 200 және одан астам адам болатын мәдени-көрсетілімді, дiни ғибадат объектілері;

      21) бiр мезгілде 200 және одан астам адам болатын спорт және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi;

      22) әлеуметтiк сала объектiлерi (қарттар мен мүгедектер үйлерi, балалар үйлерi, интернат үйлерi, психоневрологиялық орталықтар және басқалары);

      23) ауданына қарамастан - бiр мезгілде 100 және одан да көп адам болуын көздейтін демалыс үйлері және аймақтары, туристік базалар, балалардың жазғы сауықтыру лагерьлері (шатырлы қалашықтардан басқа);

      24) ауданына қарамастан - стационарлық көмек көрсететін, құрылыстарының жалпы ауданы 1000 шаршы метр және одан астам - амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері;

      25) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр - фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар;

      26) мұрағаттар;

      27) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр - сауда объектілері мен ойын-сауық кешендері;

      28) әуежайлар, теміржол және автомобиль вокзалдары (станциялар), теңіз порттары, метрополитендер;

      29) автомобильдік техника саны 100 және одан астам бiрлiк – автокәсiпорындар, автотұрақтар (паркингтер);

      30) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр - көлiкке қызмет көрсету объектiлерi (автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары мен бекеттері);

      31) автожанармайқұю станциялары;

      32) сыйымдылығы 100 және одан астам адам - жатақханалар мен қонақ үйлер;

      33) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр - тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдары;

      34) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр (уақытша жазғы алаңшалардың ауданын ескермегенде) - қоғамдық тамақтандыру ұйымдары;

      35) биіктігі 28 метрден жоғары көп пәтерлі тұрғын үйлер;

      36) жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр, сондай-ақ ауданына қарамастан биiктiгi 28 метрден астам - әкiмшiлiк ғимараттар мен көп салалы кешендер;

      37) шаруашылық ауыз су және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдары;

      38) объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі;

      39) орман шаруашылығы мекемелері.

      5. Тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандарға (болмашы) мына объектілер жатады:

      1) "Г" және "Д" өндірістік санаттары бар өнеркәсiп кәсіпорындары;

      2) қуаттылығы 250 Мегаваттан кем гидроэлектр станциялары;

      3) жел электростанциялары;

      4) құрылыстарының жалпы ауданы 2500 шаршы метрден кем жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша ғимараттар мен үй-жайлардың санаттары "А", "Б" және "В1"-"В4", объектілер, ауданы 2500 шаршы метрден кем газ баллондарын, ағаш материалдарын, көмірді, ірі азықтарды, өзге де жанғыш материалдар мен өнімдерді сақтауға арналған ашық түрдегі қоймалар;

      5) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем ауыл шаруашылығы объектілері, мал шаруашылығы объектiлерi мен құс фабрикалары;

      6) бiр мезгілде 200- ден кем адам болатын мәдени-көрсетілімді, дiни ғибадат объектілері;

      7) құрылыстарының жалпы ауданы 1000 шаршы метрден кем амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері;

      8) бiр мезгілде 100-ден кем адамның болуы көзделген демалыс үйлері және аймақтары, туристік базалар;

      9) бiр мезгілде 200-ден кем адам болатын спорт және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi;

      10) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдары;

      11) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем (уақытша жазғы алаңшалардың ауданын ескермегенде) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары;

      12) сыйымдылығы 100 адамнан кем жатақханалар мен қонақ үйлер;

      13) биіктігі 28 метрден кем көп пәтерлі тұрғын үйлер, жеке тұрғын үйлер;

      14) байланыс кәсіпорындары;

      15) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар;

      16) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем сауда объектілері мен ойын-сауық кешендері;

      17) жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем әкiмшiлiк ғимараттар мен көп салалы кешендер;

      18) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем автокөлiкке қызмет көрсету объектiлерi (автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары мен бекеттері);

      19) ретрансляциялау және телерадио мұнаралары;

      20) өзен порттары;

      21) техника саны 100 бiрлiктен кем автокәсiпорындар, автотұрақтар (паркингтер);

      22) тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің клубтары;

      23) ауданы мен учаскелердің санына қарамастан саяжай және бау-бақша қауымдастықтары;

      24) аэродромдар.

      6. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған, тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты жартыжылдық кесте негізінде тексеру жүргізудің ерекше тәртібі қолданылады.

      7. Ерекше тәртіппен жүргізілетін жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілерге (субъектілерге) қатысты тексеру жүргізудің мерзімділігі, күнтізбелік жылда бір реттен жиі еместі құрайды, яғни жоспарланған жылдың қаңтар мен желтоқсан айлары аралығындағы кез келген кезеңде.

      8. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінде осы өлшемшарттардың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген объектілер тамыз бен қыркүйек аралығындағы кезеңде, осы өлшемшарттардың 4-тармағының 19) тармақшасындағы объектілер ақпан мен мамыр аралығындағы кезеңде, осы Өлшемшарттардың 4-тармағының 23) және 39) тармақшаларындағы объектілер сәуір мен мамыр аралығындағы кезеңде, осы өлшемшарттардың 4-тармағының 22) тармақшасындағы объектілер шілде мен тамыз аралығындағы кезеңде, осы өлшемшарттардың 4-тармағының 8), 9), 10), 12) тармақшаларындағы объектілер шілде мен тамыз аралығындағы кезеңде, осы өлшемшарттардың 4-тармағының 24) тармақшасындағы объектілер қазан мен қараша аралығындағы кезеңде тексеріледі.

3. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

      9. Субъективті өлшемшарттар тексеру жүргізудің ерекше тәртібінен босату түрінде тексерілетін адал субъектілерді көтермелеу принципін іске асыру мақсатында әзірленді.

      10. Субъективті өлшемшарттар тексеру парақтарында аталған өрт қауіпсіздігі талаптарының негізінде әзірленді, олар өрескел, елеулі және болмашы болып үш дәрежеге бөлінген.

      Өрескел бұзушылықтар – өрттің шығу, оның таралу, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету жағдайларын болдырмауға бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптары, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысының мәселелерін, электр желілері мен электр жабдығын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялау жолдарының болуын және олардың жай-күйін регламенттейтін талаптар.

      Елеулі бұзушылықтар – өрттің шығуынан сақтандыру мен алдын алуға және оны ойдағыдай сөндіруге жағдай жасауға бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптары.

      Болмашы бұзушылықтар – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық мәселелерін регламенттейтін өрт қауіпсіздігі талаптары.

      Өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел, елеулі және болмашыға бөлу осы өлшемшарттарға қосымшада келтірілген.

      11. Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде өрт қауіпсіздігінің орындалмаған талаптарының үлес салмағы айқындалады.

      12. Өрескел дәрежедегі өрт қауіпсіздігінің бір орындалмаған талабы 100 көрсеткішіне теңеледі.

      Егер өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіші есепке алынады.

      13. Өрт қауіпсіздігі талаптарының елеулі бұзушылықтарының көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7

      мұнда:

      SРз – өрт қауіпсіздігі талаптарын елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – өрт қауіпсіздігінің талаптарының елеулі бұзушылықтарының талап етілетін саны;

      SР2 – өрт қауіпсіздігінің анықталған елеулі талаптарының саны.

      14. Өрт қауіпсіздігі талаптарының болмашы бұзушылықтарының көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формуламен есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3

      мұнда:

      SРн – өрт қауіпсіздігі талаптарын болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – өрт қауіпсіздігінің талаптарының болмашы бұзушылықтарының талап етілетін саны;

      SР2 - өрт қауіпсіздігінің анықталған болмашы талаптарының саны.

      15. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0 ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және көрсеткіштерді қосындылау жолымен мына формула бойынша айқындалады:

      SР = SРз + SРн

      мұнда:

      SР- тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – өрт қауіпсіздігі талаптарын елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн - өрт қауіпсіздігі талаптарын болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      16. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесінде тексерілетін субъект (объект):

      1) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде осы өлшемшарттардың 7-тармағында белгіленген мерзімділігіне сәйкес жоспарланған тексерулерді жүргізудің келесі ерекше тәртібінен босатылады.

      2) 61-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде тексеру жүргізудің ерекше тәртібінен босатылмайды.

      17. Субектіні (объектіні) тексеру осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшада келтірілген өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау аясындағы тексеру парағы бойынша және объектіні санатына, мақсатына және қызмет түріне байланысты осы бірлескен бұйрыққа 4-ден бастап 23-ге дейінгі қосымшаларда келтірілген тиісті тексеру парақтары бойынша жүргізіледі.

      Егер тексерілетін субъект (объект) екі немесе одан да көп тексеру парақтарымен тексерілсе, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде тексеруде қолданылған тексеру парақтарында көрсетілген барлық өрт қауіпсіздігі талаптары ескеріледі.

      18. Тексерулер жүргізудің келесі ерекше тәртібінен босатылған, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтары бар, 60-қа дейін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін алған тексерілетін субъект (объект) бұзушылықтарды жою мерзімінің аяқталуы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде бегіленген тәртіпке сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс тексеріледі.



      Егер өрт қауіпсіздігі талаптарының анықталған бұзушылықтары жойылмаса, тексерілетін субъект (объект) тексерулер жүргізудің келесі ерекше тәртібінен босатылмайды.

 

Өрт қауіпсіздігі саласындағы

 

тексерулер жүргізудің ерекше

 

тәртібі үшін қолданылатын

 

тәуекел дәрежесін бағалау

 

өлшемшарттарыне

 

қосымша

Өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын өрескел, елеулі, болмашы дәрежелерге бөлу

Р/с №

Өрт қауіпсіздігі талаптарының атаулары
(ауырлық дәрежесі көрсетілген талапты сақтамаған кезде белгіленеді)

Бұзушылықтар дәрежесі

1. Ұйымдастыру іс-шараларына қойылатын талаптар

1

Объектіге өрт қауіптілігіне тиісті өртке қарсы режимді белгілейтін нұсқаулықтың болуы

болмашы

2

Өрт болған жағдайда адамдарды эвакуациялау жоспарларының болуы

болмашы

3

Жекелеген жұмыс учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың болуы

болмашы

4

Өртке қарсы қорғау жүйелерін пайдалануға, бастапқы өрт сөндіру құралдарын сатып алуға, жөндеуге, сақтауға және іс-қимылдарға әзірлігіне, техникалық қызмет көрсету (қолмен өрт сөндіргіштерді қайта зарядтау) мен жоспарлы-сақтандыру жөндеуді уақтылы және сапалы өткізуге жауапты лауазымды адамның болуы

болмашы

5

Өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-сақтандыру жөндеу жұмыстарын, бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуына және жағдайына жүргізілген тексерулерді есепке алатын арнайы журналдың немесе автоматтандырылған жүйенің болуы

болмашы

6

Адамдар тәулік бойы болатын ғимараттар (мектеп-интернаттар, қарттар мен мүгедектер үйлері, балалар үйлері, ауруханалар) үшін әзірленген өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықта адамдарды өз бетінше эвакуациялау, сондай-ақ өз бетінше эвакуациялауға қабілетсіз адамдарды ұйымның қызметкерлері тәуліктің жарық және қараңғы уақыттарында эвакуациялау нұсқаларының болуы

болмашы

7

Жарты жылда кемінде бір рет мектеп-интернаттар, қарттар мен мүгедектер үйлері, балалар үйлері мен ауруханалар басшыларының ғимараттың өртке қарсы қорғау жүйесінің барлық элементтерінің өрт кезіндегі жұмысқа қабілеттілігін бір уақытта тексерумен, олардың іс-қимылдары бойынша персоналды құрамын жаттықтыруды жүзеге асыруы

болмашы

8

Кезекші персоналда оған жүктелген функцияларға сәйкес ғимарат есіктерінің барлық құлыптарынан кілттер жиынтығының болуы. Кілттердің қосалқы жиынтығы ғимараттың бірінші қабатындағы кезекші персоналдың (күзет) үй-жайында сақталуы

болмашы

9

Адамдар тұруға арналған ғимараттарда, адамдар жаппай жиналатын объектілерде электр энергиясы сөніп қалған жағдайда, қызмет көрсетуші немесе кезекші персоналда электр шамдарының болуы

болмашы

10

Аумағында өртке қарсы қызмет бөлімшелері орналаспаған ауылдық жерлердің елді мекендерінде бау-бақшалық серіктестіктері мен саяжай кооперативтерінде (серіктестіктерде, тұтынушы кооперативтерінде, коммерциялық емес серіктестіктерде) өрт сөндіру кезінде қолданылатын жеңқұбыр мен оқпандар жиынтығымен өрт сөндіру мотопомпаларының, бастапқы өрт сөндіру құралдарының, механикаландырылмаған құрал-сайманның және өрт сөндіру мүкәммалдың болуы

елеулі

11

Ауылдық елді мекендердің, бау-бақша серіктестіктерінің және саяжай кооперативтерінің аумақтарында, блок-контейнерлі ғимараттарда өрт туралы адамдарды құлақтандыруға арналған дыбыстық сигнализация құралдарының, өрт сөндіру мақсаттары үшін су қорының болуы

елеулі

12

Жұмыскерлерге өртке қарсы нұсқамадан және өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша кейінгі оқудан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге рұқсат беру

болмашы

13

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің болуы

өрескел

2. Аумақтарды ұстауға қойылатын талаптар

14

Өрт сөндіру автомобильдерінің ғимараттарға, құрылыстарға, технологиялық қондырғыларға өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне өту жолдарының болуы

елеулі

15

Ортақ кеңістікпен (ауламен) біріктірілген тұрғын үйлер топтарының аумағына кіру жолында қолмен ашуға арналған құрылғымен қамтамасыз етілген шлагбаум мен тәулік бойы персонал кезекшілігі бар стационарлық бекеттің болуы

болмашы

16

Ғимараттар мен құрылыстар, көлік тұрағы және ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы (қондырғысы) арасындағы өртке қарсы арақашықтықтарды материалдармен және жабдықтармен үйіп тастауға жол бермеу

елеулі

17

Өртке қарсы ара қашықтықтың болуы

өрескел

18

Ғимараттар мен құрылыстарға 50 метрден кем қашықтықта қалдықтарды және қаптарды жағу, от жағуға жол бермеу. Жанған көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдарды (мангалды, барбекюді, грильді) құрғақ өсімдіктері бар орындарда, ағаштардың түбінде, жанғыш материалдардан жасалған шатыр астында, тұрғын ғимараттың үй-жайларында, сондай-ақ балкондарда және лоджияларда, шаруашылық құрылыстарында, гараждарда, шатырларды, жазық шатырларда орнатуға жол бермеу

елеулі

19

Елді мекендер мен ұйымдар аумағына жанғыш қалдықтар қоқысын жинауға жол бермеу

елеулі

20

Аумақтардың, ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпті учаскелерінде ашық отты пайдалануға және темекі шегуге жол бермеу

өрескел

21

Өрт-жарылыс қауіпті объектілер санатына кірмейтін ғимараттар мен құрылыстарда, объектілерде темекі шегуге арнайы бөлінген және жабдықталған орындардың болуы

болмашы

22

Аумақтарды жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, түскен жапырақтардан, жанғыш қоқыстан және басқа жанғыш материалдардан тазарту

елеулі

23

Ұйымдар аумағында тәуліктің қараңғы уақытында өрт сөндіру гидранттарын, сыртқы өрт сөндіру сатыларын және өрт сөндіру керек-жарақтарының орналасқан орнын, өрт сөндіру су қоймаларының пирстарына, ғимараттар мен құрылыстарға кіретін кіреберістерді тез табу үшін сыртқы жарықтандырудың болуы

елеулі

24

Уақытша құрылыстарды салынып жатқан және басқа ғимараттардан кемінде 18 метр қашықтықта немесе тұтас өртке қарсы қабырғаларда орналастыру

елеулі

25

Ғимараттардың жекелеген блок-контейнерлері мен тұрмыстық дүңгіршектерді 10-нан артық болмайтын топтармен және 800 м2 артық болмайтын ауданда орналасуы, осы ғимараттар топтарының арасындағы және олардан бастап басқа құрылыстарға, дейінгі қашықтық кемінде 18 м болуы

елеулі

26

Орман өрті кезінде ғамараттарға және құрылыстарға оттың тарау мүмкіндігін болдырмайтын іс-шараларды дайындау және орындау (өртке қарсы қорғаныс жолақтарын жасау, екпе ағаштарды отырғызу, жазғы маусымда қураған өсімдіктерді жұлу)

өрескел

3. Ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды күтуге қойылатын талаптар

27

Үй-жайлардың, ғимараттардың (құрылыстардың), өндірістік және қоймалық мақсаттағы ғимараттардың эвакуациялық шығу есіктерінде, сыртқы технологиялық қондырғыларда олардың өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттары туралы, сондай-ақ онда орналасқан жарылыс қаупі немесе өрт қауіпті аймақтардың сыныптары туралы ақпарат орналастыру

болмашы

28

Өрт сөндіру және өрт сигнализациясы қондырғылары, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару, түтінге қарсы қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелері, өртке қарсы есіктер, клапандар мен люктер, басқа өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтырулар, үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар болуы, жобалау құжаттамасына сәйкес келуі және жұмысқа жарамды күйде ұстау

елеулі

29

Ақаулықтары бар жабдықта, қондырғы мен станоктарда жұмыстар жүргізуге жол бермеу

өрескел

30

Ғимараттар мен құрылыстарда жобада көзделген ақаусыз найзағайдан қорғау құрылғыларының болуы

өрескел

31

Есіктердің өздігінен жабылуына арналған механизмдерді жарамды күйде ұстау

өрескел

32

Биіктігі 50 м. асатын көпфункционалды ғимараттардың және қонақ үйлердің жобалау құжаттамаларына сәйкес өрт қауіпсіз аймақтармен қамтамасыз ету.

өрескел

33

28 м асатын биіктікте орналасқан, көп функционалдық және әкімшілік ғимараттарда, қонақ үйлерде орналасқан адамдарды тыныс алу және көру органдарын қорғайтын жеке қорғау құралдарымен (өзін-өзі құтқарғыштармен) жобалау құжаттамаларында белгіленген санымен қамтамасыз ету

өрескел

34

Биіктігі 50 м асатын көпфункционалдық ғимараттардың, қонақ үйлердің, мотелдердің жобалау құжаттамаларына сәйкес жеке және ұжымдық құтқару құралдарымен қамтамасыз ету

өрескел

35

Саты торлары мен дәліздерде қоймаларды (қосалқы үй-жайларды) орнатуға, сондай-ақ баспалдақ марштарының астында және саты алаңдарында заттарды, жиһаздар мен өзге де жанғыш материалдарды сақтауға жол бермеу

өрескел

36

Құрылыс конструкцияларының, әрлеу жылу оқшаулағыш материалдарының, ауа өткізгіштердің, металл тіректері мен эстакадалардың, ағаш конструкциялардың оттан қорғайтын өңдеуі мен жабындарының болуы және оттан қорғау өңдеуінің (сіңіруінің) жай-күйін тексеруді сынауларға хаттама жасаумен жүзеге асыру

өрескел

37

Шатыр үй-жайларының, сондай-ақ технология шарттары бойынша адамдардың тұрақты болуы талап етілмейтін техникалық қабаттар мен жертөлелердің есіктерін құлыппен жабуды қамтамасыз ету. Көрсетілген үй-жайлардың есіктерінде кілттердің сақталатын орны туралы ақпараттың болуы

болмашы

38

Шатырларды, техникалық қабаттарды, желдету камераларын және басқа да техникалық үй-жайларды өндірістік учаскелерді, шеберханаларды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ өнімді, жабдықты, жиһазды және басқа заттарды сақтау үшін пайдалануға жол бермеу

өрескел

39

Ғимараттар мен құрылыстардың жертөлелік және цокольдық қабаттарының терезе ойықтарының шұңқыршаларын қоқыстан және басқа заттардан уақытылы тазарту, терезелердегі тиектердің ішінен кілтсіз ашылуы

өрескел

40

Ғимараттың барлық қабаттарының терезелерінде, жертөлелер терезелері мен шұңқыршаларына торлар орнатуға (мекеменің қоймалық үй-жайларын, кассаларын, қару тұратын бөлмелерін, құпия бөлімдерін қоспағанда) жол бермеу

өрескел

41

Лифт холлдарында қоймаларды, дүңгіршектерді, шағын дүкендерді орналастыруға жол бермеу

өрескел

42

Өрт шыққан жағдайда қауіпсіздік аймақтарына жататын балкондарға, лоджиялар мен галереяларға әйнек салуға жол бермеу

өрескел

43

Нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайы нашарлайтын, өртсөндіргіштерге, өрт сөндіру крандарына және басқа өрт қауіпсіздігі құралдарына қолжетімділік шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматты өрт сигналын беру, стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғылары, түтінді кетіру жүйелері, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелері) қолданыс аймағы азаятын көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуге жол бермеу

өрескел

44

Жертөлелер мен цокольды қабаттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, газ толтырылған баллондарды, аэрозольдық буып-түюдегі тауарларды, целлулоидты және басқа жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтауға және қолдануға жол бермеу

өрескел

45

Қабаттардағы дәліздерден, холдардан, фойелерден, тамбурлардан және баспалдақ торларынан эвакуациялық шығулардың жобада көзделген есіктерін, эвакуациялау жолдарында қауіпті өрт факторларының таралуына кедергі келтіретін басқа есіктерді алып тастауға жол бермеу

өрескел

46

Өндірістік және қойма ғимараттарының үй-жайларында (V отқа төзімділік деңгейіндегі ғимараттан басқа) антресолді, аралық қабырғаны, тұрмыстық жайларды, қойманы және басқа да жанғыш материалдардан жасалған қоса салынған үй-жайлардан орнатуға жол бермеу

өрескел

47

Бір эвакуациялық шығуы болатын үй-жайларда 50 және одан артық адамның бір мезгілде болуына жол берілмеуі

өрескел

48

Жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарының талап етілетін санының болуы

елеулі

49

Өртке қарсы қабырғалардың қиылысқан орындарын, жабындарды және қоршау конструкцияларын әртүрлі инженерлі және технологиялық коммуникациялармен, түтінгазөтпейтін және қажетті отқа қарсы төзімділігін қамтамасыз ететін орын алған жарығтарды және тесіктерді құрылыс қосындысымен немесе жанбайтын материалдармен жабу

өрескел

50

Ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды әзірленбеген және бекітілмеген жобалау-сметалық құжаттамасыз функционалдық мақсатын өзгертуге, күрделі жөндеу жүргізуге, техникалық қайта жабдықтауға, реконструкциялауға және қайта жоспарлауға жол бермеу

болмашы

51

Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылымдардың шатырында сыртқы өрт сөндіру сатылары мен қоршауларының болуы, оларды жарамды күйде ұстау және пайдалану сынауынан өткізу

өрескел

52

Тұрмыстық газ аспаптарын қолдану кезінде жиһаздарды және басқа да жанғыш материалдарды жақын орналасқан тік бетке дейін көлденеңінен 0,2 м кем қашықтықта, тігінен оның үстінен өтетін көлденең беттен 0,7 м кем қашықтықта осы бұйымдарды орналастыруға жол бермеу

өрескел

53

Тұрмыстық газ аспаптарын (оның ішінде асхана плиталарын, су жылытқыш қазандарын, газ колонкасын) жабдықтайтын газ баллондарды (жұмыс және қосымша) ғимаратта орнатуға жол бермеу

өрескел

4. Эвакуациялық жолдар мен есіктерді ұстауға қойылатын талаптар

54

Ғимараттан, үй-жайдан эвакуациялық шығулардың саны және олардың жобалық шешімдерге сәйкес болуы (оның ішінде эвакуациялық жолдар мен шығуларға жарық түсіру, саны, өлшемдері және көлемдік-жоспарлау шешімдері бойынша, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы бойынша)

өрескел

55

Эвакуациялау жолдарында және ғимараттан шығатын бағыт бойынша еркін ашылатын есіктерді орналастыру

өрескел

56

Эвакуациялық шығатын есіктердегі тиектердің ғимарат (құрылыс) ішіндегі адамдарды ішінен кілтсіз еркін ашу мүмкіндігімен қамтамасыз етуі

өрескел

57

Эвакуациялау жолдарында пайдаланылатын "Шығу", "Эвакуациялық (қосалқы) шығу", "Эвакуациялық шығу есігі" деген көлемдік жарықтандыратын өрт қауіпсіздігі белгілерін жарамды және жарық индикациясы қосылған күйде ұстау

өрескел

58

Эвакуациялық жолдар мен шығуларды (оның ішінде есіктер, өтетін жерлер, дәліздер, тамбурлар, галереялар, лифті холдары, саты алаңдары, саты марштары, эвакуациялық люктер, аралас секцияға өту және сыртқы эвакуациялық сатыға шығу өткелдерін) түрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндірістік қалдықтармен, қоқыспен және басқа заттармен үйіп тастауға, сондай-ақ эвакуациялық шығу есіктерін шегелеп тастауға жол бермеу

өрескел

59

Шығу тамбурларында киімге арналған кептіргіштер мен ілгіштер, гардеробты орналастыруға, сондай-ақ мүкаммәл мен материалдарды (оның ішінде уақытша) сақтауға жол бермеу

өрескел

60

Басқа да (қайталаушы) эвакуациялық жолдар немесе оларды қолмен ашуға және ашық күйде ұстауға мүмкіндік беретін техникалық шешімдер болмаған кезде эвакуациялау жолдарында табалдырықтар (есіктердің ойықтарындағы табалдырықтарды қоспағанда) орнатуға, жылжымалы және көтеріліп-түсірілетін есіктер мен қақпалар, айналатын есіктер мен турникеттер, сондай-ақ адамдарды еркін эвакуациялауға кедергі келтіретін басқа құрылғыларды орнатуға жол бермеу.

өрескел

61

Отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттардан басқа, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында баспалдақтар мен саты алаңдарының қабырғаларын, төбелері мен едендерін әрлеу, қаптау және сырлау үшін өрт қауіптілігі сыныбына сәйкес келмейтін жанғыш материалдарды қолдануға жол бермеу.

өрескел

62

Саты торларының, дәліздердің, холдар мен тамбурлардың өздігінен жабылатын есіктерін ашық күйінде бекітуге, сондай-ақ оларды алып тастауға жол бермеу

өрескел

63

Түтіндемейтін саты торларының ауа аймақтарын шынылауға немесе жалюздер жабуға жол бермеу

өрескел

64

Үй-жайдың технологиялық, көрмелік және басқа жабдықтарын орналастырған кезде эвакуациялаудың саты алаңдарына және басқа жолдарына эвакуациялық өтетін жерлердің болуы

өрескел

65

Адамдар жаппай жиналатын үй-жайларда едендерге төселген кілемдердің, кілем алашалардың және басқа да жабындардың еденге бекітілуі

өрескел

5. Электр желілерін, электр қондырғыларын және электр техникалық өнімдерді пайдалануға қойылатын талаптар

66

Жанғыш шатырдың, қалқаның, сондай-ақ жанғыш заттар, материалдар мен бұйымдардың ашық қоймаларының (қатар, шөмеле) үстінде электр берілісінің ауа желілерін төсеуге және пайдалануға жол бермеу.

өрескел

67

Дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында баяндалған қауіпсіздік талаптарын бұзумен электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды, бұзылулары өрттің туындауына әкелуі мүмкін электр қабылдағыштарын пайдалануға (ұшқын, қысқа тұйықталу, кәбілдер мен сымдардың оқшаулауының рұқсат етілгеннен жоғары қызуын, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғауды автоматты басқару жүйелерінің істен шығуын тудыратын), сондай-ақ зақымдалған немесе оқшаулаудың қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан электр сымдары мен кәбілдерін пайдалануға жол бермеу.

өрескел

68

Зақымдалған және бекітілмеген розеткаларды, шаппа қосқыштарды, басқа электрлік қондырғы бұйымдарын қолдануға, уақытша-электр желілерін пайдалануға жол бермеу

өрескел

69

Конструкцияда көзделген жылу реттегіштер болмаған немесе бұзылған кезде электр қыздырғыш аспаптарды қолдануға жол бермеу

өрескел

70

Электр шамдары мен шырағдандарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен орауға, сондай-ақ шырағданның конструкциясында көзделген қалпақтары (шашыратқыштары) және қорғаныш торлары алынып қалған шырағдандарды пайдалануға жол бермеу

өрескел

71

Егер болуы дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында көзделген болса, электр үтіктерді, электр плиткаларды, электр шәйнектерді және басқа электрмен қыздырылатын аспаптарды өрттің туындау қаупін болдырмайтын арнайы тұғырықтарсыз (қоректену цокольдері, қыздырғыш дөңгелектер) пайдалануға жол бермеу

өрескел

72

Электрмен қыздырылатын аспаптарды барлық жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті үй-жайларда қолдануға жол бермеу

өрескел

73

Стандартты емес (қолдан жасалған) электрмен қыздырылатын аспаптарды қолдануға, калибрленбеген балқыма өндірмелерді және ток күшінің көбеюі мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған басқа аппараттарды пайдалануға жол бермеу

өрескел

74

Электрлік қалқандар, электр қозғалтқыштар және іске қосу аппаратурасы, дәліздер мен бөлмелердегі жабық тарату қондырғылары жанында жанғыш (оның ішінде тез тұтанатын) заттар мен материалдарды орналастыруға (қатарлап қоюға) жол бермеу

өрескел

75

Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарда дайындаушы-зауыттың жарылыстан және (немесе) өрттен қорғау деңгейі мен түрінің белгісі жоқ электр жабдығын қолдануға жол бермеу

өрескел

76

Стационарлық жабдықтың жай-күйін, авариялық және жұмыс жарықтандырудың электр сымдарының жай-күйін тексеру, сымдардың, кәбілдер мен жерге тұйықтау құрылғыларының оқшаулағышының кедергісін сынау және өлшеуді кемінде үш жылда бір рет жүргізілуі.

өрескел

77

Электр қондырғыларының барлық ток жүргізу бөліктерін, тарату құрылғыларын, аппараттары мен өлшеуіш аспаптарын, сондай-ақ бөлгіш түріндегі сақтандыру құрылғыларын, ажыратқыштарын және барлық өзге де іске қосатын аппараттары мен аспаптарын тек жанбайтын негізге (мрамор, текстолит, гетинакс) монтаждау.

өрескел

78

Сымдар мен кәбілдердің талсымдарын жалғау, ұштау және тармақтауды өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, балқытып біріктіру немесе арнайы қысқыштар көмегімен жүргізу

өрескел

6. Ғимараттар мен құрылыстардың жылу беру және желдеткіш жүйелерін ұстауға қойылатын талаптар

79

Жылу шығаратын аппараттарды пайдалану шарттарын бұзуға, оларды осы мақсатқа бейімделмеген үй-жайларда (орындарда) орналастыруға жол бермеу

өрескел

80

Жылу өндіретін аппараттардың жану өнімдері ғимараттар мен құрылыстардан тыс жерде осы мақсаттарға арналған түтін арналары арқылы жойылуы. Түтін арналары ретінде желдету жүйесінің ауа өткізгіштерін пайдалануға жол бермеу.

өрескел

81

Түтін арнасының конструкциясында оларды күйеден кезеңдік тазартуға арналған технологиялық тесіктер болуы

елеулі

82

Қатты отынмен жұмыс істейтін жылу шығаратын аппараттардың от жағатын есігі астындағы жанғыш материалдардан жасалған еденде пеш бойымен ұзыннан орналасқан тесіктерсіз кемінде 0,5 х 0,7 м болатын өлшемдегі оттық алдындағы металл тіліктің болуы

елеулі

83

Сұйық отынмен жұмыс істейтін аппаратты авариялық төгілу кезінде отын багында болатын отынның барлық мөлшерін толтыратын металл тұғырыққа орнату.

елеулі

84

Тұрғын үй-жайларда тұтану температурасы 40oС төмен болатын сұйық отынмен жұмыс жасайтын жылу шығаратын аппараттарды, сондай-ақ жылу беру жүйелерінде жылу тасымалдағыш ретінде жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға жол бермеу

өрескел

85

Сұйық, қатты және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жылу шығаратын аппараттардың бұзылмаған есіктері және жанғыш конструкциялардан нормалармен белгіленген өртке қарсы бөліктердің (шегініс) болуы

өрескел

86

Жылу қазандықтары мен жылу шығаратын қондырғылардың әрбір бүріккішіне арналған отын өткізгішінде кемінде екі вентильдің болуы: біреуі – пештің оттығы жанында, екіншісі - отын салынған сыйымдылық жанында.

елеулі

87

Жылу пештері мен жүйелерінің түтін құбырларын, мұржаларын және басқа элементтерін тікелей жылу беру маусымының алдында, сондай-ақ жылу беру маусымы бойы тазалау

елеулі

88

Жанатын құрылыстардан 8 метрден жақын емес орналасқан, арнайы бөлінбеген алаңдарда немесе осы мақсаттарға арналмаған үй-жайларда жылу шығаратын отынды сақтауға жол бермеу.

өрескел

89

Пешті пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға жол бермеу

өрескел

90

Отын беру жүйелерінен сұйық отын аққан немесе газдың кемуі, мұржаның ақауы және басқа да ақаулар кезінде жылу шығаратын қондырғыларды пайдалануға жол бермеу

өрескел

91

Жылу шығаратын қондырғыларының конструкциясымен көзделген бақылау және реттеу аспаптары болмаған, бұзылған немесе сөндірілген кезде пайдалануға жол бермеу

өрескел

92

Киімдерді және жанғыш материалдарды жылу аппараттарында және оның жанында кептіруге жол бермеу.

өрескел

93

Жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы тілікке орналастыруға жол бермеу

өрескел

94

Қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға жол бермеу

өрескел

95

Жанғыш заттар мен материалдарды пештер мен мұржалардың беттерінен кемінде 0,5 м арақашықтықта кептіруге жол бермеу

өрескел

96

Өрттің туындау мүмкіндігін болдырмайтын, күлді және шлакты орналастыруға арнайы қашықтатылған жердің болуы және оларға су құю.

өрескел

97

Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды пештердің оттығының саңылауларына дейін кемінде 1,25 м болатын және пештің басқа қыздырылатын бөліктеріне дейін кемінде 0,7 м болатын арақашықтықта орналастыруға жол бермеу

өрескел

98

Қазандық қондырғыларының мұржа құбырларының ұшқын сөндіргіштерінің болуы

өрескел

99

Зауытта дайындалған пештерді жатақханаларда, әкімшілік, қоғамдық және әкімшілік және тұрмыстық өнеркәсіптік кәсіпорындар ғимараттарында, тұрғын үйлерде орнатқан кезде дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығын, сондай-ақ жылу беру жүйелеріне қойылатын жобалау нормаларының талаптарын сақтау

елеулі

100

Уақытша металл пештердің аяқтарының биіктігі кемінде 0,2 м болуы

елеулі

101

Металл пештердің аяқтарын кемінде мынадай арақашықтықта орнату:
1 м – ағаш конструкциялардан, жиһаздан, тауарлардан, стеллаждардан, сөрелерден, сатушы үстелдерінен және басқа жабдықтардан;
0,7 м – жанудан қорғалған конструкциялардан;
1,25 м – оттық саңылауларынан бастап ағаш конструкциялары мен басқа жабдықтарға дейін.

өрескел

102

Жылу шығаратын аппараттардың металл құбырларын терезе арқылы шығарған кезде талаптардың сақталуы

өрескел

103

Желдеткіш жұмыс істемегенде қыздырғыш элементтерге электр энергиясын беруге жол бермейтін жарамды дабылы мен бұғаттағышы және электр мен жылудан қорғалып көзделген, шығатын ауаның температурасын бақылау және оны реттеу автоматикасы бар электркалориферлерді пайдалану

елеулі

104

Отқа төзімді және жанбайтын материалдардан әртүрлі мақсаттағы желдету жүйелерінің түтінге қарсы ағатын-соратын желдету жүйелерінің және транзиттік арналарының (оның ішінде ауа арналар, коллекторлар, шахталар) ауа жолдары мен арналар конструкцияларын орнату

елеулі

105

Өртке қарсы қалыпты ашылатын клапандардағы автоматты және қашықтан басқарылатын жетектердің болуы

елеулі

106

Қоршайтын құрылыс конструкцияларының қиылысатын тораптарының отқа төзімділігі осындай арналарға қажет болатын шегіндегі желдету жүйелерінің арналарымен және тіреулер конструкцияларының (аспалар) отқа төзімділігімен сәйкестігі

елеулі

107

Желдеткіш камераларында қандай да бір жабдық пен материалдарды сақтауға және оларды жабық күйде ұстауға жол бермеу.

елеулі

108

Ауа өткізгіштердегі от жалынын бөгейтін құрылғылардың (жапқыштар, шиберлер, клапандар), автоматты өрт сигнализациясы немесе өрт сөндіру құрылғылары бар желдеткіш жүйелерінің бұғаттау құрылғыларының, өрт кезінде желдеткішті автоматты түрде өшіретін құрылғылардың техникалық құжаттамада белгіленген мерзімдерде тексерілуі және жарамды күйде ұстауды тексеру. Ысырма жетегінің сезгіш элементтері (тез балқитын құлыптар, тез жанатын қондырмалар, термосезгіш элементтер) жанғыш шаңмен ластанудан уақтылы тазарту. Желдеткіш камераларды, циклондарды, сүзгілерді, ауа өткізгіштерді жанған оттың шаңынан және өндіріс қалдығынан тазалау

елеулі

109

Желдеткіш, ауа баптау және түтінге қарсы қорғау (оның ішінде отқа төзімділік және түтін-газ өткізуге қарсылық шектері) жүйелерінің сынау параметрлерінің болуы

елеулі

7. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін ұстауға қойылатын талаптар

110

Өртке қарсы табиғи және жасанды сумен жабдықтау көздерінің (оның ішінде өртке қарсы су құбыры, өрт сөндіру су қоймалары, өрт сөндіру мақсатына арналған суды сақтау сыйымдылықтары), сондай-ақ суды жинау үшін оларға кіре берістердің жобалау құжаттамасына сәйкес болуы және олардың ақаусыз күйде ұсталуы

өрескел

111

Өртке қарсы су құбыры желілерінің, өрт сөндіру гидранттары мен өрт сөндіру крандарының жылына екі реттен (көктемде және күзде) кем болмай су жібергіштігін және жұмыс қабілеттілігін тексеру

елеулі

112

Өрт сөндіру гидранттарын қысқы уақытта жылытуы және қар мен мұздан тазарту

елеулі

113

Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің (өрт сөндіру гидранттарын, өрт сөндіру су айдындарын, өрт сөндіру крандарын) қауіпсіздік белгілерімен және көрсеткіш белгілерімен қамтамасыз етілуі

елеулі

114

Өртке қарсы ішкі су құбырының өрт сөндіру крандарының жеңқұбырлармен және оқпандармен жиынтықталуы

елеулі

115

Өрт сөндіретін жеңқұбырларын құрғақ, жақсы шиыршықталған және крандар мен оқпандарға жалғанған күйінде күтіп ұсталуы

елеулі

116

Кәсіпорынды электрмен жабдықтауды, өрт сөндіру сорғыларының электр қозғалтқыштарын үздіксіз қоректендіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың болуы және жұмысқа жарамды жағдайда ұсталуы

елеулі

117

Сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларында су өлшегіш қондырғылар торабында электрлі жетек тетіктерінің болуы. Егер болған жағдайда өрт шкафтарында орнатылған тетік түймесінен ашылуы және өртке қарсы көтеру сорғысының қосылуы.

елеулі

118

Су тегеуріні мұнаралардың жылдың кез келген уақытында өрт сөндіру техникасының су жинауына бейім болуы. Өрт сөндіру мақсаттарына арналған су қорын шаруашылық және өндірістік қажеттіктер үшін пайдалануға жол бермеу.

елеулі

8. Өрт автоматика жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қойылатын талаптар

119

Тиісті дайындықтан өткен мамандармен немесе арнайы мамандандырылған ұйымдармен шарт бойынша техникалық күтім және жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуді ұйымдастыру арқылы өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жұмысқа жарамды жағдайда ұстау

өрескел

120

Қызмет көрсетуші персоналға арналған "Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың" және "Кезекші (жедел) персоналға арналған нұсқаулықтың" болуы

болмашы

121

Өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен жабдықталған объектіде техникалық құжаттаманың болуы

болмашы

122

Қызмет көрсететін персоналдың объектіде жабдықталған өрт автоматикасы қондырғалары мен жүйелерінің жұмыс принципін және құрылысын білуі

болмашы

123

Техникалық құралдың құжаттамасында көрсетілген қызмет көрсету мерзімінің аяқталғанынан кейін, сондай-ақ осы қондырғылардың және жүйелердің бұзылуы кезінде өрт автоматикасы қондырғыларын және жүйелерін техникалық куәландырудан өтуі

елеулі

124

Қандай-да бір қондырғыны бекіту немесе ілу үшін автоматты өрт сөндіру қондырғыларының құбырларын пайдалануға жол бермеу.

елеулі

125

Автоматты өрт сөндіру қондырғыларының құбырларына өндірістік қондырғыларды және санитарлық аспаптарды жалғауға жол бермеу.

елеулі

9. Өнеркәсіп кәсіпорындарына қойылатын талаптар

126

Технологиялық жабдықта, құбыр жолдарды және басқа да орындарда статикалық электрден қорғау жүйелерінің ұшқын басқыштар, ұшқын ұстағыштар, от тоқтататын, отқа бөгет жасайтын, шаң мен металл тұтқыш және жарылысқа қарсы құрылғылары жұмыс жағдайында ұстау

өрескел

127

Резервуарлардан (сыйымдылықтардан) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар үлгілерін алу және деңгейді өлшеу күндізгі уақытта соққан кезде ұшқын шығуды болдырмайтын құралдармен жүзеге асыру. Көрсетілген операцияларды найзағай жарқылдап тұрған кезде, сондай-ақ өнімді тартып ағызу және тартып шығару кезінде орындауға жол бермеу.
Осындай сұйықтықтарды резервуарларға (сыйымдылықтарға) "құламалы ағыспен" беруге жол бермеу

өрескел

128

Шаң жинайтын камералар мен циклондардың есіктері мен люктерін оларды пайдалану кезінде жабық күйде ұстау. Камералар мен циклондарда жиналған жанғыш қалдықтарды уақтылы жою

елеулі

129

Өндірістік ғимараттарды, кәсіпорынның аумақтарындағы қоймаларды тұру үшін пайдалану, сондай-ақ өндірістік шеберханалардың қоймаларында орналастыруға жол бермеу

елеулі

130

Жаяу жүру тоннелдері мен қоймалардың өту жолдарында, жабдықты, жанғыш материалдарды сақтауға, жанғыш материалдардан жасалған стендтер мен плакаттарды ілуге, сондай-ақ күштік кәбілдерді, газ, қышқыл, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын құбыр жолдарын төсеуге жол бермеу

өрескел

131

Қоймалар мен өндірістік үй-жайлар арқылы транзитті электр желілерді, сондай-ақ жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш шаңдарды тасымалдауға арналған құбыр жолдарын төсеуге жол бермеу

елеулі

132

Өндірістік объектілерде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімді көздейтін өрт жою жоспарының болуы

елеулі

133

Жұмыс орындарына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды беруді бір орталықтан жүзеге асыру. Цехтың қоймаларына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, бояуларды, лактарды, еріткіштерді бір мезгілде сақтаудың барынша рұқсат берілген мөлшерінің нормативін белгілеу. Жұмыс орындарында ауысым қажеттілігінен аспайтын (пайдалануға дайын түрдегі) материалдар көлемін сақтау. Бұл ретте ыдыстарды тығыз жабу қажет

елеулі

134

Қабырғалар мен жабындардағы технологиялық ойықтарды отқа бөгет жасайтын құрылғылармен қорғау

өрескел

135

Жарылыстың алдын алу клапандарын қорғау мембраналарының желілер мен адсорберлерде материал түрі және жалпақтығы бойынша жобалық шешімге сәйкестігі

елеулі

136

Жанғыш сұйықтық қолданылатын гидро жүйелерде бактағы майдың деңгейіне бақылаудың болуы және жүйедегі май қысымының паспортта көзделгеннен жоғары артуына жол бермеу

елеулі

137

Майдаланған ағаш бөліктерінің бункерлері мен қалыпталған машиналарды сыйымдылықта разрядты ұстайтын аспирация жүйесімен және олардың толғаны туралы хабарлайтын сигнализация тетіктерімен жабдықтау

елеулі

138

Барабанды кептіргішті және құрғақ жаңқа мен шаң бункерлерін автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен және жарылысқа қарсы құрылғылармен жабдықтау

елеулі

139

Шаң және жаңқа материалдарын тасымалдау жүйесін оттың таралуын болдырмайтын құралдармен және жануларды жоюға арналған люктермен жарақтау

өрескел

140

Аспирациялық және пневмокөліктік жүйелерден ағаш жаңқаларын және басқа да жарылу қаупі бар шаңдарды жинауға арналған сыйымдылықтар жарамды күйдегі жарылысқа қарсы құрылғылармен жабдықтау

елеулі

141

Ағаш жаңқалы плиталардың термиялық өңдеу камераларынан жарылыс қауіпті газдарды шығару үшін сору құбырының шиберін әр 15 минут сайын 2-3 минутқа ашуға арналған автоматты құрылғының болуы

елеулі

142

Өңдеу камералары мен май ванналарындағы температураны автоматты түрде бақылау

елеулі

143

Жағу газдарын пайдаланатын кептіру барабандарын ұшқын тұтқышпен жабдықтау

елеулі

144

Сіңдіру, пісіру және жанғыш сұйықтықтары бар басқа да ванналарды ғимараттан тыс жерде орналасқан жер асты сыйымдылықтарына авариялық құю құрылғыларымен жабдықтау. Әрбір ваннаны жанғыш буларды жергілікті сорумен жабдықтау

елеулі

145

Ауа-бу және газ камераларының енгізу және сору каналдарын өрт туындаған кезде арнайы жабылатын қалқандармен (сұқпа жапқыштармен) жабдықтау

өрескел

146

Газ кептіру камераларын желдеткіш тоқтап қалған жағдайда жанатын газды автоматты түрде тоқтататын жарамды құрылғылармен жабдықтау

елеулі

147

Газ кептіру камераларының алдында ұшқынның кептіру камераларына түсуін болдырмайтын ұшқын тұтқыштар орнату

елеулі

148

Үстінде жарығы бар және жұмыс істемейтін ұшқын тұтқыштары бар кептіру қондырғыларын пайдалануға жол бермеу

өрескел

149

Отынмен кептіру бөлімшелерін кептіру агентінің температурасын бақылауға арналған жарамды аспаптармен жабдықтау

елеулі

150

Кептіру камераларын камерада жану пайда болған кезде калориферлер желдеткіштерін өшіретін және стационарлық өрт сөндіру құралдарын қосатын құрылғылармен жабдықтау

өрескел

151

Шикізаттарға, жартылай дайын өнімдерге және сырланған дайын бұйымдарға арналған кептіру камераларын (үй-жайларды, шкафтарды) температура қалыпты мөлшерден көтерілген кезде қыздыруды өшіретін автоматикамен жабдықтау

елеулі

Агломерациялық өндірістерді және металданған домалақшалар өндірістерді ұстауға қойылатын талаптар

152

Сөндірілмеген әкті отқа төзімділігі ІІ дәрежеден төмен емес, едені жердің үстіңгі қабатынан кемінде 0,5 метр арақашықтықты көздейтін арнайы үй-жайларда сақтау

елеулі

Домналық, болат балқытқыш, электр болат балқытқыш және ферроқорытпалық өндірістерді ұстауға қойылатын талаптар (жалпы талаптар)

153

Домна, болат балқытатын пештер тегістеулерінің, конвертерлердің, миксерлердің, шөміштердің және балқытылған металдарға арналған басқа сыйымдылықтардың жай-күйі мен жарамдылығы

елеулі

154

Кәбілді туннельдерге, құю орнына тікелей жақын орналасқан май жертөлелеріне, сондай-ақ балқытылған металдарды тасымалдау орындарына кіретін жерлерді балқытылған металдан биіктігі кемінде 300 миллиметр табалдырықтармен қорғау

елеулі

155

Электр механизмдердің, электр жабдықтардың және гидрожетектер қондырғыларының кәбілдерін металды, шлакты құю орындарында және жоғары температуралы басқа аймақтарда механикалық зақымданулардан, сәулелі жылудың әсерінен, сондай-ақ оларға балқытылған металл мен шлактың шашырап кетуінен қорғау

елеулі

Домналық өндірісін ұстауға қойылатын талаптар

156

Колошник алаңы мен зерттеу жұмыстарына арналған алаңды екі шығу жолымен қамтамасыз ету

өрескел

157

Домна пештерін қаптаманың температурасын пештің барлық биіктігі мен ауданы бойынша бақылау аспаптарымен жабдықтау

елеулі

158

Өндірістің материалдары мен қалдықтарын домна пештерінің іргетастарына жинауға жол бермеу

болмашы

159

Күйіп кетпеуін бақылау үшін ауа фурмаларын сигнализация құрылғыларымен жабдықтау. Күйіп кеткен фурмалық аспаптарда жұмыс істеуге жол бермеу

елеулі

Болат балқыту өндiрiсiн ұстауға қойылатын талаптар

160

Балқытылған металл және шлактың түсуі ықтимал орындарда жабдықтың кез келген түрін сақтауға және материалдарды (оның ішінде жанғыш) жинауға жол бермеу

елеулі

161

Мазуты бар шығыс бактарды пештердің астына орналастыруға жол берілмеу, бактарды пештерден кемінде 5 метр арақашықтықта орналастыру және арнайы жылудан қорғайтын сенімді экрандармен қорғау

елеулі

162

Өрт болған жағдайда мазутты түсіруге арналған авариялық сыйымдылықтары бар жабық түсіру және құю құбыр жолдарымен шығыс бактарды біріктіру

өрескел

163

Салқындатқышта конвертерлік газдар шығып тұрған кезде конвертердің жұмыс істеуіне жол бермеу

өрескел

164

Кептіруге болат балқытқыш пештерді, конвертерлерді, миксерлерді қойған кезде газды тұтату үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол бермеу

өрескел

165

Өрт жарылыс қаупі бар материалдар мен қоспаларды сақтау, дайындау және жасау орындарында олардың негізінде ашық отты қолдануға жол бермеу

өрескел

166

Алюминий-магний, алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын селитрамен, қышқылдармен, сілтілермен және тотықтырғыштармен, сондай-ақ жанғыш материалдармен бірге тасымалдауға және сақтауға жол бермеу

елеулі

167

Тез жанатын шихта материалдары бар бункерді шихта крандары троллейінің астына орналастыруға жол бермеу

елеулі

Электр болат балқыту және ферроқорытпа өндiрiстерін ұстауға қойылатын талаптар

168

Пеш трансформаторларын өрт сөндіру құралдарымен және трансформаторда майдың толық көлемділігіне есептелінген авариялық май қабылдағыштармен қамтамасыз ету

елеулі

169

Индукциялық және доғалы вакуум пештердің вакуумдық камераларын, сондай-ақ электрондық-сәулелік пештердің қорытпа камераларын жарылыстан сақтандыратын қақпақшалармен жабдықтау

өрескел

170

Газ бен шаңның тұтануын, жарылысын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталмаған электр болат қорытпа және кенді қалпына келтіру пештерінен газ шаңның бөлінуін бұру жүйелерін пайдалануға жол бермеу

елеулі

171

Сұйық алюминийді тозаңдату бункерлері, камералары тозаңға айналдыру процесінде ыстық ұнтақтың конвейерлік лентаға түсуін болдырмайтын бекітпелермен жабдықтау

елеулі

172

Алюминий ұнтағының қышқылдануын, өздігінен жануын және жарылуын болдырмау үшін оны өндіру және сақтау орындарында ылғал мен дымқылдың болуына жол бермеу

өрескел

173

Алюминийден, магнийден және олардың негiзiндегi қорытпалардан жасалған ұнтақтар мен опаларды өндiруге арналған үй-жайларда жертөлелердi, жертөле арналары мен ойықтарды орнатуға жол бермеу.

елеулі

174

Алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын селитрамен, қышқылдармен, сілтілермен және басқа да тотықтырғыштар және жанғыш заттармен бірге сақтауға және тасымалдауға жол бермеу

елеулі

175

Тез тұтанатын материалдар немесе тез жануға бейім материалдарды (магний жоңқасы және магний қорытпалары, селитра, бертолет тұзы, термит қоспасы) металл термиялық цехтардың балқыту корпустарында арнайы бөлінген орындарда екі тәуліктік қажеттілікте аспайтын мөлшерде жабық металл ыдыста (банкаларда, бөшкелерде) сақтау

елеулі

176

Өздігінен жанатын материалдарды сақтауға арналған бункерлерді жұмысы өрт сөндіру құралдарын іске қосуымен бұғатталған, осы материалдардың температурасын бақылауға арналған қондырғылармен жабдықтау

елеулі

Жалға беру, құбырларды жалға беру және метиз өндiрiстерiн ұстауға қойылатын талаптар

177

Гидрожетектің жүйелерін май құбыры үзілген кезде қысым ысырмаларын автоматты жауып тастауға арналған құрылғымен жабдықтау

елеулі

178

Май шаруашылығын пайдалану кезінде ашық от көзін қолдануға, май жертөлелерінде және май толтырылған жабдықтың жанында ұшқындауға жол бермеу

өрескел

179

Май жертөлелері мен кәбілді туннельдерін оларға жұмыс алаңдарынан қабыршақтар, ұшқындар және тұтанудың басқа көздерінің түсуін болдырмау үшін жауып ұстау

елеулі

180

Туннельдер мен май жертөлелерінің желдеткіш құрылғыларының өрт болған жағдайда автоматты сөнуін қамтамасыз ету

өрескел

181

Мойынтіректер тораптарын қайта іске қосуға арналған ванналар, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтарды құюға арналған мазутқа арналған шығыс бактарын, цех ғимаратынан тысқары орналасатын авариялық сыйымдылықтармен қамтамасыз ету

өрескел

182

Қорғаныш жарылыс қаупі бар газдарды қолданатын учаскелерде жарылыс қаупі бар шоғырландырудың құрылуының алдын алатын технологиялық автоматиканы жарамды күйде ұстау

өрескел

183

Металды термиялық өңдеу (лентаны үздіксіз күйдіру) кезінде қорғайтын газы жоқ ерітілген натрийі бар ваннаны пайдалануға жол бермеу. Судың немесе дымқыл материалдардың натрийі бар ваннаға түсіп кетуіне жол бермеу

өрескел

184

Жұмыс орындарында титан және оның қорытпаларының үгінділерінен, жаңқаларын және басқа да қалдықтарын сақтауға жол бермеу. "Титан қалдықтары" деген жазуы бар контейнерлерді желдеткіші тұрақты жұмыс істейтін арнайы бөлінген құрғақ үй-жайда сақтау

елеулі

Отқа төзімді өндірісін ұстауға қойылатын талаптар

185

Қоспаны қыздыру және керосинде парафинді, стеаринді еріту үшін ашық отты, ашық электр спиральдарын немесе температурасы 100°С жоғары басқа беттік қабаттарды қолдануға жол бермеу

өрескел

186

Керосин-стеаринді қоспаларды дайындау және қолдану учаскелерінде өртсөндіргіштер болмағанда жұмыс істеуге жол бермеу

елеулі

187

Керосин-стеаринді қоспалардың төгілуіне жол бермеу және бұйымдарды қосымша жаншу кезінде жұмыс орындарында керосин-стеаринді қоспалардың қалдықтарын жинауды жүзеге асыру

елеулі

188

Жанғыш (жарылыс қауіпті) газдарды отын және қалпына келтіру ортасы ретінде қолдануға жол бермеу

өрескел

Бояу, шаю, майын кетiру және жууға арналған цехтарға, учаскелерке, қондырғыларға қойылатын талаптар

189

Бояу цехтарының (учаскелерінің) бояу дайындайтын бөлімшелерін бөлек сыртқа дербес шығу жолымен қамтамасыз ету

өрескел

190

Лак-бояу дайындау, бояу және бензинмен жуу жұмыстары жүргізілетін үй-жайлардың едендерін соққан кезінде ұшқын шығармайтын, жанбайтын материалдардан жасау

елеулі

191

Кемінде екі метр биіктіктегі үй-жайлар қабырғаларының ішкі қабаты ластанудан оңай тазаланатын, жанбайтын материалмен қаптау

өрескел

192

Цехтың, учаскенің, қондырғының барлық есіктерін сыртқа немесе ғимараттан жақын шығатын жаққа ашылатындай етіп орнату

өрескел

193

Бояу жұмыстары, бөлшектерді шаю бояйтын шкафтар, ванналар, камералар мен кабиналардан жергілікті сорып алатыны бар қолданыстағы ағынды және сорғыш желдеткіштері болған кезде ғана жүргізу. Қондырғылардың жұмысын, сондай-ақ нитро негіздегі жабындарды, бензинді және басқа да желдету жүйесі бар тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, шаю, лактау, жуу және майсыздандыру операциясына беру жүйелерін бұғаттау

елеулі

194

Бояу шкафтарын, камераларын және кабиналарының сорғыш желдеткішін сумен суландырғыштарсыз (гидро сүзгілер) немесе жанғыш бояулар мен лактардың бөлшектерін ұстап алуға арналған басқа тиімді қондырғыларсыз пайдалануға жол бермеу

елеулі

195

Отты кабиналар мен ауа өткізгіштегі бояудың шөгінділерін күйдіру үшін қолдануға жол бермеу

өрескел

196

Бұйымдар мен бөлшектерді жуу және майсыздандыру үшін жанбайтын құрамдар, пасталар, еріткіштер және басқа да өрт тұрғысынан қауіпсіз техникалық жуу құралдарын қолдану

елеулі

197

Каустикалық соданы, селитраны, саптамаларды арнайы жабдықталған үй-жайда сақтау

елеулі

198

Қышқылдарды сақтау орындарын оқыс төгілген қышқылдарды тезарада бейтараптандыру үшін дайын бор, әк немесе сода ерітіндісімен қамтамасыз ету.

елеулі

199

Лак-бояу материалдарының ыдысын тығыз жабылған күйде және ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 20 метр қашықтықта орналасқан арнайы алаңдарда сақтау

елеулі

200

Май жағылғаннан кейін құбырлар мен басқа бұйымдарды салуға арналған сөрелерді кейіннен оны сора отырып, ағызып және бұрып жіберуге арналған қондырғылармен жабдықтау

елеулі

Газ жабдықтарын пайдалануға қойылатын талаптар

201

Объектілерде құрылыс, күрделі жөндеу, реконструкциялау және (немесе) техникалық қайта жабдықтау аяқталғаннан кейін пайдалануға енгізілетін тұрмыстық және өнеркәсіптік аспаптарға оны жағу үшін газ әкелетін құбыр желілерін өрт кезінде үй-жайда 1000С ортаның температурасына жеткен кезде, газ құбырын автоматты түрде жабатын жылу сезгіш ілгекті құрылғылармен (клапандармен) жабдықтау

өрескел

202

Жылу сезгіш ілгекті құрылғыларды (клапандарды):
1) отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттарда, сондай-ақ ғимараттың шетінде орналасқан газ құбырлары электр магнитті және газ талдағыш немесе автоматты өрт сигнализациясы іске қосылған кезде, газ құбырын жабатын клапанмен жабдықталған ғимараттарда;
2) газ құбырлары электрмагниттік клапанмен жабдықталған, ал газ жағуға арналған қондырғылары бар үй-жайлары автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қорғалған қауіпті өндірістік объектілер ғимараттарында орнатуға жол бермеу

елеулі

203

Аммиак бар баллондарды мұздатқыш қондырғылардың машина бөлімшелерінде сақтауға жол бермеу.

елеулі

204

Аммиакты салқындату қондырғыларының машина және аппараттар бөлімшелерінің үй-жайларын жарылыс кезінде (оның ішінде оңай тасталатын конструкциялар, сындырылған панельдер, арнайы шынылау, терезе блоктарының ашылатын фрамугалары) қираудан қорғауға арналған құрылғылар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігі және үнемі жарамды күйде ұстау. Салқындату камераларының және салқындатқыш агрегаттардың үй-жайларын тікелей мақсатынсыз пайдалануға жол бермеу

елеулі

205

Аммиагы бар баллондарды жұмыс істейтін жылу беру аспаптарынан кемінде 5 метр арақашықтықта орналастыру. Аммиагы бар баллондарды жүйелерді толтыруды тездету үшін қыздыруға жол бермеу

елеулі

206

Салқындатқыш камераларының өртке қарсы белдіктерінде тесіктер салуға, түтіктер өткізуге, бекітулер орнатуға, сондай-ақ оларды жанғыш материалдармен қаптауға жол бермеу

елеулі

207

Салқындатқыш агрегаттарды салқындату камераларының тамбурларында орналастыруға жол бермеу. Басқа үй-жайлардан сыртқа шығатын немесе дәліз арқылы есіктермен бөлінген шығу жолы болатын машина бөлімінде салқындатқыш қондырғылардың камераларын тұздықпен салқындатып орналастыру

өрескел

208

Пайдалану және жөндеу процесінде жобада көзделген салқындату камераларының жанбайтын жылу оқшаулауын жанатын жылу оқшаулауына ауыстыру жүргізуге жол бермеу

өрескел

209

Машина және аппарат бөлімшелерінің желдету жүйелерін басқа үй-жайлардың желдету жүйелерінен бөлу

өрескел

210

Аппарат және машина бөлімшелерінің авариялық жарықтандыруын жарамды күйде ұстау

елеулі

211

Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелеріндегі жарылыстан қорғайтын электр жабдығын техникалық жарамды күйде ұстау

елеулі

212

Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелерінің үй-жайларын пайдалану процесінде жеңіл лақтырылатын элементтерін (панелдерді, терезелерді, есіктерді) конструкциялардың басқа түрлеріне ауыстыруға жол бермеу

өрескел

213

Компрессорлық бөлімшелер үй-жайларында компрессорлармен конструктивтік немесе технологиялық байланысы жоқ аппараттарды немесе жабдықтарды орнатуға, сондай-ақ кеңселер мен қоймалар жасауға жол бермеу

елеулі

214

Салқындатқыш агенттері бар құбыр жолдардың қолданыстағы орналасу схемаларын, сондай-ақ салқындатқыш агентті жоспарды әзірлемей және оны бекітпей ауыстыруға жол бермеу

елеулі

10. Автокәсіпорындарға, көліктерге қызмет көрсететін объектілерге, автотұрақтарға (паркингтерге) қойылатын талаптар

215

Ашық тұрақ аумақтарында көлік құралдарына шағын жөндеу мен ағымды техникалық қызмет көрсетуді беті қатты алаңшаларда жүзеге асыру бойынша талаптарды сақтау

болмашы

216

Көлік құралдарына шағын жөндеу мен ағымды қызмет көрсетуді жүзеге асыруға арналған әрбір алаңшада өрт сөндіру қалқандардың болуы

елеулі

217

Көлік құралдарын ашық сақтау гараждарының үй-жайлары мен алаңшаларын өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар болған кезде эвакуациялауға кедергі жасауы мүмкін заттар мен жабдықтармен үйіп тастауға жол бермеу

елеулі

218

Гараждар мен ашық тұрақтарды олардың тікелей мақсаттарынан тыс (жанғыш материалдарды, газ баллондарын жинау, жөндеу шеберханаларын, сырлау камералары және т.б.) қолдануға жол бермеу

болмашы

Көлік сақтауға арналған шатыр асты және ашық алаңша үй-жайларына қойылатын талаптар

219

Нормадан асып кеткен көлемде көлік құралдарын орнатуға, оларды орналастыру жоспарын бұзуға, автомобильдер, ғимараттардың (құрылыстардың) арасындағы қашықтықты азайтуға;

елеулі

220

Ұста, термиялық, дәнекерлеу, сырлау және ағаш өңдеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданып бөлшектерді шаюға шығу қақпалары мен өту жолдарын үйіп қоюға жол бермеу

өрескел

221

Отын бактарынан, отын жолдарымен және карбюраторлардан жанармай тамшылап, аузы ашық отын бактарымен, сондай-ақ электрқұрылғылар жүйесі ақаулы күйде болса, көлік құралдарын қалдыруға жол бермеу

өрескел

222

Көлік құралдарына жанар-жағармай материалдарын құю, сондай-ақ оларды кәрізге немесе іргелес орналасқан аумаққа төгу. Қолданылған жанар-жағармай материалдарын, сүзгіштерді, ескі шүберектер мен басқа да материалдарды жинау жабылатын қақпақтармен жабдықталған жанбайтын материалдардан жасалған ыдыстарға көзделеді

елеулі

223

Аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа бейімделмеген үй-жайларда оталдыруға жол бермеу

елеулі

224

Қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (от, алау, дәнекерлеу шамдары), жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға жол бермеу

өрескел

225

Жалпы тұрақтарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш газдарды тасымалдау үшін көлік құралдарын пайдалануға

елеулі

226

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың сыйымдылықтарын сақтауға жол бермеу

елеулі

227

Көлік құралдарын бояуға, бөлшектерін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға жол бермеу

өрескел

Газ тәрізді отынмен жұмыс жасайтын көлік құралдарын ұстауға қойылатын талаптар

228

Газды қоректену жүйесі техникалық бұзылған (герметикалық емес) көлік құралдарын жабық үй-жайда тұраққа қоюға жол бермеу

елеулі

229

Көлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайларда сұйытылған көмірсутекті газды өршітуді жүзеге асыруға жол бермеу

өрескел

230

Қысымды бақылаумен, газды өндірумен, қозғалтқышты жылытумен, карбюратор қоспалауыштарға әр түрлі отын түрлеріне ауыстырып қосу және газ берумен байланысты жүйелерді жарамды күйде ұстау. Сұйытылған көмірсутек газы бар баллондардағы сақтандырғыш клапандарын, сондай-ақ отын беруді бұғаттауды қамтамасыз ететін электрлік магнитті клапандарын жарамды күйде пайдалану. Баллондарды куәландыруды кемінде екі жылда бір рет жүргізу

өрескел

231

Сұйытылған көмірсутек газын жабық гараж тұрақтарда және басқа да ішіндегі температурасы 25ºC асатын, жылу берілетін үй-жайларда қолдануға және сақтауға жол бермеу

өрескел

232

Көлік құралдарын (жеке көлік түрлерінен басқа) сақтайтын ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған үй-жайларды әрбір 10 бірлік техникаға біреуден келетін сүйреткіш арқандармен (штангалармен) буксирге алатын тростармен және штангтармен жарақтау

елеулі

233

Автомобильдерді жөндеуге арналған үй-жайларда (газ автомобильдерінде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автомобильдерге және май толтырылған картерлерге (№1 ТҚК бойынша жұмыстардан басқа) жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол бермеу

елеулі

Аккумуляторлық станцияларға қойылатын талаптар

234

Темекі шегуге, от жағуға, электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға

өрескел

235

Бір ауысымдық қажеттіліктен артық мөлшерде қышқылды, сілтіні немесе электролитті сақтауға

болмашы

236

Жұмыс орындарында арнайы киімді және басқа да бөгде заттарды қалдыруға жол бермеу

болмашы

Жуып-шаю және бояу жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жайларға қойылатын талаптар

237

Жуу және бояу цехтарын көп қабатты ғимараттардың жертөлелерінде, цокольды және бірінші қабаттарында орналастыруға жол бермеу

өрескел

238

Бояу дайындайтын бөлімшелерді сыртқы қабырғасында терезе ойығы жеке эвакуациялық шығу жолы бар және аралас үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен оқшауланған үй-жайларда орналастыру

өрескел

239

Жуу және бояу цехтарына, сондай-ақ бояу дайындайтын бөлімшелерге жанбайтын, электр сымды, ерітінділерге төзімді және ұшқын шығармайтын еден жасау

елеулі

240

Жуу және сырлау цехтарында қырлы радиаторларды қолдануға жол бермеу

елеулі

241

Электрлік іске қосу құрылғыларын, түймелі электр магнитті іске қосқыштарды жуу және сырлау үй-жайларынан тыс орнату

елеулі

242

Жуу, бояу цехтарының және бояу дайындау бөлімшелерінің жылжымалы технологиялық жабдығын қорғаныш құрылғылармен (саты, баспалдақ, тақтайша, арба) жабдықтау

елеулі

243

Жұмысшылар мен қызметшілерге синтетикалық және жібек маталардан киім киюге, сондай-ақ жүзіктер мен білезіктер тағуға жол бермеу

болмашы

244

Жұмыскерлерді ток өткізгіш аяқ киімдермен және статикаға қарсы білезіктермен қамтамасыз ету

болмашы

11. Әкімшілік ғимараттарға (көп салалы кешендерге), көппәтерлі (жеке) тұрғын үйлерге және жатаханаларға қойылатын талаптар

245

Өрт шыққан жағдайда автосатыларды орнатуға арналған алаңдарға құрылыс салынуын, жабдықтармен, автокөлікпен үймелеуге жол бермеу

елеулі

246

Тұйық жабындарда және түтiнденбейтiн саты торларын үй-жайлардан, өту жолдарынан, өрт қауiптi үй-жайлары бар жертөлелерден бөлетiн қабырғаларда есiк ойықтарын орнатуға жол бермеу

өрескел

247

Автоматты өрт хабарлағыштарын бояуға, тұсқағаздармен желiмдеуге жол бермеу

елеулі

248

Балкондар мен лоджиялардың қоршауларын жанғыш материалдармен қаптауға жол бермеу

өрескел

249

Тұрғын үй пәтерлерi мен жатақхана бөлмелерiнде жарылыс, өрт қауіптi заттар мен материалдар қолданылатын және сақталатын әр түрлi шеберханалық және қоймалық үй-жайларды орнатуға, сондай-ақ басқа мақсатқа арналған үй-жайға жалға беруге жол бермеу

елеулі

250

Техникалық қабаттарды, техникалық орындарды, желдеткiш камераларын, бойлерлiк орындарды, лифтiлер мен шатыр үй-жайларының машина үй-жайларын тiкелей мақсатынсыз (қойма, мұрағат, сондай-ақ басқа мақсаттағы үй-жайлар ретiнде), сондай-ақ жанғыш материалдарды сақтау үшiн пайдалануға жол бермеу.

елеулі

251

Жатақханаларда (тұрғын үй-жайлардан басқа) темекi шегуге арналған орындар "Темекi шегуге арналған орын" деген жазумен, жанбайтын материалдардан жасалған урналардың немесе темекi күлін салғыштардың болуы

болмашы

252

Түтiнге қарсы қорғау жүйесiн қабылдағаннан кейiн жүйемен басқару қалқанын токтан ажыратуға жол бермеу

елеулі

253

Өртке қарсы қорғау жүйесiн баптағанға дейiн жаңадан салынған ғимаратты пайдалануға жол бермеу

елеулі

254

Жемшөптердi жинау ғимараттарға және аула алдындағы құрылыстарға дейiн 15 метр кем қашықтықта орналастыруға жол бермеу.

елеулі

255

Қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстардың шатырларына, электр жеткiзу желiлерiнiң астына, учаскенiң сыртқы қоршауынан кемiнде 3 метр қашықтықта шөп шошақтарын, шөмелелерді, iрi жем-шөп маяларын, өзге де жанғыш заттар мен материалдарды жинауға жол бермеу. Көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмелелерді, iрi жем-шөп маяларын орналастыруға жол бермеу. Iрi жемшөптердi жинау биiктiгi жер деңгейiнен 4 метрден аспайтындай етiп орындау

елеулі

12. Автомобиль жанар-жағармай құю станцияларына және газ толтыру станцияларына (стационарлық және жылжымалы) қойылатын талаптар

256

АЖС ғимаратын орталық жылу беру жүйесімен жабдықтау.
Автожанармай құю станциясының үй-жайларында зауытта дайындалған, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай майлы электрмен жылыту аспаптарын жанғыш конструкциялар мен материалдарға дейінгі тиісті қашықтықты сақтай отырып пайдалануға. Жылыту аспаптары мен әр түрлі құбыр өткізгіштерге жанғыш материалдарды (арнайы киімді, сүрту материалын) қоюға, сондай-ақ жылыту аспаптарында киім мен аяқ киімді кептіруге жол бермеу.
Автожанармай құю станциясының аумағы мен ғимараттарында жылу беру қондырғылары мен ашық от қолданылатын құрылғыларды пайдалануға жол бермеу

елеулі

257

Автожанар-жағар май құю станциясының аумағына кірердің алдында оның аумағында көлік қозғалысын ұйымдастыру схемасының және жүргізушілер мен жолаушыларға арналған өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы талаптарымен стендтердің болуы

елеулі

258

Автожанар-жағармай құю станциясының барлық үй-жайларының есіктерінде, сондай-ақ сыртқы қондырғыларда:
1) жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың санаты;
2) жарылыс қауптілігінің немесе өрт қауіптілігі аймақтарының сыныбы;
3) өртке қарсы жай-күйге жауапты жұмыскердің тегі, аты-жөні
4) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру телефонының нөмірі көрсетілген жазбаның болуы

болмашы

259

Жанып жатқан көлік құралын автожанар-жағар май құю станциясының аумағынан шұғыл эвакуациялау үшін кемінде 3 метрлік қатты буксирлік штангінің болуы

елеулі

260

Автожанар-жағар май құю станциясы ауыл шаруашылығы дәнді-дақыл алқаптарының жанында орналастырылған кезде жалынның (бидай, мақта) дала алқаптарына таралуы мүмкін, автожанар-жағар май құю станциясы шекарасының бойымен ені кем дегенде 4 метрлік жер жыртудың болуы

болмашы

Технологиялық жабдықты пайдалануға қойылатын талаптар

261

Технологиялық жабдықты:
1) отынның ағуы болғанда;
2) бақылау және реттеу аспаптары болмағанда, жарамсыздық болғанда, ажыратылғанда немесе тексеру мерзімі өтіп кеткенде;
3) кез келген жарамсыздық кезінде пайдалануға жол бермеу

өрескел

262

АЖҚС технологиялық жабдығының жобалық, техникалық-пайдалану құжаттамасына және техникалық шарттарға сәйкестігі

өрескел

263

Технологиялық жабдыққа автожанармай құю станциясының өрт қауіптілік дәрежесін арттыратын конструктивті өзгерістер енгізуге жол бермеу

елеулі

264

Негізгі және қосалқы технологиялық жабдықта статикалық электрден қорғаудың болуы

өрескел

265

Фланецтердің, келте құбырлардың, штуцерлердің және атмосферадан отын мен оның буын бөлетін басқа да құрылғылардың қақпақтары мен келте құбырлары арматурамен жанасу орындарында ұшқын шығармайтын және мұнай өнімдері мен қоршаған ортаның әсеріне тұрақты төсемдердің болуы

өрескел

266

Отын сақтауға арналған резервуарлар деаэрация желілердің болуы.
Деаэрация желілерінің құбыр өткізгіштері кез келген уақытта жұмыс жасау қабілетін сақтай алатын от бөгегіштермен немесе қоса салынған от бөгегіштері бар тыныс алу клапандарымен жарақтау

өрескел

Отынды қабылдау және беру жабдығына қойылатын талаптар

267

Автоцистерналардан отын құю жабық схема бойынша қамтамасыз ету

елеулі

268

Автожанармай құю станциясына отыны бар автоцистерналар кірген кезде оның аумағынан барлық көлік пен бөгде адамдарды шығаруды қамтамасыз ету. Бір мезгілде екі және одан да көп автоцистерналардың болуына тыйым салу.

болмашы

269

Автоцистернадан жанар-жағар май құю операциясын автожанармай құю станциясының кемінде екі жұмыскері және мынадай талаптарды орындағанда жүргізіледі:
1) автоцистерналардың жанармай құю алаңдарынан мұнай өнімдерімен ластанған атмосфералық жауын-шашын қалдықтарының науасы жабылады және отын төгілуін авариялық резервуарға бұру құбыр өткізгішін ашу;
2) автоцистерналарды жерге тұйықтау

елеулі

270

Жерге тұйықталатын өткізгіштерді автоцистернаның боялған және ластанған металл бөліктеріне қосуға жол бермеу

елеулі

271

Жұмыс iстеп тұрған қозғалтқыштары бар көлік құралдарына жанармай құюға жол бермеу

өрескел

272

Егер қолданылатын технологиялық жүйеге келісілген және бекітілген техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасында көзделмеген болса, жер асты резервуарларымен көлік құралдарының өтуіне жол бермеу

елеулі

273

Найзағай болғанда және атмосфералық разрядтардың пайда болу қауіптілігі болған уақытта резервуарларға отын құюға және тұтынушыларға отын беруге жол бермеу

өрескел

274

Бензин қабылдау, сақтау немесе беру операциялары жүзеге асырылатын автожанармай құю станциясының аумағына ұшқын өшіргіштермен жабдықталмаған тракторлардың өтуіне жол бермеу

өрескел

275

Автожанармай құю станциясының жабдығын, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеумен тікелей байланысы жоқ жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол бермеу

елеулі

276

Жолаушылары бар көлік құралдарына (кемінде төрт есікті жеңіл автомобильдерден басқа) жанармай құюға жол бермеу

елеулі

277

Жарылғыш заттар, сығымдалған және сұйытылған жанғыш газдар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар, тез тұтанатын материалдар, улы және радиоактивті заттар мен басқа да қауіпті заттар мен материалдар тиелген көлік құралдарының кіруіне жол бермеу

елеулі

Жылжымалы автожанар-жағармай құю станцияларына қойылатын талаптар

278

Жылжымалы автожанармай құю станцияларын арнайы бөлінген алаңдарға орналастыру

елеулі

279

Арнайы бөлінген алаңдағы жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалануды бастамас бұрын:
1) бақылау-өлшеу аспаптары арқылы және көзбен шолу станцияларының герметикалығы тексеріледі;
2) автожанармай құю станцияларының жерге қосатын өткізгіші алаңның жерге тұйықтау құрылғысына қосылады;
3) көлік құралының отын багының астына қою үшін тұғырлар дайындалады;
4) көлік құралдарының автожанармай құю станцияларына өтуін шектейтін кемінде 1 метр тосқауылдар орнатылады;
5) ескерту белгілері мен ақпарат қалқаны орнатылады

елеулі

13. Жазғы демалыс үйлері мен аймақтарына, сауықтыру лагерьлерi мен туристік базаларға қойылатын талаптар

280

Балалардың сауықтыру лагерьлерінің бір қабатты ағаш ғимараттарын орнату

елеулі

281

Жанбайтын жабыны мен жылытқышының болуы, каркас және қалқан ғимараттарды сылаудың болуы

өрескел

282

Ғимараттарды тез тұтанатын материалдармен (сабанмен, жаңқамен, қамыспен, жоңқамен) жабуға жол бермеу

өрескел

283

Балалармен қамтылған ағаш ғимараттарда асханалар, кір жуу орындарын орнатуға жол бермеу

елеулі

284

Жанғыш конструкциялардан жасалған ғимараттарда 50-ден астам балаларды орналастыруға жол бермеу

өрескел

285

Жазғы кезеңде балалар жұмыс істейтін үй-жайларда пеш жағуға, керосинді және электрлік қыздыру құралдарын қолдануға жол бермеу

өрескел

286

Балалардың жазғы демалыс орындарындағы және сауықтыру лагерьлеріндегі кір жуатын бөлмелер мен асханаларды балалар орналасқан ғимараттан 15 метр қашықтықта оқшау құрылыстарға орналастыру

өрескел

287

Балаларды сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілмеген балалардың жазғы демалыс орындарында, сауықтыру лагерьлерінде орналастыруға жол бермеу

елеулі

288

Балалардың жазғы демалыс орындары, жазғы сауықтыру лагерьлері телефон байланысымен, өрт болған жағдайда берілетін сигнал белгісімен және бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі. Қызмет көрсетуші персоналдың тәулік бойы кезекшілігінің болуы

елеулі

14. Мәдени-ойын-сауық және спорт мекемелерiне қойылатын талаптар

289

Көрермен залдары мен мінбелерде барлық креслолар мен орындықтардың арасын қосу және еденге мықтап бекіту

елеулі

290

Сахналық қораптардың ағаш құрылымдарын (желтартқыштар, сахна төсемелері, аспалы көпірлер, жұмыс галереялары) антипирендермен қанық сіңіру, сондай-ақ жанғыш декорациялар, сахналық және көрмелік безендірулер, көрермендік және экспозициялық залдардағы маталы перделерді, фойелерді, буфеттерді өңдеу

өрескел

291

Ойын-сауық театр мекемелерінің сахналық қораптарының шегінде бір мезгілде екі қойылымға арналғаннан артық декорациялар мен сахна құралдарының болуына жол бермеу. Декорацияларды, бутафорилерді, ағаш станоктарды, бөктерлерді, құрал-саймандарды және басқа да заттарды трюмаларда, желтартқыштарда және жұмыс алаңдарында (галереяларда), саты баспалдақтарының және алаңдарының астында, жертөлелерде және көрермен залдарында сақтауға жол бермеу

елеулі

292

Сахна планшетінің айналасын безендіру кезінде ені кемінде 1 метр болатын еркін айналма өту жолымен қамтамасыз ету

елеулі

293

Сахнада темекі шегуге, ашық оттарды (алауларды, май шамдарды, үлкен шырағдандарды), доғалық прожекторларды, отшашулар мен басқа да от түріндегі әсерлерді қолдануға жол бермеу

өрескел

294

Көрермендерге арналған уақытша орындардың (жылжымалы, алынатын, жиналып бөлшектелетін) жасалуына жол бермеу, сондай-ақ жабық және ашық спорт құрылыстарының мінбелеріндегі орындықтарды жану кезінде қауіптілігі жоғары заттар бөліп шығаратын синтетикалық материалдардан жасауға жол бермеу

елеулі

295

Эвакуациялау жолдарында қосалқы орындықтарды орнатуға жол бермеу

өрескел

296

Спорттық-көркемдік мерекелерді, халықаралық жарыстарды немесе басқа халықаралық іс-шараларды, сондай-ақ мәдени ойын-сауық іс-шараларды ашу және жабу кезінде мінбелерде аясын орналастыруға арналған эвакуациялау люктеріндегі уақытша орындықтарды алмалы-салмалы етіп жасау

өрескел

297

Спорт залдарындағы көрермендерге арналған креслоларды тұрақты және уақытша мінбелерден көрермендердің қарама-қарсы немесе қиылысатын легі болатындай етіп қоюға жол бермеу

өрескел

298

Жабық спорт құрылыстарында көрермендердің отыруына арналған уақытша конструкцияларды бекітуге, сондай-ақ тұғырларды, эстрадаларды, рингтерді бекітуге арналған аспаптарды ақаусыз күйде ұстау

өрескел

299

Көлемі кемінде 100 м2 қатарларды алатын спорт керек-жарақтарын, залдардың жинау-бөлшектеу конструкцияларын, залдардың алмалы-салмалы жабындарын және басқа материалдарды сөрелері жоқ жерлерде сақтауға жол бермеу

елеулі

300

Спорт залдарда жанғыш материалдарды, сондай-ақ конструкциялары жанғыш материалдардан жасалған үй-жайларды металл және ағаш көтергіш конструкцияларды бекіту тораптарының астына тікелей орнатуға жол бермеу

елеулі

301

Софиттер мен рампаларды тек жанбайтын материалдармен монтаждалуын қамтамасыз ету

елеулі

302

Тұғырдың (эстраданың) ағаш рампасы мен электр шамдарының қаптамалары арасында қалыңдығы 8-10 миллиметр төсеме салынады, ал эстрадаға немесе тұғырларға орнатылған барлық тасымалданатын электр шамдары (кішкентай шамдар) сыртқы жағынан жанбайтын материалдармен қорғалады

елеулі

303

Барлық софиттерге жарық жағынан шамдардың әйнектерінің және лампалардың жарылған колбаларының сынықтарының түсуін болдырмайтын қорғайтын металл торлар орнатылуын қамтамасыз ету

елеулі

15. Ғибадат ету объектілеріне қойылатын талаптар

304

Шам қойғыштар, шырақтар және ашық от қолданылатын жарықтандыру жабдығы жанбайтын табандарға орнату

өрескел

305

Қызметтер мен салттарды жүргізу үшін ашық от көздерін пайдалануға жол бермеу:
1) жану тобы Г1-Г4 материалдардан жасалған көлденең қоршау конструкцияларынан 0,7 метр;
2) жану тобы Г1-Г4 материалдардан жасалған тік қоршау конструкцияларынан 0,5 метр

өрескел

16. Мұнай-газ өндіруші және мұнай-газ өңдейтін өнеркәсібі объектілеріне қойылатын талаптар

306

Мұнай базасының, құю және сору станцияларының аумағын кемінде биіктігі 2 метр болатын жанбайтын материалдан жасалған дуалмен қоршау

болмашы

307

Опырылып құлаған резервуар орнына ағаштар мен бұталардың отырғызылуына жол бермеу

болмашы

308

Объекті аумағында алау жағуға, қоқыс пен қалдықтарды өртеуге, шырақ, керосинді шам және тағы да басқа ашық от көздерін қолдануға жол бермеу

өрескел

309

Орнатуға бөлінген аумақтарды жер үстіндегі және жер астындағы құбыр жолдарынан, кәбілдерден босату, ағаштан, бұтадан, шөптерден тазарту және жоспарлау

елеулі

310

Жер үстіндегі құрылыстардың айналасында көліктің және өрт техникасының қозғалуы үшін ені 10-12 метр алаңша тегістеледі

елеулі

311

Аумақтардың жоспарлауы сұйықтықтарды сағасынан және жер үстіндегі құрылыстардан арнайы қоймаларға (торға) бұрып ағызудың болуы

елеулі

312

Отын құятын ыдыстар мен қондырғыларды жер үсті үй-жайлардан, жабдықтардан, құбыр жолдарынан 20 метр жақын емес орналастыру

елеулі

313

Отын қондырғылары сорғыларымен, ыдыстар сақтандыру және тыйым салу жазулары (белгілері) бар деңгей өлшеуіштермен жабдықтау

елеулі

314

Орнату орындарында кіреберіс жолының және жанғыш-майлау материалдарының сақталу мөлшері көлемінен топырақпен үюдің болуы

елеулі

315

Жанғыш өнімдерді соратын сорғылар мен компрессорлардың сорғыш және айдағыш жолдарында тиек, кесу және сақтандыратын құрылғылардың болуы

елеулі

316

Жанар-жағармай және тез тұтанатын материалдарын өрт, жарылыс қауіпті құрылыстардың ішінде сақтауға жол берілмейді

өрескел

317

Іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған сызықтарын ұңғыманың аузынан кемінде 15 метр, жасырын пана (негіз) қабырғасынан 5 метр және шатырдың (аспаның) жоғарғы жағынан 1,5 метр қашықтыққа шығару

өрескел

318

Қабырғалар, жабындар, шатырлар (аспалар) арқылы пайдаланылған желілер өтетін жерлерде құбырдың кемінде үш диаметрінен тесіктің болуы. Жылу оқшаулағыш төсеменің жанбайтын бөлгішінің болуы

елеулі

319

Пайдалану құбырларын ұшқын өшіргіштермен жабдықтау

елеулі

320

Өрт қауіпті және жарылыс қауіпті үй-жайларда, негіздердің астында, газ қауіпті жерлерде, жанар-жағармай материалдарын, мұнай өнімдерін, жанғыш заттар мен реагенттерді сақтауға арналған ыдыстардың жанында ашық отты пайдалануға және темекі шегуге жол бермеу.

өрескел

321

Газданған, жанар-жағармай материалдарымен, мұнай өнімдерімен ластану болған жағдайларда газ қауіпті, отты және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол бермеу

өрескел

322

Күштік, бұрғылау және мұнай кәсібі жабдықтарын, жабындар, объектінің басы мен аумағын тұрақты өрт қауіпсіз жағдайда ұстау, күйеден, жанар-жағар май материалдарының, мұнай өнімдерінің төгілуінен ұдайы тазарту

елеулі

Ұңғымаларды бұрғылау және пайдалану бойынша жұмыс жүргізу кезінде қойылатын талаптар

323

Пайдаланылған құбырларда ұшқын өшіргіштер болғанда мұнай және қышқыл ванналарын орнату, зерттеу және авариялық жұмыстар кезінде қолданылатын арнайы техника қолдану

өрескел

324

Ұңғыманы игергенде жылжымалы компрессорды ұңғыманың жел жағынан кемінде 25 метрден қашықтыққа орнату

елеулі

325

Ұңғыманы мұнаймен жуып шайғанда агрегатты сағасынан кемінде 10 метр қашықтыққа орнату

елеулі

326

Газ және газ конденсатты ұңғымаларына сұңғылау арқылы игеру, ал атқылама ұңғымаларды науалармен қауғалауға жол бермеу

елеулі

327

Ұңғымаларды жылжымалы агрегаттармен игергенде игеру үшін де, ұңғыманы бекіту жағдайында да қажетті агрегаттар санын жұмыс манифольдына қосу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі

елеулі

328

Тұтануды (өртенуді) болдырмау үшін ашық арықтар арқылы жалпы қоймалар мен торларға мұнайды ағызу құрылғысын жіберуді болдырмау

елеулі

329

Ұңғымадан компрессорға мұнай мен газдың түсуінің алдын алу үшін ұңғымалардың жанында, газ бен ауаны тарату будкаларынан желілерде кері клапандар орнату

елеулі

330

Газ таратушы будкалардың сыртқы жағында "Газ! От қауіпті!" деген жазудың болуы

болмашы

331

Жылжымалы компрессорлардың іштен жану қозғалтқышының (ІЖҚ) пайдаланылған құбырлары ұшқын сөндіргіші бар өшіргіштермен жабдықтау

елеулі

Компрессорлық станцияларды ұстауға қойылатын талаптар

332

Соңғы сатының шығарып тастау желісінде компрессордың қысылғаны (компрессор ғимаратынан тыс) жұмыс қысымын 10% асатын, қысымның әсерінен іске қосылатын сақтандырғыш құрылғысын орнату

елеулі

333

Компрессор жабдығының қалыпты жұмыстан параметрлердің ауытқу сигнализациясы, сондай-ақ жағылып жатқан газдың (ауаның) қысымы мен температурасы көтерілгенде, салқын судың келуі тоқтағанда және қабылдау мен майлау жүйесіндегі қысым түскен кезде автоматты ажыратқышы болуы қажет

елеулі

334

Газ компрессорлық үй-жайларында компрессорлық қондырғылардың жұмысына қатысы жоқ аппаратура мен жабдықты орналастыруға жол берілмейді

елеулі

335

Ауа компрессорлары үшін жанғыш булар мен газдар бөлінетін орындарда, сондай-ақ тұтану көздерінің ықтимал пайда болу орындарында ауа жинауға жол бермеу.

елеулі

336

Жерге тұйықтайтын өткізгіштер мен оларды дәнекерлеу орындарын қарау үшін қол жетімділіктің қамтамасыз етілуі

елеулі

337

Жерге тұйықтайтын өткізгішке болаттан жасалған арқанды пайдалануға жол бермеу

елеулі

338

Кез келген кернеудегі электр беру желілерінің астынан басқару станцияларын, автотрансформаторларды, трансформаторларды орнатуға жол бермеу

елеулі

339

Орталықтан сыртқа тебетін батыру электр сорғылардың электр жабдығын орнату үшін үй-жай немесе будка жанбайтын материалдан жасау

елеулі

Мұнай және газ өндіруді қарқындатуға қойылатын талаптар

340

Өндіруді қарқындату әдістерін ескере отырып әзірленген ықтимал авариялар мен өртті жою жоспарының болуы және көрінетін орында іліп қою

болмашы

341

Өндіруді қарқындату әдістері жүзеге асырылатын объектілер кәсіпорынның орталық диспетчерлік пункті бар сенімді телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етілуі

елеулі

342

Байланыс құралдарында атаулары мен сигнал беру тәртібі, өрт сөндіру бөлімінің, жедел жәрдем, газдан қорғау қызметінің басшылары мен жауапты адамдарын шақыру көрсетілген тақталарын іліп қою

болмашы

343

Агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарының ішіндегі мұнай мен химиялық реагенттердің қалдықтарын өнеркәсіптік кәрізге құюға жол бермеу

елеулі

344

Өртке қарсы мүкәммал мен жабдықтарды, авариялық және газдан қорғау құралдарын тікелей мақсатына арналмаған жұмыстарда қолдануға жол бермеу

болмашы

345

Көбік реагенті және басқа да жанғыш химиялық заттар бар ыдыстарда "От қауіпті" деген жазу болады

болмашы

346

Найзағай жарқылдаған кезде көбік реагенті мен басқа да жанғыш заттарды құйып төгуге жол бермеу

өрескел

347

Реагентті қабатқа соруға арналған жылжымалы технологиялық жабдық, қажет болған жағдайда қауіпті аймақтан шығуды және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін жердің бедері мен желдің бағыты ескеріліп орналастыру

елеулі

348

Жылжымалы жабдықты, сорғыш қондырғыларды электр өткізгіштердің әуе желілерінің қорғау аймағы шегінде немесе мұнай, газ желілерінің үстіне орналастыруға жол бермеу

елеулі

349

Пештерді белгіленген шектерде мұнайды ысыту температурасын реттейтін, сондай-ақ дайындаушымен көзделген газ қысымы көтеріліп немесе төмендегенде оттыққа газ беруді ажырататын автоматты құрылғылармен жабдықтау

елеулі

350

Отын құбыры жолында ретке келтірілген, қысқартатын құрылғымен және оттықта сақтандырғыш клапанмен, сондай-ақ бақылау-өлшегіш аспаптарына конденсат түсуінің алдын алу арналған құрылғымен жабдықтау

өрескел

351

Техникалық қозғалыс құралдарын (автомобильдері, тракторлары) ұшқын өшіргіштермен жабдықтау

өрескел

352

Ыстық мұнай ыдысын сағасының ық жағынан 10 метр қашықтықта орнату

елеулі

353

Компрессорлар мен электр жабдығы 10 метр, ал іштен жану қозғалтқышы бар компрессор ұңғыманың сағасынан 25 метр қашықтықта орнату. Іштен жану қозғалтқышының пайдаланылған өнім құбырын ұшқын өшіргішпен жабдықтау

елеулі

354

Газ конденсаты бар автоцистерналарда немесе басқа ыдыстарда "От қауіпті" деген белгінің болуы

болмашы

355

Конденсатты автоцистернаға құю, ағызу алдында оны жерге тұйықтау. Тұйықтаушы құрылғыны ағызу немесе құю аяқталғанша ажыратуға жол бермеу

елеулі

356

Агрегаттар мен автоцистерналарды ұңғыманың құйылысынан 25 метр қашықтықта және жел жағынан бір-бірінен 6 метр аспайтын қашықтықта орнату.

елеулі

357

Қабат ішіндегі жылжымалы жану мөлшері әдісімен қабатты өңдеу жүзеге асырылатын учаске аумағын ескерту плакаттарымен жабдықтау және қызыл жалаушасы бар, металдан жасалған пикеттермен қоршау

елеулі

Мұнай мен газды сақтауға және тасымалдауға қойылатын талаптар

358

Жылу оқшаулағыш жабдықтар үшін жанбайтын материалдар қолдану

өрескел

359

Басқыштары, сепараторлары және басқа аппараттарын қызмет көрсетуге арналған сатылармен және алаңшалармен жабдықтау

елеулі

360

Мұнай және құм ұстағыш құрылыстар жанбайтын материалдардан болуы тиіс. Ашық мұнай ұстағыштың айналасында биіктігі кемінде 1 метр қоршаудың болуы

елеулі

361

Авария немесе өрт шыққан жағдайларда мұнай құюға арналған құрылғылар іске жарамды болуы тиіс. Авариялық құю ысырмаларының айыратын белгілері болуы, ал жағалаулары бос болуы тиіс.

өрескел

362

Мұнай соруға арналған сорғы үй-жайын ұшқын қаупі жоқ түрде орындалған еріксіз құйып тартып алу желдеткішімен жабдықтау

елеулі

363

Желдеткіш бұзылған немесе өшірілген жағдайда сорғыларды жұмысқа қосуға жол бермеу

өрескел

364

Іштен жану қозғалтқышын орналастыруға арналған үй-жайларын сорғыларға арналған үй-жайлардан газ өтпейтін қабырғалармен бөлу

өрескел

365

Тез тұтанатын сұйықтықтарға сорғы орнатылған үй-жайларда тегіс белдікті берілісті қолдануға жол бермеу

өрескел

366

Сорғылардың астында майлау материалдарының жиналуына, ағуына және шашырауына жол бермеу. Сорғы үй-жайларының едендерін таза ұстап, үнемі сумен шаю

өрескел

367

Сорғы бөлмелерінде майлау материалдарын бір тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде ғана, қақпақтары бар арнайы металл бөшкелерде немесе жәшіктерде сақтау

елеулі

368

Сорғы бөлмелерінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол бермеу

елеулі

369

Құбыр жолдарын үрлегенде және сынағанда аймақ шегінде автомобильдердің, тракторлардың жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштармен ілінісуіне, сондай-ақ ашық отты пайдалануға және темекі шегуге жол бермеу

елеулі

Мұнай өнімдерін айдауға арналған сорғы станцияларына қойылатын талаптар

370

Ішкі жану қозғалтқыштарын орналастыру үй-жайын сорғыларға арналған бөлмеден газ өткізбейтін жанбайтын қабырға арқылы бөлу

өрескел

371

Мұнай өнімдерінің жиналуына жол бермеу. Төгілген мұнай өнімдерін жою үшін сорғы станцияларын резеңке шлангалы су тіреушелерімен жабдықтау

елеулі

Ағызып құятын эстакадаларын ұстауға қойылатын талаптар

372

Эстакаданың жұмыс және эвакуациялау сатыларын, теміржол тұйығының аяғындағы эстакадалардың шығырларын жарамды күйде ұстау

өрескел

373

Автоқұю эстакадаларының жедел алаңын қатты жабынмен жабу және әртүрлі сұйықтықтардың гидравликалық қақпақ арқылы өндірістік-нөсерлік кәрізге немесе арнайы жинағышқа тоқтаусыз ағынының болуы

елеулі

374

Жедел алаңда бір мезетте болатын машиналардың кәсіпорын әкімшілігі белгіленген санының болуы

болмашы

375

Автоқұю эстакадасында өрт болған кезде автоцистерналарды тіркеу үшін арқан немесе штанганың болуы

елеулі

376

Тепловоздардың кіруіне тыйым салынған темір жолдардың жеке тұрған тіреушелерінің (ара қашықтықта екі ості екі немесе төрт ості бір вагон) немесе құю-ағызу жабдықтарының екі жағынан да бақылау бағаналары-сигналдық белгілердің болуы

болмашы

377

Жеңіл тұтанатын мұнай өнімдері үшін темір жол құю-ағызу эстакадаларындағы өтпелі көпірлерді тез тұтанатын мұнай өнімдерінің жасырын болттарымен ағаш жастықтармен жабдықтау

елеулі

378

Теміржолдардың, эстакадалардың, құбырлардың, телескопты құбырлардың және шлангалардың ұштарының жерге тұйықтағышының болуы. График бойынша кемінде жылына бір рет жерге тұйықталған құрылғылардың кедергісін жүргізу

елеулі

Газды өңдеу өнеркәсібін ұстауға қойылатын талаптар

379

Жанғыш булар мен газдар жиналатын зауыт аумағының учаскелерінде автомашиналардың, тракторлардың, мотоциклдардың қозғалуына жол бермеу

өрескел

380

Жарылыс қаупі және газ қауіпті жерлерде темірмен тағаланған аяқ киіммен жұмыс істеуге жол бермеу

елеулі

381

Доңғалақтармен жүретін, А және Б санатты жарылыс қауіпті цехтарда орналасқан көлік арбаларының доңғалақтарын соғылғанда ұшқын шығармайтын, металлдан жасалған шеңберлермен немесе резеңке шиналармен жабдықтау. Кәріздің көру құдықтарын үнемі қақпақпен жауып ұстау және қабаты 10 сантиметр құммен көму

өрескел

382

Өрт кезінде өнеркәсіптік кәріз желісі бойынша оттың таралуына жол бермеу үшін онда арнайы құдықтарда гидравликалық ысырмаларды орнату

өрескел

383

Барлық технологиялық аппаратуралары бар үй-жайлардың шығыңқы бөліктеріне, технологиялық қондырғылар алаңшаларына, жеке тұрған резервуарлар мен топтарда, ысырмалардың тораптарына, аппараттар, сорғыштар, қазандық, ағызу-құю эстакадаларының топтарына гидравликалық ысырмаларды орнату

өрескел

384

Гидравликалық ысырмалары бұзылған немесе дұрыс орындалмаған, сондай-ақ олар жоқ кәрізді пайдалануға жол бермеу

өрескел

385

Өртену және жарылу қауіпі бар өнімдерді кәріз жүйесіне шығаруға жол бермеу. Бұл мақсаттарға арнайы ыдыстардың болуы

елеулі

386

Жарылыс қауіпті өндірістік үй-жайларда орнатылған желдеткіш жүйелерінің металлдан жасалған ауа бұрғыштарының жерге тұйықталудың болуы

өрескел

387

Жарамсыз желдеткіш кезінде жабдықты жұмысқа қосуға жол бермеу

елеулі

388

Жанғыш және жарылыс қауіпті газдары бар, аппаратура және коммуникациялар орналасқан жабық үй-жайларда желдеткіштің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету

елеулі

389

Зиянды немесе жарылыс қауіпті газдардың немесе будың кенеттен қарқынды бөлінуі ықтимал өндірістік үй-жайларда механикалық авариялық желдеткіштің болуы

елеулі

390

Газ талдағыш тетігінің әсерінен авариялық механикалық желдеткішті автоматты түрде қосылуын қамтамасыз ету, өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық желдеткішті қашықтықтан іске қосудың бар болуы

елеулі

391

Темір жол цистерналарын толтыруға арналған эстакадалардың құю бағаналарының жерге тұйықталуының болуы. Құю-ағызу фронттары шегінде темір жол рельстері бір-бірімен темір электр арқылы қосу және электр күшінің желісін жерге тұйықтауға қатысы жоқ жерге тұйықтау құрылғысына қосу

елеулі

392

Жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды құятын автоцистерналарды жерге қосу құрылғыларына қосу. Жерге қосу өткізгіші ретінде қимасы кемінде 6 шаршы метр иілмелі (көп желілі) жез өткізгішін қолдану

елеулі

393

Жылына 2 рет найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру

болмашы

Технологиялых аппараттар мен қондырғыларды ұстауға қойылатын талаптар

394

Өнімді фланецтi қосылулардың саңылауы арқылы өткізген кезде аппараттарды, құбыржолдарды және жабдықтарды пайдалануға жол бермеу

елеулі

395

Аппараттар мен ыдыстардың жанғыш беттерін жанбайтын материалдардан жасалған жарамды жылу оқшаулағышпен қамтамасыз ету

өрескел

396

Ыстық өнімді мұздатқыш арқылы өткізбей сынама іріктеу шүмектерін пайдалануға жол бермеу. Бұру түтіктерін және мұздатқыштың түтіктерін жарамды жағдайда ұстау

елеулі

397

Өндірістік үй-жайларда ұшқын тудыруы мүмкін жұмыстарды жүргізуге, ашық түрде орындалған шамдарды қолдануға жол бермеу

өрескел

398

Жаңадан жобаланудағы және қайта салынып жатқан пештерді өрт сөндіру бөліміне бүркеуді қосқанда дабыл беретін, бу немесе инерт газының бүркеуін тудыратын құрылғылармен жабдықтау

елеулі

399

Құбырлы пештерді форсункаларына сұйық немесе газ тәріздес отынның жеткізілуі тоқтағанда немесе қысымы төмендегенде іске қосылатын дабылмен жабдықтау

елеулі

400

Авария немесе өрт шыққан жағдайда өнімді төгуге арналған құрылғыларды жарамды күйде ұстау. Авариялық төгу желілерінің ысырмаларын айыру белгілерімен белгілеу

өрескел

401

Жарамсыз қос көзді тетіктері бар құбырлы пештерді пайдалануға жол бермеу

елеулі

402

Жылу алмастырғыш астындағы алаңшаның гидравликалық қақпа арқылы өнеркәсіптік кәрізге шығаратын, арнашыққа ағысы бар қатты бетінің болуы. Алаңшаны жанғыш өнімдер шайып төгуге бейімделген жабдықпен қамтамасыз ету

елеулі

Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстауға қойылатын талаптар

403

Тасымалданатын заттарға байланысты құбырларды айқындаушы бояумен бояу, цифрлық белгілер мен өнім қозғалысы бағытының болуы

болмашы

404

Құбырларда тұйыққа тірелген учаскелердің болуына жол бермеу

елеулі

405

"Қамыт" бар кезде жарылыс қауіпті заттарды айдауға арналған құбырларды пайдалануға жол бермеу

елеулі

Алау шаруашылығын пайдалануға қойылатын талаптар

406

Алаудың айналасындағы аумақтың кемінде 50 метр радиуста қоршауы болуы және ескерту белгілерімен белгілеу

болмашы

407

Алау аумағының қоршалу шегінде құдықтар, шұңқырлар және басқа да ойықтар орнатуға жол бермеу

елеулі

408

Алау құбырына кіргізер алдында газ құбырларында қарауға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жетімді от бөгеушілерді орнату

елеулі

409

Магистралдық алау құбыры жолында шырақтың оқпанынан кемінде 50 метр қашықтықта орналасқан жалпы сепаратордың болуы. Алау құбыр жолының сепаратор жағына қарай еңкіш болуын қамтамасыз ету

елеулі

Компрессорлық және сорғы станцияларын ұстауға қойылатын талаптар

410

Компрессорлар мен сорғыштардың технологиялық параметрлерін бақылайтын барлық оқшаулау және дабылқаққыштық жабдықтарды жарамды күйде ұстау

өрескел

411

Сепаратордағы сұйықтықтардың деңгейін бақылау үшін дыбыс және жарық дабылқаққыштарының болуы

елеулі

412

Сорғымен бір рамада орналасқан электр қозғалтқыштарының жерге тұйықталуына қарамастан өрт жарылыс қаупі бар өнімдердерді айдайтын сорғыштардың жерге тұйықтағышының болуы

елеулі

413

Сорғыш үрлеуі кезінде шығарылатын өнімдерді үй-жайдан тыс жерге, сұйықтықтарды – құбыр арқылы арнайы ыдысқа, бу мен газдарды – алау немесе шамға бұруды жүзеге асыру

елеулі

414

Сорғыш жұмысы кезінде қажалатын бөлшектердің майлануына, сондай-ақ, насостардың майы мен подшипниктерінің температурасына үнемі бақылауды жүзеге асыру. Майлау материалдарының жайылуына және шашырауына жол бермеу

елеулі

Электр жабдықтарын ұстауға қойылатын талаптар

415

Қорғау жүйесі бұзылған, жарылыстан қорғалған электр жабдығын пайдалануға жол бермеу

өрескел

416

Жарылыстан қорғалған электр жабдығы құрылысында өзгерістер жасауға жол бермеу

өрескел

417

Сырты бұзылған (тесілген, жіктері кесілген) шланг кәбілдерін қолдануға жол бермеу

өрескел

418

Жанғыш газдары, сұйықтықтары бар технологиялық құбыр жолдарының, сондай-ақ коррозиядан қорғау үшін оқшауланған құбыр жолдарын жерге тұйықтаулар және жерге тұйықтау өткізгіші ретінде қолдануға жол бермеу

өрескел

419

Бақылау-өлшегіш құралдары үй-жайына бақылау-өлшегіш құралдары үй-жайларын орнатылатын құралдар мен аппаратурасы бар, артық қысымдағы технологиялық аппараттар мен құбыр жолдарын байланыстыратын және жанғыш буларды, газдарды және сұйықтықтардың жағдайын ауыстыратын импульсті желілер енгізуге жол бермеу. Қажет болған жағдайда – бақылау-өлшеу құралдары үй-жайларынан тыс, сондай-ақ импульсті құбырлардың жарылған жағдайында бақылау-өлшегіш құралдары үй-жайларының ішіне жанғыш газдар мен булардың кіруін болдырмайтын кесу құрылғыларын орнатқан жағдайда импульсті құбырларды енгізуге рұқсат бермеу

өрескел

17. Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын талаптар

420

Емдеу мекемесінің науқастарды шығару аяқталғаннан кейін өрт сөндіру бөліміне әр мекеме ғимаратындағы науқастар саны туралы деректерді күн сайын хабарлауы

болмашы

421

Ересек науқастар мен балалар саны 25-тен асқан жағдайда оларды қамыс қаңқалы және ағаш ғимараттарда орналастыруға жол бермеу

өрескел

422

Ауылдық жерлерде орналасқан медициналық ұйымдардың ғимаратына бір саты есебінен қосалқы сатылармен қамтамасыз ету

елеулі

423

Өздігінен қозғалуға қабілетсіз адамдар үздіксіз келетін ауруханалар мен басқа да мекемелердің ғимаратын бес науқасқа (мүгедекке) бір зембіл есебінен зембілдермен қамтамасыз ету

өрескел

424

Науқастарға арналған палаталары бар корпустарда емдеу процесіне қатысы жоқ үй-жайларды орналастыруға немесе оларды жалға беруге жол бермеу

елеулі

425

Кереуеттерді дәліздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарында орнатуға жол бермеу

өрескел

426

Аурухана палаталарына баллондардан оттегі жіберу үшін резеңке және пластмасса шлангтарды қолдануға жол бермеу

елеулі

427

Ақаулы емдеу электр жабдықтарын пайдалануға жол бермеу

өрескел

428

Аурухана палаталары мен науқастар жатқан басқа да үй-жайларда үтік, электр плиталары мен басқа да электр жылыту құралдарын пайдалануға жол бермеу

өрескел

429

Су қайнатқыштар, су жылытқыштар және титандар құрылғыларының болуы, медициналық аспаптарды залалсыздандыру, сондай-ақ парафин мен озокеритті қыздыру арнайы бейімделген орын-жайларда жүргізіледі

елеулі

430

Зертханаларды, бөлімшелерді, дәрігерлер кабинеттерінің сыйымдылығын ескере отырып, жалпы саны 3 килограмнан аспайтын дәрі-дәрмектер мен реактивтерді (тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарға жататын спиртті, эфирді) сақтау үшін, жабылатын арнайы металл шкафтарда сақтауды қамтамасыз ету

елеулі

431

Дәріхана қоймаларының үй-жайларында материалдық құндылықтарды қатаң түрде ассортимент бойынша сақтау және тез тұтанатын сұйықтықтарды басқа материалдармен бірге сақтауға жол бермеу

елеулі

432

Оттегі мен жанғыш газы бар баллондарды бірге сақтауға, сондай-ақ осы баллондарды материалдық және дәрхана қоймаларында сақтауға жол бермеу

елеулі

Физиотерапиялық кабинеттерді, анестезиологиялық жан сақтау және қарқынды терапия бөлімшелерді, операциялық бөлімшелерді ұстауға қойылатын талаптар

433

Тек зауытта дайындалған және жанбайтын материалдардан жасалған үстінде орнатылған, электрмен және сәулемен емдеу кабинеттерінде қолданылатын ауа қабаты бар стерилизаторлармен қамтамасыз етілуі

елеулі

434

Парафин мен озокеритті жылытуды зауытта дайындалған жылытқыштардың сору шкафындағы арнайы бөлінген үй-жайда немесе су моншасында орындау

елеулі

435

Аппараттар мен қондырғылардан үй-жайлардың жергілікті желдету жүйелерінің шығаруды шатырдың жоғарғы нүктесінен кемінде 2 метр биіктікте жүзеге асыруды қамтамасыз ету

елеулі

436

Аппаратураның профилактикалық байқауын анықталған ақауларды жою шараларын қабылдай отырып, техникалық төлқұжатта (нұсқаулықта) белгіленген мерзімде жүргізу

болмашы

437

Әрбір электрмен және сәулемен емдеу бөлімшесінде (кабинетінде) қызмет етуші персонал жүргізген өртке қарсы нұсқауларды және электр аппаратурасының жұмысында байқалған ақауларды тіркеу журналын жүргізу

болмашы

438

Операциялық, операция алдындағы, наркоздық және операциялық блоктың үй-жайларының есік орындары мен өтетін жолдары арқылы науқастарды сүйретпелерде еркін тасымалдауды қамтамасыз ету

өрескел

Емдеу мекемелерінің зертханаларын ұстауға қойылатын талаптар

439

Өндірістік қажеттіліктерге арналған тез тұтанатын сұйықтықтарды құбыр арқылы немесе тасымалдауға арналған жабық, сынбайтын арнайы ыдыста беруді қамтамасыз ету

елеулі

440

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде жұмыс істейтін үй-жайларда ішіне асбест төселген, қақпағы бар металл жәшікке салынған, қабырғасы қалың шыны немесе тығыз тығындысы бар сынбайтын ыдыста сақтау. Мұндай сұйықтықтарды полиэтиленді сыйымдылықтарда сақтауға жол бермеу

елеулі

441

Зертханаларда заттар мен материалдарды қатаң түрде ассортимент бойынша сақтауды қамтамасыз ету

елеулі

442

Сұйық оттегіні тез тұтанатын заттармен, майлармен және сұйық майлармен бір үй-жауда сақтауға жол бермеу

өрескел

443

Сығылған, сұйытылған және ерітілген жанғыш газдары бар баллондарды зертхана ғимаратынан тысқары металл шкафтарда орналастыру

елеулі

444

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды қыздыратын аспаптарға, шілтерлерге және басқа да от көздеріне 1 метрден жақын орналастыруға жол бермеу

өрескел

445

Пайдаланылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды кәрізге құйылуына жол бермеу 

елеулі

Бір және көп орындық емдеу барокамераларын ұстауға қойылатын талаптар

446

Барокамера үй-жайларының қабырғаларын, аспалы төбелерді жанбайтын материалдармен қаптауды орындау

өрескел

447

Барокамера үй-жайларына орталықтан, сумен жылыту, жылу тасымалдағыштың температурасы 950С-тан аспайтындай етіп орнату. Жылу беру аспаптарынан және жылудың басқа көздерінен барокамераға дейінгі арақашықтықты кемінде 1 метр етіп қамтамасыз ету

елеулі

448

Екi немесе одан көп бiр орынды немесе бiр көп орынды барокамералар орнатылатын үй-жайларда авариялық жарықтың бар болуы

елеулі

449

Тiкелей барокамераларда орнатылған шырақтарда тек қыздыратын лампалардың болуы

елеулі

450

Пациенттi бароаппаратқа синтетикалық киiмде жайғастыруға жол бермеу



451

Бароагрегаттарды (барокамераларды, барокондиционерлердi) жерге тұйықтамай бароппараттарды пайдалануға жол бермеу

елеулі

452

Барозалда (үй-жайда, көлiк салонында) ақаулы аспаптарды және электр өткiзгiштердi (зақымдалған оқшаулағыштармен, сенiмсiз ұшқындайтын түйiсулермен) пайдалануға, электр қыздырғыш аспаптарын (су қайнатқыштарды, электр плиталарын) пайдалануға, жанғыш материалдардан жасалған жиһазды, ұшқын тудыруға қабiлеттi материалдар мен заттарды пайдалануға, ашық отты қолдануға, темекi шегуге, жұмыс орындарының төменгi жағына жарық түсiру үшiн ашық орындалған шырақтарды қолдануға жол бермеу

өрескел

453

Майы алынбаған оттегi жабдығын пайдалануға жол бермеу

өрескел

Дәріханалар және дәріхана қоймаларын ұстауға қойылатын талаптар

454

Басқа мақсаттағы ғимаратта орналасқан дәрiханаларда жалпы саны 100 килограммнан аспайтын тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың болуы

елеулі

455

Арнайы орынға тiгiнен тұрғызылған күйде нығайтылған және қамытпен тығыз бекiтiлген, екеуден аспайтын оттегi толтырылған баллонды жеке орналасқан дәрiханаларда сақтауды жүзеге асыру

елеулі

456

Транзиттiк электр кәбілдерi өтетiн үй-жайларда, сондай-ақ газ коммуникациялары және май толы аппаратуралары бар үй-жайларда сақтауға жол бермеу

елеулі

457

Өнiмдi үйiп-төгiп сақтауға және оны жылу беру радиаторлары мен құбырларына нығыз жинауға жол бермеу

елеулі

458

Материалдарды сақтау қоймаларында ашуға және буып-түюге жол бермеу

болмашы

459

Пластмасс бұйымдарын желдетiлетiн, қараңғы, құрғақ үй-жайда бөлме температурасында, жылу беру жүйелерiнен кемiнде 1 метр қашықтықта сақтауды қамтамасыз ету

елеулі

460

Өрт қауiптi және жарылыс қауiптi дәрiлік заттарды сақтауға арналған үй-жайларды жанбайтын және төзiмдi стеллаждармен және тұғырлармен қамтамасыз ету

елеулі

461

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды енi кемiнде 0,7 метр және биiктiгi кемiнде 1,2 метр есiктерi бар жапсарлас жанбайтын шкафтарда сақтауды қамтамасыз ету

елеулі

462

100 килограммнан астам мөлшердегi тез тұтанатын сұйықтықтарды бөлек тұрған ғимаратта, шыны немесе металл ыдыста, өзге топтардағы от қауiптi заттарды сақтау үй-жайларынан оқшаулап сақтауды жүзеге асыру

елеулі

463

Ұйымдардың өндiрiстiк үй-жайларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жалпы мөлшерi 3 килограммнан аспайтындай етiп, жылыту аспаптары мен шығу жолдарынан қашықта арнайы металл жәшiкте сақтау

елеулі

464

Өрт қауiптi және жарылыс қауiптi заттар сақталатын үй-жайларда сыртынан, сондай-ақ осы үй-жайлардың iшiндегі есiктерде айқын көрiнетiн "От қауiптi", "Жарылыс қауiптi", "Темекi шегуге жол берiлмейдi", "Өрт шыққан жағдайда 101 телефонына қоңырау соғу қажет" деген жазулардың болуы

болмашы

465

Тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған контейнерлерді сұйықтықтардың булануын алдын алу үшiн тығыз жабылатын қақпағы бар шыныдан немесе металдан дайындау

елеулі

466

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар бөтелкелер, баллондар мен өзге де үлкен сыйымдылықтарды соққыдан сақтайтын ыдыста немесе баллон аударғыштарда бiр қатарда сақтауды жүзеге асыру

елеулі

467

Тез тұтанатын және жанғыш сұйық дәрілік заттарды минералды қышқылдармен (күкiрт, азот және өзге де қышқылдармен), сығылған және сұйытылған газдармен, тез жанғыш заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен, жарылыс қауiптi қоспалар беретiн (хлорат калиi, перманганат калиi) бейорганикалық тұздармен бірге сақтауға жол бермеу

елеулі

468

Жанғыш және жарылыс қауiптi дәрiлік заттарды қабырғасы қалың, тығыз жабылатын контейнерлерде (бөтелкелерде, банкаларда, барабандарда) сақтау

елеулі

18. Білім беру нысандарына қойылатын талаптар

469

Оқушылармен және студенттермен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарын және өрт шыққан жағдайдағы іс-қимылдармен зерделеу бойынша сабақтар өткізу. Бастауыш сыныптармен, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелерінде өртке қарсы тақырыбында әңгімелесулер өткізу. Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіби мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында өрт қауіпсіздігі қағидасын оқу бойынша нұсқаулық сабақтарын өткізу

елеулі

470

Зертханаларда тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде сақтауға жол бермеу

елеулі

471

Балалар мекемелерінің көп қабатты ғимараттарында кіші жастағы балалардың топтарын (сыныптары) үшінші қабаттан жоғары орналастырмау

өрескел

472

Сыныптарда, кабинеттерде, шеберханаларда, жатын бөлмелерде, асханалар мен басқа да үй-жайларда жићаздар мен жабдықтарды орналастыру кезінде адамдарды кедергісіз эвакуациялауды және өрт сөндіру құралдарын алуды қамтамасыз ету

өрескел

473

Оқу сыныптары мен кабинеттеріндегі парталар (үстелдер) санының артық болуына жол бермеу

елеулі

474

Балалар тәулік бойы болатын мектеп ғимараттары мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде телефон байланысы қамтамасыз етілген қызмет көрсетуші персоналдың тәулік бойы кезекшілігінің болуы

елеулі

19. Әлеуметтік сала объектілеріне (қарттар және мүгедектер үйі, балалар үйі, интернат үйлері, балалар және мүгедектерге арналған психоневрологиялық орталықтар) қойылатын талаптар

475

Жанған кезде уыттылығы жоғары өнімдер шығаруға қабілетті полимерлік материалдар қолдана отырып жасалған жиһаз бен жабдықтарды пайдалануға жол бермеу

елеулі

476

Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының қызметтік үй-жайларында тұрмыстық электр аспаптарын (тоңазытқыштарды, қысқа толқынды пештерді, электр жылытқыштарды, электр шәйнектерді) орнатуға және пайдалануға жол бермеу

елеулі

477

Тамақты тек осы мақсаттарға арнайы бөлінген және жабдықталған жерлерде ғана дайындауды (жылытуды) қамтамасыз ету. Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған электр жылытқыш аспаптарын автоматты өшіру құралдарынсыз қолдануға жол бермеу

өрескел

478

Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында үй-жайларды жарықтандыру ұшін керосин шамдар мен шырақтарды қолдануға жол бермеу

өрескел

479

Жатын бөлмелерде, ойын бөлмелерінде және қызмет көрсетілетін тұлғалар болатын басқа да үй-жайларда үтіктерді, электр плиталарын және басқа да электрмен жылытқыш құралдарды пайдалануға жол берілмеу. Киімдерді үтіктеуді тек осы мақсатқа бөлінген арнайы жабдықталған үй-жайларда ғана жүзеге асыру

өрескел

480

Қызмет көрсетуші персоналдың тәулік бойы кезекшілігінің болуы. Кезекшінің өзімен бірге эвакуациялық шығу есіктеріндегі барлық құлыптардың кілттері жиынтығы болуы. Кілттердің басқа жиынтығын кезекшінің үй-жайында сақтау.

елеулі

20. Сауда объектілеріне қойылатын талаптар

481

Сауда залдары мен эвакуациялау жолдарында жанғыш материалдарды, қалдықтарды, орамалар мен контейнерлерді сақтауға жол бермеу. Оларды күн сайын жиналуына қарай алынып тастауды қамтамасыз ету. Жанғыш ыдыстарды ғимараттың терезелеріне жақын жинауға жол бермеу

өрескел

482

Терезе ойықтары немесе түтін жоюға арналған шахтасы жоқ үй-жайларда жанғыш тауарларды немесе жанбайтын тауарларды жанғыш орамада сақтауға жол бермеу

өрескел

483

Сіріңкелерді, одеколонды, иіссуларды, аэрозоль орамаларын және өртке қатысты басқа да қауіпті заттарды басқа заттардан бөлек арнайы бейімделген үй-жайларда сақтауды жүзеге асыру

өрескел

484

Сауда залдарында сатып алушылар болған кезде отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге жол бермеу

өрескел

485

Тез тұтанатын сұйықтықтарды және жанғыш сұйықтықтарды және жанғыш газдарды (газ баллондарын, бояуларды, лактарды, еріткіштерді, тұрмыстық химия тауарларын), аэрозоль орамаларын, оқ-дәрілер мен пиротехникалық бұйымдарды өзге мақсаттағы ғимараттарда орналастырған кезде оларды сатуға жол бермеу

өрескел

486

Эвакуациялау жолдарында және сатылы торларда сағат жөндеу орындарын, ою және басқа да шеберханаларды, сондай-ақ дәрі-дәрмек, газет, кітап және басқа да дүңгіршектерді орналастыруға жол бермеу

өрескел

487

Сауда залдарында әуе шарларын толтыруға және басқа да мақсаттарға арналған жанғыш газдары бар баллондарды орнатуға жол бермеу

өрескел

488

Сатылы торларда, тамбурларда және басқа да эвакуациялау жолдарында сауда, ойын аппараттарын орналастыруға және тауарлар саудасына жол бермеу

өрескел

489

15000 мыңнан артық аэрозоль орамаларын сақтауға жол бермеу

елеулі

490

Ашық базарлардың сауда қатарларының үстіндегі жабындарды жанбайтын материалдардан немесе оттан қорғайтын құрамдармен өңделген ағаштан жасау

өрескел

491

Сауда қатарлары арасындағы ашық өту жолдарын маталармен, қағазбен, үлдірмен жабуға жол бермеу

өрескел

492

Базарларды басқа мақсаттағы ғимараттың бөлігіне немесе оларға жапсарлас құрылыстарға орналастыруға жол бермеу

өрескел

493

Ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылатын дүңгіршектер мен дүкеншелерді жанбайтын материалдардан жасау. Жанғыш сұйықтықтарды, дезодоранттарды, сығылған газдарды сатуға арналған павильондар мен дүңгіршектерді жеке тұрған немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгіршектер тобын отқа төзімділігі І, ІІ, ІІІа дәрежелі етіп салу

елеулі

494

Жұмыс уақытында сатып алушылардың эвакуациялық шығу жолдарымен байланысты жолдар арқылы тауарларды тиеу мен ыдыстарды түсіруді жүзеге асыруға жол бермеу

елеулі

495

Әрқайсысының сыйымдылығы 1 литрден астам шыны ыдыстарға бөлшектеп құйылған тұрмыстық химиялық тауарлармен, лактармен, бояулармен және тез тұтанатын сұйықтықтармен, жанғыш сұйықтықтармен сауда жасауға, сондай-ақ "От қаупі бар", "Отқа жақын шашыратпа" деген ескерту жазулары жоқ заттаңбасынсыз өрт қауіпті тауарларды сатуға жол бермеу

елеулі

Сауда павильондары мен дүңгіршектерін ұстауға қойылатын талаптар

496

Бөлінген аумақта дүңгіршектерді, сондай-ақ ауданы 20 шаршы метрге дейінгі қоса алғанда бір қабатты павильондар орналастыру топтарын орналастыруды жүзеге асыру. Бір топта отқа төзімділік дәрежелеріне қарамастан 10-нан аспайтын құрылыс орналастыру.

өрескел

497

Жанатын қалдықтарды жинау орындары дүңгіршектер мен павильондардан кемінде 15 метр қашықтықта орналастыру

өрескел

498

Орама материалдары мен мүкәммалдарды сақтауға арналған үй-жайлардың ауданы 5 м2 аспайтын етіп орындау

өрескел

499

Дүңгіршектерді жылыту жөніндегі талаптарды сақтау

өрескел

500

Дүңгiршектер мен павильондар дыбыстық және жарық сигналы құрылыстың қасбетiне немесе тiкелей қорғалатын үй-жайға шығатын автоматты өрт дабылының болуы.

елеулі

21. Сақтау объектілеріне қойылатын талаптар

501

Қолданылатын өрт сөндіргіш заттардың бір тектілігіне қарамастан, қандай да бір материалдар мен тауарларды көксағызбен немесе авторезеңкемен бір секцияда бірге сақтауға жол бермеу

елеулі

502

Жанғыш газдары бар баллондарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды (бөтелкелер, үлкен бөтелкелер, басқа да ыдыс), сондай-ақ аэрозоль орамдарын күн сәулесі мен өзге де жылу әсерінен қорғауды қамтамасыз ету

елеулі

503

Көп қабатты қоймаларда аэрозоль орамаларын өртке қарсы бөліктерде тек жоғары қабатта ғана, бұл ретте бөліктегі орамалардың саны 150000 аспайтындай жиналуын қамтамасыз ету

өрескел

504

Қойманың жалпы сыйымдылығы 900000-нан орамнан аспайтын жағдайда, оның оқшауланған бөлігінде 15000-нан аспайтын орамды (қорапты) сақтауды қамтамасыз ету. Қоймаларды шатырсыз, тез ашылатын жабындысы бар ғимараттарды орналастыру

өрескел

505

Жалпы қоймаларда 5000 данадан аспайтын мөлшерде аэрозоль орамдарын жинауды жүзеге асыру

өрескел

506

Ашық алаңдарда немесе шатырлар астында аэрозоль орамдарын тек жанбайтын контейнерлерде ғана сақтауды жүзеге асыру

өрескел

507

Қойма үй-жайларында материалдарды стеллажсыз тәсілмен сақтаған кезде қатарлап жинауды жүзеге асыру. Қойма үй-жайларының есік ойықтарына қарама-қарсы ені есіктің еніне тең, бірақ 1 метрден кем емес еркін өту жолдарының болуы. Қоймаларда әрбір 6 метр сайын ені кемінде 0,8 метр бойлық өту жолдарының болуы

өрескел

508

Қойма үй-жайлары ішіндегі ағаш конструкцияларын оттан қорғау құраммен өңдеуді жүзеге асыру

елеулі

509

Транзиттік электр кәбілдер, газ және өзге де басқа да коммуникациялар өтетін үй-жайларда қоймаларды орналастыруға жол бермеу

елеулі

510

Шырақтардан бастап сақталатын тауарларға дейінгі қашықтық кемінде 0,5 метр және жанғыш құрылыс конструкцияларының үстіне дейін 0,2 метр болуы

өрескел

511

Тауар-материалдық құндылықтарын сақтауға арналған үй-жайларда тұрмыстық қызмет көрсету, тамақ ішу және басқа да қосалқы қызметтер бөлмелерін орналастыруға жол бермеу

елеулі

512

Қойма үй-жайларында және дебаркадерлерде тиеу-түсіру және көлік құралдарының тұруына және оларды жөндеуге жол бермеу

болмашы

513

Қоймалардың ғимараттарында ыдысты ашумен, жарамдылықты тексерумен және ұсақ жөндеумен, өнімді өлшеп ораумен, өрт қауіпті сұйықтықтардың жұмыс қоспаларын (нитробояуларды, лактарды) дайындаумен байланысты барлық операцияларды сақтау орындарынан оқшауланған үй-жайларда жүзеге асыру

болмашы

514

Қоймалардың электр жабдықтары жұмыс күні аяқталғанда токтан ажыратылады. Қойманы электрмен жабдықтауды ажыратуға арналған аппараттар қойма үй-жайынан тыс, жанбайтын материалдан жасалған қабырғаға немесе бөлек тұрған тірекке орнату, шкафқа немесе пломбылауға арналған құрал-саймандары бар текшеге орналастырып, құлыппен жабу

өрескел

515

Қоймалардың үй-жайларында кезекшілік жарықтандыруға, сондай-ақ газ плиталарын, электрмен қыздыру аспаптарын пайдалануға және штепсель розеткаларды орнатуға жол бермеу

өрескел

516

База мен қоймалардың аумағында орналасқан ғимараттарда персонал мен өзге де тұлғалардың тұруына жол бермеу

елеулі

517

А, Б және В1- В4 санатты қойма үй-жайларына локомотивтердің өтуіне жол бермеу

елеулі

518

Цех қоймаларында нормадан асатын мөлшерде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол бермеу

елеулі

519

Түтін жою үшін ойықтары бар терезелері жоқ жертөле және цоколь қабаттардың үй-жайларында, сондай-ақ ғимараттардың жалпы саты торларын осы қабаттармен қосқанда жанғыш ыдыста жанғыш материалдарды немесе жанбайтын материалдарды сақтауға жол бермеу

өрескел

Газ баллондарын сақтауға қойылатын талаптар

520

Жанғыш газдары бар баллондарды сақтауға арналған қоймаларды жеңіл ашылатын жабындары бар, бір қабатты, шатырсыз ғимараттарда орналастыру

өрескел

521

Газы бар баллондар сақталатын үй-жайлардың терезелерін ақ бояумен сырлау немесе күннен қорғайтын жанбайтын құрылғылармен жабдықтау

болмашы

522

Баллондарды сақтау орындарының айналасында 10 метр қашықтыққа қандай да бір жанғыш материалдарды сақтауға және отты жұмыстарды жүргізуге жол бермеу

өрескел

523

Баллондар орналастырылатын шкафтар мен үйшіктер жанбайтын материалдардан жасалуы және олардың ішінде жарылыс қауіпті қоспалардың түзілуін болдырмайтын табиғи желдеткішпен жабдықтау

өрескел

524

Жанғыш газдары бар баллондарды оттегі, сығылған ауа, хлор, фтор және басқа да тотықтырғыштары бар баллондардан, сондай-ақ улы газдары бар баллондардан бөлек сақтауды жүзеге асыру

елеулі

525

Газды баллондарда сығылған, сұйытылған және ерітілген күйде сақтауды жүзеге асыру. Баллондарды сыртқы қабаттары сол газ үшін белгіленген түспен бояу

елеулі

526

Оттегі бар баллондарды сақтау және тасымалдау кезінде майдың түсуіне және баллон арматурасының майлы материалдармен жанасуына жол бермеу

өрескел

527

Газдар сақталатын үй-жайларда жарылыс қауіпті қосылымдарға дейін жарамды газ талдағыштардың болуы

өрескел

528

Жанғыш газдары бар баллондар сақталатын қоймалық үй-жайға табанында металл шеге немесе таға қағылған аяқ киім киген адамдардың кіруіне жол бермеу

елеулі

529

Табандығы бар жанғыш газ баллондары тігінен, олардың құлап қалуын болдырмайтын арнайы ұяшықтарда, торларда немесе басқа да құрылғыларда сақтау

болмашы

530

Табандығы жоқ баллондарды көлденеңінен рамаларда немесе стеллаждарда сақтау. Қатардың биіктігі бұл жағдайда 1,5 метрден аспайтындай етіп қолдану, ал клапандарды сақтандыру қалпақтарымен жабу және бір жағына қарай бұру

елеулі

531

Газ қоймаларында қандай да бір басқа заттарды, материалдар мен жабдықты сақтауға жол бермеу

елеулі

532

Жанғыш газдары бар қоймалардың үй-жайларында табиғи желдеткіштің болуы

елеулі

Ағаш материалдары қоймасын ұстауға қойылатын талаптар

533

Сақталатын материалдардың шекті көлемін, өртке қарсы бөліктер мен қатарлар арасындағы, сондай-ақ қатарлар мен көршілес объектілер арасындағы өту жолдарын көрсете отырып, қатарларды орналастыру жоспарларының болуы

болмашы

534

Қатарлар арасындағы өртке қарсы бөліктерде ағаш материалдарын, жабдықты жинап қоюға жол бермеу

өрескел

535

Қатарларға арналған орындар шөп жамылғысынан, жанғыш қоқыс пен қалдықтардан топыраққа дейiн тазарту немесе қалыңдығы кемiнде 0,5 метр құм, топырақ немесе қиыршық тас қабатының болуы

болмашы

536

Әрбір қоймада кәсіпорын жұмыскерлері мен техникасын тарту мүмкіндігін ескере отырып, қатарларды, баланс үймесі, жоңқаларды бұзу шаралары анықталған жедел өрт сөндіру жоспарының болуы

болмашы

537

Қоймаларда алғашқы өрт сөндіру құралдарынан басқа бекеттер (бекеттер) жедел өрт сөндіру жоспарларында анықталатын мөлшерде өрт техникасының әртүрлі түрлерінің қоры болуы

өрескел

538

Қоймаларда ағаш материалдарын сақтаумен байланысы жоқ жұмыстарды жүргізуге жол бермеу

болмашы

539

Ағаш материалдары қоймаларындағы жеке ғимараттарда өртке қарсы бөліктерді сақтай отырып, жұмысшыларға арналған тұрмыстық үй-жайларды орналастыру

елеулі

540

Үй-жайларға жылу беру үшін зауытта дайындалған электрмен жылыту аспаптарын қолдану

өрескел

541

Іштен жану қозғалтқыштары бар шығырларды дөңгелек ағаш қатарларынан кемінде 15 метр қашықтықта орналастыру

елеулі

Ағаш материалдар қоймасына қойылатын талаптар

542

Тасымалдау пакеттерiн өртке қарсы бөлiктерде, өту жолдарында, өрт сөндiру су көздерiне кiреберiстерге орнатуға жол бермеу

өрескел

543

Жабық қоймалар мен бастырма алаңдарының едендерін жанбайтын материалдан жасау

өрескел

Жоңқа қоймаларына қойылатын талаптар

544

Жоңқаны жабық қоймаларда, бункерлерде және едені жанбайтын жасалған ашық алаңдарда сақтауды жүзеге асыру

өрескел

545

Жоңқаның қызу температурасын бақылау үшін кертпектің ішінен жылу электрлік түрлендіргіштерді орнату үшін жанбайтын материалдардан жасалған құдықтардың болуы

өрескел

Көмір қоймаларына қойылатын талаптар

546

Жаңа қазылып алынған көмірді бір айдан артық жатқан ескі көмір үйіндісіне жинауға жол бермеу

елеулі

547

Жанып жатқан көмірді транспортер таспалары арқылы тасымалдауға және оларды теміржол көлігіне немесе бункерге тиеуге жол бермеу

өрескел

548

Көмір қатарларын жылу көздерінің (бу құбырлары, ыстық су құбырлары, қызған ауа арналары) үстіне, сондай-ақ төселген электр кәбілдері мен мұнай-газ өткізгіштердің үстіне орналастыруға жол бермеу

өрескел

549

Көмірді жинау және оны сақтау кезінде қатарларға ағаштың, матаның, қағаз бен өзге де жанғыш материалдардың түсуіне жол бермеу

елеулі

550

Өндірістік ғимараттардың жертөле немесе бірінші қабатында орналасатын, көмір сақтауға арналған үй-жайларды өртке қарсы бөгеттермен (қабырғалармен және қалқалармен) бөлу

өрескел

Жанғыш талшықты материалдар қоймаларына қойылатын талаптар

551

Қатардағы талшық массасының 300 тоннадан артуына жол бермеу

елеулі

552

Қатарлардың өлшемдерін 22 х 11 метрден аспайтындай, биіктігі бойынша 8 метрден аспайтындай етіп жүзеге асыру

елеулі

553

Ұяшықта алты қатардан немесе бастырмадан артық болмауы, қатарлар арасындағы аралықтар – кемінде 15 метр, бастырмалар арасында барлық бағыттар бойынша – 20 метр

өрескел

554

Топта саны төрттен аспайтын ұяшықтың болуы (24 қатар немесе бастырма), ұяшықтар арасындағы аралық – барлық бағыттар бойынша кемінде 30 метр

өрескел

555

Секторда төрттен аспайтын топтың (96 қатар немесе бастырма) бар болуы, топтар арасындағы аралық – барлық бағыттар бойынша кемінде 50 метрдің бар болуы

өрескел

556

Секторлар арасындағы аралықтардың 100 метрден кем болуына жол бермеу

өрескел

557

Талшықты материалдар сақтауға арналған қоймалар, бастырмалар және ашық алаңдар орналасқан учаскелерде қоршаудың болуы

елеулі

558

Өндірістік қалдықтарды шикізатпен және дайын өніммен бірге сақтауға жол берілмеу

елеулі

559

Талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына ұшқын өшіргіштерсіз темір жол (паровоздардан басқа) және автокөліктің 5 метр, ал тракторлардың 10 метр жақын келуіне жол бермеу

өрескел

Резервуарлық парктерді ұстауға қойылатын талаптар

560

Резервуарлардың топырақ үйiп бекiтiлген жерлерiнің көлемін топырақ үйiп бекiтiлген жердегi ең үлкен және тұрақты жарамды күйде ұсталатын резервуардың көлемiне тең етіп орындау

елеулі

561

Толтыруды және деңгейдi өлшеудi бақылау мен автоматтандыруға арналған құрылғылардың желiлерiнен басқа, резервуарлардың топырақ үйiп бекiтiлiген жерi iшiнде және тiкелей резервуарларда электр жабдығын орнатуға және электр желiлерiн төсеуге жол бермеу

өрескел

562

Резервуарлық парктегi құбырлардың коммуникациясын резервуармен авария болған жағдайда мұнайды бiр ыдыстан келесiсiне қотарып алу мүмкiндігін қамтамасыз ететіндей етіп орнату

елеулі

563

Жылдың қысқы мезгiлiнде резервуарлардың төбесiнен қарды дер кезiнде алу, сондай-ақ резервуарлық парктiң аумағына жолдар мен өрт сөндiруге өту жолдарын қардан тазарту

болмашы

564

Жарылыс және өрт қауіпті үй-жайларда және резервуарлық парк аумағында көмірсутегі концентрациясын тұрақты бақылау үшін түсті және дыбысты сигнализация бар газ талдағыштардың болуы

өрескел

565

Көрінетін жерлерде резервуарлық парктің барлық аумағында және жеке тұрған резервуарларда өртке қарсы өртке қарсы режимінің бұзылуына жол бермеу туралы жазбаның болуы

болмашы

566

Өлшеу қондырғыларының тек стационарлық жүйелерімен мұнай өнімдерінің сынамасын іріктеуді және деңгейін өлшеуді жүзеге асыру

болмашы

567

Күкіртті мұнай өнімдері сақталатын резервуарлар үшін пирофор күкіртті темір шөгінділерінен тазалау бойынша жоспарлы жұмыстардың кестесінің болуы

болмашы

568

Авария кезінде төгілген мұнай өнімін жою үшін, сондай-ақ топырақ үйіп бекітілген жерлерден канализация жолдарда нөсер суын ағызу үшін топырақ үйіліп бекітілген жерлердің шектерінен тыс қолданысқа келтірілетін сақпан-клапандар түріндегі бекіткіш құрылғылардың болуы

өрескел

569

Жобалық құжаттамада белгіленген топырақпен үйіп бекітілетін жердің биіктігін азайтуға жол бермеу

елеулі

570

Қисық тұрған және сызаттары бар резервуарларды, сондай-ақ ақаулы жабдықты, бақылау-өлшеу аспаптарын, өнім өткізгіштерді және тұрақты өртке қарсы құрылғыларды пайдалануға жол бермеу

өрескел

571

Топырақ үйіп бекітілген жерге ағаш, бұта, шөп отырғызуға жол бермеу

болмашы

572

Жанғыш негізге сыйымдылықтарды орнатуға жол бермеу

өрескел

573

Резервуарлар мен цистерналарды асыра толтыруға жол бермеу

елеулі

574

Резервуарлық парк қоймаларында өрт сөндіруші заттар қорының, сондай-ақ оларды өрт сөндіру үшін қажетті санында, ең үлкен резервуарда беру құралдарының болуы

елеулі

Мұнай өнімдерін ыдыста сақтауға қойылатын талаптар

575

Қойма үй-жайлары басқа үй-жайлардан отқа төзiмдiлiк шегi кемінде ЕI-45 өртке қарсы қалқалармен бөлу

өрескел

576

Тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтары бар бөшкелерді қойма еденінде қолдан жинау кезінде 2 қатардан аспайтындай, жанғыш сұйықтықтары бар бөшкелерді механикалық жолмен жинау кезінде – 5 қатарда аспайтындай, ал тез тұтанатын сұйықтықтары бар бөшкелерді - 3 қатардан аспайтындай орналастыру

өрескел

577

Қатар енін 2 бөшкеден асырып орындауға жол бермеу. Басты жол енін бөшкелерді тасымалдау үшін 1,8 метрден кем емес етіп, ал қатарлар аралығын кемінде 1 метр етіп орналастыру

өрескел

578

Сұйықтықты тек қана жарамды ыдыста сақтау

елеулі

579

Ыдыстағы мұнай өнімдерін сақтауға арналған ашық алаңдарды сырты бойынша жер белдеуімен немесе биіктігі 0,5 метрден кем емес алаңға өтетін пандустары бар, жанбайтын тұтас қабырғамен қоршау

өрескел

580

Топырақпен үйiп қоршалған бiр алаңның шегiнде 4 қатардан аспайтын қатарлар арасындағы бөлiктерi кемiнде 10 метр, ал қатар мен бiлiк (қабырға) арасында кемiнде 5 метр, мөлшерi 25х15 метр және биiктiгi 5,5 метр бөшкелердi орналастыру.
Екі аралас алаңдардағы қатарлар арақашықтығын 20 метрден кем болмайтындай етіп орналастыру

өрескел

581

Қоймаларда тiкелей және топырақпен үйiп қоршалған алаңдарда мұнай өнiмдерiн құюға, сондай-ақ буып-түю материалдары мен ыдысты сақтауға жол бермеу

елеулі

22. Ауыл шаруашылығы объектілеріне қойылатын талаптар

582

Отпен жылытатын азық дайындау үшін вакуумдық - сорғыш және жылу генераторларын орналастыруға арналған үй-жайларды, сондай-ақ мал шаруашылығы және құс шаруашылығы ғимараттарына жапсарлас немесе олардың ішінде салынған ірі жемшөптер қорын сақтауға арналған үй-жайларды мал шаруашылығы мен құс өсіру фермаларындағы мал мен құсты ұстауға арналған үй-жайлардан өртке қарсы қабырғалармен және жабындылармен бөлу. Көрсетілген үй-жайларды тікелей сыртқа шығу жолдарымен жабдықтау

өрескел

583

Жануарлар мен құстарға арналған үй-жайларға шеберханалар, қоймалар, автокөлік, трактор, ауыл шаруашылық техникасын орналастыруға, сондай-ақ фермаларға қызмет көрсетуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге жол бермеу.
Бұл үй-жайларға газ шығаратын трубалары ұшқын өшіргіштерімен жабдықталмаған тракторларға, автомокөліктер мен ауыл шаруашылық машиналарына кіруіне жол бермеу

болмашы

584

20 және одан астам мал басы болған жағдайда сүт тауары фермаларында (кешендерде) топтық байлау әдісін қолданудың болуы

елеулі

585

Фермалардың шатырдағы үй-жайларында ірі жемшөпті сақтаған кезде мына іс-шараларды қамтамасыз ету:
1) төбе жабынын өртенбейтін материалдардан жасау;
2) шатырдағы ағаш жабындарын және жанғыш жылытқышты шатыр үй-жайлары жағынан тұтанудан жанғыш жылытқыш бойын қалыңдығы 3 сантиметр балшық сылағымен (немесе теңбе-тең оттан қорғаумен) немесе өртенбейтін жылытқышпен қорғау;
3) шатырдағы электр желісін механикалық ақаулықтардан қорғау;
4) түтіндіктерді периметр бойынша 1 метр қашықтықта қоршау.

өрескел

586

Электр брудерлерін орнатқанда және пайдаланғанда мына іс-шараларды қамтамасыз ету:
1) жылу қыздырғыш элементтерінен төсемдер мен жанғыш заттарға дейінгі қашықтықты ұзынынан 80 сантиметрден кем емес, ал көлденең 25 сантиметрден кем емес ету;
2) тек зауытта шығарылған қыздыру элементтері қолдану және қызған бөлшектері түсіп қалу ықтималы болмайтындай етіп орнату. Ашық жылыту элементтерін қолдануға жол бермеу
3) оларды электр энергиясымен қамтамасыз ету бөліп таратқыш қалқанынан дербес желілері бойынша іске асыру. Брудердің әрқайсысын дербес ажыратқыштармен жабдықтау;
4) бөліп таратқыш қалқанының барлық электр желісін тоқтан ажыратқыш қосқышымен, сондай-ақ қысқа түйісу мен шамадан тыс жүктемеден қорғау құрылғысымен жабдықтау

өрескел

587

Жылжымалы ультракүлгін қондырғылар және олардың электр жабдықтары жанғыш материалдардан 1 метрден кем емес қашықтықта орналастыру

өрескел

588

Қырқатын агрегаттың бензин қозғалтқышын ғимараттардан 15 метр қашықтықта, шөп пен қоқыстан тазартылған алаңшада орнату. Жанар-жағармай материалдарының қорын сақтауды қырқу бекеті мен құрылыстардан 20 метр қашықтықта, жабық металл ыдыста жүзеге асыру

өрескел

589

Қырқу бекетiнде ауысым өнiмiнен артық жүн жинауға және өту-шығу орындарына жүн теңдерін үйіп қоюға жол бермеу

өрескел

590

Аммиак селитрасын отқа төзiмдiлігi I және II дәрежелi дербес шатырсыз бiр қабатты өртенбейтiн едендерi бар ғимараттарда сақтау. Ерекше жағдайларда селитраны отқа төзiмдiлiгi I немесе II дәрежелi ауыл шаруашылығы кәсiпорнының минералды тыңайтқыштардың ортақ қоймасының жеке бөлiгiнде сақтауға жол берiледi. Әсерi күшті тотықтырғыштарды (магний және кальций хлораттары, сутегi тотығы) отқа төзiмдiлiгi I, II және III дәрежелi ғимараттардың жеке бөлiктерiнде сақтау.

елеулі

591

Фермалар мен басқа ауыл шаруашылығы объектiлерiн қылқан жапырақты ормандарға жақын, құрылыстар мен орман алқаптарының арасында орналастырғанда көктемгi-жазғы өрт қауiптi кезеңге бульдозерлер, соқалар және басқа да топырақ өңдейтiн құрал-жабдықтар арқылы (шаруашылық тұрғыдан орынды болса, қорғайтын алқаптарда картоп, бөрібұршақ, түйебұршақ сияқты өртке төзiмдi өсiмдiктер) орнатылатын өртке қарсы қорғау алқаптарын құру

елеулі

Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге қойылатын талаптар

592

Қаптарды ұннан тазарту және оларды сақтау үшін қапты қағатын машинасы орнатылған оқшауланған үй-жайлардың бар болуы

елеулі

593

Нан пісіру кәсіпорындарында сұйық май мен өсімдік майын ыдыссыз сақтауды жеке үй-жайларда қамтамасыз ету

елеулі

594

Қатты отынмен жұмыс істейтін нан пісіру пештерінің үздіксіз бесікше подикті тұйық жерлеріндегі отындары үшін өртке қарсы қалқамен (өртке қарсы есікпен) және жабындымен бөлінетін бөлмелердің бар болуы

елеулі

595

Отын бөлмесінде бір ауысымға арналған қатты отыннан аспайтын қордың болуына жол бермеу

елеулі

596

Нан пісіру пештері сұйық отында жұмыс істегенде сұйық отынның шығыс бактарын орнатуға арналған өртенбейтін құрылыстан жасалған ғимараттан тыс және оқшауланған бөлмелердің бар болуы

елеулі

597

Элеваторлардағы, ұн тартатын, құрама жем және арпа зауыттарында бiр мезгiлде 15 адамнан кем болатын өндiрiстiк үй-жайлардың есiктерiн үй-жайлардың iшiне қарай (эвакуациялау орнына қарсы) ашылатындай етiп жасауға жол берiледi. Сонымен қатар тамбур-шлюздердiң есiктерi әр жаққа ашылады (өндiрiстiк үй-жайлардан тамбур-шлюздерiне қарай эвакуациялау жолына қарсы, тамбур-шлюзден саты алаңына қарай есiктер – эвакуациялау жолы бойымен).

өрескел

598

Таспа конвейерлерін өткізуге арналған өртке қарсы ойықтарда автоматтандырылған өрт сөндіру қалқандардың немесе өрт шыққан жағдайда оларды жабуға арналған құрылғылардың болуы

өрескел

599

Тұрмыстық, қосалқы және әкiмшiлiк-шаруашылық үй-жайлары, басқару пультінің үй-жайлары, электр таратқыш құрылғылары, желдеткiш камералары мен саты алаңдары арқылы ауа жолын, материал өткiзгiштерiн, бағытсыз құбырларды өткiзуге жол бермеу

өрескел

600

Циклондарды сыртта, жем кептіргіштерге және қазандықтардың түтін құбырларына қараған жаққа орнатуға жол бермеу

елеулі

601

Кәбілдердi төсеуге арналған шахталарда норийлер, бағытсыз және аспирациялау құбырларын, сондай-ақ басқа тасымалдау және технологиялық жабдықтарды орнатуға жол бермеу

елеулі

602

Астық сақтау қоймаларының, астықты қайта өндіретін кәсіпорындардың қабаттарында қабатаралық және цех аралық байланыстың (телефондар, сөйлесу құбырлары, қоңыраулар) болуы.

болмашы

603

Автокөлiкке өнiм мен қалдықтарды ыдыссыз тиеу кезінде аумақты шаң басудан сақтандыратын құрылғылары болуы

елеулі

604

Аралас жем зауыттарында темір жол және автокөлігінен ұн шикізатын және кебектерді түсіру орындарын шаң басудың алдын алу мақсатында аспирациямен қамтамасыз ету

елеулі

605

Үй-жайларға шаң кіруіне кедергі келтіру үшін силостарға және бункерлерге арналған люктерді, сондай-ақ бағытсыз құбырлардағы, ауа өткізгіштердегі және аспирациялық қаптамалардағы шағын люктердің тығыз қосылуларын қамтамасыз ету

өрескел

606

Барлық қоймаларда бір-бірінен 100 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан сыртқы сүйеп қоятын баспалдақтардың болуы

елеулі

607

Өнімділігі сағатына 50 тонна астам норийлерді тоқтауларда кері жүруден лентаны қорғайтын автоматты тежеуіш құрылғылардың болуы. Норийлерді және жеке бөлшектерді ағаштан немесе басқа жанғыш материалдардан жасауға жол бермеу

елеулі

608

Сына тәрiздi қайыс баулар жинағы толық болмағанда жұмыс істеуге немесе шкив бунақтарының пiшiнiне сәйкес келмейтiн пiшiнi бар қайыс бауларды қолдануға жол бермеу

елеулі

609

Тозаңды жинауға және сақтауға арналған ыдыстар мен жедел (өндірістік) ыдыстардың аспирациясының технологиялық және көліктік жабдығы бар бір аспирациялық қондырғыға қосылуына жол бермеу

елеулі

610

Технологиялық және көліктік жабдықтың аспирациялық қондырғылармен бұғаттағышының болуы

елеулі

611

Элеваторлардың жұмыс ғимараттарында желдеткіштер мен дән кептіргіштерінің тозаң тұтқыштарын орналастыруға жол бермеу

елеулі

612

Элеваторларда аспирациялық қалдықтарды және бункерлер мен силостарда өндірістік тозаңды жинауға және сақтауға жол бермеу

елеулі

613

Шикiзат және дайын өнiм қойма үй-жайлары арқылы транзиттi ауа арналарын, сондай-ақ жарылыс өрт қаупi және өрт қаупi бойынша А, Б, және В1-4 санатындағы үй-жайлары арқылы төсеуге жол бермеу

елеулі

614

Желдеткiштер мен ауа үрлегiш машиналардан кейiн орналасқан (аспирациялық шахталардың, тозаң камералардың) тозаңның гравитациялық отырғызуына арналған ыдыстарды пайдалануға жол бермеу

елеулі

615

Ауа өткiзгiштер мен материал өткiзгiштерді кемінде екі жерде жерге тұйықтау

елеулі

616

Қондырғылар элементтері арасындағы қосылуларда электр өткізбейтін бояулармен сырланған, диэлектрлік материалдар мен шайбалардан жасалған болттарына шайбалардың қолдануына жол бермеу

елеулі

617

Аспирациялық қондырғылардың ауа арналарының жылыту жүйесінің құбыр жолдарымен түйісуіне жол бермеу

елеулі

618

Аспирация жүйелерi дұрыс iстемейтiн, жобалық және техникалық құжаттамада көзделген норийлер мен ұнтақтағыштардағы жарылыс ыдыратқыштары жоқ жабдықты пайдалануға жол бермеу

өрескел

619

Өнімдерді (шикізатты) жаншып үгетін станоктар, ұнтақтағыштар, қамшылау машиналары және соқпа машиналар арқылы өткізу алдында магнитті сепараторлардың болуы

елеулі

620

Тазартқыш машиналардың түйгіштерінде сызаттар мен сынықтардың болуына жол бермеу. Ұшқынның пайда болуына жол бермеу үшiн түйгiш барабанының iшкi бетiне түйгiштердiң тиюiне жол бермеу.

өрескел

621

Тізбекті конвейерлерде (тиелген қырнауыштары бар) қораптар толған кезде конвейерді автоматты түрде тоқтататын тегеурін бергіштердің немесе дөңгелекті ажыратқыштардың болуы

елеулі

622

Иірліктердің тұтануын болдырмау үшін өнімнің жүрісі бойынша олардың шеттеріне өнімнің қысымына байланысты ашылатын сақтандырғыш клапандарының болуы

өрескел

623

Көлiк таспаларын және жетек қайыс белбеулерiн металдан жасалған қапсырма шеге, болттар арқылы (олар жанғыш вулканизацияны пайдаланып, қайыс белдiкшелермен тiгiлу арқылы қосылуы тиiс) қиыстыруға жол бермеу

елеулі

Құрама жем зауыттарының жабдықтарын пайдалануға қойылатын талаптар

624

Ұнтақтағыштардың балғаларында сызаттар мен басқа да ақаулардың болуына жол бермеу

өрескел

625

Ұсақтатқыштар үшін тек зауытта шығарылған сақтандырғыш шрифттерінің болуы
Оларды көлемдерi және механикалық сипаттамалары белгiсiз металл өзектермен ауыстыруға жол бермеу

елеулі

Ұн тарту және жарма зауыттарын ұстауға қойылатын талаптар

626

Өнiмi жоқ, бiлiктерi қысылған, белағаштарының бойымен ауытқып және жылжып кеткен станоктармен жұмыс iстеуге жол бермеу

елеулі

627

Тозаң өткізбейтін материалдан жасалған, сыртқа шығаратын келте құбырлары бар иiлгiштермен тығыз қосылған елек-суырғы машиналарының себу шанақтарының, тас іріктегіштердің, сепараторлардың иiлмелi қосылыстарын қолдану

елеулі

628

Бастиегі түсіріліп тұрғанда, тарту құрылғылары дұрыс болмаған, қажақ дискілері нашар бекітілген немесе кептіргіш дөңгелектері болмаған жағдайларда аршу машиналарын іске қосуға жол бермеу

елеулі

629

Аршу машиналары мен ажарлау машиналарының дискілерінде, пішімбіліктерінде және декаларында сызаттар мен ақаулықтардың болуына жол бермеу.

елеулі

630

Электр магнитті сепараторларының бұғаттағышын электр энергиясы тоқтаған кезде электр магниттеріне өнімнің жетуін болдырмайтындай етіп қамтамасыз ету

елеулі

Нан пiсiру кәсiпорындарын ұстауға қойылатын талаптар

634

Каналдық пештердің газ құбырлары мен жоғарғы от жағу бөліктерінде жарылыстан сақтандыратын клапандардың болуы, бір жарылыс клапанының ең аз алаңы - 0,05 м2

өрескел

632

Пештерді жылу мен газ тәрізді заттарды шығаруға арналған желдеткіш құрылғыларымен жабдықтау.

өрескел

633

Газ тәрiздi және сұйық отындармен жұмыс iстейтiн пештерде авариялық жағдайларда:
1) пештiң оттығына сұйық отын және жандыруға арналған құрылғыларға ауа жеткiзу тоқтағанда (сұйық отынмен жұмыс iстейтiн пештер үшiн);
2) жылыту жүйесiндегі жылытатын газдардың шектi температурасынан асып кеткенде;
3) конвейер тоқтаған кезде отын жеткiзудi автоматты түрде тоқтататын құрылғылардың болуы

өрескел

634

Пештерде авариялық жағдайларда пiсiрiлген өнiмдердi шығаруға арналған резервтiк механизмi бар қол жетегiнің болуы

елеулі

Технологиялық процестерді ұстауға қойылатын талаптар

635

Жабдықты өнімділік пен мақсаты бойынша технологиялық схеманың талаптарына сәйкес қолдану

елеулі

636

Цехтың iшiндегi пневматикалық көлiктен шлюз бекiтпелерiнiң немесе жүк түсiргiштерiнiң бекiтпе топтарының шеткi бiлiкшелерiнде жылдамдықты бақылау релесiнің болуы (талап өнімділігі жоғары жабдық жиынтығының шлюз бекiтпелерiне қолданылмайды).

елеулі

637

Дәндi емес өнiмдердi (шрот, күнжара, түйiршiктелген шөп ұнын) астық элеваторларының сүрлемдерi мен бункерлерiнде қабылдауға және сақтауға жол бермеу

елеулі

638

Дәнді жүгеріні ғимараттан тыс орнатылған шахтадағы түзу ағынды кептіргіштерде кептіру

елеулі

639

Күрiш, тары, қарақұмық қауыздарын жарма зауыты жұмысының 1-2 тәулiкке сыйымдылығы бар бункерлiк үлгідегі қоймаларда сақталуын қамтамасыз ету Қауыздарды ашық алаңдарда, төбе астында сақтауға жол бермеу

елеулі

640

Дән, күнжара және шроттарды сақтауы жүзеге асырылатын барлық сүрлемдер міндетті түрде температурасын қашықтықтан бақылау қондырғыларының (тұрақты термометр жүйелерімен) болуы

елеулі

641

Өздігінен тұтануға бейім күнжара, шрот және басқа да ұнтақты шикізатты олар тұрған ыдыстардан бос ыдыстарға кезең-кезеңмен ауыстырып тұруды қамтамасыз ету. Шикiзатты бункерлер мен сүрлемдерде үздiксiз сақтаудың рұқсат етiлген мерзiмдерi негiзiнде зауыттың бас технологы немесе технологиялық зертхананың меңгерушiсi әзiрлеген жоспар-графиктің болуы

елеулі

642

Өндірістің қалдықтарын тасымалдау үшін үй-жайға шаң шығуды болдырмайтын бағытсыз, механикалық көлік пен пневмокөлікті (норийлер, шынжырлы тасымалдағыштар, жабық қаптамалардағы таспалы және роликтері жоқ конвейерлер) қолдану

елеулі

Дәндi дақылдарды жинау және азық дайындау кезінде қойылатын талаптар

643

Дәнді дақылдарды жинар алдында астықты алқаптардың алаңын 50 гектардан кем емес учаскелерге бөлу. Учаскелер арасына кендігі 8 метрден кем емес шалғы жолын жасау. Шалғы жолынан шабылған астықты дереу жинау. Шалғы жолының ортасында ені кемінде 4 метр жер жыртудың болуы

елеулі

644

Уақытша егін қостарын астықты алқаптардан, тоқтан кемінде 100 метр алшақ жерге орналастыру

елеулі

645

Көлемі 25 гектардан астам жиналып жатқан астық алқаптарына тура жақын жерлерде өрт шыққан жағдайда өртенген зонаны жыртуға арналған соқасы бар трактордың болуы

өрескел

646

Астық қырмандарын ғимараттар мен құрылыстарға 50 метр, ал астық алқаптарына – кемiнде 100 метр алшақ орналастыру

өрескел

647

Қыр жағдайларында сақтау және мұнай өнімдерін құю кеуіп қалған шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және ені 4 метр кем емес жолағы жыртылған, немесе токтардан, мая шөп пен сабандардан, астық алқаптарын 100 метр қашықтықта және құрылыстардан 50 метр кем емес қашықтықта жыртылған жерде арнайы бөлінген аудандарда жүзеге асырылады

өрескел

648

Дәнді дақылдарды жинау және азық дайындау кезеңінде:
1) тракторлардың, қақпақтары жоқ немесе қақпақтары ашық өзi жүретiн шассилер мен автомобильдердiң жұмыс iстеуiне;
2) қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды күйдiру үшiн дәнекерлейтiн лампаларды қолдануға;
3) далада түнгi уақытта автомашиналарға жанар-жағар май құюға жол бермеу.

өрескел

649

Қозғалтқыштардың радиаторларын, битерлердiң, сабан толтырғыштардың, транспортерлер мен жинағыштардың бiлiктерiн, шнектер мен басқа да тораптар және жинау машиналарының бөлшектерiн шаңнан, сабаннан және дәндерден дер кезінде тазарту

елеулі

Дәрумендi шөп ұнын дайындауға және сақтауға қойылатын талаптар

650

Шөпті ұнды жасауға арналған агрегаттарды төбенің астына немесе үй-жайға орнату

елеулі

651

Шөпті ұнды дайындау бекетінен бастап құрылыстар мен жанар-жағармай материалдары бар цистерналарға дейінгі өртке қарсы аралықтарды кемінде 50 метр, ал құнарсыз азықтар сақталатын ашық қоймаларға дейін – кемінде 150 метр етіп орындауды қамтамасыз ету

өрескел

652

Жұмсалатын отын багын агрегат үй-жайынан тыс орнату. Отын құбырларын кемiнде екi вентильмен (бiреуi – агрегатта, екiншiсi – отын багында) жабдықтау.

елеулі

653

Ұнды бөлек тұрған қоймада немесе өртке қарсы қабырғалар мен жабындыларымен бөлiнген және сенімді желдеткiшi бар бөлiкте басқа заттар мен материалдардан бөлек сақтауды қамтамасыз ету

елеулі

654

Қоймаға ылғал түсiруге жол бермеу. Ұнды үйiп сақтауға жол бермеу.

елеулі

655

Ұны бар қаптарды бiр қатарға екi қаптан биiктiгi 2 метрден аспайтындай етіп қатарларға жинауды қамтамасыз ету. Қатарлар арасындағы өту жолдарының кеңдiгiн кемiнде 1 метр, ал қабырғалар бойынан – кемiнде 0,8 метр етiп орындау

елеулі

Зығырды, сораны және өзге де техникалық дақылдарды бастапқы өңдеуге қойылатын талаптар

656

Зығыр, сора және басқа техникалық дақылдарды өңдеуге арналған үй-жайларды машина бөлiмшесiнен оқшаулауды қамтамасыз ету

өрескел

657

Iштен жану қозғалтқышының шығару құбырларын ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау. Құбыр шығатын жерде жанғыш құрылғылар арқылы өртке қарсы аралықты орнату

өрескел

658

Зығыр шикізатын (сабандар, трестер) маяларда, шохаларда (жабын астынан), жабық қоймаларда, ал талшықтар мен қалдық талшықтарды – тек жабық қоймаларда сақтау

елеулі

659

Техникалық дақылдарды алғаш өңдегенде:
1) фермалар, жөндеу шеберханалары, гараж аумағында зығырды сақтауға және жармалауға;
2) автомашиналарға, тракторларға өндiрiстiк үй-жайларына, дайын өнiмдер мен шоха қоймаларына кiруге. Автомашиналарды кемiнде 5 метр, ал тракторлардың көрсетiлген ғимараттардан, маялардан және шохалардан кемiнде 10 метр қашықтықта тоқтату көзделеді;
3) илеу-түту цехында пешпен жылыту жүйесiн орнатуға жол бермеу.

елеулі

660

Зығыр өңдеу пунктінің аумағына кiретiн автомобильдерді, тракторларды және басқа да өзi жүретiн машиналарды жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау

өрескел

661

Маяларға (шохаларға) жақындағанда көлiк құралдарын қозғалтқыштың шығу жүйелерiнен пайдаланылған газдардың шығу бағытына қарама қарсы жағымен кіруді қамтамасыз ету

елеулі

662

Зығыр өңдеу бекетінің аумағында темекі шегуге арналған орындарды өндірістік ғимараттар мен дайын өнімді жинап қою орындарынан 30 метрден кем емес қашықтықта орналастыру

елеулі

663

Зығырды алғашқы өңдеу ғимараттарының төбелерін жанбайтын материалдардан жасау

өрескел

664

Тресталарды табиғи түрде кептіруді арнайы бөлінген учаскелерде жүзеге асыру

елеулі

665

Өндірістік ғимараттарда орналастырылған кептіргіштерді басқа үй-жайлардан 1-типтік өртке қарсы бөгеттермен бөлу

өрескел

666

Өндірістік бөлмедегі тресталар санының ауысымдық қажеттіліктен артуына жол бермеу. Машиналардан кем дегенде 3 метр қашықтықта жинауды жүзеге асыру

елеулі

667

Темекі кептіргіштердегі сөрелер мен этажеркаларды жанбайтын материалдардан жасау. Қыздыру құбырларының үстіндегі отты кептіргіштерде, оларға темекі түсуден қорғайтын металдан жасалған күнқағардың болуы

өрескел

Мақта шикізатын жинауға, кептіруге, сақтауға және бастапқы өңдеуге қойылатын талаптар

668

Мақта жинау кезiнде:
1) мақта егiстiгiнде темекi шегуге және ашық отты пайдалануға;
2) бункерiне өңделмеген мақта толтырылған мақта жинайтын машинаны егiстiкте қалдыруға, отын құюға;
3) су жүйесі мен электр жабдығы бар ақаулы мақта жинайтын машиналарды пайдалануға;
4) мақта кептiруге арналған алаңдарда мақта жинайтын машиналардың тұруына жол бермеу

өрескел

669

Тракторлардың, автокөліктердің, мақта жинағыш машиналардың тұрағын оларды майлау және жанармаймен толтыру өңделмеген мақтаны табиғи кептіруге арналған алаңдардан кем дегенде 50 метр қашықтықта жүзеге асыру

елеулі

670

Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдарды тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, жөндеу шеберханаларынан кемiнде 150 метр, ал жоғары вольтты және төменгi вольтты электр беру желiлерiнің тiреу биiктiгiнен кемінде 1,5 метр алшақ орналастыру

өрескел

671

Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдарды сыртқы өрт сөндiру мақсаттары үшiн кемiнде 50 текше метр есептiк мөлшермен қамтамасыз ету

елеулі

672

Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдарды асфальттау немесе қалыңдығы кемiнде 5 сантиметр сазды топырақпен тегiстеу. Мақтаны жолдың жүретiн бөлiгiнде кептiруге жол бермеу

елеулі

673

Технологиялық жабдықтан тозаңның бөлiнуiне жол бермеудi қамтамасыз ететiн құрылғыларды (герметизациялау тораптары, жергiлiктi сорғылар) жарамды күйде ұстау.

елеулі

674

Элеваторларда сатылары бар тұрақты алаңдарды қамтамасыз ету. Алаңды төменнен жоғары қарай 0,1 метр биiктiкте кемiнде 0,9 метр болатын тұтас жапсырмалы сүйенiшпен қоршау.

елеулі

675

Элеватор жетегінде таспа үзілген жағдайда, жарамды автоматты қорғағышының ақаулығының болуына, сондай-ақ жұмыс органдарының элеватор қорабының қабырғасына тиіп тұруына жол бермеу

елеулі

676

Элеватордың қаптамасын мықты тиектерi мен тұтас периметрi бойынша жабынның тығыздығын (герметикалығын) қамтамасыз ететiн жеңiл ашылатын люктермен жабдықтау

елеулі

677

Транспортерлерді төменгi таспадан өңделмеген мақтаны шығаруға арналған жарамды арнайы қондырғымен жабдықтау

елеулі

678

Пневмокөлік жүйесіне кіретін аппараттар мен машиналардың жерге тұйықтауын жарамды күйде ұстау. Өңделмеген мақтаны желдеткіш арқылы механикалық түрде қайта өңдеуді жол бермеу

елеулі

679

Топтағы бунттардың санының бір бунтқа алаң мөлшері 65х14 метр болғанда екеуден, алаң мөлшері 25х14 метр болғанда төртеуден немесе бір бунтқа алаң мөлшері 25х11 метр болғанда, алты бунттан артық болуына жол бермеу. Бунттың биіктігін 8 метрден аспайтындау орындау

өрескел

680

Топтағы бунттар арасындағы өртке қарсы бөліктердің 15 метрден аз болуына, бунттардың топтары арасындағы өртке қарсы бөліктердің 30 метрден аз болуына жол бермеу

өрескел

681

Өңделмеген мақтаны кептіру үшін қолданылатын жылу өндіргіш қондырғыларды жанбайтын конструкциялардан жасалған оқшау үй-жайларда орнатуды жүзеге асыру

елеулі

682

Мақта талшығын бумамен ғана сақтауды жүзеге асыру.

елеулі

683

Мақта талшығы бумасын ашық алаңдарда қатарлап сақтау кезiнде мақтаның стандартты қатарының өлшемiн ұзындығы 22 метрден, енi 11 метрден, биiктiгi 8 метрден аспайтындай етіп орындау

өрескел

684

Мақта зауыттары мен мақта бекеттерiнде 2400 тоннадан артық өңделмеген мақтаны сақтау кезiнде жоғары қысымды өртке қарсы су құбырының болуы

елеулі

Ат қорасын ұстауға және мал жемін сақтауға қойылатын талаптар

685

Ат қоралар үй-жайларында екі және одан астам дербес қақпаның болуы, олардың алдынан табалдырықтарды, сатыларды, қақпа асты саңылауын орнатуға жол бермеу
Қақпаны жеңіл ашылатын тиектермен жабу

өрескел

686

Ат қоралардың үй-жайларында өрт болған жағдайда жылқыларды жылқы тұратын орындардан бір мезгілде босатып шығаруға мүмкіндік беретін құрылғылардың болуы

елеулі

687

Жануарларға жем дайындауға арналған үй-жайларды ат қоралардың басқа үй-жайларынан жанбайтын материалдардан жасалған құрылымдармен (қабырғалармен және қалқалармен) бөлу

өрескел

688

Жемшөп үй-жайды, сондай-ақ төсемдерді сақтауға арналған үй-жайды басқа үй-жайлардан өртке қарсы қалқалармен және жабындылармен бөлу және сыртқа дербес шығу жолымен қамтамасыз ету

өрескел

689

Ат қоралардан жылқыларды эвакуациялау үшін өрт болған жағдайда жануарларды эвакуациялау жоспарының болуы

болмашы

690

Ат қораларда электр желiлерiн пайдалану кезiнде:
1) электр желiлерiн жануарлар тұратын орындардың үстiнен орналастыруға;
2) электр желiлерiнiң астынан шөп, сабан жинауға;
3) электр желiлерi мен кәбілдерiн ат қоралардың үй-жайлары арқылы транзитпен төсеуге;
4) қуаты осы шырақ түрi үшiн шектi рұқсат етiлгеннен артық болатын лампаларды пайдалануға;
5) шырақтарды тiкелей желiлерге iлуге жол бермеу.

өрескел

691

Шеберханалар құрылғыларын, қоймаларды, автокөлік тұрақтарын орналастыруды, сондай-ақ жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес қандай да бір жұмыс жүргізуге жол бермеу

өрескел

692

Осы үй-жайларға iштен жану қозғалтқыштары бар, пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған көлiк құралдарын өткізуге жол бермеу

елеулі

693

Қақпаларда олардың автоматты түрде ашылуы үшiн серiппелер мен блоктарды орнатуға жол бермеу

елеулі

694

Үй-жайларды жарықтандыру үшiн керосин лампаларын, шырақтарды және ақаулы электр фонарьларды қолдануға жол бермеу

өрескел

695

Уақытша пештерді орнатуға жол бермеу

өрескел

696

Тамбурлар мен өту жолдарында, ат қора шатырларында шөп, жемшөп, төсем сақтауға жол бермеу

елеулі

697

Ат қоралардың үй-жайларында темекі шегу және ашық отты пайдалануға жол бермеу

өрескел

Жем-шөптерді сақтауға қойылатын талаптар

698

Жемшөп қорын ферма ғимараттарынан тұйық, жанбайтын қабырғалармен (қалқалармен) және жабындармен бөлінген қосымша (жапсарлас салынған) құрылыстарда сақтау. Тұрғын үйлерінің аула учаскелерінде ғимараттар мен аула маңындағы құрылыстардан кемінде 15 метр арақашықтықта және шаруашылық құрылыстардың шатырларында, электр беру желілерінің астында, учаскелердің сыртқы қоршауларынан 3 метрден аз арақашықтықта, көшелерде, жолдарда, аула маңындағы учаскелерден тыс жерлерде сақтауға жол бермеу

өрескел

699

Шөп жинау орнын топырақ бiлiгiмен және сым қоршаумен қоршау. Таразыны шөп жинау орнынан тыс орналастыру.

болмашы

700

Жемшөптердiң кебендерiн (маялары), бастырмалары мен қатарларын электр беру желiлерiне дейiн кемiнде 15 метр, жолдарға дейiн кемiнде 20 метр және ғимараттар мен құрылыстарға дейiн кемiнде 50 метр қашықтықта орналастыру.

өрескел

701

Шөп қоймаларын қоршауларынан бастап жақын орналасқан орман алқаптарына дейiнгi қашықтық кемiнде 20 метр етiп қамтамасыз ету, периметр бойымен енi кемiнде 4 метр жолақ жырту

өрескел

702

Өндiрiстiк-шаруашылық кешеннiң аумағындағы жемшөп қоймаларын арнайы бөлiнген алаңда орналастыру

өрескел

703

Кебендерді (маяларды), сондай-ақ кебен (мая) жұптарын немесе қатарларды орналастыруға арналған алаңдарды енін кем дегенде 4 метр жолақтың периметрімен жыртуды қамтамасыз ету. Жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге (маяға) дейінгі қашықтықты кем дегенде 15 метр, ал бөлек тұрған кебенге (маяға) дейінгі ара қашықтық кем дегенде 5 метр етіп қамтамасыз ету.

өрескел

704

Бір кебен (мая) орналасқан ауданның 150 шаршы метрден, ал басылған шөп (сабан) қатарының 500 шаршы метрден асуына жол бермеу

өрескел

705

Жекеленген қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы бөлiктерді кемiнде 20 метр етіп қамтамасыз ету

өрескел

706

Ылғалдылығы жоғары шөптерді конус тәріздес маяға (шөмелеге) аралары кемiнде 20 метр етіп бөлiп жинау

өрескел

707

Жемшөп қоймаларында өрт шыққан жағдайда кемiнде 50 текше метр су қорының болуы

елеулі

Астықты сақтауға қойылатын талаптар

708

Астық қоймаларын оқшау тұрған ғимараттарда орналастыру

өрескел

709

Астықты үйiп сақтағанда үйменiң төбесiнен бастап жабынның жанғыш құрылымдарына дейiнгi, сондай-ақ шырақтар мен электр өткiзгiштерге дейiнгi қашықтықты кемiнде 0,5 метр етiп орындауды қамтамасыз ету
Астық тасымалдау орындарында өртке қарсы қалқалардағы ойықтар арқылы от бөгегiш құрылғылардың болуы

өрескел

710

Басқа материалдар мен жабдықты астықпен бiрге сақтауға жол бермеу

елеулі

711

Қойма үй-жайлары iшiнде қолданылатын астық тазалау және iштен жану қозғалтқыштары бар басқа да машиналарды қолдануға жол бермеу

өрескел

712

Қойманың екi жағынан қақпалары жабық болғанда жылжымалы тетiктермен жұмыс iстеуге жол бермеу

елеулі

713

Қатты отынмен жұмыс iстейтiн кептiргiштердi тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың көмегiмен, ал сұйық отынмен жұмыс iстейтiндердi алаудың көмегiмен жағуға жол бермеу

өрескел

714

Температураны бақылау аспаптар мен оттықтағы алау сөнгенде отын берудi ажырату автоматикасы, электрмен тұтандыру жүйесi ақаулы немесе оларсыз кептiргiштерде жұмыс iстеуге жол бермеу

елеулі

715

Астықты транспортер таспасының деңгейiнен биiк етiп үюге және таспаның транспортер құрылымына үйкеленуiне жол бермеу

елеулі

716

Жылжымалы кептiру агрегатын астық қоймасы ғимаратынан кемiнде 10 метр қашықтықта орнату

елеулі

717

Астық қоймаларында астықты желдеткенде желдеткiштерді жанғыш қабырғалардан кемiнде 2,5 метр қашықтықта орнату. Ауа өткiзгiштерді жанбайтын материалдардан жасау

өрескел

718

Өндiрiстiк және қойма үй-жайларының iшiнде iштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықты пайдалануға жол бермеу

өрескел

719

Астықтың жекелеген партияларын бөлу үшiн ағаштан жасалған стандартты бидай қалқандарын қолдану

елеулі

720

Жапсарлас бункерлер мен қойма қабырғалары арасында өту жолдары болған жағдайда олардың енін кем дегенде 0,7 метр етіп қолдану

өрескел

721

Барлық ғимараттар мен үй-жайларда ашық қыздыру элементтерi бар электрмен қыздыру аспаптарын, ал жарылыс, өрт қауiптi үй-жайларда электрмен қыздыру аспаптарының барлық түрлерін пайдалануға жол бермеу

өрескел

722

Нан пiсiру және макорон кәсiпорындарында ұнды қаппен жинау кезiнде өту жолдары мен өткелдердiң енiн кемінде:
1) қатарлар арасындағы өту жолдары, кемiнде 12 м сайын – 0,8 метр;
2) қатарлардан бастап қабырғаларға дейiнгi арақашықтық – 0,7 метр;
3) электр тиегiштерге арналған өткелдер – 3,0 метр;
4) көтергiш платформасы бар арбаларға арналған өткелдер – 2,0 метр етіп орнату

өрескел

723

Астық өнiмдерi саласының қалған кәсiпорындарының ыдыста өнiм сақтауға арналған қоймасының iшiнде:
1) қойманың ортасында, бойлай, енi тетiктердiң жұмысын қамтамасыз ететiн, бiрақ 1,25 метр кем емес – бiр;
2) қойма қақпасына қарсы, тура жүретiн, енi қақпалардың енiнен кем емес екi көлденең;
3) қатарлар мен қойма қабырғасы арасында – енi 0,7 метрден кем емес өту жолын орнату

өрескел

724

Жылу беру аспаптарын беті тегіс жерде және оларды тозаңнан жүйелі түрде тазалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін биіктікте қолдану

өрескел

725

Жылу беру аспаптарына еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету.

өрескел

23. Энергетикалық объектілерге қойылатын талаптар (энергия өндіруші және энергия беруші)

Электрондық-есептеу машиналары бар зертханалар мен үй-жайларға қойылатын талаптар

726

Зертхана үй-жайларында барлық заттардың, материалдар мен құралдардың біртектілігі немесе типтері бойынша сақтау. Химиялық әсері өрт немесе жарылыс туғызатын заттарды бірге сақтауға жол бермеу

елеулі

727

Химиялық зертханалық жайлардың едендерін технологиялық талаптарға және айналатын химиялық заттарға байланысты метлах плиткаларыннан, линолеумнан және басқа да материалдардан жасау

өрескел

728

Қыздыру немесе жарылыс қаупі бар заттарды қолдана отырып жұмыс істеуге арналған жұмыс үстелдері мен сору шкафтары жанбайтын материалмен, ал қышқыл және сілтілермен жұмыс істеуге арналғандары - коррозияға қарсы материалдармен толығымен жабылуы және сұйық заттардың төгілуінің алдын алу үшін борттарының болуы

өрескел

Ағызу эстакадаларына қойылатын талаптар

729

Мұнай өнімдерін дайындауға және қотаруға арналған жайларды (мазут сорғыш, май сорғыш, майды қайта өндіру және басқалары) таза күйінде ұстау

болмашы

730

Тұрақты орнатылған автоматты газ талдағыштарының, сондай-ақ өндірістік үй-жайларда будың ауадағы қауіпті концентрациясының болуы туралы дыбыстық және жарықтық дабыл беру қондырғыларының техникалық жай-күйін жүйелі түрде тексеру, тексеру нәтижелерін жедел журналға енгізу

болмашы

731

Электр қыздырғышты және басқа да электр жабдығын май тазалау қондырғыларында орнату

өрескел

732

Май тазалау қондырғыларындағы жабдықтарды жанбайтын негіздерде орнату

өрескел

Құю құрылғыларына қойылатын талаптар

733

Автоцистерналарға және басқа да ыдыстарға мұнай өнімдерін құюды қатты жабыны бар арнайы жабдықталған алаңдарда жүзеге асыру.
Алаңда гидроысырма арқылы арнайы жинақ сыйымдылығына өтетін (төгілген сұйықты жоюға арналған) ұйымдастырылған ордың болуы, ол кезең-кезеңмен тазаланып тұрады

елеулі

734

Құятын алаңда қауіпсіздіктің қажетті белгілерінің және автоцистерналарға мұнай өнімдерін құю кезінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі негізгі талаптары бар тақтайшаның болуы

елеулі

735

Автоқұю эстакадасында автоцистерналарды сүйреу үшін арқансым мен немесе қарнақтың болуы

елеулі

Газ шаруашылығын ұстауға қойылатын талаптар

736

Газ реттеу қондырғыларының газ шаруашылығы үй-жайларында жабдықтарды пайдалану жөніндегі жергілікті нұсқаулық пен схемалардың болуы, онда өрт қауіпсіздігі жөніндегі нақты талаптар жазылады. Үй-жайлардың көрінетін сыртқы және ішкі орындарында қауіпсіздік белгілерінің болуы

болмашы

737

Бақылау-өлшеу құралдары мен басқару қондырғылары бар үй-жайларды газ реттеуіш пункттерден, қабырғасы газбен тығыздалған газ реттеуіш қондырғылардан бөлек орналастыру, оған тесіп өтетін ойық пен тесікке жол берілмейді. Қабырға арқылы коммуникациялардың өтуіне тек арнайы қондырғылардың (тығыздағыштар) пайдалануымен ғана жол беру

елеулі

738

Ашық салынатын газ құбырларын айрықша бояулармен бояуды орындау

елеулі

739

Қолданыстағы газ құбырларын құрал-сайманның ілмектерін орнату немесе құрылыс ағаштарын төсеу үшін пайдалануға жол бермеу

елеулі

Қатты отын қоймаларына қойылатын талаптар

740

Қатты отындарды (көмірді, сланецті, шымтезекті) сақтайтын алаңды өсімдік қалдықтарынан және материалдардан тазалау

елеулі

741

Құрамында органикалық заттары бар топыраққа көмірді, жанғыш тақтатасты және шымтезекті араластыруға жол бермеу

елеулі

742

Қоймада өздігінен тұтанған отынды сөндіруге және қатардан алғаннан кейін оны салқындатуға арналған арнайы алаңның болуы

елеулі

743

Қатарлармен регламенттік жұмыстарды орындау, сондай-ақ механизмдер мен өрт сөндіру машиналарының өтуі үшін қатарлар төменгі шетінен бастап қоршайтын дуалдарға немесе кран жолдарының іргетасына дейінгі арақашықтық кемінде 3 метр, ал рельс бастиегінің сыртқы шетіне немесе автожолдың жиегіне дейін кемінде 2 метр етіп жасау.
Өту жолдарына қатты отынды төгіп тастауға және оларды жабдықпен бөгеп тастауға жол бермеу

елеулі

Қатты отыннан отын беруге қойылатын талаптар

744

Отынды қайта төгу тораптарында аспирациялық құрылғылардың немесе бүркілген суды, механикалық-ауа көбігін немесе су мен будың қосындысын қолданып жұмыс істейтін қондырғыларының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

елеулі

745

Отынды беру кезiнде отын беру трактында орналасқан барлық тозаңсыздандыру құралдарының, сондай-ақ отыннан металды, жоңқаларды және басқа да қосындыларды ұстап қалуға арналған қондырғылардың жұмыс істеу қабілеттілігі

елеулі

746

Отын трактының жайларында тазалықты сақтау және тозаң жиналатын барлық орындарында тозаңды жою жұмыстарын ұдайы жүргiзу
Қатты отынның түрiне, оның қышқылдануға бейімділігіне және үй-жайдың тозаңдануына байланысты бекiтiлген тазалау графигінің болуы

болмашы

747

Отын беру трактілері бойымен орнатылған жылыту аспаптарының орнату және оларды тазартуға ыңғайлы қолжетімді тегiс бетте орындау

өрескел

748

Отын беру трактісі бойымен орнатылған электр жабдығы шаңнан қорғалатын және шаңды сумен тазарту талаптарына сай болуы

өрескел

749

Отын беру трактісі бойымен жүретiн кәбілдiк трассаларда шаң жиналуын азайту үшін, кәбілдердiң арасында ойықтардың болуы

елеулі

750

Конвейерлердiң үй-жайлары мен галереяларында және шикі отын бункерлерiнде шаңнан қорғайтын шырақтарды қолдану

елеулі

751

Отын беру трактісінің галереяларында конвейерлер арқылы өтпе көпiрлерді іске жарамды күйде ұстау

елеулі

752

Отын беру трактісінің өндiрiстiк үй-жайларында:
1) арнайы белгіленген орындардан тыс жерлерде темекі шегуге;
2) жылыту үшiн электрлік қыздыру аспаптарын қолдануға;
3) ашық қыздыру шамдарын қолдануға;
4) отынды жану (бықсу) ошағынан конвейерлерге беруге және оны бункерге тастауға;
5) отынды конвейерлiк таспалардың төменгi қылдарының астына жинауға;
6) апатты жағдайлардан өзге жағдайларда отынмен толтырылған конвейердi тоқтатуға;
7) бөлшектелген жабдықтарды, тасымалдау таспалары мен басқа да жанатын материалдарды, әсіресе галереяларда сақтауға жол бермеу

өрескел

Шаң түріндегі қатты отынды дайындауға және жағуға арналған қондырғыларға қойылатын талаптар

753

Диiрмендер, сепараторлар, циклондар тәрізді шаң дайындау қондырғыларын пайдалану

өрескел

754

Шаң жүйесіндегі сақтандыру құрылғысының мойнына қарама-қарсы 10 м-ден жақын қашықтықта жаңа кәбілдік трассаны төсеуге жол бермеу.
Көрсетілген қашықтықта өтетін қолда бар кәбілдік трассалардың ұзындығы кемінде 5 м болатын металл қаптамамен (қораппен) қапталуы немесе сақтандыру клапандарының маңына құлату қалқандарының орнатудың болуы

елеулі

Қазандық қондырғыларына қойылатын талаптар

755

Мазут жолдарында жанбайтын жылу оқшаулағышты қолдану.
Жүйелі түрде, бірақ кемінде жарты жылда 1 рет, құбыр жолдарының, жабдықтардың және бункерлердің жылу оқшаулағышының жай-күйін көзбен бақылауды жүзеге асыру. Анықталған бұзушылықтарды жабдықтардың ақаулықтары мен олқылықтар журналында белгілеу

елеулі

Энергия өндіретін қондырғыларға қойылатын талаптар

756

Энергетикалық қондырғыларды пайдаланған кезде маймен жабдықтау, реттеу, газбен жабдықтау жүйелерінің, сондай-ақ газ-турбиналық қондырғылардың сұйық отын құбырларының фланецті және штуцер қосылулары тығыздығының бұзылуына жол бермеу

елеулі

757

Агрегаттарды пайдаланған кезде ыстық беттерге, жерасты үй-жайлары мен кәбілдік трассаларға май тамуына жол бермеу

өрескел

758

Май тиген шүберектер мен ескі-құсқы материалдарды "Ескі-құсқылар үшін" деген жазуы бар сыйымдылығы 0,5 м3 беті жабылатын металл жәшіктерде сақтау

болмашы

759

Энергетикалық қондырғылардың май бактарынан майды апаттық ағызатын бекіту құрылғыларында (ысырмасында) "Майды апаттық ағызу" деген жазудың болуы, ал қолдан қосу жетегі қызыл түске боялады

болмашы

760

Осы газдарды берудің және оларды жөндеудің орталықтандырылған жүйелерiнде орын алған авариядан басқа жағдайда, газ баллондарын олардың корпустарын сутегімен немесе инертті газбен толтыру үшін, генератордың (синхронды компенсатордың) газ бекеттерiнде орнатуға жол бермеу

елеулі

761

Сутегiмен толтырылған агрегаттың, аппараттың және газ құбырларының корпустарында тікелей өрт қаупi бар жұмыстарды (дәнекерлеу, егеу, бiрiктiру және басқалары) жүргізуге жол бермеу

өрескел

762

Генераторлардың (синхрондық компенсаторлардың) корпусында және сутегімен салқындататын газ-май жүйесінің жабдықтарында "Ашық отты пайдалануға тыйым салынады", "Темекі тартуға тыйым салынады" "Абай болыңыз! Жарылыс қаупі бар" деген қауіпсіздік белгілері, ал егер отқа төзімді май қолданылмаса, май жүйелерінің көрінетін жерлеріне "Абай болыңыз! Тез тұтанғыш заттар" деген ескерту белгілерінің болуы. Газ турбиналық қондырғылардың корпустарында "Қауіпті! Жарылыс қаупі бар" деген қауіпсіздік белгіні орнату

болмашы

Дизелді және жылжымалы электростанцияларға қойылатын талаптар

763

Электр өндіруші ұйымдардың қызмет көрсетуші қызметкерлерінің өз бетімен жұмыс істеуге тағайындалғанға дейін өндірістік оқудан, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы мен жабдықты пайдалану бойынша білімдерін тексеруден өтуі

болмашы

764

Пайдаланылған газды шығаратын құбырлармен электр станциясы ғимаратының жанғыш құрылыс конструкцияларымен қиылысқан жерлерінде өртке қарсы іс-шаралардың орындалуы:
1) жылу оқшаулағыштың бар болғандығына қарамастан, шатыр астында және пайдаланылған газды шығару құбырларының айналасымен өтетін қабырғаларда пайдаланылған газды шығару құбырларының қабырғаларынан кемінде 0,5 м қашықтықта жанбайтын бөліктердің болуы. Құбырдан 1 м дейінгі аралықтағы орналасқан ағаш конструкцияларды өртке қарсы құраммен өңдеу;
2) шатыр жабынында пайдаланылған газды шығару құбырының айналасында құбырдан ені кемінде 0,5 м жанбайтын материалдан жасалған бөліктердің жасалуы;
3) пайдаланылған газды шығару құбырын шатыр жабынның үстінен кемінде 2 м кем болмайтын биіктікте орнату;
4) пайдаланылған газ құбырының ұшын көлденең күйінде ғимараттан тыс орналасқан бетон немесе кірпіш өшіру құралына енгізу

өрескел

765

Үй-жайларда мұнай өнімдерінің бос ыдыстарын сақтауға жол бермеу

елеулі

Электростанцияның және қосалқы станцияның бөлгіш құрылғыларына қойылатын талаптар

766

Жабық тарату қондырғыларының үй-жайлары мен дәліздерінде тарату қондырғысына қатысы жоқ қойма және басқа да қосалқы құрылыстарын орналастыруға, сондай-ақ электр-техникалық жабдықтарды, материалдарды, қосалқы бөлшектерді, жанатын сұйықтыққа толы ыдыстар мен басқа да әр түрлі газы бар баллондарды сақтауға жол бермеу

өрескел

Кабельдік шаруашылығын ұстауға қойылатын талаптар

767

Тиісті цехтың бастығы бекіткен кесте бойынша кабельдік құрылыстарды жүйелі түрде тексеру
Тексеру нәтижелері мен анықталған кемшіліктердің жедел журналға немесе жабдықтың ақаулары мен олқылықтарына арналған журналға (карточкаға) тіркеу

болмашы

768

Қоймаларды, шеберханаларды орналастыруға, сондай-ақ жабдықтар мен материалдарды, оның ішінде пайдаланылмаған кабельдік бұйымдарды сақтауға жол бермеу

өрескел

769

Кәбілдік құрылыстарда кемінде 50 метр сайын жақын жердегі шығу есігіне сілтемелердің болуы

болмашы

770

Кәбілдік құрылыстардағы секциялық аралық қабырғалардың есіктерін өздігінен жабылатындай, жақын жердегі шыға беріске қарай ашылатындай және тығыз жабылатындай етіп жасау

өрескел

771

Май толтырылған кәбілдерді қоректендіретін құрылғылардың үй-жайларында жанатын және осы қондырғыға қатысы жоқ басқа да материалдарды сақтауға жол бермеу

елеулі

Қуат трансформаторлары мен май реакторларын ұстауға қойылатын талаптар

772

Май қабылдау құрылғыларының борттық қоршауларын жерден кемінде 150 мм биіктікте қиыршық тас төгілген периметрдің бүкіл бойымен орнату

елеулі

773

Кәбілдік каналдардың қабырғаларын майлы реакторлар мен трансформаторлардың май қабылдағыштарының борттық қоршаулары ретінде пайдалануға жол бермеу

елеулі

774

Жоба бойынша қарастырылған толық дайындығы қамтамасыз етілмесе, өрт сөндіру қондырғыларының қосалқы станциялар мен электр станцияларындағы майлы реакторлар мен трансформаторларды пайдалану үшін іске қосуға жол бермеу

елеулі

Аккумулятор қондырғыларына қойылатын талаптар

775

Аккумуляторлық батареяларға арналған үй-жайдың есігінде жазулардың, сондай-ақ қажетті ескерту және қауіпсіздік бұйрығы белгілерінің болуы

болмашы

776

Аккумуляторлық батареяларға арналған үй-жайларды табиғи жарықтандыру кезінде терезелердің әйнектерін күңгірт етіп немесе агрессивті ортаға төзімді ақ желімді бояумен жабуды жасау

болмашы

777

Аккумуляторлық батареяларға арналған үй-жайларда шылым шегуге, ауысым қажеттілігінен асып кететін көлемде қышқыл мен сілтіні сақтауға, арнайы киімдерді және бөгде заттар мен жанатын материалдарды қалдыруға жол бермеу

елеулі

Жабдықтар мен материалдар қоймаларына қойылатын талаптар

778

Энергетикалық кәсіпорын аумағындағы қойма ғимаратына еркін кіруді қамтамасыз ету
Ашық қоймаларда материалдар мен жабдықтарды сақтауда қатарлар арасы және өрт сөндіру машиналары өтетін жолдың арақашықтығы кемінде 5 метр болуы

елеулі

779

Қойма аумағында мыналарға жол бермеу:
1) ғимараттар арасындағы, материалдар мен жабдықтардың қатарлары арасындағы өртке қарсы жарылу мен өту жолдардың қоршауға, сондай-ақ оларды ұзаққа созылмайтын уақытқа ғимараттарға орнатуға;
2) қаптамаларды, ыдыстарды және басқа да қалдықтарды өртеуге;
3) қойманың жүк түсіретін аумағында жүктер мен көтеру механизмдерін сақтауға

өрескел

780

Қоймаларда мыналарды сақтау:
1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды өзге материалдардан бөлек жинау;
2) бояуларды, сырларды және еріткіштерді бөлек сақтау;
3) газ баллондары мен улы заттарды бөлек сақтау
Жануының (жанатын, қиын жанатын) біркелкілігі белгілері бойынша жинау және сақтау және оларға өрт сөндіргіш құралдарды (су, көбік) қолдану үшін әртүрлі материалдар мен жабдықты топтастыру

елеулі

781

Жерасты немесе цокольды қабаттарда орналасқан қойма үй-жайларында кемінде екі шығатын жер немесе бір шығатын жер және адамдарды тікелей бірінші қабатқа эвакуациялау үшін, сондай-ақ өрт сөндіру құралардарын кіргізу үшін терезенің болуы

өрескел

782

Қойма үй-жайларында мыналарға жол бермеу:
1) шылым шегуге және ашық отты пайдалануға;
2) әртүрлі материалдар мен жабдықтарды жылыту құралдарынан кемінде 1 м арақашықтықта жинауға;
3) транзиттік коммуникацияларды (кәбілдер, газ құбырлары, бу, су) салуға;
4) стеллаждар, қатарлар арасындағы өтпелерге, сондай-ақ стеллаждар, қатарлар мен қойма қабырғаларының арасындағы өтпелерге де, уақытша болса да, әртүрлі материалдарды жинауға

өрескел

783

Кернеуді түсіру үшін арналған ажырату құрылғысын (автомат, ажыратқыш) қойма жайынан тыс жанбайтын қабырғаға, ал жанатын және қиын жанатын қойма ғимаратында – бөлек тұрған бағанаға орнату

өрескел

Лактар, бояулар және химиялық реактивтер қоймаларына қойылатын талаптар

784

Лактар, бояулар, олифтер және әртүрлі еріткіштерді металл бөшкелерде, (өнімнің біртиптілік принципі сақталған кезде) банкілерде және басқа да тығыз жабылатын ыдыстарда бөлек үй-жайларда немесе қойманың бір бөлігінде (бокстерде) сақтауды қамтамасыз ету

елеулі

785

Өздігінен тұтанатын металл ұнтақтарын (алюминий пудрасы, магний ұнтағы және басқалары) тығыз жабылатын металл банкілерде құрғақ үй-жайларда сақтау

елеулі

786

Нитролактарды, нитробояуларды және еріткіштерді жерасты үй-жайларында сақтауға жол бермеу

елеулі

787

Лактар мен сырларды жарылысқа қарсы қауіпсіздендірілген, желдету және жарық жүйесімен жабдықталған бөлек үй-жайда сақтауды және шығаруды жүзеге асыру. Лактарды, сырлар мен еріткіштерді құю үшін арнайы қол сорғыларын, өлшегіштерін немесе басқа да кіші механизация құралдарын пайдалану

елеулі

788

Ағызу-сору желдеткіші жарамсыз болған жағдайда, лак-бояу заттарына арналған үй-жайлары бар қойма жайларын пайдалануға жол бермеу

елеулі

Газдары бар баллондар қоймаларына қойылатын талаптар

789

Баллондарды пайдалану, сақтау және кәсіпорындарға тасымалдауды кәсіпорынның бас инженері бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асыру.
Ашық алаңдарда баллондарды күн көзінен және атмосфералық жауын-шашын әсерінен қорғайтын қалқа астында сақтау

болмашы

790

Баллон қоймаларының үй-жайларында басқа да материалдар мен жабдықтарды сақтауға, сондай-ақ ортақ қоймаларда газ баллондарын бірге орналастыруға жол бермеу

елеулі

791

Баллондары бар қоймалардың еденін жабу үшін жанғыш материалдарды қолдануға жол бермеу

өрескел

792

Толтырылған баллондарды тік күйінде сақтау, бұл үшін ашық және жабық қоймаларды баллондарды құлаудан сақтайтын "ұяшықтармен" немесе бөгеттермен жабдықтау. Толтырылған және бос баллондарды бөлек сақтау

елеулі

793

Баллон тұрған қойманы айнала 50 метр радиуста битум қайнатқыштарды орнатуға, от жағуға және жанғыш материалдарды сақтауға жол бермеу

өрескел

24. Қарулы күштер және басқа әскери құралымдар объектілеріне қойылатын талаптар

794

Әскери бөлімде командир бекіткен өртке қарсы қорғау жоспарының болуы

болмашы

795

Әскери бөлімдегі өрт қауіпсіздігі талаптарын, өртті сөндіру үшін тартылатын күштер пен құралдардың есебін, жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, мүлік пен басқа материалдық заттарды эвакуациялау тәртібін қосатын жоспар көшірмесінің әскери бөлім кезекшісінде болуы

болмашы

796

Штаттық өрт сөндіру командасы жоқ әскери бөлімінде бестен он бес адамға дейінгі штаттан тыс өрт сөндіру командасының болуы

өрескел

797

Әскери бөлім және елу метр қашықтықтағы сыртқы периметр аумақтарын қоқыс пен құрғақ шөптен тазалауды үнемі жүзеге асыру

болмашы

798

Барлық қоймаларды, қалқаларды, оқ-дәрі алаңдарын, негізгі және қосалқы өндірістерді, зертханаларды, жоғары кернеу желілерін, электр станциялары мен трансформаторлық қосалқы станцияларды, қазандық құбырларын, су айдауыш мұнараларды, қоймаларды өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін найзағайдан қорғау құрылғыларымен және басқа инженерлік жүйелермен жабдықтау

өрескел

799

Құрылымдарға, мүлік алаңдарына, әскери және басқа техникаға елу метр жақын жерде от жағуға, сонымен қатар парктерде, қоймаларда, ангарлар мен басқа қосалқы бөлмелерде темекі тартуға және ашық оты бар құралдарды қолдануға, бөлмеден шығар кезде жарық шамдарын қосулы түрде қалдыруға жол бермеу

өрескел

800

Арнайы дайындығы және жұмыс жүргізуге рұқсаттары жоқ тұлғалардың электр энергиясы, газбен жабдықтау және орталық (автономдық) жылу беру жабдықтары мен жүйелерін жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол бермеу

өрескел

801

Ғимараттардың жертөле бөлмелерін тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш заттарды өңдеу немесе сақтаумен байланысты шеберханалар мен қоймалар жасауға жол бермеу

өрескел

802

Қойма, парк аумақтарында, ангарларда және өндірістік орын-жайлардың өрт қалқандарында өрт сөндіру құралдарын сақтау

болмашы

803

Телефон аппараттарында ең жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімінің телефон нөмірінің, ал әскери бөлім аумағында өрт дабылы сигналын беру үшін дыбыстық дабыл құралдарының болуы

болмашы

804

Жабық объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын растайтын, онда жұмыстың аяқталуынан кейін, өрт сөндіру наряды объектіні жабатын тұлғаға беретін өрт жетонының болуы

болмашы

Парктер мен ангарларға, әуе кемелерінің тұрақтарына қойылатын талаптар

805

Қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы (әуе кемелерін), өрт болған жағдайда оларды тез шығару үшін қажетті өту жолдарын жасау

елеулі

806

Тұрақтағы көліктерге жанармай құюға және ағатын (тесілген) жанармай багы, отын өткізгіштері бар көліктерді (әуе кемелерін) сақтауға жол бермеу

өрескел

807

Көлік тұрақтарында штаттан тыс жанармай багын, майлаушы материалдарды және бос ыдысты сақтауға жол бермеу

елеулі

808

Көліктерде өзге заттарды, майланған шүберектерді, қаптарды, арнайы киімдерді сақтауға жол бермеу

болмашы

809

Парктердің қоймаларында және ангарларда басқа техникамен бірге жанармай бар цистерналарды сақтауға жол бермеу

елеулі

810

Көлік тұрақтарының бөлмелерінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол бермеу

өрескел

811

Көлік тұрағы және көлікті сақтау үшін үй-жайлардың қақпаларын үйіп қоюға, осы үй-жайларда қойма, шеберхана және тұрғын орындарын орналастыруға жол бермеу

өрескел

812

Өрт болған жағдайда көліктерді (әуе кемелерін) тез шығаруды қамтамасыз ету үшін арнайы буксир құрылғылары (құралдары) бар кезекші тартқыштардың және қажетті әскери қызметшілердің күнделікті болуы

болмашы

Қоймалар мен сақтау орындарына қойылатын талаптар

813

Қойма (сақтау орындары) аумақтарындағы шөпті дер кезінде шабуды және жинауды жүзеге асыру. Қойма (сақтау орындары) аумақтарындағы құрғақ шөпті кептіруге және жағуға тыйым салу

болмашы

814

Қоймаларда (сақтау орындарында) тек сол жерге арналған мүлік түрлерін сақтау

елеулі

815

Қоймалардың (сақтау орындарының) өту және шығу жолдарын заттармен жабуға, сонымен қатар сөрелерді және терезені қараңғылау үшін қағазбен, картонмен, полимерді заттардан жасалған үлдірлермен және оттан қорғау құрамымен өңделмеген маталармен жабуға жол бермеу

өрескел

816

Мүлікті штабельмен қалауды, өту және шығу жолдары бос қалатындай етіп жүргізу. Мүлікті пештерге, жылыту радиаторларына, электр сымдары мен шамдарына қабаттастырып қалауға жол бермеу

өрескел

817

Қоймалардың (сақтау орындарының) маңында құрылыс материалдарын, отын қоры немесе басқа мүлікті қоюға жол бермеу. Пештің оттықтарын және ойықтарын қойма (сақтау орындары) сыртында орналастыру, құбырларды ұшқын ұстағыштармен қамтамасыз ету

өрескел

818

Барлық қоймаларды (сақтау орындарын), электр жарығын орнату кезінде, сыртқы ажыратқышпен қамтамасыз ету. Сыртқы ажыратқыштарды және сақтандырғыштары бар топтық қалқандарды темір қораптарда орналастыру. Қойма ішінде электротоқ розеткаларын және қызметтік үй-жайларды орналастыруға жол бермеу

өрескел

819

Оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар қоймаларындағы және олармен жұмыс жүргізетін орындардағы әйнектерді күңгірт немесе ақ бояумен бояуды орындау

елеулі

820

Өз құрамында ірі кесектер мен тастары жоқ иілімді немесе төгілмелі жыныстардан жарылғыш заттардың жер үстіндегі қоймаларының айналасында қорғаныш үйіндінің болуы

елеулі

25. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын талаптар

821

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатының болуы

өрескел

822

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке он сегіз жасқа толған және мемлекетітк емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлық бойынша оқыту курстарынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау

өрескел

823

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жұмысын регламенттейтін құжаттаманың болуы

өрескел

824

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тұрақты (тәулік бойы) әзірлікте ұстау. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің нормативтік шығу радиусында қызмет көрсететін аймақта объектінің болуы.

өрескел

825

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру бөлімдерінде есептоп командирі басқаратын өрт сөндіру автомобилінде есептоптың болуы

өрескел

826

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметте екі және одан көп өрт сөндіру автомобилі болған кезде карауыл бастығы (ауысым басшысы) басқаратын карауылдың болуы

өрескел

827

Жолға шығатын техникасы бар өрт сөндіру бөлімінде нұсқаушыларымен өрт профилактикасы тобының болуы

өрескел

828

Жолға шығатын техникасы жоқ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметте құрылған объектілерді күзету үшін нұсқаушы-өрт сөндірушілердің (кезекші ауысымында кемінде 2 штаттық қызметкердің) болуы

өрескел

829

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттерінде байланыс пункттерінің болуы

өрескел

830

Өрт сөндіру автомобильдерін ұтқыр радиостанциялармен, өрт сөндіру басшысын, кезекшілікті жүзеге асыратын және жұмыс шарты бойынша өрт сөндіру бөлімінің тұрақты орналасқан орнынан тыс қызметкерлерді немесе бекетті тасымал байланыс құралдарымен қамтамасыз ету

өрескел

831

Объект басшысының шешімі бойынша құрылған газ-түтіннен қорғау қызметінің болуы

өрескел

832

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің тиісті санының болуы

өрескел

833

Объектілерде өрт сөндіру үшін қажетті негізгі өрт сөндіру автомобильдерін жөндеу және/немесе техникалық қызмет көрсету жағдайына тасымал немесе жылжымалы өрт мотопомпаларының болуы

өрескел

834

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін ерекшеліктерін ескере отырып, объект басшысының анықтаған арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің тиісті санының болуы

өрескел

835

Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес өрт сөндіру автомобильдерін орналастыру және пайдалану

өрескел

836

Өрт сөндіру автомобилінде есептоп санына көбейтілген, өрт сөндіру автомобилі санына сәйкес кезекші ауысымындағы объектіде мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі жұмыскерлерінің тиісті санының болуы

елеулі

837

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметте объектінің өндірістік сипаттамасын ескере отырып, теориялық және практикалық сабақтарды қамтитын жыл сайын қызметкерлерді арнайы даярлауды жүзеге асыру

өрескел

26. Метрополитенге қойылатын талаптар

838

Жану немесе өрт жағдайында тоннель желдеткіші шахтасының жұмысы кезінде метрополитен қызметкерлерінің іс-қимыл тәртібінің, жолаушыларды эвакуациялау жоспарының, жедел өрт сөндіру жоспарының болуы

елеулі

839

Көшіру жолдарының (холдар, вестибюлдер, саты алаңы, дәліздер) қабарғаоарын, төбелерін жанғыш заттармен безендіруге жол бермеу, сондай-ақ станция вестюбилдерін және жер асты бөлмелерінде жарнамаларды орналастыру

өрескел

840

Метрополитендердiң жер асты кеңiстiгiнде орнатылатын көйлек iлетiн шкафтарды тек жанбайтын материалдардан жасау

елеулі

841

Жер асты бөлмелерінде екіден аспайтын әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрден көп газ баллондарын арнайы бөлінген жерден тыс сақтауға жол бермеу

елеулі

842

Қолданыстағы тоннельде газбен және жлектрмен дәнекерлеу жұмысын жылжымалы көлікте орнатылған арнайы агрегаттармен жүргізу

өрескел

843

Метрополитен қызметкерлеріне нұсқаулық беруге арналған жер асты кеңістігіндегі техникалық кабинеттерде сыныптың оқу бөлмелерінде сыйымдылықтан асыруға жол бермеу (30 адамнан аспауы)

өрескел

844

Машина залдарында, эскалаторларда және демонтаждау камераларында қосалқы бөлшектер мен материалдарды жинауға жол бермеу

өрескел

845

Сауда дүңгіршектерін тек қана станцияның жер бетіндегі вестибюлдерінде орнату. Дүңгіршектерді жанбайтын материалдардан жасау. Сауда дүңгіршектерін олардың жолаушылардың өтуіне кедергі келтірмейтін есеппен орналастыру

өрескел

846

Дүңгіршекті жылытуға арналған май электррадиаторларын немесе жылыту электр панельдерін қолдану.

елеулі

847

Дүңгіршектерді алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау және автоматы өрт дабылы қондырғысымен дабыл беруді кезекші тұлғаның тәулік бойы болатын бөлмеге шығару арқылы орнатуатты осалықытерде сынып оқу агрегаттармен жүргізурекет тәртібі, жолауш

өрескел

848

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды, аэрозолды қаптамадағы заттарды, пиротехникалық бұйымдарды және басқа да өртке қауіпті материалдарды қолдануға және сатуға жол бермеу

өрескел

849

Станция бөлмелерінде заттарды, қаптама материалдарды, сауда жабдықтарын сақтауға жол бермеу

елеулі

 

Қазақстан Республикасы

 

Ұлттық экономика министрінің

 

2018 жылғы 30 қазандағы № 31

 

және Қазақстан Республикасы

 

Ішкі істер министрінің

 

2018 жылғы 30 қазандағы № 758

 

бірлескен бұйрығына

 

2-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет