Пернетақтадағы әріптер ретімен пароль жасауға болмайды (мы- салы, QWERTYUIOP немесе 1QAZ2WSX). Оларды тауып алу өте оңай.
Пароль құрастырғанда туған күніңді, үйдегі жануарыңның атын, хоббиіңді, жақындарың мен достарыңның есімін қолданба. Ха- керлер көбінесе «әлеуметтік инженерияны» қолданады. Аккаун- тын бұзғысы келетін адам туралы бәрін біліп алады. Сол білгенін паролін табу үшін пайдаланады.
Парольді әлеуметтік желідегі аккаунтта да, монитордың шетіне жа- быстыратын қағазға жазып сақтауға да болмайды. Одан да ол қағаз- ды кітаптың арасына не папкаға салып сақтаған дұрыс.