7-ТАРАУ Мәселенің төркіні Ешкім құпиясын жарияға жар салып айтқысы келмейді, әркім біреуге жазған хаттарын «ешкім оқымаса» дейді, ешқайсымыз фотосуреттеріміз бен мәтіндерімізді біреу рұқсатсыз пайдаланғанын қаламаймыз. Күнделікті өмірдегі осы қағидалар цифр әлеміне де көшті. Бірақ бір айырмашылық бар. Желіде бізді үнемі біреу, заңды жолмен де, заңсыз да аңдып отырады.
Қорытындыла: Осы тарауда айтылған тәсілдерді пайдаланып, түрлі парольдер жасап көріңдер. Парольдердің сенімділігін «How Secure Is My Password?», Strength Test и Password Check сынды онлайн-сервис- тердің көмегімен тексеріп көріңдер. Сервистер парольдерді қалай бағалағанын талқылаңдар. «Аккаунттарды қорғау алгоритмдері» тапсырмасын орындау нәти- желеріне қарай, үш-төрт адамнан топқа бөлініңдер. Әр топ өзіне бір әлеуметтік желі/мессенджер/пошта сервисін таңдап алуға тиіс. Екі топ бірдей таңдап алмауы үшін, өзара талқылап алған жөн. Блогер рөліне еніп, видеоролик форматында, сол таңдап алған әлеу- меттік желі/мессенджер/пошта сервисі бойынша арнайы білімі жоқ адамдарға осы Қазақстанда танымал платформаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету машықтары жөніндегі арнайы білім мен машықтар- ды ортаға салатын үйретуші материал әзірлеңдер. Роликтің критерийлерін (көлемі, ұзақтығы, анықтығы, түсініктілігі және т.б.) алдын ала талқылап алыңдар да өз жобаларыңды таныс- тырыңдар.