Парольді қолдануға қатысты кеңестер


Бөтен компьютердегі жауың екеу: парольдерді браузерде сақтап алу функциясы мен cookie



бет5/6
Дата15.03.2022
өлшемі206,02 Kb.
#135665
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Парольді қолдануға қатысты кеңестер
tebenova-arnaiy-psih, Проблемалардың қайнар көздері, Проблемалардың қайнар көздері, Парольді қолдануға қатысты кеңестер, Визуал материал түрлері, 1-ст
Бөтен компьютердегі жауың екеу: парольдерді браузерде сақтап алу функциясы мен cookie.
Қазіргі браузерлерде парольдер сақталуы қолданушыға ыңғайлы болуы үшін, автоматты түрде бапталған. Бірақ қоғамдық орында бұл функциясы ыңғайлы дей қоймайсың, оны өшіріп отырған дұрыс. Ал ол қосылып тұрса, не істеу керек? Абай болған жөн. Парольді енгізгенде браузер «Парольді келесі қолдану үшін, сақтап алайын ба?» деп сұрай- ды. «Жоқ» дегенді басу керек. Бірінші технологияға қарсы шешім осы болмақ.
Екінші технологияға қарсы күресу қиынырақ. Cookie – сайтпен жұ- мыс істеген ыңғайлы болуы үшін, компьютерде сақталып қалатын дерек- тер. Осылайша сайт бізді «есінде сақтап», әр кірген сайын пароль сұра-
105
майды, соңғы кірген уақытымызды, тағы басқа да деректерді анықтап отырады.
Аккаунтыңа бөтен компьютерден кіргенде, сенің жеке деректерің жазылған cookie сол компьютерде сақталып қалады. Аккаунтың біреу
«шығу» дегенді басқанша ашық тұрады. Соның өзінде аккаунтың сервиске кіреберіс бетте ашылып, парольді күтіп тұра береді. Cookie деген – осы.
Бәрі қолданушыға ыңғайлы болуы үшін жасалған сияқты көрінеді. Әрине, үйдегі жеке компьютеріміз болса, солай ғой. Ал көп адамға ортақ компьютер болса ше? Өз деректерімізді кез келген адам көре алатындай етіп ашық қалдырмаған дұрыс қой. Қайтсе болады?
Бөтен компьютерден өз аккаунттарыңа кірмеуге тырысу керек. Ха- барламаны қайта жолдауға, файлды бұлттағы сервисте жариялауға, ор- тақ документ жасауға болады. Өз аккаунтыңды ашпай-ақ ақпаратты ор- тақ таратуға мүмкіндік бар.
Ал өз аккаунтыңды бәрібір ашуға тура келсе, мына нұсқаулықты ұстан:
  • Браузерді приват режімге (Firefox, Opera), инкогнито режімі- не (Chrome) ауыстыр. Бұл режімде сайттарды қарау тарихы, cookie файлдары мен авторлану формалары арқылы жолдайтын деректерің (логин пен пароль) сақталмайды.
  • Өзіңе қажет сайтты ашып, логин мен парольді енгіз. Код енгіз (сенде екі факторлы аутентификация қосылған емес пе?).
  • Аккаунтта жұмыс істеп болған соң, «Шығу» батырмасын бас.
  • Браузерді жап.

  • Әбден сенімді болу үшін, содан кейін парольді ауыстырған дұрыс бо- лар еді, бірақ ол қауіптену деңгейің және компьютерін қолданған орынға деген сенімге байланысты.
    Осы аталғанның бәрі тым қиын көрінсе, кем дегенде абай болып, аты- жөнің мен парольді енгізгенде, «Бөтен компьютер» деген чек-боксты түртіп қой (ондай вКонтакте мен Mail.ru желісінде бар) – бұл аккаунтта- рыңа бөтен компьютерден кіруді қауіпсіз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет