Сайтты қалай жасауға болады: дайын cmsпен,әлде өз қолыңмен жасау



бет1/4
Дата03.03.2022
өлшемі129,87 Kb.
#134153
  1   2   3   4
Байланысты:
Сайтты қалай жасауға болады




Сайтты қалай жасауға болады:дайын CMSпен,әлде өз қолыңмен жасау
16 Сәуір 2015
Сайт ашқысы келетін адамдарды сайтты қалай ашу керек деген ойлар мазалайды.Сайтты өз қолыммен жазсам дұрыс па әлде дайын движоктар, яғни CMS ті пайдаланған дұрыс па деген ойлардың шешімін іздейді.
Мен бұл мақаламда қалай өз сайтыңды ашуға болады және оны қалай жасауға болатынына әділ кеңес беруге, яғни неден бастау керектігіне тоқталып өтемін.

Өз сайтыңды жасау үшін программист болудың қажеті де жоқ,бірақ оны жаcап шығару үшін біраз мағлұматтарды меңгеру керек. Мысалы, HTML деген не, CSS деген не, PHP деген не және деректер базасы Mysql деген не және тағысын тағыларды менің осы сайтымнан көрсетілген сілтемелер арқылы танысуыңызға болады.|
Мен жазған мақалаларымда әр тақырыпты барынша қарапайым да түсінікті тілмен, теория мен пратиканы қатар қоя отырып жазуға тырысамын.
Нәтижесінде сіздің біліміңіз молайып,біліктілігіңіз арта түседі.
Сайттың бірнеше түрі бар:сайт-визитка,ақпаратқа арналған сайт,жаңалықтар сайты,интернет-дүкен және т.б.
Сайт жасауға арналған әртүрлі CMS те бар,мысалы жұрт көп пайдаланатын wordpress,joomla сияқты.CMS(Content Management System)- дайын шаблондар арқылы тез сайт жасап алуға болатын программа туындысы.
Артықшылықтары:
1. Ол сайтты тез құрастыруға болатындығы.
2. Көп функционалдылығы.
3. Кажет кезде осы CMSке байланысты проблемаларды шешуге кеңес алуға болатын форумдарының көптігі.
Кемшіліктері:
1. Көп функционалды болғандықтан плагиндер көптігі сайттың жылдамдығын тежейді.
2. Кез-келген адам программа кодын көре алады және ол бәрінде бірдей болғандықтан сайтты бұзу хакер үшін оңайлайды.
3. Сайттары бір-бірінен айнымай қалғандығы.
4. Бәрібір сізге HTML, CSS терді үйренуге тура келеді.
Ал өзің жазған сайт ол сіздің алға қойған мақсатыңызға байланысты,яғни егер сіз үшін сайт ешкімде қайталанбайтын болсын десеңіз,тез жүктелетін болсын десеңіз және программа кодын ешкім көре алмайтін болсын десеңіз сізге сайтты өзіңіз жазуға тура келеді.
Бірақ сайтты өзіңіз жасау үшін тек ниет емес, сонымен қатар көп ізденіс пен үйренсем деген мақсатыңыз болуы керек, яғни оны жазу үшін біраз білім алуыңызға тура келеді, мысалы HTML, CSS, PHP, Mysql, Ajax пен Jquery т.б. туралы.
Олар туралы интернеттен көп мағлұмат алуға болады.
Бірақ оқып-білген бір жетістік әрине,бірақ сол оқып шыққан нәрселерді бір-бірімен ұштастыра отырып бір туынды-сайт жасап шығару көп еңбек пен тер төгуді талап етеді.Есесіне, сіздің біліктілігіңіз ұштала түседі, өте терең білімді және заманыңызға лайық маман болып шыға келесіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет