Үшіншіден, сайт ашу үшін сіздің түйсігіңіз бен білімге деген ынтаңыз қажет. Программистер көбіне түйсігімен жұмыс жасайды, көп нәрсенің шешуіне сол түйсігі арқылы жетеді. Мен мысалы,сайт жазуға арналған мағлұматтың бәрін интернеттегі статьяларды оқу барысында түйсігімнің арқасында түсіне білдім. Себебі,интернетте мынаны былай істе,ал ананы олай істе деп ешкім айтпайды, сондықтан түйсікті жұмысқа жегу керек.
Төртіншіден, теория мен тәжірибе қатар жүруі керек. Себебі,құр теория тәжірибесіз ұмытылып қалады, ал тәжірибе теориясыз соқырға таяқ ұстатқанмен бірдей болады.Сондықтан, мен тәжірибе жүзінде,яғни мынау былай жазылғанда программа былай жасайды деп оқытқанды дұрыс деп санаймын және осындай әдісті қолдану арқылы жоғарыда көрсетілген сілтемелер бойынша ұсынылған HTML, CSS, PHP, MySQL, AJAX пен jQuery ге арналған сабақтарымды сіздерге ұсынсам деймін.
Сонымен бірге сайттың жұмыс істеу принципін де түсініп алу керек, ол браузермен қалай ұғынысады, серверге қалай хабарласады дегендей.
Әдеттте сайтты тек PHP арқылы да жазуға болады, бірақ ол кезде файлдар санына шектеу қойылады.Әрі тек қана PHP арқылы жазылған сайттың жылдамдығы жай болады,жай жүктеледі.
Сол себепті, сайт жазғанда PHP мен бірге СУБД(Деректер базасын басқаратын система)MySQL-ді қолданады.
Шаблондар PHP тілінде жазылады да, деректердің бәрі MySQL базасында сақталады.Оның сиымдылығы өте жоғары және сұраныстар(запрос) жылдамдығы өте тез, яғни сайттың жылдамдығы жоғары және жеңіл болады.
Осы өздеріңіз оқып отырған менің сайтым осы PHP мен MySQL арқылы жасалған.Мына сайт бетіндегі деректердің бәрі базада сақталады, ал PHP арқылы жазылған программалар мен шаблондар осы деректерді берілген сұраныс арқылы сайт яғни парақ бетіне жүктейді.
Негізі, PHP де және MySQL де үйренуге жеңіл программа туындылары, ең бастысы олардың жұмыс істеу принциптерін түсіну керек, сосын әрі қарай жеңіл болады.Оларды мен мақаламның бас жағында көрсеткен сілтемелерім арқылы оқып біле аласыздар.
Сайтыңызды уақытша хостингтің баламасы ретінде компьютеріңізге орнатқан Денвер арқылы жасап бітірген соң оны FileZilla ның көмегімен хостингке құю керек. (FileZilla-ны оның өз сайтынан жүктеп ала аласыз). Бірақ, осымен іс бітті деп ойламаңыз.Себебі, сізге өз туындыңызды оқитын оқырмандар табуыңыз керек.
Енді сіздің іздеу сайттары Яндекс пен Гуглдың жоғарғы тобына шығу үшін күресіңіз басталады.Өмірдің өзі күрес дегенді енді терең түсінетін боласыз.Біраз сіз ол қиындықты да жеңесіз, ол үшін менің SEO баптау деген мақаламды оқып ұғынып және ол тәсілдерді іс жүзінде пайдалансаңыз болғаны.
Қосымша сайтым туралы жалпылама мақаламды шолып шығуыңызға болады.