Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір немесе екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады. Жемісі — көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз (кейбір өсімдіктің тұқымы мен жемісінде болатын, ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа болмайды). Раушангүл тұқымдасының көбі пайдалы өсімдіктер: жеміс беретін ағаштар (алма, алмұрт, айва, шие, өрік, шабдалы, т.б.); жидек (таңқурай, қойбүлдірген, сиыр бүлдірген, қарақат, т.б.), әсемдік түрлері (раушангүл, шетен, тобылғы, долана, т.б.) және дәрілік түрлері (итмұрын, түзу қазтабан, бүршікгүл, т.б.). Жемісі тамаққа пайдаланылады, құнарлы мал азығы, гүлінен ара бал жинайды. Қазақстан ғылым академиясының Бас ботаник. бағында 1957 — 84 ж. аралығында Раушангүл тұқымдасының әсемдік түрі — раушан гүлінің 16 сорты шығарылған. Ең бастылары: “Қазақстандық мерекелік” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызыл түсті); “Алматыдан сәлем” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызғылт түсті); “Алматы хош иістісі” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызғылт түсті, хош иісті); “Қызжібек” (биікт. 110 см, гүлі қызыл күрең түсті); “Аққу” (биікт. 250 см-дей, гүлі ақ түсті); “Гүлсұлу” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызыл күрең түсті, қыста үсімейді), т.б.[1]
Ғаламшарымызда раушангүлділердің 3000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Республикамызда олардың 35 түрі өседі: мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштар және т. б. Раушан, итмұрын - бұталы өсімдіктер. Шыршай, теңгежапырақ, қойбүлдірген- көпжылдық шөптекті өсімдіктер.
Тобылғылар тұқымдас тармағы (спирейные) — Spiraeoideae
Бұталар, көпжылдық шөптесін өсімдіктер жапырақтары кезектесіп, сиректеу қарама-қарсы орналасады. Гүл табаны біршама жалпақ, сиректеу ойыс (батыңқы). Тостағанша жапырақшаларыньщ саны 5, олар түп жағынан біріккен болып келеді. Күлтесі 5, бос орналасқан күлте жапырақшалардан тұрады. Андроцейі көптеген бос орналасқан аталықтардың жиынтығынан түрады. Гинецейі апокарпты көпмүшелі, аналықтарының саны көп жағдайда 5 болады. Жатыны жоғары орналасады, кемінде екі тұқымбүрі болады. Гүлінің формуласы:
*Са5 Co5 A шексіз G5
Жемісі аналықтардың бірігіп кетуінен пайда болатын таптамалардың жиынтығынан (сборная листовка), сиректеу қауашақтан түрады.
Тобылш туысы (спирея — Spiraea). Европада, Азияда, Солтүстік Америкада 80-дей түрі кездеседі. Бұрынғы одақтас республикалардьщ флорасында 22 түрі, ал Қазақстанда 10 түрі өседі. Бұталардьщ ішінде табиғи жағдаңда да және мәдени жағдайда да сәндік өсімдіктер ретіңде өсетіндер шайқурай жапырақты тобылғы (S.hypericifolia) және дөңес жиекті жапырақты тобылғы (S.crenata), сиректеу тал жапырақты тобылғы (S.salicifolia) жатады (201-сурет). Бақтар мен парктерде көп жағдайда қызылгүлдерден тұратын әдемі гүл шоғыры бар жапон тобылғысын (S.japonica) өсіреді.
Шайқурай тобылғы – қазақ даласына тән бұтаның бір түрі. Раушангүлділер тұқымдасына жатады. Көпжылдық өсімдік. Қазақстанның барлық аймағында кеңінен таралған, далалы, таулы жерлерінде топтасып та өседі. Тобылғы бұта аса биік емес (1,5 м дейін жетеді), шыбық тәріздес келген сабақтары тегіс қоңыр, не жирен қызыл түсті қабығы болады. Гүл табандары ойыс немесе тегістеу, жеміс жапырақшалары бос немесе тек түпкі бөліктерімен өзара кіріккен, бірнеше немесе екі тұқым түбіршіктері екі қатар түзе орналасады. Қазақтар тобылғы сапты қамшыны да ұстаған, өйткені оның сабағы түзу, мықты, әрі әдемі. Жапырағы қауырсын тәрізденіп тілімделген, жиектері ара тісті иректелген не бүтін болады. Гүлі қос жынысты, аталығының саны 10, аналығы 5, ақ түсті, хош иісті. Гүлдері қалқанша, шатырша, сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі – қабаттасқан жапырақша. Тобылғыны әсемдік үшін өсіреді. Шірнелі өсімдік, жақсы мал азығы. Құм тоқтату үшін үй шаруашылығында пайдаланылады. Тобылғының қабығын, жапырағын және гүлін халық медицинасында пайдаланған, мәселен, ревматизмге, тері ауруларын және тағы басқа ауруларды емдеу үшін қолданған. Қазақ танымында тобылғы көз тиюден, басқа да пәле-жаладан сақтайды деп қазақ үйге қыстырып қоятын салт болған.
Достарыңызбен бөлісу: |