Сабақтың тақырыбы: Кескіндеме техникасы мен түрлері Сабақтың мақсаты



Дата20.06.2018
өлшемі14,24 Kb.
#43715
түріСабақ
Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Кескіндеме техникасы мен түрлері

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Кескіндеме техникасы мен түрлерімен таныстыру

Кескіндеме өнері мен даму кезеңдері туралы айту.

Қазақстан суретшілері мен шығармалары туралы мағлұмат

алу.


ә)Дамытушылық:Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу, айыра

білу, бейнелеу жолын түсіну қабілеттерін дамыту.



б)Тәрбиелік:Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне

білу.


Сабақтың көрнекілігі; иллюстрация,

репродукция,фото альбом т,б.



Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау,ой

туғызу,қызығушылығын ояту.



Сабақтың түрі: ынтымақ сабағы.

Сабақтың типі: танымды, пысықтау,қайталау

Сабақтың байланысы:тарих, өнер тарихы, жаратылыстану.

Сабақтың жабдығы:интерактивті тақта

Сабақтың өту барысы;

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару.

б)Құрал-жабдықтарын тексеру


2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Кескіндеме тарихи тамырын тереңнен алады.Соның дәлелі ретінде египет суретшілерінің шығармаларынан дабайқауға болады.Үңгірдің тегіс емес қабырғасына аса тиянақты салынған бұл суреттер негізінен үш: қызыл, сары, қоңыр түстен тұрады.Осындай үш-төрт бояу түрімен салынған кескіндеме шығармалары сол дәуірге тән еді.

Фреска әдісімен бейнелеу ертеде өте кең тараған.Он-әлі күнге дейін күшін жаймаған монументті бейнелеу өнерінің бір түрі. «Фреска» сөзі итальян тілінде «fresco»- «шикі» немесе «жаңа-жасалған» деген сөзден шыққан, яғни фреска жаңа ғана әктелген дымқыл қабырғаға суға езілген бояумен салынады.Кереге кепкен кезде әк бояумен қосылып, біріңғай қабатқа айналып, қатып қалады

Бертін келе кескіндеме өнері жанданып, бояу реңдері де байи түсті.Енді тек үш-төрт тұстен емес, оншақты және одан да көп бояу түрлерінен тұратын колоритке бай шығармалар туа бастады.Адам баяу күші арқылы керемет туындылар жасап, айнала қоршаған ортаны, табиғатты және адам кескінін өмірдегідей дәл бейнелеуге қолы жетті.

«Кескіндеме» сөзі орыстың «живо» және «писать» деген сөздерінен тұрады.

Ал, қазақшаға сөзбе-сөз аударатын болсақ, ол «тірі жазу» немесе «өмірдегідей бейнелеу» деген мағананы білдіреді.

Егер біз кез келген затты шынайы бейнелегіміз келсе, графикалық (қарындашпен) суретпен-ақ бере аламыз.Бірақ графикалық суретті дәл өмірдегідей жандандырып бейнелей алмаймыз.Оны тек кескіндемеде бояу негізгі бейнелеу құралы болып есептеледі.

Жалпы кескіндеме деп кез келген түрлі-түсті бояумен салынған шығармаларды айтамыз.

Кескіндемеде шығарманың сәтті шығуы суретшінің шеберлігіне, техникасына, дәлірек айтсақ, дақтарды қалай жағуына байланысты болады.Дақ қылқаламның бояумен қағаз бетіне жағылған ізі.Суреттің әрбір бөлшегінде түрліше құбылып түскен түсті дақтар оны жандандырып, әр береді.Кескіндемеде дақ әр түрлі стильде түрліше беріледі.

Сынып жұмысы:Елестету арқылы бейнелеу жұмысын орындау.

Мысалы, жайлау, жайлаудағы бақташы. т.б.

Колорит дегеніміз алуан түрлі бояу түстерінің бір-бірімен тығыз байланысып, бір үйлесім табуы:Колоритті кеңінен түсіну үшін суретші С.Айтбаевтың «Түйелер» шығармасына назар аударайық».Мұнда суретші қаншама құбылмалы түрлі-түсті бояуларды пайдаланған.



Туындыда қызыл, көк, сары,қоңыр т.б көптеген түстер бір-бірімен қиюласа, -жымдаса жағылған.Бір түс басқа түстен ерекшеленіп « айқайлап» тұрған жоқ, қайта тоғысып, үндесіп тұр.Бояуының құрамы алуан түрлі колоритке бой шығарма екені бірден байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет