Парольді қолдануға қатысты кеңестер


Екінші деңгей. Растау сұрайтын қорғаныс



бет2/6
Дата15.03.2022
өлшемі206,02 Kb.
#135665
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Парольді қолдануға қатысты кеңестер

Екінші деңгей. Растау сұрайтын қорғаныс
Аккаунттарыңды сенімді қорғау үшін қорғаныстың екінші деңгейін орнату керек. Аккаунтты парольді дұрыс енгізгеннен кейін де арнаулы код сұрайтындай етіп баптап қоюымызға болады. Бұл екі факторлы ау- тентификация деп аталады.
Бұл – қорғаныстың екінші деңгейі. Тіпті арам пиғылдылар пароліңді біліп не тауып қойса да, аутентификациядан өтпей, аккаунтыңа кіре ал- майды.
Аккаунтты растайтын кодты бірнеше жолмен алуға болады: теле- фонға СМС түрінде, резерв кодтар тізімі түрінде, арнаулы қосымша көмегімен, т.б.
Осы кітап жазылған кезде екі факторлы аутентификация мына әлеу- меттік желілерде қолданылатын: вКонтакте, Instagram, Facebook, «Од- ноклассники», Telegram, WhatsApp (смартфоннан кіргенде 6 таңбалы PIN-код сұрайды) мессенджері, Gmail, Mail.ru, Yandex пошта сервистері. Өзің қолданатын сервисте қосымша қауіпсіздік деңгейі бар-жоғын тек- серуіңе, сервистің өзінен немесе іздеу жүйесінен іздеп көруіңе болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет