Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы



бет5/23
Дата04.06.2020
өлшемі328,61 Kb.
#72361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
совместный приказ .kaz
совместный приказ .kaz
3. Субъективті критерийлер

      7. Субъективті критерийлерді анықтау мына ақпарат көздерінің:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері (азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау туралы есептер);

      2) бақылау субъектісін (объектісін) бұрынғы бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері;

      3) су айдындарындағы қолайсыз оқиғалар (табиғи және жасанды су айдындарындағы белгіленген жаппай демалыс орындарында бір немесе бірнеше адамның жарақаттануы, зақым алуы немесе қайтыс болу фактісі бойынша);

      4) өткен жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      5) табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалыс орындарындағы құтқару бекетін орнатуға қойылатын талаптардың бұзылуы туралы ақпаратты ресми мемлекеттік органдардың интернет-ресурстар мен бұқаралық ақпарат құралдарын талдау қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      8. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде талдауға жататын субъективті критерийлер қалыптастырылады.

      Талдау кезінде бұрын ескерілген және нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты пайдаланылған деректер не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер, субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.

      9. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті критерийлер айқындалады.

      Елдің қорғаныс қабілеттілігіне төмендетуге алып келетін азаматтық қорғаныс саласындағы талаптарын орындамау өрескел дәрежеге жатқызылады.

      Елеулі және болмашы дәрежеге жатқызылатын азаматтық қорғаныс талаптары ұйымдастырушылық сипатта болады.

      Азаматтық қорғаныс талаптарының бұзушылықтарын өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге бөлу, осы Критерийлерге қосымшада көрсетілген.

      10. Тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеу кезінде азаматтық қорғаныс саласындағы талаптарын орындамау үлес салмағымен анықталады.

      11. Азаматтық қорғаныс саласындағы өрескел дәрежедегі бір орындалмаған талабы 100 көрсеткішке теңеледі.

      Азаматтық қорғаныс саласындағы талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі азаматтық қорғаныс саласындағы талаптарын бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіші есептеледі.

      12. Азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формуламен есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7

      мұнда:

      SРз – азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – азаматтық қорғаныс саласындағы елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 - азаматтық қорғаныс саласындағы анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      13. Азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың болмашы бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формуламен есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3

      мұнда:

      SРн – азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 –азаматтық қорғаныс саласындағы болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – азаматтық қорғаныс саласындағы анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      14. Тәуекел дәрежесінің жалпы саны (SР) 0-ден 100-ге дейін шкаласы бойынша есептеледі және мынадай формуламен қосу арқылы анықталады:

      SР = SРз + SРн

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз - азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SРн - азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың болмашы бұзушылықтар көрсеткіші.

      15. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші бойынша тексерілетін субъектіге (объектіге) мыналар жатады:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің 61-тан 100-ге дейін көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – тәуекел дәрежесінің 0-ден 60-қа дейін көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      16. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу еселігі субъективті критерийлер бойынша алынған мәліметтерге жүргізілген талдау мен бағалаудың нәтижелерімен анықталады және жылына бір реттен жиі болмауы тиіс.

      17. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес құрылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      18. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.



 

Азаматтық қорғаныс саласында

 

бару арқылы профилактикалық

 

бақылау жүргізу үшін тәуекел

 

дәрежесін бағалау

 

критерийлеріне

 

қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет