Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы


Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері



бет6/23
Дата04.06.2020
өлшемі328,61 Kb.
#72361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
совместный приказ .kaz

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері

Р/с №

Азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың атаулары

Бұзушылықтар дәрежесі

5. Есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері

1

Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы жыл сайынғы есептің ұсынылмауы

Өрескел

2

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және оны жүргізу жөніндегі міндеттерді шешуге арналған арнайы уәкілетті құрылымдық бөлімшенің (қызметкердің) болмауы

Өрескел

3

Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болмауы не оның құрылымы мен мазмұнының сәйкес келмеуі

Өрескел

4

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қорының болмауы және жұмыс істеу әзірлігінде ұстамау

Өрескел

5

Байланыс және құлақтандыру жүйелерінің, оларды пайдалануға әзірлікте ұстаудың болмауы

Өрескел

6

Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болмауы не оның мазмұны мен құрылымына сәйкес келмеуі

Елеулі

7

Азаматтық қорғау құралымдарында материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болмауы

Өрескел

8

Азаматтық қорғау құралымдарының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болмауы

Өрескел

9

Азаматтық қорғау қызметін құру жөніндегі шешімнің (өкімнің) болмауы

Елеулі

10

Эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы бұйрықтың (қаулысы) болмауы

Елеулі

11

Эвакуациялық жинау пункттері әкімшілігін бекіту туралы қаулының болмауы

Елеулі

12

Азаматтық қорғаудың аумақтық (объектілік) құралымдарын құруға арналған шешімінің (бұйрықтың) болмауы

Елеулі

13

Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өткені туралы сертификаттардың болмауы

Елеулі

14

Қосалқы, көмекші (қалалық, қала сыртындағы) және жылжымалы басқару пункттерінің болуы

Өрескел

15

Қорғаныш құрылысының (паналайтын жер, радиацияға қарсы жасырын пана) болуы

Өрескел

6. Бұрынғы бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)

16

Жоспарланатын жылдың 1 қаңтарына азаматтық қорғаныс жоспарында түзетудің болуы

Елеулі

17

Қорғаныш құрылысының бейбіт уақытта күтіп-ұстау тәртібіне сәйкестігі, атап айтқанда:
- сіңіргіш сүзгілерге, регенерациялау құрылғылары мен ауаны көміртегі тотығынан тазартуға арналған сүзгілерге дейін және олардан кейін орнатылған герметикалық клапандарды жабу және оларға сүргі соғуын;
- ауыз судың қысымды ыдыстардағы авариялық қоры және судың 2 тәулік ішінде толық ауысып ағуын;
- дизельді электр станцияларын консервациялауын;
- инженерлік-техникалық және арнайы жабдықтардың, байланыс пен құлақтандыру құралдарының болуын;
- ауамен жабдықтау жүйелерін таза желдету режимі бойынша пайдалануын;
- құрылыстың және оның жеке элементтерінің: қорғаныш-герметикалық және герметикалық есіктер мен терезе қақпақтарының, инженерлік-техникалық жабдықтардың қорғаныш қасиеттерін сақтауын;
- объектіні герметикалау және гидрооқшаулауын;
- өрт сөндірудің техникалық құралдарымен;
- қорғаныш құрылысы жоспарының, тексеру журналының, паспортының, объектіні әзірлікке келтіру жоспарының жәнеде жабдықтар, құрал-саймандар мен мүлік тізбесінің болуын қамтамасыз ету

Өрескел

18

Азаматтық қорғаныс мүлкі қорының болуы және оларды әзірлікте ұстау, сондай-ақ жабдықталған сақтау орындарында орналастырылуы

Өрескел

19

Радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдануын (ластануын) уақытлы табуға және индикациялауға арналған азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісінің болуы

Елеулі

20

Азаматтық қорғау қызметтері туралы ережелердің болуы

Елеулі

21

Азаматтық қорғау саласында жаттығулардың жүргізілуі туралы актілердің (анықтамалардың) болуы

Елеулі

22

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттайтын материалдардың болуы

Болмашы

23

Су айдынында демалыс орны иесінде құтқару бекетінің, штаттық құтқарушылар құрамының (құтқарушы-бекет басшысы, құтқарушы-жасақшы) болуы

Өрескел

24

Құтқару бекетінде екі бірлік ескекті немесе моторлы қайықтардың (бүйірінде "құтқарушы" деген жазуымен) болуы

Өрескел

25

Құтқару бекетінде екі бірлік "Құтқару шеңберлері" құтқару құралдарының болуы

Өрескел

26

Құтқару бекетінде екі бірлік "Александров жібі" құтқару құралдарының болуы

Өрескел

27

Құтқару бекетінде екі бірлік "Мегафон" дауыс зорайтқыш құрылғыларының болуы

Өрескел

28

Су айдыныдағы демалыс орнында қажет құрал-саймандар мен дәрі-дәрмектермен жарақтандырылған кезекші медициналық персоналы бар және бірінші медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жайдың болуы

Өрескел

29

Құтқару бекетінде бір бірлік "Ілмекті трал" құтқару құралдарының болуы

Өрескел

30

Құтқару бекетінде екі бірлік 5-6 метр құтқару тақтайларының (қысқы кезеңге) болуы

Өрескел

31

Құтқару бекетінде екі бірлік құтқару кеудешелерінің (жилеттерінің) болуы

Өрескел

32

Құтқару бекетінде екі бірлік "Сырықтар, құтқару ілмектерінің" болуы

Өрескел

33

Су айдынындағы демалыс орнында қалтқылар сызығымен белгіленген және тереңдігі 1.2 метрден аспайтын балалардың шомылуына арналған учаскелердің болуы

Өрескел

34

Суға шомылу маусымы басталғанға дейін жағажайдың тексерілуі туралы актісінің болуы

Өрескел

35

Орнатылған қалтқылар, ақпараттық стендтер мен белгілердің болуы

Елеулі

36

Су айдынындағы демалыс орнында, сондай-ақ балалар жағажайында әр 50 метр сайын судан ұзындығы 15 метрден аспайтын құтқару шеңберінің қалқандары мен "Александров жібі" құтқару құралдарының болуы

Өрескел

3. Табиғи және жасанды су айдындарындағы жаппай демалыс орындарында қолайсыз оқиғалардың болуы

37

Табиғи және жасанды су айдындарындағы белгіленген жаппай демалыс орындарында бір немесе одан көп адам қазасы, жарақаттану немесе зақым алу фактілері

Өрескел

4. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

38

Су айдындарындағы жаппай демалу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша екі және одан көп расталған шағымдардың болуы

Елеулі

5. "Бұзушылар" рейтингілері болған жағдайда мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау нәтижелері

39

Табиғи және жасанды су айдындарындағы жаппай демалыс орындарында адам қазасы фактілері туралы ресми интернет-ресурстары мен баспа басылымдарында ақпараттың болуы

Өрескел

40

Табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалыс орындарындағы құтқару бекетін орнатуға қойылатын талаптардың бұзылуы жөнінде мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстар мен бұқаралық ақпараттық құралдарында ақпараттың болуы

Өрескел

 

Қазақстан Республикасы

 

Ұлттық экономика министрінің

 

2018 жылғы 30 қазандағы № 31

 

және Қазақстан Республикасы

 

Ішкі істер министрінің

 

2018 жылғы 30 қазандағы № 758

 

бірлескен бұйрығына

 

3-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет