Орта Азия және онымен шектес елдерде парсы және түркі тілдерінде жазылған шығармалар ортағасыр кезеңінің тарихы бойынша негізгі дереккөздер болып табылады



бет2/2
Дата13.02.2022
өлшемі19,9 Kb.
#131655
1   2
Байланысты:
11022022dokument-microsoft-word

А) Хронологиялық фактор. Бірінші факторы бойынша, барлық ортағасырлық дереккөздерді V-X ғғ. кезеңінде жазылған ежелгі түркі ескерткіштері, XI-XVI ғғ. аралығында жазылған ескі түркі ескерткіштері, XVII-XVIII ғғ. жазылған жаңа түркі ескерткіштері деп бөлуге болады [3, 9-бет]. 
Б) Географиялық фактор (жазылған аймағы, жататын аумағы). Бұл факторға сәйкес, жазба дереккөздері келесі топтарға бөлінеді: 
1) Шығыс Түркістан құжаттарының басым бөлігі Баласағұн және Қашғар қалаларында жазылған [4, 314-бет]; 
2) Батыс Түркістанның құжаттары шартты түрде үш топ бөлігіне бөлінеді: 
а) Сырдария бойындағы Сайрам, Сығанақ, Отырар және Сауран қалаларында жазылған деректер
ә) Самарқанд, Яссы, Сайрам, Игунек және т.б. ірі мәдени-сауда орталықтарда пайда болған дереккөздері;
б) Үргеніш, Бұхара және Ферғана қалаларында пайда болған хорезмдік деректер бөлек түрде ерекшеленеді [5, с. 70].
3) Алтын Орданың жазба ескерткіштері негізінен Сарай-Бату, Сарай-Берке қалалары мен Ақ Орда және Көк Орда секілді ірі ортағасырлық үлкен қалаларда шығарылды; 
4) Мысыр мен Парсыда, әсіресе, Бағдад пен Каир қалаларында құрылған деректер бөлек бір топты құрайды
5) Қырым деректерінің басым бөлігі Судақ, Солхат, Кафа және Тана қалаларында жазылды;
6) Батыс Украинаның жазба дереккөздері Галиция, Поодолье, Львов, Каменце қаласында құрылды. 
в) Этногенетикалық фактор. Этногенетикалық белгілері бойынша төмендегілер ерекшеленеді: 
1) Қараханид мемлекетінің түркі халықтарының тілдерінде қарлұқ, шығыл және ягма тайпаларының өкілдері тарапынан жазылған ескерткіштер
2) оғыз және қыпшақ тайпаларының өкілдері жазған түркі тіліндегі орта азиялық дереккөздер; 
3) Армян колониясы болып табылған Каменец-Подольскіде қыпшақ және түркі тілдерінде жазылған алтынордалық деректер; 
4) жалпы атауы — шағатай тілі болып табылатын XV-XVI ғғ. Орта Азияның көшпелі халықтарының тілдерінде жазылған дереккөздер [6, 170-бет]. 
Осылайша, әлеуметтік-гуманитарлық цикл курсында оқытылатын ортағасырлық жазба ескерткіштерін осы топтастыруға жатқызуға болады. Бұлай жасалатын болса, классификациялау V-XVIII ғғ. хронологиялық шеңбердегі Қазақстан мен Орталық Азиядағы шекаралас мемлекеттер мен халықтарының тарихи-мәдени өткенін жарыққа шығаратын алуан түрлі парсы, түркі тілдеріндегі дерекнамалар бойынша оқытушылар мен студенттерге бағдар береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет