Орта білім беру



бет105/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)
ЭССЕ Юсупов Рустем Орынбаевич, 11 ??? 2014-15, 7-???????? ???
өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады);

  • себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);

  • дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным- сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);

  • ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);

  • маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде);

  • интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).

    Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.
    Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде білім алушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).
    Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
    Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тақырыптан кейін зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді
    жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.

    2021-2022 оқу жылында 5-9-сыныптар арасында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні мазмұнының сабақтастығын және хронологиялық кезеңділікті сақтау мақсатында 9-сыныпта (Қазіргі заман тарихы: XX ғасырдың екінші жартысы бүгінгі күнге дейін) мазмұнын қамтитын жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы енгізіледі.


    2021-2022 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша келесі оқулықтар қолданылады:

    • 5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 2 млн жыл бұрын V ғасыр);

    • 6-сынып – 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары немесе 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар);

    • 7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар);

    • 8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары ( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың бірінші жартысы);

    • 9-сынып –9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін).



    «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері
    Қазақстан тарихы бойынша білім мазмұны білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.
    Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (58-кесте).




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   207




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет