5-6-сыныптарда оқытылатын «Математика» пәнінің білім мазмұнында пәнді әрі қарай жалғастыруға қажетті материалдар игерілетін болғандықтан оқыту жүктемесін төмендету бұл сыныптарда қарастырылмаған, яғни Үлгілік оқу жоспарларында аптасына бөлінген 5 сағат оқу жүктемесі сақталған (32- кесте) және осы сыныптарда математика курсы жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу бағдарламаларымен оқытылады.
Оқу бағдарламасы бойынша 5-6-сыныптарда «Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады. Практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген.
5-6-сыныптарда оқытылатын «Математика» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімінің нақты саны 42-кестеде көрсетілген.
кесте. «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
5-сынып
3
1
3
3
6-сынып
2
2
3
3
7-9-сыныптар,«Алгебра»оқупәні.
Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-9-сыныптарда «Алгебра» оқу пәнінің әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында (жаңартылған мазмұндағы) қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, айырмашылық бөлімше бойынша оқыту мақсаттарына өзгерістер енгізілген. Мысалы, 8-сыныпта айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген квадрат теңдеулерді шешу; квадраттық функцияны қолданып, қолданбалы есептерді шығару; 9-сыныпта геометриялық ықтималдыққа есептер шығару және т.б.
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 14-5-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді және бөлімді екі кезеңде өткізуге болады.
Сондықтан, 9-сыныпта қарастырылатын «Тізбектер», «Тригонометрия» бөлімдерінің көлемінің үлкендігіне қарай екінші және үшінші тоқсанда бөлім бойынша екі жиынтық бағалау ұсынылған. 7-9-сыныптарда оқытылатын
«Алгебра» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімінің нақты саны 43-кестеде көрсетілген.
кесте. «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.