Орта білім беру



бет133/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)

«Ағылшын тілі» оқу пәні
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Ағылшын тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде, оқыту қазақ тілінде емес) бойыншa жаңартылған мазмұндағы оқу жүктeмeсінің көлeмі:
10 - сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт; 11 - сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт.

«Ағылшын тілі» оқу пәндері (оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде)
бойыншa оқу жүктeмeсінің көлeмі:
10 - сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт; 11 - сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт.
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты жалпы орта білім беру деңгейінде «Ағылшын тілі» оқу пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 68-кестеде берілген.

  1. кесте. Оқу жүктемесінің көлемі

Сынып


Оқу пәнінің атауы



Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары
(жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

жаратылыстану-математика бағыты

10

Ағылшын тілі

3

102

2

68

11

Ағылшын тілі

3

102

2

68

қоғамдық-гуманитарлық бағыт

10

Ағылшын тілі

3

102

3

102

11

Ағылшын тілі

3

102

3

102

Үлгілік оқу бағдарламасы түріне байланысты жалпы орта білім беру деңгейінде «Ағылшын тілі» оқу пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі. Жалпы орта білім беру деңгейінде «Ағылшын тілі» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушыларға ағылшын тілін В2 тілдік деңгейінде меңгерту арқылы оларда мәдениетаралық қарым-қатынасқа түсу барысында қажетті дағдылар мен қабілеттерді дамыту.
10-11-сыныпта білім беру процесі келесі үлгілік оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

  • Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;

  • Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

  • Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен (оқу жүктемесі төмендетілген) үлгілік оқу бағдарламасы.

Оқу бағдарламалары ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, онда бөлімдер оқу жылы бойы оқытылады. Педагог тоқсан ішіндегі тақырыптарды зерделеу тәртібі мен олардың сағаттарын өз қалауы бойынша бөледі.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен (оқу жүктемесі төмендетілген) үлгілік оқу бағдарламасының ерекшеліктері:

  • үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес (оқу жүктемесі төмендетілген) жалпы орта білім беру деңгейінің 11-сыныбын бітірген білім алушылар ағылшын тілін В2 тілдік деңгейінде меңгеріп шығады;

  • оқу жүктемесінің төмендетілуі бағдарламаның әрбір бөлімі (Strand) бойынша оқу мақсаттары санының қысқартылуы есебінен жүзеге асырылады.

Үлгілік оқу бағдарламалары ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының https://nao.kz/ сайтында орналастырылған.
Формативті бағалау кезінде педагог білім алушыларға кері байланыс ұсынуы тиіс. Білім алушылардың формативті бағалау нәтижелерін басып шығару және сақтау талап етілмейді.
Білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады:

  • тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары кезінде;

  • әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бір баллдан 10 баллға дейін жүзеге асырылады.

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізіледі. 10-11-сыныптарда БЖБ үшін максималды балл кемінде 7 және 20 балдан артық болмауы керек (69-кесте).



  1. кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

2*

2*

2*

2*

11-сынып

2*

2*

2*

2*

* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).

«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау ерекшеліктері https://smk.edu.kz/ сайтында орналастырылған.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет