«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
«Информатика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 79-кестеде көрсетілген.
кесте. Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны
-
Сынып
|
Тоқсандар бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
10 сынып ҚГБ
|
2
|
1
|
1
|
1
|
11 сынып ҚГБ
|
1
|
1
|
2
|
1
|
10 сынып ЖМБ
|
2
|
1
|
1
|
1
|
11 сынып ЖМБ
|
1
|
2
|
2
|
1
|
ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашада № 509 өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген:
14-4. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.
Осы тармаққа сәйкес 10-11 сыныптағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Информатика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Жаратылыстану» білім саласы бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады: «Физика», «География»,
«Биология», «Химия».
Жалпы орта білім беру деңгейінде оқытылатын «Физика», «Химия»,
«Биология», «География» пәндері бойынша оқу жүктемесі 80-кестеде көрсетілген.
Биылғы оқу жылында 10-11-сыныптың оқу жоспарында айтарлықтай ерекшелік бар. Жалпы білім беретін ұйымдардың 10-11-сыныптарында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер таңдау бойынша емес, міндетті пән ретінде инварианттық бөлімге енгізілді.
10-11-сыныптарында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша сағат сандары 80-кестеде берілген.
кесте. Оқу жүктемесінің көлемі
Пәннің атауы
|
Сынып
|
Жалпы жүктеме, сағат
|
Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)
|
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу
жүктемесімен)
|
апталық
|
жылдық
|
апталық
|
жылдық
|
Физика
|
10-сынып (ЖМБ)
|
2
|
68
|
3
|
102
|
10-сынып (ҚГБ)
|
1
|
34
|
2
|
68
|
11-сынып (ЖМБ)
|
2
|
68
|
3
|
102
|
11-сынып (ҚГБ)
|
1
|
34
|
2
|
68
|
Химия
|
10-сынып (ЖМБ)
|
2
|
68
|
3
|
102
|
10-сынып (ҚГБ)
|
1
|
34
|
2
|
68
|
11-сынып (ЖМБ)
|
2
|
68
|
3
|
102
|
11-сынып (ҚГБ)
|
1
|
34
|
2
|
68
|
Биология
|
10-сынып (ЖМБ)
|
2
|
68
|
3
|
102
|
10-сынып (ҚГБ)
|
1
|
34
|
2
|
68
|
11-сынып (ЖМБ)
|
2
|
68
|
3
|
102
|
11-сынып (ҚГБ)
|
1
|
34
|
2
|
68
|
География
|
10-сынып (ЖМБ)
|
2
|
68
|
3
|
102
|
10-сынып (ҚГБ)
|
1
|
34
|
3
|
102
|
11-сынып (ЖМБ)
|
2
|
68
|
3
|
102
|
11-сынып (ҚГБ)
|
1
|
34
|
3
|
102
|
Жалпы орта білім беру деңгейінде оқытылатын «Физика», «Химия»,
«Биология» және «География» пәндері бойынша төмендетілген оқу жүктемесімен берілген Үлгілік оқу бағдарламасы ҚР БҒМ 2020 жылғы
27 қарашадағы №496 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қарашада № 21688 болып тіркелді.
Пандемиядан кейінгі дәстүрлі оқытуға көшудегі адаптация кезеңдері
Пандемия кейін білім алушылардың қашықтан оқу кезіндегі олқылықтарының орнын толықтыру үшін арнайы жоспар дайындау қажет.
Мұғалімдерге осы білім алушылардың білімі мен дағдыларындағы олқылықтар қай деңгейде және қай бөлімдерде екенін анықтап, оны қалай толықтыруға, қандай тұжырымдар мен процестерді қосуға болатынын алдын ала ойластыру қажет.
Оқушының нені және қай деңгейде білетінін тесттер, сауалнамалар немесе қарапайым әңгімелесу арқылы анықтау ұсынылады. Егер оқушы сабақта таныс жағдайларды қайталаса немесе сұрақтарға бірнеше рет жауап берсе, бұл сізге кәсіби маман ретінде, қандай дағдыларды игергенін көрсетеді және сіз оқытуды қандай бағытта ұйымдастыруды болжайсыз.
Қашықтан оқыту кезінде жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың өз деңгейінде орындалмауына әсер етті. Сондықтан білімдегі олқылықтарды толықтыру барысында зертханалық және тәжірибелік жұмыстарға көбірек көңіл бөлу ұсынылады.
Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі тәртібі ұсынылады.
Білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың кезеңдері
қадам. Олқылықтарды анықтау.
Диагностика жүргізу керек. Диагностикадан кейін білім алушылардың біліміндегі олқылықтар орын алған бөлімдер немесе тақырыптарды деңгейіне қарай күрделіден қарапайымға дейін жіктеп, бөлу қажет. Бірінші орында негізгі базалық білімдегі олқылықтарды ескеру керек: мысалы, жасушаның құрылысы мен химиялық құрамы, зат алмасу, бөліп шығару, тыныс алу сияқты тірі ағзаларда жүретін процестер туралы білуі керек. Мектепте ғана емес, жалпы өмірде бұл ұғымдар үнемі қажет, сондықтан оларды бірінші кезекте меңгеру қажет.
қадам. Уақытты белгілеңіз.
Анықталған олқылықтардың деңгейі мен оқу мазмұнының көлеміне қарай оған жұмсайтын уақытты жоспарлау қажет. Бір тақырыпқа бірнеше сағат керек немесе керісінше бір сабақтың ішіндегі белгілі бір уақыт жеткілікті болуы мүмкін.
Мысалы химиялық байланыс түрлеріне бір сағат жетсе, химиялық реакциялардың жіктелуі өзара байланысты бірнеше кезеңдерден тұруы мүмкін т.с.с.
қадам. Оқыту әдісін таңдау.
Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша шараларды таңдау үш факторға байланысты:
өткізілетін материалдың көлемі;
жоспарланған уақыт мөлшері;
баланың жас және жеке ерекшеліктері.
Білімдегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарының формалары
Өзіндік жұмыстар
Тақырыпты және тапсырманы түсіндіре отырып, өз бетінше ізденуге тапсырма беру.
Нақты мақсатқа бағытталған әрекет.
Егер жекелеген оқушы немесе сыныптағы шағын топ қолдауды қажет етсе нақты мақсатқа бағытталған қысқа сессиялар ұйымдастыру қажет.
Сыныпты толық оқыту
Егер бүкіл сыныптың қажеттіліктері немесе олқылықтары шамалас болса бүкіл сыныпты қамтитындай жоспар жасау ұсынылады. Ол үшін тақырыпты немесе бөлімді жоспарлағанда білім алушылардың жеке қасиеттері мен қабілеттерін ескеру қажет.
Білімдегі олқылықтарды толықтыруға бағытталған сабақтарды ұйымдастыру формалары
Таза ауадағы сабақтар
Жаратылыстану, биология, география, физика сабақтарын баланың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін арасында саябақтарда немесе аулада, таза ауада өткізу ұсынылады.
Чартерлік сабақтар
Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толықтыру үшін чартерлік сабақтар ұйымдастыруға болады. Чартерлік сабақтарды «Биология», «Химия», «Физика» пәндерінен зертханалық, практикалық жұмыстар бойынша жүргізуге болады.
Оқу мақсаттарының үйлесімділігі
Олқылықтардың орнын толықтыру әрекетінің сабақтың жеке кезеңі ретінде жүргізілмей, жаңа білімді игерудегі дәстүрлі канваға қосылуы.
Мысалы, «Биология» пәнінде 10-сыныпта «Жасушалық биология» бөліміндегі Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері тақырыптарын қарастырғанда, 9-сыныптағы «Жасушалық биология» бөліміндегі жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтерін қайталап өтуге болады.
Бөлімде жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша болжалды қиын тақырыптар тізімдері берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |