Орта білім беру


БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ



бет221/240
Дата23.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127961
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   240
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1) (копия)

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ



2021-2022 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 2-11-сыныптарда жүзеге асырылады. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.

2016 жылдан бастап енгізілген критериалды бағалау нақты өлшенетін критерийлер негізінде бағалауды жүргізуге, білім алушылардың өз оқу іс-әрекетін бақылауға және бағалауға, оқу процесін түзетуге, оқу процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау мен жою қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Әрбір сабақта білім алушыларды уақытылы қолдау, оқуда ілгерілеу, балаларды оқуға ынталандыру, білімдегі олқылықтарды анықтау және олардың оқу жетістіктерін көрсету мақсатында формативті бағалауды пайдалану ұсынылады.

Критериалды бағалау білім алушылардың дағдысының даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір сабақ оқу мақсатын және оларға қол жеткізу критерийлерін айтып, көрсетуден басталуы тиіс. Білім алушы қойылған оқу мақсатын ұғынуы керек және оған қалай жетуге болатынын түсінуі керек.

Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктері нақты анықталғанын, алдын ала белгілі өлшемдермен салыстыруға негізделгенін, оқу материалының қаншалықты табысты игерілгендігін, практикалық дағды қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді.

Педагог, ата-аналар және білім алушыларға көмек ретінде әзірленген нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарға сәйкес бағалауды жүргізуі тиіс:



мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ -нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (2020 жылғы 28 тамыздағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес);

  • Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды бағалау мен құжаттарды рәсімдеу бойынша нұсқаулық;

  • Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;

  • Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: оқу-әдістемелік құрал;

  • сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде формативті бағалау бойынша тапсырмалар жинағы;

  • сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы;

  • сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар;

Әдістемелік әзірлемелерді nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан табуға болады.

Формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша (білім алушылардың оқу жетістігі) баллдар электрондық журналға, электрондық журнал болмаған жағдайда қағаз журналға қойылады.

Педагог 2-11-сыныптарда пән бойынша ФБ, БЖБ және ТЖБ-ды «Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы

№ 125 бұйрығына (өзгерістермен және толықтырулармен ) сәйкес өткізеді

Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантиндік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады. 2-11-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін формативті бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады. Кері байланыс беру үшін электронды журналдың рубрикаторларын пайдаланады.

Әрбір оқушының оқу жетістіктерін балл қою арқылы әр сабақта формативті бағалау міндетті емес.



Педагог орындалған жұмыс көлемін, оқу тапсырмаларын ескере отырып, оқу жетістіктері үшін балл қою кезеңдерін және сабақ үшін балл қойылатын білім алушылардың санын дербес айқындайды.

Қорытынды бағаны электрондық журнал форматында шығару кезінде баллдар саны мынадай арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ – 25%, ФБ - 25%, ТЖБ – 50 %.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет