Орта білім беру


Жаһандану жағдайында білім алушылардың зияткерлік



бет205/240
Дата23.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127961
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   240
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1) (копия)

Жаһандану жағдайында білім алушылардың зияткерлік, патриоттық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету

Білім алушыларды әлеуметтік бейімдеу, өздігінен өмірлік таңдау жасауға дайындауды негізге ала отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуын, жалпы орта білім берудің тәрбиелік әлеуетін күшейту басымдығы ретінде білім беру мазмұнын жаңарту қажеттілігі туындады.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының басты педагогикалық мақсаты



  • Қазақстанның адамгершілігі жоғары, жауапты, бастамашыл және құзыретті азаматын тәрбиелеу.

Мамандандырылған мектептің оқушыларын тәрбиелеу мен

әлеуметтендіруді ұйымдастыру келесі бағыттарда жүзеге асырылады:



  1. Азаматтыққа, патриотизмге, адам құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Құндылықтар:

  • Отанға, өз халқына, туған жеріне деген махаббат;

  • Отанға қызмет ету; құқықтық мемлекет; азаматтық қоғам;

  • Отан, аға ұрпақ пен отбасы алдындағы парызы;

  • заң және құқықтық тәртіп; этносаралық әлем;

  • еркіндік пен жауапкершілік; адамдарға сенім.

  1. Адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы тәрбиелеу. Құндылықтар:

  • адамгершілік таңдау;

  • өмірдің мәні; әділдік;

  • қайырымдылық; ар-намыс; абырой; махаббат;

  • ата-ананы құрметтеу;

  • үлкен мен кішіге қамқорлық жасау; ар-ождан бостандығы.

  1. Денсаулық пен салауатты өмір салтына қарым-қатынас құндылықтарын қалыптастыру.

Құндылықтар:

  • дене саулығы, әлеуметтік денсаулық (отбасы мүшелерінің және мектеп ұжымының денсаулығы), белсенді, салауатты өмір салты.

  1. Табиғатқа, қоршаған ортаға қарым-қатынас құндылықтарына тәрбиелеу (экологиялық тәрбие).

Құндылықтар:

  • өмір; туған жер;

  • тұмса табиғат;

  • Жер шары.

  1. Әсемдік құндылығына қарым-қатынасты тәрбиелеу, эстетикалық мінсіздіктер мен құндылықтар туралы түсініктерді қалыптастыру (эстетикалық тәрбие).

Құндылықтар:

  • сұлулық пен үйлесімділік;

  • адамның рухани әлемі;

  • эстетикалық даму;

  • көркем шығармашылық.

Көрсетілген негізгі бағыттар мен олардың міндеттерінің құндылық негіздеріне сай мамандандырылған білім беру ұйымдарының жұмысы үшін іс- әрекет түрлері мен формасы нақтыланады, ол өз кезегінде тәрбие мен әлеуметтендірудің қандай да бір бағытына басымдық бере алады. Бұл ретте, «Білім туралы» Заңға сәйкес 2020-2025 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен Тәрбие тұжырымдамасы білім берудің ең маңызды мақсаты ретінде тұлғаның азаматтық қалыптасуы контексінде рухани-адамгершілік дамуын белгілейтінін естен шығармаған жөн. Сондықтан тәрбие мен әлеуметтендірудің барлық бағыттары маңызды, олар бір-бірін толықтыра отырып, отандық рухани, адамгершілік және мәдени дәстүрлер негізінде жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді.

Оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру мақсатындағы кез келген

іс-әрекетті ұйымдастыруда тәрбие нәтижелері туралы естен шығармау қажет.

Тәрбие нәтижесі – бұл қандай да бір іс-әрекетке қатысу нәтижесінде алған рухани-адамгершілік құндылықтар.

Оқушылардың кез келген іс-әрекетінің тәрбие нәтижесі үш деңгейге бөлінеді.

Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білімді игеруі (қоғамдық нормалар, қоғамның құрылымы, қоғамдағы мінез-құлықтың әлеуметтік ұнамды-ұнамсыз түрлері туралы және т.б.), әлеуметтік ақиқат пен күнделікті өмір туралы бастапқы түсінік. Аталған деңгейдегі нәтижеге жетуде маңызды орын алатыны – тәрбиеленушінің күнделікті тәжірибесі мен оң әлеуметтік білімді тұлға ретіндегі өз педагогімен қарым-қатынас орнатуы.

Екінші деңгей – қоғамның басты құндылықтарына (адам, отбасы, Отан, табиғат, әлем, білім, еңбек, мәдениет) оң қарым-қатынасы мен оларға деген жанашырлық тәжірибесінің, жалпы алғандағы әлеуметтік ақиқатқа деген қарым- қатынас құндылықтарының қалыптасуы. Аталған межеге жету үшін сынып, мектеп деңгейінде, яғни жолдастық, қауіпсіз әлеуметтенген ортада өзара қарым- қатынас ерекше орын алады. Осындай таныс әлеуметтік ортада бала ең алғашқы әлеуметтік білімдерді тәжірибеде қолданудың қадамдарын жасайды, оларды бағалай бастайды не теріс деп таниды.

Үшінші деңгей – оқушының дербес қоғамдық іс-әрекет тәжірибесіне ие болуы. Аталған деңгейге жетуде оқушылардың мектептен тыс немесе ашық қоғамдық ортада әлеуметтік маңызды субъектілермен қарым-қатынас жасауы маңызды болып табылады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет