Алдына қойылатын басты шарттардың бірі. Ал олардың с



Дата07.02.2022
өлшемі14,11 Kb.
#84663
Байланысты:
Эссе


Сауатты жазу – әрбір оқуышының алдына қойылатын басты шарттардың бірі. Ал олардың сауаттылығын арттыру, әдеби тіл мен оның нормаларын, жазу емлесін қатаң сақтауын қадағалау – мұғалімнің міндеті. Сауатты халық, білімді ел болу үшін Ы. Алтынсарыұлы бірінші кезекке мұғалімді қойды. Ол жөнінде өзі былай дейді: «Халық мектебі үшін басты тұлға – мұғалім, ең тамаша деген педагогикалық басшылық, ең жомарт деген мемлекеттік жарлық та, тыңғылықты педагогикалық бақылау да онымен теңесе алмайды» - деп, мұғалімге баса назар аударады.Ендеше,оқушылардың сауаттылығын қалайша жетілдіруге болады?
Ең алдымен сауат ашу кезінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбалатынымен де танысады.Дыбыстардың таңбасын білу,әріптерді үйрену-сауатты болудың алғашқы баспалдағы.Оқу-жазуға үйренудің бастапқы кезеңдерінде анық естілетін,созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған сөздерді іріктеп алған жөн.Сауат ашу барысында баланың жазу процесінде айтарлықтай ерекшеліктер кездеседі.Алғашқы кезде бала ежіктеп оқыған сияқты,әр әріпті таңбалау барысында оның дыбысын дауыстап айтып отырады.Осы кезекте дағды деген ұғым туындайды.Яғни,дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы.Мәселен,атақты физик М.Лауэ «Білім-бүкіл оқығандардың ұмытылып қалғанда,бойында сақталғаны»,-дейді.Бұл сақталып қалатын не?Ол-әдет,бағыт,дағды және қабілет-міне,нағыз білім осылар!Сонымен сауат ашу кезінде балалардың бойында мынадай дағдылар қалыптасу тиіс: 1)дыбыстарды орын-орынына қойып сөз құрастыру; 2) әріптерден сөз құрап және жазу; 3) сөздердердегі жуандық белгісі мен жіңішкелік белгісінің айырмашылығын ұғу; 4) мәтіндердегі текстті екінші рет оқығанда тыныс белгілеріне зер салу.
Мүғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып,қарым-қатынас жасау барысында олардың жауап беруін,қиналған жерлері мен жіберген қателерін есепке ала жүріп,баланы жігерленетіндей,өз күшін байқай алатындай мұқият болуы тиіс.Осы кезекте мұғалім оқушыға мынадай қағидаларды ұстануы қажет: әріпті дұрыс жазу,дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;әріптерді жазғанда ұзынды-қысқалы етпей,бірдей жазу;әріптерді бірін оңға немесе солға қисайтпай,біркелкі сәл көлбете жазу;сөз арасындағы қашықтықты бірқалыпты ұстау.
Жазу сауаттылығын арттырудың тағы бір тәсілдері-әртүрлі жаттығуларды орындау,көшіру,диктант,мазмұндама,шығарма жұмыстары .Яғни,сауаттылыққа үйренуде есту де,көру де ,еске сақтау да маңызды рөл атқарады.Оқушылар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен жұмыс жасауға тиіс.Осы тұрғыдан олар өздері жіберген қате сөздерін дәптерге жазып оны жою жолында жұмыс жасайды.Оқушы мұғалімнің басшылығымен сөздерді жазып қоюға ғана емес,сонымен қатар өздерінің қателерін жою үшін жұмыс жасауға дағдыланса нұр үстіне нұр болар еді.Мұндай жұмыстар балалардың белсенділігін арттырары сөзсіз.
Сауатты жазу және оны жетілдіру тікелей мұғалімге қатысты.Егер мүғалім оқушының әлсіз тұстарымен жұмыс жасап,сауатты жазуға жағдай жасаса нәтиже болары анық.Ендеше,сауатты елдің сауатты ұрпағы болайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет