Тақырып 11. Иран. Мақсаты: 1.Сасанидтер әулиеті.
2.Феодалдық қатынастардың дамуы.
3.І Хосровтың реформалары.
4.Дін және діни қозғалыстар.
224 жылы Иранда билік басына Сасанидтер әулеті келді. Саснидтер әулетінің негізін салушы Ардашир (226-241) болды. Олардың тұсында яғни 224-651 жылы Иранның халықаралық аренада шоқтығы биік болды. Иран бұл кезде Риммен, IV-VII ғасырларда Византиямен қырқысқан соғыстар жүргізді. Феодалдық құрылыстар осы Сасанидтер әулеті кезінде дами бастаған болатын. Сасанидтер бір орталыққа бағынған мемелекет болды. Ел олардың тұсында 18 сатраптыққа бөлінді.Әр сатрап басында губернатор тұрды. Әулеттің астанасы – Персеполь болды. X-XI ғасырларда Иранның экнаомикалық көтеріліс пен өндірістік күштердің өсуін бастан кешірді. Тауарлық кәсіпорындардың дамуы қалалардың өсуіне себебін тигізді. Халықаралық сауданың жолында тұрған ірі ескі қалалардың арқасында жаңа қалалар пайда болды.Орта ғасырларда Иран ірі базалардың орталығы болды, мұнда тек сауда ғана емес, сондай-ақ қолөнер өнімдерінің жері болып табылды. VII ғасырда Иран араб тіліне көшті. X ғасырдың аяғында жергілікті ислам діні таратыла бастады, тұрғындардың көпшілігі бұл дінді қолдады. XI ғасырда вакфтық иелік көп тарай бастады. 1040-1050 жылдары Иранда Селжуктер билігі орнады. 1220 жылы Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғыс хан Иранға бер алды. 1253-1256 жылдары Шыңғыс ханның немересі Хулагу тұсында Иранды толығымен басып алды.Монғол билігінің тұрақтануы ежелгі жергілікті мәдениеттің, қолөнердің дамуын және кәсіби күшін төмендетті.Материалдық бағалы кәсіпорындарды монғол басқыншылары жойды.Осылайша Иран шаруашылығының күйреуі халықтар арасында наразылық тудырды. Осы жағдайға байланысты билеушілер және ильхандардың өзара реформа шығару керетігін түсінді. Газан-ханның атымен 1295-1304 жылдары реформалар жүргізілді. XV ғасрдың басында Иран өзінің мемлекеттік жеке құрылымын жасай алмады.Ол Тимудың державасының бір провинциясы ғана болды. Тимудың өлімінен кейін оның ұрпақтары Ирандағы Орта Азиядағы билікке таласып күресе бастады. Антифеодалдық халықтық көтеріліс Иранда белсенді түрде жүрді. 1502 жылы Тебризді Исмайл басып алды да өзін Иранның шахан етіп жариялады. Ал Тебризді астана етті. Сөйтіп Иран мемлекетінде Сефевидтер мемлекетінің басқы іргетасы қаланып, Сеферид мемлекеті жарияланды.
ІІІ ғасырда қалыптасқан Сасанидтер мемлекеті Парфян державасының орнына келді. Оның ұүрамына Иранның кең аумағы, Месопотамия, Үндістанның батыс аймағы, Хузистан және Шығыстыі таулы аудандары кірді. Елдің әр аймағындағы экономикалық даму әр түрлі болып қалыптасты.
Сасанидтер мемлекетінің халқы көбінесе жер шаруашылығымен айналысты. Таулы өлкені мекендейтін тайпалар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан белгілі қалалары елдің батыс бөлігінде орналасқан. Сол қалалардың ең белгісі – Ктесифон. Ктесифон Сасанидтер мемлекетінің астанасы болған. Сасанидтік қалалардың көбі қолөнершілердің шығарған өнімдерімен белгілі болған. Олардың дайындаған өнімдері, маталар мен қару-жарақтары өте сапалы, әрі керемет әдемі болған. Ежелгі сауда жолдары Батыстан Орта Азия мен Қытайға Иран территориясы арқылы өткен.
Иранның біршама аудандарында құл иеленушілік құрылыс, құлдық қарым-қатынас дамыған. Көбінесе құлдар туралы деректер «Матиган-и хазардадестан» атты сасанидтік судебникте кездеседі. Құлдарды сол уақытта сатып жіберіп, сатып алуға құқылы болған. Құлдарды орташа бағасы 500 драхм. Көбінесе қылмыс жасаған азаматтарды құлдыққа сатып отырған. Сол уақытта еркіндіктің күрделі жүйесі болған. Құлдар кей жағдайда өздеріне тиесілі заттарға және келісім шарт жасауға құқылы болды. Ендігі жерде құлдарға өздері жасаған өнімдерін пайдалануға құқық берілді.
Құлдар көбінесе жер өңдеу ісінде еңбек етті. Уақыт өте келе құлдардың жерді өңдеу ісіндегі еңбегі, егін шаруашылығында атқарған еңбегі тиімсіз бола бастады. Өйткені егін шаруашылығы жоғары интенсивті еңбекті қажет етті. Билеуші топ өкілдері эксплуатацияның жаңа формаларын іздей бастады.
Деректерде жер иеленудің түрі – дасткрад жиі кездеседі. Құлдар бір жерге орналасқаннан кейін басқа жерге ауыса алмаған және өз мекенінде бөтен болмаған. Дасткард ірі және ұсақ иеліктерге сонымен қатар тәуелсіз шаруаларға тиесілі болған. Белгілі адамдардың жерінде құлдарға біраз еркіндік және өздері дайындаған өнімді пайдалануға рұқсат берілді.
Еңбек өнімінің дамуына байланысты билік басындағылар салық көлемін ұлғайта бастады. ІІІ – Ү ғасырларды Иран аристократтары шаруаларды эксплуатациялау жүйесін күшейту мәселесін қолға алды. Бірақ бұны іске асыру қиынға соқты, өйткені шаруалар, қауым адамдары бұған қарсы болды. Көп уақыт бойы Иран шаруаларын эксплуатациялау салық алу арқылы жүргізді. Ү ғасырдың ІІ жартысында ақсүйектер салықтың ортақ жүйесін енгізді. Сол уақытта салықтың хараг, гезид түрлері пайда болды. Олар жер салықтары болып табылады.
Шаруалар қауымын эксплуатациялау күшейгенімен, иран шаруашылығы әлі де тәуелсіз болып табылды. Ауыл тұрғындары арасыгнда үлкен жанұялы қауым маңызды роль атқарды. Одан да маңыздырақ ауылдық көршілес қауым болды. Ол бірнеше үлкен жанұялардан құрылған. Үлкен жанұя қауымын кед-худа басқарды. Кед-худа билеушісі болып табылады. Сонымен қатар ауыл старостасы өзіне көптеген міндеттерді алды. Мысалы администраторлық және финанстық кызметтер. Сондай ақ олар құлдарға да праволы болды. Кейбір Иран аудандарында жанұялық қауым ҮІІ ғасырдың соңына дейін сақталып қалды.
«Азат» деп тәуелсіз қауым мүшелерін атаған. Кейін келе «Азат» деп өз еркімен еңбек істейтін басты қадамдарды, өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, соғысқа қару-жарағымен, атымен аттана алатын адамды айтады. Осы ұғымға Ү ғасырда кед-худа және дикхане түсініктері кірді. Декхан деген термин азат, тәуелсіз жер иесі, шаруа деген мағынаны білдіреді. Декхандар құлдардың көмегімен жерді өңдеген.
Тұрғындардың көп бөлігі қолөнершілерді құрады. Көптеген Иран өнімдері сол кездегі қолөнершілердің іскерлігін көрсетеді. Деректерде қолөнершілердің бірлестіктері болғандығын айтады. Сонымен қатар Сасанидтер мемлекетінде қолөнершілердің жағдайы онша болмаған, олардың жасаған өнімдері төмен саналып, еңбегі бағаланбаған, яғни қолөнершілердің қызметі төмен саналған. Сасанидтер мемлекеті төрт сословиеге бөлінген. Олар: жауынгерлер, духовенство және ченовниктер, шарулар, қолөнершілер, саудагерлер. Төменге сасловиеден жоғарғы сасловиеге көтерілу мүмкін болмаған.