Байланысты: «Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»
Мемлекеттік дін – зороастризм. Сасанидтер державасында зороастризм мемлекеттік дін болып саналды. Зороастризм ақсүйектер билігін нығайтуда маңызды орын алды. Зороастризм негізінде Сасанид кезеңінде дуалистік идеялар болды. Көптеген құдайлардың және сыртқы тылсым күштерге сену культі көптеген абыздар арқылы жүргізілді. Культтік орындар храмдар болып табылды. Храмдар үнемі жанып тұратын от болған. Ол оттың жанында әр түрлі әндер мен қасиетті мәтіндерді оқумен өтетін рәсімдер жүргізілген. Зороастристік храмдар мен абыздардың жоғары өкілдерінде құлдар еңбек ететін жерлер болған храмға әкелінген әр-түрлі заттардың арқасында олар мол табысқа ие болды. Сондай-ақ абыздар діни рәсімді өткізуден біршама табысқа қол жеткізген. Кейде абыздар діни ережелер мен рәсімдерді дұрыс атқармаса, оларға айып пұл төлеткен.