Байланысты: «Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»
Мемлекеттік құрылысы. ІІІ ғасырдың басында сасанидтердің белгілі өкілі Ардашир бүкіл Парс елін және Иранның орта аймақтарын, Хузистанды өзіне қаратып, билігін жүргізді. 226 жылы Ардашир мемлекет басшысына айналды. Ол 241 жылға дейін билік жүргізді.
Мемлекеттің жоғарғы билеуші шаханшах деп аталды. («Царь царей»). Мұрагерлікпен билікке келу қатаң түрде сақталмаған, бірақ билік басына келетін адам Сасанидтер әулетінен шығуы міндетті болды. Шаханшазты сайлау көбінесе белгілі адамдардың ықпалымен өтті. Административтік аппараттың басында вазург – фрамадар тұрды. Орталық өкіметтің міндетіне әскер және елдің әлеуметтік жағдайы кірді.
Провинциялар жергілікті шіркеулер мен князьдар билік жүргізді. ҮІ ғасырға дейін Сасанидтердің әскері тайпалардың біріккен отрядынан тұрды. Негізінен оларда атты әскер негізгі роль атқарды. Әскерді әскери аристократтардың өкілі басқарды.